Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік



Дата08.06.2016
өлшемі281.69 Kb.
#122385

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-5-05.01.20.66/01.2011




«Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы

№ 2 басылым

орнына





5В050400 - «Журналистика» мамандығына арналған

«Қазақ әдебиетінің тарихы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ

2011
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, қазақ филологиясы

кафедрасы, ф.ғ.к. Әбділманатқызы Ә.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________20 _жыл.


Кафедра меңгерушісі: _______________ Сейітова Ш. Б.

2.2 Гуманитарлық факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20 _жыл.
Төрайымы_________________Колмогорова Г.Б.
2.3 Гуманитарлық факультетінің Ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20 _жыл.


Төрайымы________________Атантаева Б.Ж.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20 _жыл.


Бірінші проректор_________________Рскелдиев Б.Ә.

4  20 _ж. «____» __________ шыққан ПОӘК-нің

№2 БАСЫЛЫМЫ



Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасының мазмұны

5 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8 Әдебиеттер

1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

«Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 050504 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- 050205 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 26.04.2004ж. № 361 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-08.10.12-2007 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

Бұл пән бойынша мынанадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: семинар сабақтарының мақсаты - студенттердің жекелеген шығармаларға мәтіннамалық талдау жасай білу, композициясы мен сюжетін жүйелеп,образдарды сомдаудағы қаламгер пайдаланған тәсілдерді пайымдай білу машығын қалыптастыру. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларының көркемдік шеберлік сырларын тереңдете оқу;бұл талаптың аясында қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан- жақты қамту; ақын-жазушылардың шығармаларындағы дәстүр жалғастығы; отаршылдық саясат мазмүнын жырлаған заман ақындарының поэзиясы және оның реалистік маңызы.

3.2 Осы курстың мақсаты:

Қазақ әдебиетінің тарихы жеке пән ретінде оқыту арқылы ақын-жазушыларымыздың еңбектерін, рухани мәдениеті-фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем қазақ әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді.

3.3 Курстың негізгі міндеттері:

Қазақ әдебиетінің тарихы - үлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән.

Жалпы қазақ әдебиетінің даму деңгейін анықтап, шолу жасау;

Қазақ әдебиетін бес кезеңге бөліп қарастыра отырып, аталмыш кезеңдердің көрнекті өкілдерінің шығармашылығымен таныстыру;

Пәнді оқыту барысында студенттерге жекелеген шығармалардың жанрлық сипаты, тақырыбы мен идеясы, көркемдік дәрежесі мен мазмұны жайлы білімдерін қалыптастыру;

Дәуір әдебиетін тарихи сабақтастық тұрғысынан оқыта отырып,жалпы ұлт әдебиеті тарихынан алар орны мен кейінгі әдебиетке тигізген әсері және ықпалын межелеп беру.

3.4 Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:


  • Қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік табиғатын меңгереді;

  • Жалпы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады;

  • Қазіргі қазақ әдебиеті өкілдерінің мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

3.5 Курстың пререквизиттері:

- Журналистикаға кіріспе;

- Қазақ журналистикаснң тарихы;

- Журналистің этикасы.

3.6 Курстың постреквизиті:

- БАҚ-тағы жарнама;

- Әлем журналистикасының тарихы;

- Баспасөздегі әдеби сын;

- Ғылыми-танымдық журналистика.

Кесте 1 – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме



Курс


Сем-естр

Кредит

Дәріс (сағ)

Семинар (сағ)

Лаб. (сағ)

ОЖСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ)

Барлығы

(сағ)


Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ІҮ

7

2

15

15

-

30

30

90

емтихан



4 ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрі бойынша сағаттарды бөлу



Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер

1

2

3

Дәріс сабақтары

1. Түркі елінің тарихи жағдайы, әдебиетінің даму бағыты. Ежелгі дәуір әдебиеті. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Күлтегін және Тоныкөк жырлары. Руна жазуы. Қорқыт ата дастаны.

2

1, 2, 3, 4, 5, 11

2. Оғыз дәуіріндегі әдебиет.

Оғыз-наме дастаны.М.Қашқари «Диуани лұғат-ат түрк». Ж.Баласағұн «Құтты білік».



1

1, 5, 10, 11, 13

3. Ислам дәуіріндегі әдебиет. Әбу насыр әл-Фараби. А.Яссауи «Диуани хикмет»

2

1, 5, 8, 9, 12

4. Алтын орда дәуіріндегі әдебиет. Хорезми «Мухаббат-наме». А.Иүгінеки «Хибатул- хақайық». Құтб «Хұсрау-Шырын». Саиф Сараи «Гулистан бит турки». З.Мұхаммед Бабыр «Бабыр-наме».

2

1, 5, 10, 11, 13

5. Жыраулар поэзиясы. Тақырыптық көркемдік ерекшеліктері.

1

1, 2, 3, 4, 5, 11

6. 15-17 ғасырдағы қазақ әдебиеті. Асан-Қайғы Сәбитұлы. Қазтуған Сүйінішұлы. Доспанбет жырау. Шалкиіз Тіленішұлы. Жиембет Бортағашұлы. Марғасқа жырау.

2

1, 5, 10, 11, 13

7. 18-ғасырдағы қазақ әдебиеті. Ақтанберді Сарыұлы. Үмбетей Тілеуұлы. Бұқар жырау Қалқаманұлы. Тәттіқара ақын. Көтеш ақын Райымбекұлы. Шал ақын Құлекеұлы.

2

1, 5, 8, 9, 12

8. 19-ғасырдың 1 жартысындағы қазақ әдебиеті.

Дулат Бабатайұлы. Шортанбай Қанайұлы. Мұрат Мөңкеұлы. Махамбет Өтемісұлы. Шернияз Жарылғасұлы. Сүйінбай Аронұлы.



2

1, 2, 3, 4, 5, 11

9. 19-ғасырдың 2-жартысындағы ағартушылық, демократтық мазмұндағы реалистік жаңа жазба әдебиет.

Шоқан Уэлиханов. Ыбырай Алтынсарин. Абай Құнанбаев.



3

1, 5, 10, 11, 13

10. 20-ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі.

XX ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өмірі. XX ғ.б. негізгі әдеби бағыттар. XX ғ.б. әдебиеттегі жанрлық, ізденістер.



1

1, 2, 3, 4, 5, 11

11. Діни-ағартушылық, кітаби бағыттағы ақын-жазушылар.

Нұржан Наушабаев. Мақыш Қалтаев. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев.Шәді Жәңгіров.



2

1, 5, 10, 11, 13

12. Азатшыл әдебиет өкілдері.

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ахмет Байтұрсынұлы. Міржақып Дулатұлы. Жүсіпбек Аймауытұлы. Мағжан Жұмабаев. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Мұхамеджан Сералин.



4

1, 8, 11, 12, 13

13. Кеңес дәуіріндегі әдебиет.

Сәкен Сейфуллин. Бейімбет Майлин. Ілияс Жансүгіров. Мұхтар Әуезов. Сәбит Мұқанов.



6

1, 5, 10, 11, 13

Семинар сабақтары

1. Әбу-Насыр әл-Фараби - ақын, әдебиеттанушы ғалым. Әбу Насыр Әл – Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Арестотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, филисоф, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын. Әл – Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, санскрит тілдерін жетік білген жан. Ғылыми шығармаларын, өлең – жырларын өз дәуірінің руғани – ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.

1

1, 2, 3, 4, 5, 11

2. Әбілғазының «Түрік шежіресі» жинағы. Оның басқа тілдерге аударылуы, түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуі.

1

1, 5, 8, 9, 12

3. Бұқар жырау – 18-ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға. Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып – аласапыран, тарихта қалу – қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден – бір жоқшы – жыршысы бола білді.


1

1, 5, 10, 11, 13

4. Ақан сері Қорамсаұлы, Ә.Найманбайұлы шығармашылығы. Отаршылдық саясат мазмұнын шошына жырлаған зар заман ақындарының поэзиясы жэне оның реалистік маңызы. Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты.


1

1, 2, 3, 4, 5, 11

5. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Шығармашылық өмірбаяны. Ұлы Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Поэмалары. Абай поэмалары - оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, үстаздық ой туғызатын шығармалар.Қара сөздері. Абайдың қара сөздері - ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар.

1

1, 5, 8, 9, 12

6. 20-ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет. XX ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өмірі. Ресейдің отарлау саясатының күшеюі. Ағартушылық, демократтық қозғалыстар. М.Көпеев, С.Торайғыров, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартпаев, Ә.Ғалымов, С.Дөнентаев, Б.Күлеев, Ш.Жәңгіров, Қ.Қарашев, Ш.Бөкеев, т.б. ақын: жазушылар шығармашылығындағы тақырыптық-идеялық көркемдік ізденістер.

1

1, 2, 3, 4, 5, 11

7. Шәкәрім шығармашылығындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық. Шәкәрім шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі құбылыс екендігі. Шығыс, Батыс классиктерінің шығармашылығын жете танып, терең игерген ақын екені. Мұсылмандық ілім-білімді еркін меңгерген, түлкі халықтарының тарихын жақсы білген, діни, тарихи тақырыптарға еңбектер жазған («Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлылар шежіресі» т.б.) ғұлама ғалымдығы.

1

1, 5, 10, 11, 13

8. Мағжан поэзиясындағы ұлт-азатшыл идея. Мағжан Жұмабаев - қазақтың көрнекті ақыны. Өмірбаяны, творчестволық жолы, қоғамдық-саяси, журналистік, оқытушылық қызметі. Мағжан Жұмабаев - лирик. Ақын лирикасының жанрлық, тақырыптық құрамы алуан түрлі. Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазған өлендері. «Сүй, жан сәулем», «Батқан күн, тақан таңның жыры», «Айрылығында», «Сен – сұлу», «Жұлдыз – жүзік, айды алқа ғып берейін», «Сүйгеніме», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Күміс нұрлы Ай», «Шолпы», «Сүйгенім анық», «Жас сұлуға», «Махаббат не?», «Тірілдім», «Гүлсімге», «Көңіл», «Жел», т.б. Олардағы сезім мен парасат, ғашықтық сезім мен құмарлық сезім тайталасы шебер бейнеленген.

1

1, 2, 3, 4, 5, 11

9. Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы. С.Торайғыров есімі, шығармашылығы қазақ қоғамдық санасына 1913 жылдардан жақсы таныс. «Айқап» журналындағы қызметі қаламгер қазақ қоғамы алдында тұрған келелі мәселелерге үн қосып, өткір тілді, ойлы мақалалар жазды. Шығармалары жиырмасыншы жылдардан жинақ, бөлек кітап түрінде шыға бастады. Содан бері ақынның өмірі, жазушылық қызметі, саяси бағыты, дүниетанымы, әдеби шығармалары замандастарының, XX ғасыр басындағы қоғамдық сана, қазақ әдебиетін зерттеушілердің назарында.

С.Торайғыров дәстүрлі қазақ мектептерінде (молда, медресе) ғана оқыған. Өмір бойы жоғары оқуды армандап өткен. Қоғамдық-әлеуметтік, саяси білімді өз бетімен алған қаламгер. Ол араб-парсы әдебиетін жақсы білген. Ауыз әдебиеті мен Шығыс халықтарының фольклоры, әдебиетімен жақсы таныс. «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Зарландым» деген алғашқы шығармаларынан-ақ С.Торайғыровтың дүниетанымы, шеберлігі айқын көрінеді.



1

1, 5, 8, 9, 12

10. Бейімбет Майлин шығармашылығы. Творчестволық өмірбаяны. Бейімбеттің алғашқы өлендері. Бейімбет поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі. Мырқымбай образы («Мырқымбай», «Кедейдің кейістігі», «Бүгін», «Әйт-шуу, ала атым», т.б.). Бейімбеттің прозалық шығармалары. Жазушының проза саласындағы тұңғыш еңбегі («Шұғаның белгісі» (1926)). Повестің тақырыбы мен идеясы, тіл көркемдігі. Шұғаның, Әбдірахманның образы. Шығарманың сюжеті мен композициясы.

Жазушының үлкен ойды қысқа әңгіме арқылы суреттеуге шеберлігі («Талақ», «Күлпаш», «Күлтай болыс») (1925), «Сары ала тон» (1928), «Көк теректің бауырында» (1929), «Қара шелек», «Айранбай», т.б.)



1

1, 8, 11, 12, 13

11. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жазушылық сапарын әңгіме мен пьеса жазудан бастауы. Әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Көксерек», «Білекке білек», «Іздер», «Құм мен Асқар», «Шатқалаң», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер», т.б. Олардың тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Эпикалық және лирикалық сипаттары. Драмалық шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қарағөз», «Айман-Шолпан», «Шекарада», «Тартыс», «Тас тілек», «Ақ қайын», «Сын сағатта», «Қынаптан қылыш», «Қарақыпшақ қобыланды», Түнгі сарын»,т.б. Олардың тақырыптық идеялық сипаты мен жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, поэтикасы.

1930 жылдардан бастап түрлі жанрдағы шығармасында Абай образын жасауға бет Бұруы. «Абай» пьеса, «Абай жырлары» кинофильмнің сценарийі, «Абай» операсының либереттосы.



1

1, 2, 3, 4, 5, 11

12. Ғабит Мүсірепов – көркем сөз шебері. Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жиырмасыншы жылдардың аясындағы әңгімелері («Тулаган толқында», «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Үздіксіз өсу», «Бір адым ілгері, екі адым кейін», т.б.), оларды» тақырыбы.

Жазушының ана туралы әңгімелері. «Адамның анасы» (1933), «Ана жыры». «Ашынған ана» новелласындағы ауылдағы озбыр болыстардың өктемдігі, бас бостандығы үшін күреске көтерілген қазақ әйел – қапия образы. «Ананың арашасы». Мұндағы азамат соғысының көріністері, романтика мен реализмнің ұштасуы. Нағима. Оның ерлік әрекеттері. «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелері. Ақлиманың адамгершілік қасиеті. Наталья образы. «Ананың анасы» әңгімесі. Жазушы творчествосында ана тақырыбының алатын орны. Драмалық шығармалары. Олардың жанрлық құрамы, поэтикасы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты», «Аманкелді», т.б. Драматургия саласында алғашқы сәтті еңбегі – «Қыз Жібек» (1934), атты музыкалы драмасы, оның кейінірек операға айналуы.



1

1, 5, 10, 11, 13

13. Ғабиден Мұстафин Шығармашылығы. Творчестволық өмірбаяны. Ғабиден Мұстафиннің алғашқы туындылары. Шығармаларындағы еңбек адамының бейнесі. «Шығанақ» романының тақырыбы мен идеясы, тіл көркемдігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы.

Жазушының үлкен ойды қысқа әңгіме арқылы суреттеуге шеберлігі.



1

1, 2, 3, 4, 5, 11

14. Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы. Творчестволық өмірбаяны. Ақынның алғашқы өлеңдері Лирикалық өлеңдері. Қасымның қазақ поэзиясындағы, өршіл романтика сарыны. Қасымның қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар. Ақынның халық аңызы желілеріне негіздеп жазған шығармалары, олардың жанрлық сипаты, стильдік беті. Қасым туындыларының тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік ерекшеліктері. Қасым творчествосының қазақ әдебиеттану ғылымында бағалануы.

1

1, 5, 10, 11, 13

15. Қ.Мырзалиев, Ә.Нүрпейісов, І.Есенберлин шығармаларының қазақ әдебиетінде алатын орны. Творчестволық өмірбаяны. Ақынның алғашқы өлеңдері Лирикалық өлеңдері. Қазақ поэзиясындағы, өршіл романтика сарыны. Қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар. Ақынның халық аңызы желілеріне негіздеп жазған шығармалары, олардың жанрлық сипаты, стильдік беті. Автор туындыларының тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік ерекшеліктері. Ақын творчествосының қазақ әдебиеттану ғылымында бағалануы.

1

1, 2, 3, 4, 5, 11


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 О.Бөкей және қазақ прозасы.

5.2 М.Шаханов балладаларының жанрлық ерекшеліктері.

5.3 Т.Айбергенов лирикасы.

5.4 М.Мақатаев поэзиясындағы психологизм.

5.5 М.Мақатаев поэтикасы

5.6 З.Қабдолов- ғалым, жазушы.

5.7 С.Мәуленовтың ақындығы.

5.8 Ә.Тәжібаевтің лирикалық шығармалары, поэмалары.

5.9 Х.Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы.

5.10 Т.Жароков поэтикасындағы эпикалық пафос және баян.

5.11 Қадыр Мырзалиевтің өлеңдеріндегі философиялық сарындар.

5.12 Ғ.Орманов лирикасындағы замана шындығы және ақын әлемі.

5.13 Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму жолдары.

5.14 Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің текстологиясы.

5.15 Ғ.Мұстафин прозасындағы тарихи шындық.

5.16 Иса Байзақов өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері.

5.17 Ж.Молдағалиевтің сюжет, композиция құру шеберлігі.

5 18 Т.Ахтановтың прозалық шығармалары.

5.19 Ж.Нәжімеденовтың ақындығы.

5.20 С.Жиенбаев поэзиясындағы теңеулер.

5.21 Ж.Нәжімеденов поэзиясындағы философия.

5.22 Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесі.

5.23 60-90 жылдардағы қазақ поэмасы.

5.24 Қазіргі қазақ поэмасындағы лирикалық тұлға мәселесі.

5.25 Қ.Мырзалиев поэзиясындағы автор тұлғасы.

5.26 Ф.Оңғарысынова поэзиясындағы уақыт.

5.27 «Махаббат, қызық мол жылдар» өмір шындығы және көркемдік жинақтау.
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
Кесте 3 - Пәннің оқу-әдістемелік картасы

Дәріс сабағының

тақырыбы


Семинар сабағының тақырыбы

Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

1

2

4

5

6

1. Түркі елінің тарихи жағдайы, әдебиетінің даму бағыты.

1. Әбу-Насыр әл-Фараби - ақын, әдебиеттанушы ғалым.

Дыбыстаспалар портреттер, кітап көрмесі, карточкалар

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу.

Өлең жаттау

2. Оғыз дәуіріндегі әдебиет.


2. Әбілғазының «Түрік шежіресі» жинағы.

Суреттер, бейнетаспалар, перфокарталар, альбомдар, портреттер

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби – теориялық талдаулар жазу.

Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау

3. Ислам дәуіріндегі әдебиет.

3. Бұқар жырау – 18-ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға


Бейнетаспалар, кадаскоп, портреттер, суреттер, карточкалар

Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу.

Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру.

4. Алтын орда дәуіріндегі әдебиет.

4. Ақан сері Қорамсаұлы, Ә.Найманбайұлы шығармашылығы.


Баспасөз материалдары, таблицалар, суреттер, дыбыстаспалар

Интерактивтік сұхбат сабағы және мәтіндерді мазмұндау, әдеби- көркемдік талдаулар жазу.

Әдеби теориялық талдау

5. Жыраулар поэзиясы.

5. Абай Құнанбаев шығармашылығы.

Фотоматериал-дар, портреттер, кітап көрмесі, таблицалар, суреттер, карточкалар

Конференция сабағы және әдеби-көркемдік, әдеби- тарихи сараптамалар, рефераттар жазу.

Ғылыми талдау мақала жазу

6. 15-17 ғасырдағы қазақ әдебиеті.

6. 20-ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет.

Портреттер, кітап көрмесі, суреттер, бейне, дыбыстаспалар, карточкалар

Понарамалық сабақ және әдеби талдау мақалалар мен әдеби шолулар жазу.

Шығармаларына реферат жазу.

7. 18-ғасырдағы қазақ әдебиеті.

7. Шәкәрім шығармашылығындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық.

Дыбыстаспаларпортреттер, кітап көрмесі, карточкалар

Проблемалық сабақ және әдеби- теориялық зерттеу рефераттарын жазу

Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру.

8. 19-ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиеті.


8. Мағжан поэзиясындағы ұлт-азатшыл идея.

Суреттер, бейнетаспалар, перфокарталар, альбомдар, портреттер

Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу.

Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау

9. 19-ғасырдың ІІ жартысындағы ағартушылық, демократтық мазмұндағы реалистік жаңа жазба әдебиет.

9. Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы.

Бейнетаспалар, кадаскоп, портреттер, суреттер, карточкалар

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби – теориялық талдаулар жазу.

Өлең жаттау

10. 20-ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі.


10. Бейімбет Майлин шығармашылығы.

Баспасөз материалдары, таблицалар, суреттер, дыбыстаспалар

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу.

Әдеби теориялық талдау

11. Діни-ағартушылық, кітаби бағыттағы ақын-жазушылар.


11. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі.

Фотоматериал-дар, портреттер, кітап көрмесі, таблицалар, суреттер, карточкалар

Интерактивтік сұхбат сабағы және мәтіндерді мазмұндау, әдеби- көркемдік талдаулар жазу.

Ғылыми талдау мақала жазу

12. Азатшыл әдебиет өкілдері.


12. Ғабит Мүсірепов – көркем сөз шебері.

Портреттер, кітап көрмесі, суреттер, бейне, дыбыстаспалар, карточкалар

Конференция сабағы және әдеби-көркемдік, әдеби- тарихи сараптамалар, рефераттар жазу.

Шығармаларына реферат жазу.

13. Кеңес дәуіріндегі әдебиет.


13. Ғабиден Мұстафин Шығармашылығы.

Дыбыстаспалар портреттер, кітап көрмесі, карточкалар

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу.

Өлең жаттау




14. Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы.

Суреттер, бейнетаспалар, перфокарталар, альбомдар, портреттер

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби – теориялық талдаулар жазу.

Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау




15. Қ.Мырзалиев, Ә.Нүрпейісов, І.Есенберлин шығармаларының қазақ әдебиетінде алатын орны.

Бейнетаспалар, кадаскоп, портреттер, суреттер, карточкалар

Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу.

Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру.


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Кесте 4 – Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық.А.1986.

1

5

20%

2. Ай, заман-ай, заман-ай. – Алматы,1991.

4

5

80%

3. Келімбетов Н.Қазақ әдебиеті бастаулары.Зерттеу.А.,1998.

2

5

40%

4. Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2002.

5

5

100%

5. 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1997.

2

5

40%

6. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.

3

5

60%


8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер

8.1.1 Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі.Оқулық.А.1986.

8.1.2 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. 1- кітап.Оқулық.А.1991.

8.1.3 Айдаров Ғ.Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.А.,1986.

8.1.4 Келімбетов Н.Қазақ әдебиеті бастаулары.Зерттеу.А.,1998.

8.1.5 Қыраубаева А.Ғасырлар мұрасы.Зерттеу.А.,1998.

8.1.6 Ежелгі дәуір әдебиеті. 2- кітап.Хрестоматия.(Құрастырған Қыраубаева А, А.1991.

8.1.7 Келімбетов Н, Қанафин Ә.Түркі халықтары әдебиеті.Оқулық-хрестоматия.А.,1996.

8.1.8 Гумилев Л.Көне түріктер.А.,1994.

8.1.9 Жолдасбеков М.Асыл арналар.А.,1986.

8.1.10 Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеу.А.,1983.

8.1.11 Қазақ ССР тарихы.1-том.А.,1980.

8.1.12 Ай, заман-ай, заман-ай. – Алматы,1991.

8.1.13 Абылкасымов Б.Жанр толгау в казахской устной поэзии. – Алма – ата, 1984.

8.1.14 Әбілқасымов Б.ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. . – Алматы,1988.

8.1.15 Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. . – Алматы,1987.

8.1.16 Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы, 1990.

8.1.17 Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы,1971.

8.1.18 Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. – Алматы,1986.

8.1.19 Қыраубаева А.Ғасырлар мұрасы. – Алматы,1988.

8.1.20 Қоңыратпаев Ә.Қазақ эпосы және түркология. – Алматы,1987.

8.1.21 Мұқанов С. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. - Алматы,1942.

8.1.22 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.

8.1.23 Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.

8.1.24 Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.

8.1.25 XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.

8.1.26 Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.

8.1.27 Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.

8.1.28 Кенжебаев Б. XX ғ. Басындағы Қазақ әдебиеті. – Алматы, 1983.

8.1.29 Кенжебаев Б., Есназаров Ө. XX ғ.б. Қазақ әдебиеті. – Алматы, 1966.

8.1.30 Мұқанұлы С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Қызыл Орда, 1932.

8.1.31 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1997.

8.1.32 Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2002.

8.2. Қосымша әдебиеттер

8.2.1 Ахмет Иүгінеки.Ақиқат сыйы.А.,1985.

8.2.2 Ахметов З.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.А.,1996.

8.2.3 Ахметбекова А. Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы.(Авторе-

ферат). А.,1995.

8.2.4 Аманжолов С.Қазақ тілінің тарихы және диалектология мәселе-

лері.А.,1960.

8.2.5 Ақсауыт.Батырлық дастандар.(Екі томдық).2-том.А.,1977.

8.2.6 Әуезов М.Қырғыздың батырлық эпосы «Манас». 12 томдық

шығармалар жинағы.11-том.А.,1969.

8.2.7 Әуезов М.Әдебиет тарихы.А.,1991.

8.2.8 Әбілғазы. Түрік шежіресі.А.,1992.

8.2.9 Бердібаев Р.Дәстүр тағылымы.А., 1973.

8.2.10 Бердібай Р.Эпос—ел қазынасы.А.,1995.

8.2.11 Бекхожин Қ.Дәстүр және жаңашылдық.А.,1969.

8.2.12 Бес ғасыр жырлайды.1-том.А.,1989.

8.2.13 Ғабдуллин М, Сыздықов Т.Қазақ халқының батырлық эпосы.

А.,1972.

8.2.14 Ғабдиров И.Дәстүр және жаңашылдық.А.,1978.

8.2.15 Ғашықтық дастандар.А.,1994.

8.2.16 Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы,1985.

8.2.17 Мағауин М. Ғасырлар бедері. - Алматы,1991.

8.2.18 Қазақ тарихының әліппесі. - Алматы,1994.

8.2.19 Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті. - Алматы,1942.

8.2.20 Мыңжанұлы Н. Қазақтың көне тарихы.- Алматы,1993.

8.2.21 Негімов С. Өлең өрімі. - Алматы,1980.

8.2.22 Өміралиев Қ. ХҮ-ХІХғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. - Алматы,1976.

8.2.23 Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. - Алматы,1967.

8.2.24 Сыдықов Қ. Көркемдік өрнектер. - Алматы,1992.

8.2.25 Ысмайылов Е. Ақындар. - Алматы,1959.

8.2.26 Тілепов Е. Елім деп еңіреген ерлер жыры. - Алматы,1989.

8.2.27 Бес ғасыр жырлайды. - Алматы,1989.

8.2.28 Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы. // Маржан Жұмабаев шығармалары. – Алматы, 1989.

8.2.29 Асфендияров С. История Казахстана. Т.І.Алм. – Моск. 1935. // Алматы, 1993.

8.2.30 Әбдігазиев Б. Асыл арналар. – Алматы, 1992.

8.2.31 Әбдірахманов Т. Орыс әдебиеті қазақ тіліне аудару дәстүрі және Бекет Өтетілеуов. –Алматы, 1969.

8.2.32 Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. – Алматы, 1988.

8.2.33 Әбдиманов Ө. Қазақ газеті. – Алматы, 1993.

8.2.34 Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1992.

8.2.35 Бейсенбаев К. Очерки истории и общественно-политической и философской мысли Казахстана. – Алма-Ата, 1976.

8.2.36 Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі – Алматы, 1981.

8.2.37 Бейсенғалиев З. XX ғасыр басындағы қазақ прозасы. – Алматы, 1988.

8.2.38 Белинский В.Г. Иван Андреевич Крылов Соб. Соч. В 3-х томах. Т, 2. М., 1948.

8.2.39 Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-40 г.г. Алматы-1991.

8.2.40 Галузо П.К. Колониальная система Российского империализма в канун октября. – Алма-Ата, 1968.

8.2.41 Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жалғастық. – Алматы, 1976.

8.2.42 Дулатов М. Ахмет Байтұрсынович Байтұрсынов // Шығармалары. – Алматы, 1991.

8.2.43 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967.

8.2.44 Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. –Алматы, 1970.

8.2.45 Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. – Алматы, 1995.

8.2.46 Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1990.

8.2. 47 Шалабаев Б. Очерки истории казахской дореволюционной литературы. – Алматы, 1962.

8.2.48 Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихынан. – Алматы, 1971.

8.2.49 Зиманов С. Идрисов К. Общественно-политические взгляды Мухамеджана Сералина. – Алма-Ата, 1989.

8.2.50 Жұбанов А. Замана Бұлбұлдары. – Алматы, 1969.

8.2.51 Казаки о русских до 1917 года. – Оксфорд, 1985.

8.2.52 Кабдулов З. Сөз өнері. – Алматы, 1976.

8.2.53 Казахстан в начале XX века (сб.ет.). – Алматы, 1993.

8.2.54 Кәкішев Т. Сын сапары. – Алматы, 1971.

8.2.55 Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 1994.

8.2.56 Кенжебаев Б. Журналист М.Сералин. . – Алматы, 1957.

8.2.57 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтандық беттері. . – Алматы, 1995.

8.2.58 Қирабаев С. Спандияр Көбеев. . – Алматы, 1958.

8.2.59 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. . – Алматы, 1995.

8.2.60 Қоныратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. . – Алматы, 1994.

8.2.61 Қанарбаева Б. Жырымен жұртын оятқан. . – Алматы, 1998.

8.2.62 Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. . – Алматы, 1995.

8.2.63 Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 1,2,3-кітаптар. . – Алматы, 1993, 1994, 1995, 1996.

8.2.64 Мартыненко Н. Алаш Орда, 1929 // Алматы, 1993.

8.2.65 Мамраев Б. Основные тенденции развития казахской литературы первой чертверти XX века. – Алма-Ата, 1997.

8.2.66 Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. . – Алматы, 1966.

8.2.67 Нұрғалиев Р. Өнер алды қызыл тіл. . – Алматы, 1974.

8.2.68 Нұрғали Р. Әуезов және алаш. . – Алматы, 1997.

8.2.69 Рысқұлов Т. Из прошлого казахской интеллигенции (Избр. Труды). – Алма-Ата, 1984.

8.2.70 Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы, 1990.

8.2.71 Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. – Алматы, 1990.

8.2.72 Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері . – Алматы, 1975.



8.2.73 Тоғжанұлы Г. Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы. – Москва, 1926.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет