Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Қазақтың қилы тарихындағы “ақтаңдық беттердің” бірі-1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілісі



бет8/13
Дата31.05.2022
өлшемі0.88 Mb.
#458824
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ Ñåìåé ìåìëåê

Дәріс №7 “Қилы заман” повесіндегі ұлттық дүниетаным және трагизм


Қазақтың қилы тарихындағы “ақтаңдық беттердің” бірі-1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілісі.


Қазақстанның көптеген аймақтарында кең көлемде өріс алған ұлт-азаттық көтеріңліс-жетісуда “Қарқара” деген атпен тарихқа енді.
Жетісудағы “Қарқара көтерілісінің” ұлттық-тарихи мәні әдеби-рухани құндылықтары мен өзіндік ерекшлеіктері,сыр сипаттарының болғанын айту абзал. Атап айтқанда: “Қарқара көтерілісі”-патшалық Ресейдің отаршылдық-геноцидтік саясатының діңгегін құлатқан саналы қарсылық нәтижесі.
Қарқара көтерілісі-қазақ халқының ұлттық санасының,азаматтық-патриоттық рухының биіктігін дәлелдеген саяси-тарихи құбылыс.
Бұл көтеріліс патша саясатының да қанды жоспарын айқындап берді.Ол жоспар бойынша,ең әуелі қазақты қазаққа қарсы қойып, іштей ыдырату; араларына от тастау арқылы бір-бірне жау ету;одан кейін онсыз да патшаға тісін қайрап жүрген намысшыл қазақтың шамына тиетін әрекеттер арқылы қақтығыстарға итермелеу; сол қақтығыстарды қарулы көтеріліске ұтымды ұластыру; содан кейін барып көтерілісті басу сылтауымен қырып-жою,қорқыту арқылы қазақтардың өз жерін тастап кетуге мәжбүрлеу; босаған жерді емін-еркін иемдену көзделді.
Қарқара көтерілісінің көсемдері патшаның бұл саясатын күнібұрын білген,күндердің бір күнінде әйтеуір бір құрбан болатынын түсінген. Сондықтан да июнь жарлығын желеу етіп бас көтерген. Өйтпесе өздерінен кейінгі ұрпақ не өлікке,не тірі өлікке айналатынын толық түсінген.
Қарқара көтерілісінің көсемдері (Жәмеңке 78 жаста, Ұзақ 65 жаста, Әубәкір 49 жаста)-шетінен ел басындағы болыстар,қазіргі тілмен айтқанда,мемлекеттік қызметтегілер.Патша өкіметінің жергілікті басқару органдарының қызметкерлері. Бірақ олар ұлттық мүддені қызметтен биік қойған патриоттар еді. Бұл да-бүгінге қажетті сабақтардың бірі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің бостандық пен еркіндікке ұмтылса халықтың сипаты басым болғанын,отаршылдыққа қарсылық жолындағы табанды да саналы әрекет еткенін өмір, уақыт шындықтары барынша айқындап отыр.Азаттық пен бостандық өлшемі,тәуелсіздік тағылымдары-тарихи категория.Ұлттың қалыптасуы мен дамуындағы басты көрсеткіш екенінің де адамзат тарихында мың сан мысал-деректері бар.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің де адамзаттық маңызы,әдеби-тарихи құндылықтарыкөп екендігін де осы реттен еске алған жөн..
Ұлт тарихындағы-1916 жылғы көтеріліс хақында БАҚ жүйесінде айтылып-жазылған материалдар көптеп кездеседі.Жекеленген жинақ,кітаптар да бар. Зерттеп-зерделенген еңбектер де жетерлік.
Тарихи повесть Қызылдорда қаласында жарық көрді.Повесть табиғатына, жанры мен көркемдігіне қатысты қилы көзқарас,кереғар ой-пікірлер көп айтылды.Осы тұста әдебиетте-партиялық,таптық бағыт кең өріс алса, туынды авторы- “байшыл”, “ұлтшыл” сынды “атақ-даңқа” оп-оаңй ие болды.Тарихи повесть зиянды деп табылды.Алайда, тарихи повестьтің табиғаты мен тағдырына ,жазылуы мен жариялануына қатысты көзқарас,ізденістер мол.
М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын зерттеп-зерделеген әдебиеттанушылардың басым бөлігі-туынды табиғатың жанр мен жауапкершілікті,көлемі мен құрылымың оқиға жүйесінің кең өрістілігін негізін назарда ұстап, оны роман қатарына қосады (мысалы, Р.Бердібай,Ә.Шәріпов, Р.Нұрғали,Т.Жұртбай,Б.Майтанов,Т.Тоқбергенов т.б.)
Алайда,ақиқатқа табан тіресек, “Қила заман” повесінің тарихы мен тағдырына алаңдаушылықпен де, қызығушылықпен де қараған, әрі М.Әуезов шығармашылығын ол туындысыз сөз етуді-арға сын яки қиянат деп түсінген сол кездегі жас қаламгер һәм ізденуші Р.Нұрғали “Қилы заман” қандай туынды?-деген мақала жазған-ды. Тарихи повестің табиғаты,жазылуы мен жариялануы жөнінде- “Бір мақала хақында” деген жазушы еңбегі мен шығармашылығына арналған эссесі де жарияланды Онда,әрине жазушы еңбегі мен дүниетанымын иірімдеріне,өмір оқиғасы мен көркемдік шындыққа,уақы-сынаптың құбылыс-құпияларына кең орын беріледі.
Тарихи повесть арады алпыс жылдан астам уақыт өткенде “Лихая година” деген атпен А.Н.Пантиелевтің аударуына “Новый мир” журналында орыс тілінде ажрияланды. Жазушы Ш.Айтматов алғы сөз жазды.
Қаламгердің тарихи туындысы “Жұлдыз” журналында басылып (1974,№8), “Жазушы” баспасынан жарық көрген повестер мен әңгімелер жинағына енді.
“Қила заман” тарихи повесінің орыс тіліндегі басылымына жазған алғы сөзінде Ш.Айтматов: “Абай жолына” дейін де Әуезов айтулы шебер болатын. “Қилы заман” Әуезовтің “Абай жолынан” көп бұрын, сол кездің өзінде-ақ,кең тынысты эпикалық баяндау формасын игергендігін дәлелдейді.Осы тұрғыдан алғанда “Қила заман”- кейін Әуезовтің телегей-теңіз эпопеясын тудырған ең қуатты арналардың бірі.
Әдебиет те –-даму үстіндегі құбылыс ол да өзгереді,күрделенеді,біртіндеп жаңа,соны сапаларға ие болады.Заман,дәуір,әлеуметтіік жағдай оған қашанда ен таңбасын салады. Елдің саяси,рухани және экономикалық дамуы әдебиеттің де дамуын тездетін,оны тың белестерге үздіксіз көтеріп отырады.Соның нәтижесінде өмір құбылысын жалаң оқиғалар,қара дүрсін баяндаулар арқылы бере салмай,адамға қатты әсер ететін,көркем образ арқылы бере салмай,адамға қатты әсер етітін,көркем образ арқылы бейнелеп беретін жаңа әдеби әдістер, жаңа жанрлар пайда бола бастайды.
Дамудың бұл озық құбылыстарын алға қарай ұмтылған халықтың асыл ойы,эстетикалық танымы,өнері,білгір, білімді дарын иелері тудырады.Әдебиет-жекеленген ақын жазушылардың творчестволық күшімен,солардың жазған еңбектрімен жасалса,әдебиет жанрлары да сол көркем сөз өнерлерінің тынымсыз ізденулерімен алға басады.Жинақтап айтқанда, халыққа жалпы әсер ететін қоғамдық сананың ықпалды бір формасы-көркем әдебиеттің күрделі процеске ойысуы да әрқашан қоғам өмірінің белгілі бір кезеңіндегі ілгерілеу сатысына,дамуы қарқынына,әлеуметтік талап-тірегіне байланысты болып отырады.
Мұны дәлелдейтін нақты жайларды алыстан іздеудің құажеті шамалы.Халқымыздың ауыз әдебиетінде тек ертегі,аңыз түрінде өрбіген проза саласы қоғам мүшелерінің дүниетанымы ілгерлеп, хат тануға, жазу дәстүріне көшкен кезде енді фольклорлық қалыптан біртіндеп шығып,қоршаған өмірді шындық тұрғысында бейнелеуге талпына бастады.Алдымен ұлы орыс халқының озық әдебиетіне көз салып,одан үлгі өнеге алған қазақтың демократияшыл бағыттағы жазба әдебиетінің октябрьге дейінгі даму жолына көз салсақ,бір ғана проза саласынан очерк,публицистика,новелла,әңгіме, тіпті повесть немесе роман жанрлары туа бастағанын байқаймыз.Қазақ әдебиеті тарихында бұрын бейтаныс саналған бұл жанрлардың Шоқан,Ыбырай,Абай,Сұлтанмахмұт, Спандияр,Бейімбет шығармаларынан бастап өріс алуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес.
Ал енді, осы орайда поыесть жанрының өзіне әдейілеп тоқталатын болсақ, оның да қоғамдық мазмұнға лайық әдеби форма ретінде тууы,дамуы,қалыптасуы бір күнде жүзеге асқан құбылыс емес.Ол да кезең-кезең тарихи жағдайды,елеулі процесті басынан өткерген.
Патшалық саясатқа ,оның зорлықшыл аппараттарына деген өшпенділікті жас Әунзовтей соншалық суреткерлік нанымдылықпен көрсеткен,патшаның отаршылдық саясатының безбүйрек қаталдығы мен айуандығын соншалық ашына әшкерлеген,көшпенді халықтың өзіне жат патшалық әкімшілік жүйесін қабылдамауының табиғатын мол мысалымен ала отырып,соншалық тереңдікпен ашып берген,сорына қарай көтеріліске шығып,сонысы үшін қан жоса қырғынға ұшырап,туып-өскен жерінен қуылған қарапайым халықтың қасірет-қайғысын ет жүрегі езіле отырып айтып берген мұндай шығарманы мен шығыс әдебиетінен сирек кездестірдім”,-деп туынды табиғаты мен мұратының,шындық пен шеберлік сипаттарының айқын да бедерлігін бүкпесіз айтып,ағынан жарылады.
Жазушы ғалым Ә.Шәріповтың “Қилы заман” тарихи повесіне қатысты жазған алғы сөзінде маңызды мән де,сырлы сипаттар да мол: “Заманымыздың ұлы суреткері-Мұхтар Әуезов эпикалық құлашы кең,қарпуы мол қаламгер екенін ең алғашқы шығарманың өзінде-ақ танытқан болатын.Аайда,оның алғашқы шығармаларында суреттелетін өмір,баяндалатын оқиға көбінесе революциядан бұрынғы кезең болғандықтан,сол тұстағысында тақырыптың ескілігі авторға кінә болып тағылды.
Мұхтар Әуезовты біздің баррикаданың қарсы бетіндегі қаламгерлердің қатарына қосып қарайтын социологиялық солақай сынның салқыны жазушыны жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінде жазған “Қилы заман” повесіне де тиді.Эпикалық байсалды баяндау тәсіліне,психологиялық сезім күйлерінің тереңдігіне, характерлердің сомдалуына,ел өмірінің бүге-шүгесіне дейін жомарт қаламға тән дархандықпен берілуіне қарағанда,повестен гөрі роман деуге лайық бұл туынды 1928 жылы Қызылорда қаласында бір рет жеке кітап болып басылды да, қайтіп жарияланбады...
“Қилы заманда” Албан сияқты момын елдің қара бөрікті қарапйым қыр қазағының патшалық Россияның пристав Подпоруков (қазақ арасында “Ақжелке” атанып кеткен), урядник Плодников ағы солар сияқты жебір әкімдеріне байлынсты айтқан кейбір наразылық сөздерінің артық-кемін бүгінгі жетпісінші жылдардың оқырмандарына түсіндіріп жатудың көп қажеті бола қоймас”.
“Қилы заман” повесінің қайта жарық көруі мен аудармасы хақындағы шындық сырлары жазушы-сатирик Ғ.Қабышұлының “Қила заман” және “Әдекең” атты естелігінде де кеңінен көрініс береді.
