Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет28/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

1.10. Мемлекеттік стандарттау жҥйесі 
 
Халық шаруашылығының барлық буындарында стандарттаудың 
ҧйымдастырушылық, әдістемелік және тәжірибелік негізін анықтайтын 
Мемлекеттік стандарттар жҥйесі (МСЖ) Қазақстан республикасында енгізілді. 
Негізгі мақсаттарына: 
1. Техникалық прогрестің жылдамдауы, қоғамдық ӛндірістің және инженерлік, 
басқару, еңбек ӛнімділігі тиімділігінің жоғарылауы; 
2. Ӛнім сапасының жақсаруы және оның тиімді деңгейін қамтамасыз ету; 
3. Ӛнімді жобалау және ӛндіру саласында мамандандыруды дамыту жағдайын 
қамтамасыз ету; 
4. Ӛнімге қойылатын талаптарды еліміздің қорғанысы мен байланысында 
қамтамасыз ету; 
5. Жоғары сапалы ӛнімді экспорттауды кеңінен дамыту жағдайын қамтамасыз 
ету; 
6. Ӛндірістік қорды тиімді қолдану және ресурстарды ҥнемдеу; 
7. Халықаралық қарым-қатынасты дамыту; 
8. Денсаулық қорғауды қамтамасыз ету кіреді. 
Бҧл мақсаттарға қол жеткізу ҥшін стандарттаудың алдына: 
1. Берілген 
ӛнімнің, шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын 
ӛнімдердің және жинақтаушылардың сапалық сипаттамаларын кешендік 
стандарттау негізінде дайын ӛнім сапасына талаптар тағайындау; 
2. Дайын ӛнімді жобалау, ӛндіру және пайдалану кезеңінде талап етілетін 
сапасын қалыптастыру ҥшін жағдай жасайтын ғылым мен техниканың 
алдыңғы шептегі деңгейіне сәйкес стандарттар жҥйесін тағайындау; 
3. Ӛнімді бақылау және сынау қҧралдары және әдістерінің бірыңғай сапа 
кӛрсеткіштері жҥйесін, сонымен қатар бҧйымның тағайындалу және пайдалану 
жағдайларына байланысты сенімділік деңгейін анықтау;
4. Ӛнім сапасының, тҥрлерінің, маркаларының және типтік ӛлшемдерінің 
тиімсіз кӛптігін болдырмау мақсатымен жобалау және ӛндіру саласындағы 
нормалар, талаптар мен әдістерді тағайындау.; 
5. Бҧйымды жӛндеу мен пайдалануды тиімді ету, ӛзараауыстырымдылық 
деңгейін кӛтеру, ӛндірістің экономикалық тиімділігін арттыру және 
мамандандырудың маңызды жағдайы болып табылатын, ӛнеркәсіп ӛнімдерін 
бірдейлендіру және машиналарды агрегаттауды дамыту; 
6. Елімізде ӛлшеу бірыңғайлығы мен ӛлшем сенімділігін қамтамасыз ету, 
физикалық шамалар бірлігінің мемлекеттік эталондарын, сондай-ақ жоғары 
дәлдікті қҧралдар мен әдістерін одан әрі дамыту мен жақсарту;
7. Бірыңғай қҧжаттамалар жҥйесін, автоматтандырылған басқару жҥйелерінде 
қолданылатын бірдейлендірілген қҧжаттамалар жҥйесін, техникалық-
экономикалық ақпараттарды кодтау және жіктеу жҥйесін, еңбекті ғылыми 
ҧйымдастыру техникалық қҧралдары мен ӛндірісті ҧйымдастыру пішімі мен 
жҥйесін тағайындау; 
8. Ғылым мен техниканың маңызды аймақтарында бірыңғай терминдер және 
белгілерді тағайындау; 


36 
9. Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жҥйесін тағайындау; 
10. Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту саласы 
стандарттары жҥйесін тағайындау мәселелері қойылады. 
Стандарттау жҥйесі ҧйымдастыру, қаржылық, кадрлық шаралар жҥргізу 
жолымен тҧрақты жетілдіріледі. Мемлекеттік стандарттау жҥйесі Қазақстан 
Республикасы экономикасы мҧқтаждықтарын максималды қанағаттандыру
отандық тауарлар мен кӛрсетілетін қызметтің бәсекелестік қабылетін 
жоғарылатуы, республикамыздың азаматтарының мҥддесін қорғауы, нарықта 
шет жақтан сапасы тӛмен тауар және қызметтің пайда болуының алдын алуы 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет