Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Калий мен натрий атомдарының құрылысының электрондық схемасын жазыңдар. Бұл элементтердің қайсысының тотықсыздандырғыштық күші артық, неге?
-
І топтың s-элементтерінің +І тотығу дәрежесі не себептен өте тұрақты?
-
К2О, К, К2О2 қалай сумен әрекеттеседі, химиялық реакциялар теңдеуін жазыңдар.
-
Калий хлоридінен металл күйінде калийді және калий гидроксидін алу үшін жүретін процестерінің схемаларын жазыңдар.
-
Натрий сульфатынан көмір мен әктасты жоғарғы температурада балқыту арқылы соды алу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Көмір мен әктас қандай функция атқарады?
-
Ас содасы, каустикалық сода, кристалдық сода, кальцинирленген сода деп техникада қандай заттарды айтады?
-
Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар теңдеулерін жазыңдар: NaCl→Na→NaOH→Na2CO3→NaHCO3→NaCl→Na→Na2O2→Na2O→ NaOH→ NaHSO4→ Na2SO4 → Na
-
Мына қатарда LiOH –CsOH негіздік қасиеттері қалай және неге олай өзгереді?
-
Периодтық жүйедегі І және ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің тұздарының қасиеттерін салыстырыңдар: галогенидтердің, сульфаттардың, сульфидтердің, карбонаттардың. Олардың суда ерігіштіктерінің өзгеруін, топ бойынша және І топтан ІІ топқа өткенде термиялық беріктіктерінің өзгеруін көрсетіңдер.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Бірімжанов Б.А., Нурақметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы.: «Рауан», 1990., 2.Ділманов Б.М.Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Алматы,2009,-194б
3.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк. 1982- 530с
4.Угай Я.А. Неорганическая химия. М.: «Высшая школа», 1989, -462 б
5.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с
Дәріс 13. Алюминий ,қалайы,қорғасын,темір қосылыстары.
Мазмұны:
-
Периодтық жұйедегі орны, электрондық құрылысы.
-
Физикалық қасиеттері.
3. Химиялық қасиеттері.
Периодтық жүйенің ІІІ және ІҮ топтарының р-элементтері (алюминий, қалайы, қорғасын) Al, Sn, Pb- микроэлементтер, олардың ағзадағы мөлшері 0,002- 1∙10-5мг. Тамақ өнеркәсібінде Al, Sn элементтерден консервілік банкалар жасайды. Алюминийден фольга, қақпақтар жасайды. Қорғасын улы зат, ол шынының, қағаз және полиэтилен қапшықтардың құрамына кіреді. Алюминий қанның сары суында,өкпе,бауыр,сүйек,бүйрек,тырнақ,шаш құрамына және адам миының жүйке қабығының негізгі құрамына кіреді. Адам тәулігіне 47 мг алюминий қабылдауы керек. Алюминий эпителий және байланыстырғыш қабаттардың дамуына,сүйектің қалыптасуына,фосфордың алмасуына әсер етеді. Сонымен бірге ферментативті процестерге,қанның түзілуіне,трансаминирлеу реакциясына катализатор етінде қатысады. Fe, Co, Ni – микроэлементтерге жатады. Тәулігіне адам ағзасына 5-25 мг темір қажет. Темірдің көп мөлшері сүтте, сырда, етте, алмада болады. Қан гемоглобинінің негізгі бөлігі темір. Кобальт В12 витаминінің құрамына кіреді, зат алмасуын жақсартады. Егер ағзада кобальт жетпесе, адам анемияға ұшырауы мүмкін.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Алюминийдің, қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?
-
Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.
-
Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің
күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.
-
Алюминий, қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт
қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.
-
Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
-
Германий топшасының элементтерінің а)негіздік қасиеттері жоғары; б)қышқылдық қасиеттері жоғары гидроксидтерін жазыңдар.
-
Суда ерімейтін PbCl2 және Pb(OH)2 не себептен концентрлі тұз қышқылы мен сілті ерітіндісінің артық мөлшерінде ериді?
-
Алюминийді оксидінен тотықсыздандыру арқылы алу өндірісте тиімді ме? Оны өндірісте қалай алады?
-
Неге алюминий судан сутегін ығыстырып шығармайды? Алюминий а)концентрлі азот және күкірт қышқылдарымен; б)сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен; в)натрий гидроксидінің судағы ерітіндісімен қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңда.
-
Алюминий гидроксидінің амфотерлі қасиетін қалай дәлелдеуге болады? Реакциялар теңдеуін жазыңдар.
-
Алюминий тұздарының гидролизі дәрежесіне аниондар табиғаты қалай әсер етеді? Алмасу реакциясы арқылы Al2(CO3)3 тұзы түзілуі мүмкін бе?
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Бірімжанов Б.А., Нурақметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы.: «Рауан», 1990., 2.Ділманов Б.М.Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Алматы,2009,-194б
3.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк. 1982- 530с
4.Угай Я.А. Неорганическая химия. М.: «Высшая школа», 1989, -462 б
5.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с
Дәріс 14. Бейметалдардың жалпы қасиеттері.
Мазмұны:
1.Периодтық жұйедегі орны, электрондық құрылысы.
2.Физикалық қасиеттері.
-
3.Химиялық қасиеттері.
Күкірт – ағзада негізінен органикалық қосылыстар құрамында және күкірт құрамды амин қышқылдарының құрамында кездеседі. Олар цистин, метионин, инсулин т.б. Егер ағзада күкірт жетпесе ақуыз түзілуі әлсірейді.
Оттегі өмірге керек барлық органикалық заттар құрамына кіреді: ақуызда, майларда. Оттегі арқылы тіршіліктің барлық процестері жүреді. Тыныс алу, аммиак қышқылдарының тотығуы, майлардың тотығуы.
Тірі ағзада 6 элемент (көміртегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт) ағза массасының 97,4% алады. Оларды органогендер деп атайды. Органоген №1 көміртегі. Себебі көміртегі майдың, көмірсулардың, витаминдердің, органикалық қышқылдардың құрамына кіреді. Бірақ бос көміртегі және оның монооксиді адам үшін өте улы. Натрий гидрокарбонаты, ағзада өтте майдың гидролизіне әсер етеді.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Элементтердің (оттегі мен күкірттің) электрондық конфигурациясын келтіріңдер. Қай электрондар валентті болып саналады?
-
Орбитальдардың энергетикалық диаграммасын құрыңдар. Молекуласының негізгі күйі (О2) мен молекулалық иондардың О2+, О2-, О22- электрондық конфигурациясын келтіріңдер.
-
Мына молекулалардың KClO3, KMnO4, KNO3 термиялық айрылу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясының қай типіне жатады?
-
Негіздік, қышқылдық және амфотерлі оксидтерді сипаттайтын оларға тән реакцияларға мысалдар келтіріңдер.
-
Стандартты потенциал Е0298 мәніне сүйеніп, мына заттардың О3, О2, Н2О2 тотықтырғыш қасиеттерін салыстырыңдар:
О3 + 2Н+ + 2ē → О2 + Н2О Е0 = +2,07В
Н2О2 + 2Н+ + 2ē = 2 Н2О Е0 = +0,68В
О2 + 2Н+ + 2ē → Н2О2 Е0 = +1,78В
-
Күкірт тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алатын реакцияларға мысалдар келтіріңдер.
-
а)суда еритін; б)суда ерімейтін, бірақ сұйытылған қышқылда еритін; в)қышқылда ерімейтін сульфидтерді келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
-
Күкіртті сутек қышқылының сатылап жүретін диссоциациясын жазыңдар. а)хлорлы сутек қышқылын; б)қорғасын (ІІ) нитратын; в)сілті құйса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
-
Олеум деген не? Су мен концентрлі күкірт қышқылын қалай араластыру керек? Неге?
-
Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылдарымен мырыш әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
-
Атом құрлысы теориясы тұрғысынан оттегі күкіртке қарағанда күштірек тотықтырғыш екенін түсіндіріңдер.
-
Күкірт атомының тотығу дәрежесі неге жұп сан болады? Неге оттегінің валенттілігі тұрақты, ал күкірттікі –айнымалы.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Бірімжанов Б.А., Нурақметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы.: «Рауан», 1990.,
2.Ділманов Б.М.Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Алматы,2009,-194б
3.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк. 1982- 530с
4.Угай Я.А. Неорганическая химия. М.: «Высшая школа», 1989, -462 б
5.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с
Дәріс 15. УІІ-А тобы элементтері және олардың қосылыстары.
Мазмұны:
1.Периодтық жұйедегі орны, электрондық құрылысы.
2.Физикалық қасиеттері.
-
3.Химиялық қасиеттері.
Хлордың химиялық қасиеттері.
Барлық омыртқалылар, адамды қоса, иодсыз тіршілік жасай алмайды. Иод қалқанша безінде жиналады, ол иоды бар гормондар түзеді. Бұл гормондар ағзадағы заттардың алмасуын жүргізеді. Егер ағзада иод болмаса, зоб ауруымен ауырады, сондықтан ас тұзына иод қосылады.Фтор ағзаға судан түседі, фтор шайда көп. Егер фтор жетіспесе, тіс ауруына әкеледі.
Иодтың химиялық қасиеттері.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
ҮІІ топтың негізгі топшасының элементтер атомдарының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Бұл элементтердің валенттіліктерін көрсетіңдер.
-
Галогендердің зертханада және өндірісте алу жолдарын көрсетіңдер.
-
НГ қышқылының ішінде неге НҒ ең әлсіз қышқыл?
-
Г- анионын ерітіндіден табу үшін қандай катион қолданылады?
-
HClO, HClO4, HClO3, HClO4 қышқылдары үшін олардың беріктіліктері, тотықтырғыш қасиеттері және қышқылдық күші қалай өзгереді? Бұл сұраққа жауап беру үшін қандай мәндер керек?
-
Галогендерді қай жерде қолданады?
-
Иод қай тотығу дәрежесінде тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Бұл қосылыстардың формуласын жазыңдар.
-
Хлордың +1, +3, +5, +7 тотығу дәрежесіне сәйкес келетін оксидтері мен қышқылдарының формулаларын жазыңдар. Оларды атаңдар.
-
Хлорлы сутек қышқылы қай металдармен әрекеттеседі? Қышқылдың концентрациясы әсер ете ме?
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Бірімжанов Б.А., Нурақметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы.: «Рауан», 1990.
2.Ділманов Б.М.Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Алматы,2009,-194б
3.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк. 1982- 530с
4.Угай Я.А. Неорганическая химия. М.: «Высшая школа», 1989, -462 б
5.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с
Зертханалық сабақтар
Химиялық зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелері
1. Студенттердің негізгі зертханалық жұмыс істейтін орны – зертханалық стол. Тәжірибе жасаған кезде стол таза болу керек.
2. Аспаптар мен реактивтер қойылған штатив студенттің алдында тұру керек. Штативтің оң жағына лабораториялық журнал және оқулық құралын қою керек.
3. Журналға студент әр тәжірибе нәтижесін бірден жазып отыру керек, себебі мәліметтер жоғалып қалуы мүмкін.
4. Жұмысқа таза реактивтерді, таза химиялық ыдысты қолдану керек.
5. Көрші штативтен реактивтер, аспаптар алуға болмайды, себебі келесі студенттің жұмысына кедергі келеді және реактивтер бір-бірімен ауысып кетеді. Егер штативте керекті реактив болмаса, лаборанттан сұрап алыңдар.
6. Студенттердің бәрі қолданатын үлкен ыдыстар тұрған реактивтер тек белгілі бір орында тұруы керек. Оларды жұмыс столына алуға болмайды.
7. Қымбат және улы реактивтерді жұмыстың аяғында раковинаға құймаңдар. Оларды жеке арнайы ыдыстарға құйып қойыңдар.
8. Ыстық ыдысты тек асбест үстіне қойыңдар.
9. Улы және жағымсыз иісі бар заттармен жұмысты тек тяганың астында жасаңдар.
10. Егер лабораториялық тәжірибе кезінде қышқылдың немесе күйдіргіш сілтінің көп мөлшерін төгіп алсаңдар бірден лаборантқа айтыңдар. Ол заттарды тез столдан тазалау керек.
11. Зертханада тамақ ішуге болмайды.
№ 1 Зертханалық сабақ
Бейорганикалық қосылыстар .
Жұмыстың мақсаты: Бейорганикалық заттардың жіктелуін, қасиетін оқып-үйрену, олардың арасындағы генетикалық байланысты көрсету.
№1 Тәжрибе. Кальций оксиді мен гидроксидін және мыс гидроксидін алу.
Бордың СаСО3 аз мөлшерін муфель пешінде қатты қыздырыңдар (900-10000С) сосын суытыңдар. Алынған заттарды фарфор ыдысына салып, су тамызыңдар, 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, ерітіндінің ортасын (қышқылдық па, негіздік пе екенін) анықтаңдар.Борды қыздырғандағы алынған заттардың сумен әрекеттескендегі реакция теңдеулерін жазыңдар. Соңғы заттың электролиттік диссоциациясын жазыңдар. Алынған заттарды атаңдар.
Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
-
Барлық негіздік оксидтер сумен әрекеттеседі ме? Егер барлық негіздік оксидтер сумен әрекеттеспесе, сумен әрекеттесетін оксидтерді атаңдар.
-
Мыстың гидроксидін мыс оксидін сумен әрекеттестіріп алуға бола ма?
Мыс сульфатынан мыс гидроксидін алыңдар және оның амфотерлі гидроксид емес екендігін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
№2 Тәжрибе. Амфотерлі гидроксидтерді алу және олардың қасиеттері.
Бір пробиркаға 3-5 мл мырыш сульфатын, екінші пробиркаға алюминий сульфатын құйыңдар. Әр пробиркаға бір тамшыдан натрий гидроксидін тұнба түзілетіндей құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Мырыш пен алюминий гидроксидінің амфотерлі екендігін дәлелдейтін тәжірибелер жасаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған заттарды атаңдар.
№3 Тәжрибе. Орта тұздарды нейтралдау реакциялары арқылы және өзара әрекеттесу арқылы алу.
а) Пробиркаға 10 тамшы натрий гидроксидін құйыңдар. Фенолфталеин тамызыңдар. Ерітінді түсін қараңдар. Ақырындап тамшылап тұз қышқылын, ерітінді түсін өзгерткенге дейін құйыңдар. Индикатор түсін не өзгертеді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазып, жауаптарыңды дәлелдеңдер.
б) Үш пробиркада: күміс нитратына, барий хлоридіне, алюминий сульфатына мына ерітінділердің темір хлоридінің (ІІІ), натрий сульфатының, калий нитратының әсерін байқаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қандай жағдайда тұздар өз-ара әрекеттесетіндігі туралы қорытынды жасаңыздар.
№4 Тәжрибе. Қышқыл тұздар алу және олардың қасиеттері.
а) пробиркаға кальций гидроксидін және оған көміртегі қос оксидін Кипп аппаратынан жіберіңдер. Орта тұз түзілген кездегі тұнбаның пайда болғанын және қышқыл тұз түзілуінің әсерінен оның ерігендігін байқаңдар. Орта тұз түзілуінің реакциясының теңдеуін жазыңдар, сосын орта тұздың көмір қышқылының артық мөлшерімен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар. Алынған ерітіндіні сақтаңыздар.
б) алдындағы тәжірибеде алынған кальций гидрокарбонатына кальций гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар. Қышқыл тұздың орта тұзға айналуы реакция теңдеуін жазыңдар.
в) пробиркаға 5 мл кальций гидроксиді ерітіндісін құйыңдар, оған тамшылатып сұйытылған фосфор қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Түзілген орта тұздардың тұнбасын алыңдар. Бұл тұнбаға фосфор қышқылының артық мөлшерін құйыңдар, шыны таяқшамен араластырып, тұнбаны ерітіңдер. Тұнба неге ериді? Орта тұз түзілу реакциясы теңдеуі мен оның қышқыл тұзға айналу реакция теңдеуін жазыңдар (Са(Н2РО4)2).
№5 Тәжрибе. Негіздік тұздар алу және олардың қасиеттері.
а) Кобальт сульфаты (ІІ) ерітіндісіне натрий гидроксидін тамшылап құйып көк түсті тұнба алыңдар. Орта тұз түзілу реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбаны сақтаңдар.
б) Тұнбаны екіге бөліңдер. Біреуіне натрий гидроксидін тұнбаның түсі өзгергенше қосыңдар, екіншісіне- күкірт қышқылын тұнба ерігенге дейін қосыңдар. Алынған тұнба мен ерітінді түрін атаңдар. Негізгі тұздың негізге айналған және орта тұзға айналған реакциялар теңдеуін жазыңдар.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. а) Оксидтерге (негіздік қышқылдық,амфотерлі). б)қышқылдарға (олардың негізгі, әлсіз және күшті электролиттер)
в) гидроксидтерге (сілтілер, негіздер, амфотерлі гидроксидтер)
г) тұздарға (орта, қышқыл, негіздік)анықтама беріңдер және олардың қасиеттерін көрсетіңдер.
2.Қышқылдардың, тұздардың, гидроксидтердің диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.
3.Барлық кластардың номенклатурасын біліңдер.
4.Мына тұздарды атаңдар: FeCl3, FeOHNO3, Zn(HSO4)2, NaHS, CrCl3, Fe(HS)2, K2SO3, AlOHCl2, CrOHSO4, Al(H2PO4)3.
5.Әрекеттесуші заттар қатынасын өзгертіп, Са(ОН)2 + H3PO4 ↔ қышқылдық, негіздік және орта тұздар алыңдар.
№ 2 Зертханалық сабақ
Заттардың эквивалентін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Металл эквивалентінің молярлық массасы М қосылыстан бөлінген сутегі көлемі арқылы анықтау әдісін үйрету.
Жұмысты жүргізу:
1.№1 суретте көрсетілген құралды жинап, оның газ өткізбейтіндігін тексеру керек. Ол үшін пробиркалардан тығынын алып, екінші бюретка арқылы пробиркамен қосылған бюреткадағы судың деңгейін белгілі бір деңгейге қою керек, сосын пробирканы тығындап, екінші бюретканы 10-15 см төмен түсіру керек.
Егер судың деңгейі пробиркамен қосылған бюреткада өзгермесе, бұл құрал газ шығармайды.
2.Аналитикалық таразыда 0,2 г жуық металл (Ғе, Zn, Mg, Al) өлшеп алу керек.
3.Пробиркаға 10 мл тұз қышқылын құйыңдар. Пробирканы еңкейтіп ұстап, өлшенген металды пробирканың жоғары жағында сақтаңдар. Пробирканы тығындаған кезде металл қышқылға түсіп кетпеуін қадағалаңдар.
4.Судың деңгейі бірдей деңгейде тұратындай етіп екі бюретканы орналастырыңдар. Бастапқы деңгейді зертханалық дәптерге жазыңдар (V1). Металды қышқылға түсіріңдер. Металл мен қышқыл арасында реакция жүре бастайды, сутегі бөлініп, су ығыса бастайды.
5.Металл еріп болған соң және пробирка суыған соң, сутегінің көлемі анықталады. Бөлінген сутегінің көлемі V пробирка қосылған бюреткада көрсетілген соңғы судың деңгейінен (V2) бастапқы деңгейді алу арқылы анықталады.
6.Атмосфера қысымы Ратм,кПа, тәжірибе температурасы- tтәжірибе 0С, тәжірибе температурасына сәйкес келетін су буының қысымы (№1 кестеге қара)- РН2О, кПа және сутегінің қысымы РН2, кПа (РН2О, кПа= Ратм –РН2О) өлшеңдер.
Бөлінген сутегі көлемін қалыпты жағдайға мына формула арқылы келтіріңдер:
-
V ‗ V∙РН2∙273
101,3∙(273+tтәжірибе)
|
V- сутегі көлемі.
Металл эквивалентінің молярлық массасы қалыпты жағдайда есептеңдер:
m, г металл – V мл сутегін ығыстырады.
M (fэкв Ме)- 11200 мл сутегін ығыстырады. Барлық өлшемді №2 таблицаға жазыңдар.
№1 сурет Металл эквивалентінің молярлық массасын анықтауға арналған құрал.
№1 кесте Қаныққан су буының сумен тепе-теңдігі қысымы.
-
Температура 0С
|
Будың қысым Па*103 (мм сынап бағанасы)
|
0
|
0,61 (4,58)
|
5
|
0,87 (6,54)
|
10
|
1,23 (9,20)
|
15
|
1,70 (12,79)
|
16
|
1,82 (13,63)
|
19
|
2,20 (16,48)
|
20
|
2,37 (17,53)
|
21
|
2,48 (18,65)
|
22
|
2,64 (19,82)
|
23
|
2,80 (21,09)
|
№2 кесте Қорытынды кесте
m, г
|
tтәжірибе 0С
|
Р, кПа
|
РН2О, кПа
|
Vтәж
|
V0, мл
|
M (fэкв Ме)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |