Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет146/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

4. Процестік әрекеттер
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу ҥшін сәйкес ресурстар мен іс-әрекеттерді 
процесс ретінде қарастыру керек.
Кәсіпорынның 
процестік 
моделі 
кӛптеген 
бизнес-процестерден 
қҧралады. 
Олардың 
қатысушылары 
қҧрылымдық 
бӛлімшелер 
мен 
кәсіпорынның ҧйымдық қҧрылымының қызметтік тҧлғалары болып табылады.
Бизнес-процесс дегеніміз мекеме, тҧтынушы, клиент немесе тапсырушы 
ҥшін қҧнды болып табылатын нәтижені бірге жасайтын әрекеттердің бірнеше 
тҥрлерінің жиынтығы. Әдетте, тәжірибеде бизнес-процестің:
- ӛнім ӛндірісі немесе қызмет кӛрсету бойынша кәсіпорынның ағымдық 
әрекетінің функцияларының орындалуы жҥзеге асырылатын негізгі бизнес-
процесс;
- ҧйымның ӛндірістік және басқарушы әрекеті қамтамасыз етілетін қызмет 
кӛрсетуші бизнес-процесс тҥрлері қолданылады.
Бизнес-процестер бизнес-функциялардың орындалуы арқылы іске 
асырылады.
Процестік әрекеттерді қолдану кезінде кәсіпорынды басқару қҧрылымы :
- әрбір бизнес-процесс шеңберінде басқару;
- бҥкіл ҧйымдық деңгейдегі бизнес-процестердің тобын басқару деңгейлерінде 
қарастырылады.
Жеке бизнес-процесс пен бизнес-процестер тобын басқарудың негізі 
әсерлілік кӛрсеткіштері болып табылады. Оларға:
- бизнес-процесті жҥзеге асыруға кеткен шығындар;
- бизнес-процесті жҥзеге асыруға кеткен уақытты есептеу;
- бизнес-процестің сапа кӛрсеткіштері кіреді.
Процестік әрекеттерді тереңірек тҥсіндіру ҥшін Деминг-Шухарттың 
«Plan-Do-Check-Act» (PDCA) циклін қолдану қажет, яғни бҧл – жоспарлау-
жҥзеге асыру-тексеру-әрекет. Бҧл циклді қолдану ҧйым жҧмысының 


205 
әсерлілігін кӛтеруге бағытталған процестерді ҥздіксіз жақсарту процесін нақты 
іске асыруға мҥмкіндік береді.
Процестік әрекет негізінде мекеме жоспарлау, ӛнім немесе қызмет 
ӛндірісі және оны жеткізу процестерін анықтауы қажет. Процестерді басқару 
арқылы тапсырушылардың сҧраныстарын қанағаттандырады. Нәтижесінде 
процесс нәтижелерін басқару процестің ӛзін басқаруға ӛтеді. Сондай-ақ ИСО 
9001 бірқатар басқа процестерді енгізуді ҧсынады (басшылық жағынан талдау 
жҥргізу, тҥзетуші және ескертуші әрекеттер, сапа жҥйесінің ішкі тексеруі, т.б.). 
TQM–нің келесі сатысы әрбір бӛлінген процесте ресурстарды 
пайдаланудың оптимизациясы болып табылады. Бҧл әрбір ресурс тҥрінің 
пайдалануын қатаң бақылау және ӛнім ӛндірісі немесе қызмет кӛрсету 
шығындарын азайту мҥмкіндіктерін іздеу жҧмыстары арқылы тҥсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет