Белгілер жүйесі. Бұл мамандықтарда мәтінмен, құжаттармен, түрлі қор деректерімен, математикалық қосындылармен істелетін жұмыс басым болып келеді. Мысалы, аудармашы, программист, бухгалтер, экономист, корректор, іс-жүргізуші, эксперт-сараптамашы. Мұндай жұмыстар үшін асқан дәлдік, шыдамдылық, сараптап - саралайтын ақыл – ой қажет. Мәтіндерге, кестелерге, формула, сызба, карта, түрлі сипаттағы шартты белгілерге деген қызығушылығы болғаны жөн.
Көркем образ. Мұндай мамандардың қызметі түрлі бейнелеу құралдары арқылы көркем образдарды ойлап табуға, жетілдіруге, жөндеуге бағытталады. Бұл сұңғат, мүсін, сәулет өнері, әдеби редактор, режиссер, кинооператор, дизайнер, көркем шығарманы жөндеуші мамандықтарын жатқызуға болады.
Мұндай мамандықтар шығармашылық жұмыстарды қажет ететіндіктен, оны меңгеру үшін соған сәйкес қабілеттер, ой-қиялының күштілігі, жаңа ерекше жағдайларда әрекет етуге дайындығы керек.
Адамның өзі. Бұл мамандықтар адамның өзін-өзі жетілдіруге негізделгендіктен, жалақыны жұмыс нәтижесіне байланысты алады. Мұндай мамандықтар көп емес, бірақ олардың жұмысы көпшіліктің алдында. Мәселен, спортсмендер, каскадерлер, кино және театр актерлері, әншілер, фотомодельдер, цирк әртістері. Бұл мамандық түрлері бойынша жетістікке жету үшін адам табиғатынан зейінді, қабілетті, көпшіліктің алдында өзін көрсетуге талаптануы мен соған дайын болуы, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге ұмтылуы, ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуі шарт.
Кейбір мамандықтарды осы аталған типтердің ешқайсысына да жатқызуға болмайды, олар осы типтердің ортасында жүреді. Сөзіміз дәлелді болу үшін банк жүйесіндегі кассир-операция жүргізушіні айтып көрелік.
Ол өз клиенттерімен қарым-қатынас жасайды, ақша түскен жағдайда деректер қорын толтырады, есептерді қадағалап отырады, жұмысында компьютерді белсенді қолданады.
Шаштараз да солай, өз клиенттерімен байланыста болады және түрлі шаш үлгілерін ойлап табады. Хатшы-секретардың (кеңсе менеджері, директордың көмекшісі) да жұмысы сондай, мекемеге келген адамдармен қарым-қатынас жасайды, телефонға жауап береді, компьютерді қолдана отырып, құжаттарды рәсімдейді, операцияларды орындайды. Сонымен қатар «фирманың бет-бейнесі» ретінде танылатындықтан, сыртқы жүріс-тұрысы соған сай болып, өзін көрсете білу керек.
Келесі әдістеме сенің қандай еңбек құралымен жұмыс істеуге бейім екендігін көрсетеді.
Нұсқау: сен белгілі бір оқу түрін тәмамдаған соң, кез келген жұмысты біркелкі табысты істеуге қабілетті болып шықтың делік. Кестеде алуан түрлі жұмыс түрлері берілген. Егер жұмыс жұбының біреуін ғана таңдау қаежт болса, сен қайсысын қалар едің? Кестеде келтірілген түрлі жұмыс жұптарынан өзіңе ұнамды біреуін ғана таңдап ал да, оның нөмірін жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |