Әрбір синдромға сипаттама (факторға) сипаттама
1. Мектептегі жалпы мазасыздық –бұл баланың жалпы эмоционалдық жағдайы мектеп өміріндегі әр түрлі жағдайлармен байланысты формасы.
2. Әлеуметтік стресті ұйымдастыру – баланың эмоционалдық жағдайы қоршаған ортамен әлеуметтік байланыстың дамуы.
3. Қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілері қолайсыз психикалық жағдай, жоғары сәттілікке жетуге өзінің мүмкіндігін дамыта алуы.
4. Үрейдің көрінісі – ситуацияны жағымсыз эмоцияда уайымдау кездескен қажетті жағдайда өз мүмкіндігін көрсете алмау.
5. Білімді тексеру үстіндегі үрей-тексеру жағдайындағы үрейлену білімі жетістігі, мүмкіндігі.
6. Айналасы күткен нәтижеден үйрену –айналасындағы адамдардан жағымсыз баға алу қорқынышы.
7. Стреске физиологиалық тұрғыдан қарсыласудың төменгі табалдырығы – төменгі табалдырықтың психофизиологиалық ерекшілікке байланысты.
8. Мұғаліммен қарым –қатынасындағы үрейлену мәселесі – мектепке үлкендермен жалпы жағымсыз эмоциалық қарым- қатынасы баланың оқу үлгерімінің төмендеуі
Тест: " Жаңбыр астындағы адам»
Жауаптарын оқымай тұрып, ақ қағазға жаңбырдың астында келе жатқан адамның суретін салыңыз. Суретті салып болған соң, оның әрбір бөлшегіне мән беріңіз. Бөлшегіне жәй ғана қарап қоймай, сезіне де біліңіз. Бірінші кезекте өзіңізге «Өзім салған суретке қараған кезде қандай сезімде болдым? Оның әрбір бөлігінің мен үшін маңызы қандай?» деген сұрақтар қойыңыз. Бұл сұрақтар дұрыс талдауға көмектеседі. Енді суреттің әрбір деталін анализден өткізіңіз. Суреттегі адам қандай іс-әрекет жасап тұр? Мүмкін қолшатырды ұстап, бір қалқаға тығылып немесе жәй ғана жауын астында қыдырып жүрген шығар. Өзіңіз туралы құпияны ашуға көмектесетін бірнеше көмек сөздер ұсынамыз.
- Суреттегі жаңбыр адамның күнделікті өмірде кенеттен кездестіретін қиындықтарын және өзін ол қиындықтардан қашып құтыла алмайтындығын білдіреді
- Суреттегі кейіпкердің қандай көңіл-күйде (қуаныш, реніш, өкпе, наз, ыза, шаттық және т.б.) екендігін анықтаңыз. Ол өзіне көмектескенін қалай ма әлде қиындықтарды еңсесін көтеріп қарсы алуда ма? Ол қиындықтарға мүлдем мән бермеуі тағы бар.
- Аспандағы бұлттар жайсыздықты немесе бақытсыздықты күту деп түсіндіріледі. Көп алаңдайтын адамдар көлшіктер мен балшықтың суретін салады. Мұнымен қатар көлшіктердің адамның қай жағында (алдында, артында, айналасында, тура аяғының астында) орналасқандығына мән беріңіз. Көлшік артқы бөлігінде орналасса, қиындықты жеңгені. Алдында болса, өзіне-өзі жайсыздық тудырып жүргені.
- Егер адамның бір орында тұрғанын емес, жылжып келе жатқандығын бейнелесеңіз, қиындықтан қашқаныңыз. Әдетте қиялға жақын, жанына тірек болып жүрген жандардан айырылған жандар адамның үстіңгі бөлігін ғана салады.
- Айналасындағылардан сақ жүруді жөн көретін адамдар суретке теріс қарап кетіп бара жатқан кейіпкерді салады.
- Найзағай адам өмірінде үлкен өзгерісті күтетіндігін білдіреді. Аспандағы күн мен кемпірқосақ игі істерге ұмтылуды, әлемде тек жақсылық атаулының болуын ғана қалау. Кемелділікке ұмтылу.
- Киімнің қызметі табиғаттың алапат күштерінен қаншалықты қорғанатындығыңызбен байланысты. Яғни, суреттегі сырт киім тағы да бір қорғаныш қызметіне зәру болып жүргеніңізді айқындайды. Ал үсіндегі киімдерінің аз болуы – қоғамға деген қарсылық, стереотиптерден бас тарту, адамдардың пікіріне мән бермеу. Жылдам жауап қайтару.
- Қолшатырды қоршаған ортадан психикалық деңгейде қорғануды жөн көретін тұлғалар салады. Оның суреттегі кейіпкерді қорғап, қорғамай тұрғандығына да мән беріңіз.
- Өзге де қосымша үй, ағаш, көлік немесе қолдағы сөмке, гүл, кітап сынды детальдар осылардың жетіспеушілігімен және оларға қол жеткізем деген үлкен талпыныспен түсіндіріледі.
Психолог мамандардың айтуынша, сіз салған суреттегі кейіпкер – өзіңіз. Ал жоғарыдағы талдаулар тек өзіңізге тиесілі. 7 СЫНЫП
Достарыңызбен бөлісу: |