Айзенктің темпераментті анықтау тесті
Нұсқау: Сізге өзіңіздің тәртібіңіз және сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында «ИӘ» немесе«ЖОҚ» жауабы үшін орын қалдырылған.
Тез және мұқият жұмыс істеуге тырысыңыз. Бір сұраққа ойланып, кеп уақыт жұмсаудың қажеті жок. Сіздің тез қайтарылған жауабыңыз кымбат. Барлық сұрақтарға бірнеше ғана минут арнағаныңыз жөн. Еш сұрақ жауапсыз қалмасын. Парақты аударып, жұмысқа кірісіңіз. Тез қимылдаңыз және жауаптың «жақсы», «жаман» болып бөлінбейтіні естен шықпасын. Бұл Сіздің ақыл-ой немесе қабілет сыны емес, тек темперамент ерекшеліктеріңізді анықтау ғана.
1. Сіздің бұрын кездеспеген әсерлерге еліктеп, көңіл-күйіңізді құбылтып тұруға құмарлығыңыз бар ма?
2. Өзіңізді жақсы түсініп, ақыл айтып, істеген ісіңізді құптап, жұбатып тұратын достардың сізге қажеті бар ма?
3. Сіз өзінізді еш нәрсемен ісі жоқ адаммын деп есептейсіз бе?
4. Өз ойыңыздан (алған беттен) кайту сізге қиын тимей ме?
5. Сіз іске кірісер алдында көп ойланып, артын күтіп барып, іске кірісесіз бе?
6. Істің ақыры нәтижесіз аяқталатынын көре тұра, сіз берген уәдеңізде тұрамысыз?
7. Көңіл-күйіңіз жиі өзгере ме?
8. Сіз кеп ойланып жатпай, тез сөйлеп, жиі қимылдайсыз ба?
9. Алып бара жатқан себеп болмаса да, өзіңізді бақытсызбын деп сезінген кездеріңіз болды ма?
10.Ерегісте сіз еш нәрседен тайынбайтыныңыз рас па?
11.Ұнайтын адаммен сөйлескіңіз келгенде қымсынасыз ба?
12.Қатты ашуланғанда, өзіңізді ұстай алмай кететін жағдай бола ма?
13.Минуттық сезімнің әсерінде кететін жайыңыз жиі бола ма?
14.Істеген ісіңіз бен айтқан сөзінізді артынан ойлап, «әттеген-ай» дейтін уақыттарыңыз жиі кездесе ме?
15.Жұртпен қатысып, сөйлескеннің орнына. оқығанды дұрыс көремісіз?
16.Тез ашуланып қалатыныңыз рас па?
17.Көпшіліктің ортасында жиі болғанды қалайсыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: |