Бұл айтылған жайттардың бәрінен әрине “Қила заман” повесінің тарихы мен тағдыры,туынды табиғаты мен ізденіс арналары,жазылуы мен жариялануы жайы,қысқасы жазушы еңбегі мен шығармашылық мұраттар,өмір оқиғалары мен оны қабылдау мен қорыту,танып-талдау тәжірибелері,образдар жүйесіне қатысты пайымдау мен саралау сипаттары,көркемдік таным мен стиль төңірегіндегі ойлар мен толғаныстар,шеберлік пен шешендіктің мың сан үлгі-өнегелері жан-жақты көрініс табады.Осы реттен келгенде,ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері,ақын, Н.Оразалиннің: “Ұлы суреткердің отызға толар-толмас жасында ойын тербетіп, жүрегін қоғаған қанды оқиға туралы атақты туынды Қарқара көтерілісінің әлі қайғы-қоламтасы көңілдерден басылан қоймаған,көзімен көргендердің біразы ата-қонысын тастап,іргедегі Қытай жеріне ауып кеткенімен дені өксік-наласын көкірегіне түйіп,әнге қосып, жырға айналдырған,көтеріліс басшылар ы жайлы аңызға беріксіз ақиқатт ел ішінде гулеп тұрған 1927 жылы жазылған болатын.
Қарқара көтерілісі туралы ресми идеологияның көзқарасы ауып-төгіліп,қырық түрлі баға беріп,ақиқаттың тоны әлденеше айналдырып жатқан тұманы мен күмәні қалың кезде жас Әуезовтің мұндай ұлт намысы мен халық қасіретін мейілінше ащы,барынша шыншыл етіп көркем баяндауы, сол дәуір,сол кезеңнің тұрғысынан алғанда да,бүгінгі заманның көркемдік өлшем биігінен қарағанда да нағыз суреткер ерлігі еді.
Бұл сайып келгенде,отарлық езгінің адам төзгіссіз қиянатын,қиянатқа барар жолдағы пенделік әлсіздіктер мен озбырлықтардың бет пердесін жарқыратып ашар үлкен әдебиетке ғана тән көркемдік тәсілдерді молынан пайдаланған,шығарма жаратудың әлемдік деңгейге көтерілген ұлт топырағындағы орасан үлгісі еді.”,-деген көзқарас,түйіндердің маңызы зор [9]
Империялық саясаттың содырлы сойқанын,қанқұйлы қырғынның қытымыры да,құйтырқы,зәрлі де зымиян әрекеттерін жазушы ғалым Т.Жұртбайдың ізденіс,көзқарастарымен де тиянақтауға болады: “қилы заман” повесі көтерген мәселесі мен көркемдік дәрежесінің сұңғылығымен,күрделілігімен ғана емес,сонымен қатар қылшылдаған жігіт Мұхтардың жастық дәуренінің қызықты,қызу,махабатты күндердің куәсіндей болған өмірлік құбылысымен де қымбат.Мәңгілік мұхитына құяр өмір дариясының ағыстарында “қилы заманды” жақсы көрген перзентіндей аялап,алақанға салған қызыл шоқтай үрлеп ұстап, ертеңіне мазасыздана үміт артқан. Сондықтан да бұл шығарма ұлы адмның ақырғы жалын демін,көкірек табының жылуын алып қалумен де ыстық. Сонысымен де қасиетті, сол қасиеті мен де қадірлі, сол қадірі мен ынтазарлы “Қилы заман” Енді туынды табиғаты мен тағылымы туралы сөз еткен жөн. Кітаптың алғашқы бетінде: “Әуезұлы Мұхтар. Қилы заман. Тарихи повесть (Ұзын әңгіме) 1916 жылғы Албан көтерілісінен. Қызылорда: Қазақстан баспасы,1928 жыл” деген анықтама берілген. “баспадан” деген қосымша және бар. “Қосымшаны” тұтас оқысақ,баспа ұстанымы мен уақыт ұстанымы мен уақыт тынысын терең сезінуге болады:
“Қилы заман” романы қазақ ішінде болған зор уақиға 1916 жылдағы Жетісудағы Албан қазақтарының “ақ патша ” жарлығына қарсы жасаған көтерілісінің қимылын суреттейді.Бұл уақиға қазақ арасында төңкерісшілдік мәні бар,тарихи маңызы зор құбылыс.
Қазақ тарихында 1916 жылдың орны бөлек.1916 жылдың уақиғасында ұлт қозғалысының,ұл ішіндегі тап тартыстарының бай мен болыстың,тілмаш төрелердің зұлымдықтарының,ұлтшыл оқығандардың жақсы-жаман істеген істердің бәрін де ашып жазу,дұрыс суреттеу керек еді.
Бірақ, жасыратыны жоқ, мұны жазып отырған Мұхтардың бұдан бұрын жазғандардың көбі ескі сарын,ол әлі күнге дейін ескіліктің жырын жырлай,жоғын жоқтап жүр. Ол осы күнге дейін ескі қазақтың ескілігін көксеп жүрген адам. Жаңа жұртшылдықтан гөрі,әлі де болса ескішілікті артытқ бағалап жүрген жазушы Әрине мұндай аты басқа,заты бөлек теріс адамнан тарихи уақиғаны түп-иүгел Маркс жолымен,еңбекшілер жолымен жазылуын күтуге қоюға мүмкін нәрсе емес.
Бірақ жазушы өзінше бұл әлеумет өзгерістерін жөндеп суреттедім деп жазған романы.Біз бұл романды басарда да өзіміз кейбір кемшіліктерін көрсетіп,түзерттірген болдық.
Мұның үстіне бұл сияқты суретпен жазылған көркем әдебиет бізде жоқтың қасында.
Міне, осы жағдайларды оқушылардың алдына салып,күні бұрын ескерткіміз келеді.
Оқушылар!
Осы жағдайларды еске алып, бұл романды оқырда сын көзімен қарап, теріс суреттері, теріс беті болса ашық айтып сынап,мінеп оқулыраңыз керек,Бұл кітап шыққан соң да дұрыс сындарыңызды баспасөз жүзі арқылы білдіргеніңіз жөн.”
Біздің ойымызша, баспадан деген қосымшада кезең-уақыт тынысын терең де байыпты барлаған астар да , кемел келешекке үміт сенім артқан талап-талғам да бар. Бұл жайтты Ғ Мүсірепов пен Р.Нұрғали арасында сұхбат әңгімеден де айқын аңғарамыз: “-Бұл өзі жазылып біткен күннен бастап тағдыры ауыр болған шығарма.Бурабайдағы ауыл шаруашылық техникумының оқытушылығының аяқ астынын көтеріліп,Қызылордаға,сол кездегі Қазақстанның астанасы үлкен қызметке, “қазақстан” баспасына Бас редактор болып дік ете түсейін. Мұхтардың аңай шығармасы турасында көп әңгіме ,дау-шар бар екен. Екі жақ дай-дай.бірі аспанға шығанмақ, екіншісі жермен жексен етпек.Оқи баспат едім, тартып әкетіп барады.
Бұрын пьесаларын,әңгімелерін білуші едім Журналдарда басылған. Кітап болып шыққандарды бар.Мұхтар қалай күрт өскен деп таң қалдым.бар болғаны отыз-ақ жаста. Соншалық ауыр да терең күрделі де қиын тақырыпқа қаймықпай барып, орасан көркем туынды жасаған. Ресми қызметте отырған кісіге шығармасы туралы ағынан жарылып пікір айтуға болмайды, ,мақтау жағынан сақтық қажет. Әсіресе, қызыл көз пәленің бірі байбалам салып, аттандап шыға келсе,біреуге жақсылық істемек түгіл өз басыңды қорғай алмай қаласың.Содан анау “алғы сөзді” ойлап таптым...
Ресей мен Қазақстан қарым-қатынастың күрделі кезеңін көрсетіп отырса, отаршылық тепкісіндегі елдің трагедиясын айтып отырсе, ондай намысты туындыға қалай ара түспейсің? “Қилы заман ” басталуына бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кеткенімді казірдің өзінде жас кезімде жасаған бір батылдығымдай көремін”
Асылы, Қазақ-Ресей қарым-қатынасы қай кезең-уақытта да күрделі һәм қалтарыс-иірімі мол болғаны белгілі. Бүгінгі Қазақстанның, яки “қазақ” деген ежелгі атауы- “қайсақ” , “кигиз-кайсак” аталды.Қазақ арасында –христиан дінін өндіру жолында әр алуан айла-шарғы жасалғанын жасыру қиын.Қазақ даласында орыс түземдік аралас мектептердің ашылуы миссионерлік бағыттар негізінде-орындастыру саясатына кең өріс берілуі-жай ғана бауырластық,терең тамырлы достық емес,керісінше ұлттық мұратқа көлеңке түсіру,өткен тарих пен тұғырлы тұлғаларды,мәдени-рухани құндылықтарды аяқасты ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет