Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы



бет3/4
Дата09.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#186832
1   2   3   4




Кәсіби пәндер – 27 кредит

1 білім беру траекториясы – «Аналитикалық химия»

01

RE 0301


Радиациялық экология

Кредит көлемі 2 (1+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 3



Преквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – Табиғи объектілер анализі, Қалдықсыз технология.

Оқыту мақсаты: Радиоактивті құбылыстарды, прициптерін, ҚО радиоактивті ластаушылардан қорғау әдістерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Радиоактивті ластаушы объектілер және көздері. Физико-химиялық сипаттамалары. Радионкулидтердің миграция әдістері. Радиоактивтілікпен күрес шаралары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Радиоэкологияның теориялық негізін, доза түрлерін, радиоактивтіліктің ашық және жабық түрлерімен жұмыс істей біледі.

Іскерлігі: Радиациялық фон деңгейі туралы берлілген мәліметтерге сай сауатты талдау жүргізе алады.

Дағдысы: Дозиметрлерді және радиоактивті сәулелену деекторларын қолдана алады..

Құзіреттілігі: Радиациялық экология саласында құзіретті

Бағдарлама жетекшісі: PhD, доцент м.а. Омарова А.Ш.

02

EhAA 0302


Электрохимиялық анализ әдістері

Кредит көлемі 2 (1+0+1), в ЕСТS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Табиғи объектілер анализі, Мұнай және мұнай өнімдерінің анализі, Бейорганикалық заттар және улар анализі

Оқыту мақсаты: Талдаудың электрохимялық әдісінің теориялық негізін, ТЭХӘ іс жүзінде қолдануымен танысу.

Қысқаша мазмұны: Электродты процестер. Полярографиялық әдістер: классикалық, дифференциальды, импульсті, дифференциальді импульсті, перементі полярография. Потенциометрия: тура и потенциометрлік титрлеу. Ионометрия. Кулонометрия: амперостатистикалық және потенциостатистикалық. Электрогравиметрия. Кондукометрия. Хронокондуктометрия және жоғары сапалы титрлеу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Электрохимиялық процестерді және олардың негізгі заңдылықтарын біледі.

Іскерлігі: Талдау нәтижесі негізінде есептеу жүргізіп, графиктер тұрғыза алады.

Дағдысы: ТЭХӘ қолданылатын құралда жұмыс істеу, электрохимиялық ұяшықтарды анықтау және идентификациялай алады.

Құзіреттілігі: Физико-химиялық анализ әдістері аймағында құзіретті.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., профессор м.а. Мусабаева Б.Х.

03

APF 0303


Аналитикалық практикадағы фотометрия

Кредит көлемі 2 (1+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 3



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Табиғи объектілер анализі, Мұнай және мұнай өнімдері анализі, Бейорганикалық заттар және улар анализі

Оқыту мақсаты: Талдаудың оптикалық және спектральді әдістерінің теориялық негіздерін оқу

Қысқаша мазмұны: Фотометрияда қолданылатын реакция типтері. Спектр аймағын, реагент, еріткішті таңдау. Фотометрия әдісі: фотоколориметрия, спектрофотометрия, фототурбидиметрия, фотонефелометрия.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Талдауда қолданылатын физико-химиялық процестердің негіздерін, оптикалық приборлардың принциптері мен схемаларын біледі.

Іскерлігі: Есептеулер жүргізе, анализ әдісін таңдай, әдістеме жасай алады.

Дағдысы: Зертханада практикалық және зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Құзереттілігі: Физико-химиялық анализ әдітерінде құзіретті.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., профессор м.а. Мусабаева Б.Х.

04

TOA 0304


Табиғи объектілер анализі

(курстық жұмыс)

Кредит көлемі 3 (1+0+2), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



ПререквизиттерАналитикалық химия, Физико-химиялық анализ әдістері, Зерттеудің физикалық әдістері, Химиялық сандық анализ.

Постреквизиттер – Жоқ

Оқыту мақсаты: Табиғи объектілер – топырақ, су, ауа, өсімдік және жануар текті объектілерді зерттеудің теориялық негіздерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Табиғи объектілер: су, ауа, топырақ, геологиялық объектілер, минералды шикізат, биологиялық объектілерді анализдеу ерекшеліктері. Сынама алу, сынаманы анализге дайындау, минералдау әдістері, концентирлеу, бөлу, табиғи бъектілер компоненттерін сандық анықтау және идентификациялау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: ТО талдаудың негізгі әдістерін, табиғи объектілерді жіктеудің негізін біледі.

Іскерлігі: Табиғи объектілердің жүйелі талдауын, табиғи объектілерді сандық және сапалық анықтау әдістерін меңгереді.

Дағдысы: Табиғи объектілердің сынамасын алу, сынама дайындау, консервирлеу және сынама сақтау дағдыларын игереді

Құзіреттілігі: Экологиялық химия саласында құзіретті.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., профессор м.а. Мусабаева Б.Х.

05

ENVYа 0305

Бейорганикалық заттар және улар анализі

Кредит көлемі 3 (1+0+2), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – Жоқ

Оқыту мақсаты: Бейорганикалық заттар экспертизасының теориялық негізін, оларды талдау әдітерін оқу

Қысқаша мазмұны: Бейорганикалық текті заттар. Жіктеу және кодтау. Экспертиза жүргізудің жалпы ережелері. Сәйкес өнімнің технологиялық экспертизасы. Бейорганикалық текті улар, олардың жіктелуі, идентификациялау және сандық анықтау әдістері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Улы және бейорганикалық заттардың жіктелуін, экспертиза жүргізу техникасын, уды идентификациялау және сандық анықтау әдістемесін біледі.

Іскерлігі: У және бейорганикалық заттардың эксперитизасын жүргізе алады.

Дағдысы: У және бейорганикалық заттарды сынамаға дайындау, сынама алу дағдыларын игереді.

Құзіреттілігі: У және бейорганикалық заттар экспертизасы саласында құзіретті.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Лебаева Ж.Т.

2 білім беру траекториясы – «Жоғары молекулалық қосылыстар»

06

BoH 0306

Биоорганикалық химия

Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, Биохимия негіздері

Оқыту мақсаты: Табиғи органикалық қосылыстарының негізгі кластарының химиялық күйінінің заңдылықтарын олардың құрылысымен байланысты оқу.

Қысқаша мазмұны: Аминқышқылдарының биоорганикалық химиясы. Ақуыздардың химиялық синтезі. Фосфатты молекулалардың биоорганикалық химиясы. Нкулеин қышқылдары. Жартылай нуклеотидтердің химилық синтезі. Биополимерлердің химиялық эволюциясы. Ферменттер химиясы. Ферментті жүйелерді моделдеу. Коферменттер химиясы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Химилық және биохимиялық процестердің жүруін анқтайтын термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын, реакция жүруінің негізгі механизмдерін, маңызды биохимиялық процестердің физико-химиялық аспектілерін біледі.

Іскерлігі: Химилық және физико-химиялық әдістер негізінде органикалық қосылыстар құрылысын анықтаудажәне идентификациялауда рациональды әдістерін таңдай алады.

Дағдысы: Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық өзгерісінің нәтижесін болжай алады.

Құзыреттілігі: Органикалық химия саласында негізді білімдерін игерген, зерттеу дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент Динжуманова Р.Т

07

PA 0307

Полимерлер анализі

Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер Полимерлер ерітінділері

Оқыту мақсаты: Поликонденсациялық және полимеризациялық полимерлердің сандық және сапалық талдау әдістерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Полимерлердің сандық анализі. Түрлі топтағы полимерлер анализі. Полимерлер құрамын сандық анықтау. Полимерлерде химиялық әдістермен функционалды топтарды анықтау. Полимерлерді физико-химиялық және физико-механикалық әдістерімен талдау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Полимерлер химиясы мен физикасының теориялық негіздерін, мономерлер мен полимерлердің сапалық және сандық талдауы негізделетін физикалық және химиялық заңдылықтарды біледі.

Іскерлігі: Полимерлер анализі мен аналитикалық анықтаудың негізгі тәсілдерін іске асыра алады.

Дағдысы: Зерттеудің ғылыми-әдістемелік және инструментальді-аналитикалық негіздеріне дағдыланған.

Құзыреттілігі: ЖМҚ физикасы мен химиясы саласында базалық білімін көрсете алады, зерттеушілік дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент м.а. Оразжанова Л.К.

08

PKKZA 0308


Полимерлердің құрылысы мен қасиеттерін зерттеу әдістері

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 5 Пререквизиттер – 65 кредит



Постреквизиттер Полимерлер ерітінділері

Оқыту мақсаты: Полимерлердің қасиеттерін, құрылымын, түзілу үрдістерін зерттеуде қолданылатын анализдің физико-химиялық әдістерінің теориялық негіздерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Полимерлердің орташа молекулалық салмағы. Полимерлердің орташа молекулалық салмағын анықтау әдістері: вискозиметрия, осмометрия, седиментация. Зерттеудің хроматографиялық әдісі. Зерттеудің масс-спектрометриялық әдісі. Радиациялық әдістер. УК-спектроскопиясы. ИҚ-спектроскопиясы. ЯМР-спектроскопиясы. ЭПР-спектроскопиясы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Физико-химиялық шамаларды өлшеу әдістері мен тәсілдерін, полимерлердің қасиеттері мен құрылымының физикалық және химиялық заңдылықтарын біледі.

Іскерлігі: Полимерлерді зерттеудің негізгі физико-химиялық әдістердің тәсілдерін іске асырады.

Дағдысы: Зерттеудің инструментальді-аналитикалық және ғылыми-әдістемелік негіздеріне дағдыланған.

Құзыреттілігі: ЖМҚ-ды аналитикалық анықтау облысында базалық білімдерін көрсетеді, зерттеушілік дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент м.а. Оразжанова Л.К.

9

PmPH 0309


Полимерлену процестерінің химиясы

Кредит көлемі - 2 (1+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – Жоқ

Оқыту мақсаты: Полимеризация мен сополимеризациялау ерекшеліктері мен заңдылықтарын, олардың механизмі мен кинетикасын оқу.

Қысқаша мазмұны: Полимеризациялық процестерінің механизмі мен кинетикасы. Полимерлер түзілуінің ерекшеліктері мен заңдылықтары, эмульсионды полимеризация, сополимеризациялау. Катионды полимеризация. Анионды полимеризация. Иондық сополимеризациялау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Полимеризациялық үрдістердің теориялық негіздерін біледі.

Іскерлігі: Полимеризациялық материалдар мен олардың негізіндегі полимерлерлі материалдарды алудың әдіс тәсілдерін меңгерген.

Дағдысы: Полимеризациялық материалдарды өндіру үрдісін басқаруға дағдыланған.

Құзыреттілігі: ЖМҚ-ды синтездеуде базалық білімін көрсетеді, зерттеушілік дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент м.а. Оразжанова Л.К.

10

PE 0310


Полимерлер ерітінділері

Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – Жоқ

Оқыту мақсаты: Полимер ерітінділерін, ерітінділердегі макромолекула конформацияларын және конформациялық ауысуларын, фазалық тепе-теңдік, полимер тізбек жүйелерінің динамикалқ қасиеттерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Полимер ерітінділерінің концентрациялық режимдері: сұйытылған, жартылай сұйытылған және концентрленген ерітінділер. θ-шарттары. Жақсы еріткіште изолияцияланған макромолекула қасиеттері. Сұйытылған ерітіндідегі макромолекула көлемі. Макромолекулаларды бөлу принциптері. Вискозиметрия макромолекулаларды зерттеу әдісі ретінде қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Ерітіндідегі макромолекула күйін, полимер ерітінділерінің кинетикалық және термодинамикалық заңдылықтарын біледі.

Іскерлігі: Полимер материалдарын өңдеуде және синтездеу процесінде және полимер ерітінділерінде туындаған аналитикалық мәселелерді шеше алады.

Дағдысы: Полимерлерді заттарға өңдеу саласындағы негізгі білімдерін практикалық қолдана алады.

Құзіреттілігі: ЖМҚ физикасы және химиясы саласындағы негізгі білімдерін көрсетеді, зерттеу дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент м.а. Оразжанова Л.К.

1 траектория – «Аналитикалық химия»

2 траектория – «Жоғары молекулалық қосылыстар»

бойынша оқылатын жалпы кәсіби пәндер

11

BhN 0311


Биохимия негіздері

Кредит көлемі - 2 (1+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы, Жоғары молекулалық қосылытар химиясы.

Оқыту мақсаты: Маңызды биомолекулалардың, екіншілік метаболиттердің құрылымын анықтау әдістемесін оқу.

Қысқаша мазмұны: Жасушы – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі. Табиғи аминқышқылдары – ақуыз молекулаларының мономерлі бірлігінің құрылысы, жіктелуі. Олардың бифункциональдығы, биполярлығы. Амрнқышқылдарының химиялық қасиеттері. Пептидті байланысты жасау. Пептидті байланыстың құрылысы. Жай және күрделі ақуыздар. Ақуыздардың біріншілік, екіншілік, төртіншілік құрылымы. Көмірсулар. Олардың жіктелуі мен биологиялық маңызы. Моно-, олиго- және полисахаридтер. Бейтарап липидтер. Құрылысы. Ағзадағы қызметі. Моносахаридтердің катаболизмі және оның үшкарбон қышқылдарының циклімен байланысы. Рибо- және дезоксирибонуклеин қышқылдары. Құрылымы. Функциялары. Ақуыз биосинтезі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Негізгі биомолекулалардың метаболизм жолдарын, биологиялық рөлін, құрылымы жіктелуін, генетикалық ақпараттың тасымалдануы мен сақталуын, биологиялық жүйелердегі энергия трансформациясының принципін біледі.

Іскерлігі: Ақуыз құрылымдағы аминқышқылды ретті анықтауға байланысты, ферменттердің белсенді орталығына, коферменттердің биологиялық әсеріне байланысты есептер мен сұрақтарды шеше алады.

Дағдысы: Биологиялық белсенді қосылыстарды анықтау мен бөлуге дағдыланған.

Құзыреттілігі: Жаратылыс ғылымдарының және зерттеушілік мәселелерді шешуде биологиялық химимя саласында базалық білімін көрсетеді, зерттеушілік дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: PhD, доцент м.а. Омарова А.Ш.

12

ZhMKH 0312


Жоғары молекулалық қосылытар химиясы

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Полимерлер ерітінділері, Полимер анализі, Полимерлердің құрылысы мен қасиеттерін зерттеу әдістері

Оқыту мақсаты: Полимерлер жайлы ғылымның теориялық негіздерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Негізгі түсініктер. Жоғары молекулалық қосылыстар пен төменгі молекулалық қосылыстарды бөліп ажырату шарттары. Полимерлердің халық шаруашылығындағы рөлі. Полимердің маңызды қасиеттері, макромолекулалардың қасиеттері мен сипаттамалары. Полимер мен синтетикалық материалдардыі синтезінің негіздері. Полимердің физикалық күйлері. Аморфты полимердің термомеханикалық қисықтары. Полимерді ерітудің ерекшеліктері. Полимерлі гидрогельдер. Полимерді ажрату.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Полимер текті жоғары молекулалық қосылыстардың негізгі ерекшеліктерін, полимер синтезінің негізгі әдістерін, қазіргі заманғы зерттеу әдістерін біледі.

Іскерлігі: Өзінің білімін түрлі әдістермен полимерлерді синтездеу үшін практикалық есептерді шығара алады.

Дағдысы: Макромолекулалардың құрылымын, полимерлердің физико-механикалық қасиеттері мен молекулалық-массалық сипаттамаларын зерттеу үшін, қазіргі зерттеушілік әдістерді қолдануда практикалық дағдылары бар,

Құзіреттілігі: Макромолекулалық химия саласында зерттеушілік және қолданбалы мәселелерді шешу үшін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент м.а. Оразжанова Л.К.

13

HF 0313


Химиялық физика

Кредит көлемі – 3 (1+1+1), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – Жалпы химиялық технология

Оқыту мақсаты: Химиялық физиканың жаңа мүмкіндіктері жайлы, шектеулері мен қолданылуын оқу.

Қысқаша мазмұны: Негізгі қолдану аймақтары. Қатты дененің құрлымы, қасиеттері, кристалл әрекеттесу күшінің табиғаты, энергетикалық аймақтың құрылымы, кристалдағы электрондардың локализациялау күйі, тепе-теңдіксіз химиялық реакциялар, соқтығысу теориясы, белсенді аралық өнімдер, бос атомдар мен радикалдар, фотохимия, радиациялық химия, тізбекті реакциялар, жалын құрылымы мен жалындағы химиялық реакциялардың кинетикасы, лазерлі химия мен криохимияның негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Химиядағы, жоғары энергия химиясының, тізбекті реакциялардың, жану үрдісі мен жарылудың қарапайым үрдістерін біледі.

Іскерлігі: Белгілібір эксперименттік есепті шешуде сәйкес физикалық құбылыстарды, қарапайым спектрлерді, эксперимент жүргізу үшін оптимальді жағдайларды таңдай алады.

Дағдысы: Гомолитикалық жіне гетеролитикалық реакцияларды құра алады, фотохимиялық реакциялардың кинетикасын анықтай алады.

Құзіреттілігі: Практикалық және ғылыми-зерттеушілік есептерді шешу үшін физика мен химия саласында базалық білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Калияскарова Б.А.

14

ЕН 0314


Экологиялық химия

Кредит көлемі –2 (1+1+1), ECTS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – Табиғи объектілер анализі.

Оқыту мақсаты: Қоршаған ортадағы химиялық қосылыстардың трансформациясын зерттеуде, мүмкін болатын өзгерістерді болжауда және экологиялық талаптарға сай шешім қабылдауда біліктерін қалыптастыру болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Интелектуалды (өнеркәсіптік) меншік объектілерін қорғау аймағындағы шетел және Қазақстан Республикасы заңдарының негіздері. Патентті құжаттардың құрылымы және ерекшеліктері. Жаңалық ашу (өнертапқыштық) жазбаларының құрылымы, жаңалық ашу жазбаларындағы библиографиялфқ берілгендерді идентификациялау үшін ИНИД кодтары, текст құрастырылуының ерекшеліктері. Өнеркәсіптік меншік объектісіне тапсырыс құрам бөліктері. Патенттік құқық көлемін анықтау үшін жаңалық ашу формуласының мәні. Патентке қабілетті техникалық творчества объектілеріне тапсырыс материалдарын құрастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жердің геосфера жөніндегі мәліметі мен жалпы теориялық ережесін; биогенді және абиогенді химиялық элементтердің биохимиялық айналымын; қоршаған ортадағы антропогенді әрекеттер әсерінен жүретін физико химиялық процестерді біледі.

Іскерлігі: Қоршаған орта компоненттерін: атмосферадан, гидросферадан, литосферадан, флора мен фаунадан алынған сынамалардағы әртүрлі типтегі химиялық ластағыштарың концентрациясын анықтай алады, қоршаған орта құраушыларын әртүрлі типтегі ластағыштардан тазартудың тиімді әдістерін таңдай алады.

Дағдысы: Қоршаған ортадағы әртүрлі типтегі ластағыштардың өзгеруін болжау және олардың таралу аймағын бағалау дағдысын игереді.

Құзіреттілігі: Өндірістік және зерттеу мақсаттарын шешуде патенттану заңдары саласындағы білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент Омарова Н.М.




15

KOSMShH 0315


Қоршаған орта объектілерінің және сирек металды шикізаттар химиясы

Кредит көлемі – 2 (1+0+1), ECTS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – 31 кредит

ПостреквизиттерАналитикалық химия, Табиғи объектілер анализі, Бейорганикалық химия.

Оқыту мақсаты: Қоршаған ортаның химиялық құрамының өзгеруін, солардың негізінде экологиялық залалдардың пайда болу мүмкіндігі мен алдын ала болжау, сирек кездесетін металл шикізатын бөлу, ыдрату және қайта өңдеу әдістері.

Қысқаша мазмұны: Қоршаған орта объектілерінің ластануының көздері. Судың ластануының химиясы. Су ресурстары жайлы жалпы мағлұматтар. Табиғи сулар құрамы. Гидросфера ластануының көздері мен масштабтары. Ластануды анықтауда қолданылатын физико-химиялық параметрлер. Ағынды сулар. Ағынды суларды тазарту химиясы. Атмосфера ластануының химия. Ластағыш заттардың аналитикалық химия. Сирек кездесетін металл шикізаты: минералдар мен рудалар, оларды қайта өңдеу әдістері, металдық сирек кездесетін металдар мен қосылыстарын алу әдістері. Сирек кездесетін металл шикізатын ыдрату мен бөліп алу. Сирек кездесетін металлдарды анықтау әдістері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сирек кездесетін элементтер химиясының негіздері мен олард табиғатта табу формаларын, таза металдар мен сирек кездесетін элемент қосылыстарын алу әдістерінің принциптерін, қоршаған орта мәселелерін және оларды шешу жолдарын, судың, ауаны ластану химиясын және зиянды қоспалардан тазарту әдістерін біледі.

Іскерлігі: Келесі аналитикалық операцияларды жүзеге асыра алады: зерттелетеін объектілердің ыдрауы, оларды талдауға дайындау, фильтірлеу, тұндыру, экстракция, бөлу және анықтау.

Дағдысы: Қоршаған орта объектілері мен минералды шикізатты талдау үшін сынама алуға дағдыланған, аналитикалық химияның қазіргі заманғы және классикалық әдістерін жүзеге асыра алады.

Құзіреттілігі: Қоршаған орта объектілерін аналитикалық бақылау мен минералды шикізатты анализдеу саласында базалық білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент м.а. Оразжанова Л.К.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет