Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік



бет8/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#123860
1   2   3   4   5   6   7   8

Тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы туралы не білесіз?

  2. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова туралы қандай кинофильмдер түсірілді? Өзіңіз көрдіңіз бе?

  3. Қазақтың тағы қандай батырларын білесіз?

  4. Берілген мәтінмен жұмыс жүргізіңіз

  5. «Әлия» әнін жаттап алыңыз

Бақылау түрі: Мәтінмен жұмыс, жаттау

Әдістемелік нұсқау: Сөздікпен жұмыс, мәтінді аудару, сұрақтарға жауап беру, көрген кинофильмдері туралы сұхбат жүргізу

Үлестірмелі материалдар:

  1. Сөздік

  2. Мәтін

  3. Суреттер

  4. Әндер жинағы

Әдебиеттер:

1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.

2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002

3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

26. Тақырыбы: Құрмалас сөйлемдерді қайталау.

Мақсаты: Құрмалас сөйлемдер бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру. Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға қалыптастыру.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Құрмалас сөйлем деген не?

2.Құрмалас сөйлем түрлерін атаңыз.

3.Құрмалас сөйлемге мысалдар келтіріңіз

4.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыз.

5.Салаластың әр түріне сөйлемдер құраңыз

6. Құрмалас сөйлемнің сабақтас болуының негізгі белгісі қандай?

7.Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер қандай тәсілдермен байланысады?

1-тапсырма.Мәтінді оқып,мазмұндап айтыңыз.

ӨЗ АНАНЫЗДЫ СЫЙЛАҢЫЗ
Бір Египет папирусында бұдан үш мың жылдан аса бұрын әкесінің ұлына айтқан өсиеті жазылыпты. Онда балалардың анасын сыйлауы туралы былай делінген деген: “Анаңа беретін нанды екі есе көбейт, сені ол бір кезде қалай сақтаса, сен де оны солай сақта.

Ол саған көп қамқорлық жасады. Сен туғаннан кейін, ол сені бірнеше ай қолынан түсірмей, көтеріп жүрді, түнде бірнеше рет оянып, сені емізді. Сен ауырғанда ол қайғырды, сені күтті. Сені тәрбиелеуге ол көп еңбек сіңірді.

Ол сені мектепке дайындады, оқытты. Саған киім кигізді. Мектептен келгенде, тамақ әзірлеп қойды, кіріңді жуды.

Сен жігіт болғанда да, үйленгенде де анаңды ұмытпа. Оның сені тауып, мәпелеп өсіргенін есіңе ал. Оны еш уақытта да ренжітпейтін бол!..”



Тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Өсиетте не деп жазылған?

  2. Өсиетте жазылғандармен келісесіз бе?

  3. «Ана махаббаты» дегенді қалай түсінесіз?

  4. Мәтінмен жұмыс жүргізіңіз.

  5. Тақырыпқа байланысты шығарма жазыңыз.

Бақылау түрі: Мәтінмен жұмыс, шығарма

Әдістемелік нұсқау: Мәтінді сөздік арқылы аудару, сұрақтарға жауап беру, өз ойын шығарма арқылы беру

Үлестірмелі материалдар:

  1. Мәтін

  2. Сөздік

  3. Ана туралы мақал-мәтелдер

Әдебиеттер:

1. К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.

2. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002

3. Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000




№27. Тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі. Олардың тыныс белгілері. Диалог

Сөйлеуші кейде өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін не ойын қатыстырып айтып, не жазып отырады. Егер біреудің сөзін сөйлеуші бұлжытпай, ешқандай өзгеріс жасамай, үтір,нүктесіне дейін солай қолданса, ол төл сөз болады: «Біз өзіміз оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиістіміз», – деді .

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын, мазмұнын ғана сақтап айтса, ол төлеу сөз болады. Мысалы: Өздері оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиіс екенін айтты. Төл сөзді жеткізу үшінқажетті сөзді автор сөзі дейді. Басқа біреудің сөзі төл сөз болса, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Тыныс белгілері:

1. « Төл сөз », - автор сөзі.

2. Автор сөзі: « Төл сөз ».

3. Автор сөзі: « Төл сөз », - автор сөзі.

Төл сөздердің біразы автор сөзінің қатысынсыз да кездесіп отырады. Екі немесе одан да көп адамдардың сөйлескен сөздерін диалог деп атайды. Диалогті сөйлемдер бас әріппен басталады да, алдынан сызықша қойылады.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Төл сөз, автор сөзі дегеніміз не?

2.Тыныс белгілері туралы айтып беріңдер.

3.«Туристік сапарда» тақырыбына диалог құрастырыңыз.


Туған жер табиғаты
Қазақ жері ұлан-байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км-ге созылып жатыр. Ол жер шарының солтүстік бөлігінде орналасқан және мұхиттар мен теңіздерден қашықта. Туған жеріміз – Қазақстанда теңіз де, ұшар басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек орман – тоғай да баршылық. Көз жеткізсіз жазықтар мен қыраттар да аз емес. Оның солтүстігінде Қызылжар маңында жер ақ көрпеге оранып жатса, оңтүстігіндегі - Шымкентте өрік гүлдеп, жер қызғалдаққа бөленеді

Менің туған елімде жазық далалы жер басым. Мен тұратын Семей қаласы да осы кең жазыққа орналасқан. Қаланың ортасынан Ертіс өзені ағып өтеді.

Туған жерімнің табиғаты қатаң болғанымен мен оны ерекше жақсы көремін. Маған оның әрбір талы, әрбір тасы қымбат. Туған жерімнің табиғат тазалығын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау ісін әрқашан жан - тәніммен қолдап жүремін.

Тапсырмалар, сұрақтар:

1. Мәтінді оқы.

2. Сөздік құра.

3.Мәтінге сұрақтар қойып, жазбаша жауабын дайында.



Бақылау түрі: мазмұндау

Әдістемелік нұсқау: Мәтінмен жұмыс жүргізу: дұрыс оқуға, айтуға жаттықтыру, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру, өз беттерінше сұрақ қойғыза білуге үйрету.

Үлестірмелі материалдар: суреттер

Әдебиеттер: Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. Алматы, -2002. –140 б.
28. Тақырыбы: Бақылау жұмысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет