1.9. Халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы дҥниежҥзінің кӛптеген елдерімен стандарттау
саласында ӛзара тығыз қарым-қатынаста жҧмыс жасауда. Бҧл ынтымақтастық:
- ҚР әлемдік экономикалық кеңістікке саудадағы техникалық кедергіні жою
арқылы кіруге кӛмек кӛрсету;
- халықаралық ҧйымдар аумағында, стандарттау және заңдастырылған
метрология бойынша бірлесіп жҧмыс істеу ережелері мен іс-ретін қабылдау
және қалыптастыру;
- стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекетаралық
қарым-қатынастың маңызды бағыттары мен пішімдері бойынша ортақ іс-
әрекетті келісу;
- тауар алмасуда техникалық және кедендік кедергілерді жою, ӛндірістің
тиімділігін арттыру;
- ғылыми-зерттеулер, ғылыми-техникалық бағдарламалар, жоспарлар және
жобалардың негізгі бағдарларын қарастыру және қабылдау мәселелерін
шешуге кӛмектеседі.
Қазақстан
Республикасы – стандарттау бойынша Халықаралық
ҧйымдардың (ISO – International Organization for Standardization),
заңдастырылған метрология (OIML – International Organization of Legal
Metrology) және Стандарттау бойынша Аймақаралық Ассоциациясының
(МАС) толыққанды мҥшесі.
Қазақстан Республикасымен:
- стандарттау, метрология және сертификаттау саласында ТМД елдерімен
қарым-қатынас туралы ӛкіметаралық келісім;
- стандарттау, метрология және сертификаттау саласында Иран Ислам
республикасы ӛнеркәсіп зерттеулері мен стандарттар институтымен (ISIRI
–
Institute of Standards and Industrial Research of Iran ), Неміс нормальдар
институтымен (DIN
–
Deutsches Institut fur Normung), Тҥрік стандарттар
институтымен (TSE
–
Turkish Standards Instition) ҧлттық ҧйымдар деңгейіндегі
меморандумдар мен қарым-қатынас туралы келісімдер бар.
Стандарттау саласы бойынша: Қытай Халық Республикасы, Болгария,
Иран, Ресей Федерациясы, Қырғыз республикасы, Әзербайжан, Украина,
Грузия, Молдово, Беларусь, Польша және басқа мемлекеттермен келісім
дайындалуда.
2005 жылы Қазақстан Халықаралық ӛлшем және салмақ ҧйымына
ассоциирланған мҥше ретінде қабылданса, 2008 жылдың 31 желтоқсанында
оған мҥше болды. Евро-Азиялық ҧлттық метрологиялық мекемелер қарым-
қатынасы (КООМЕТ) 2010 жылдың қарашасындағы сапа Форумында
Қазақстан метрологиялық институтына ИСО/МЭК 17025 стандартына сәйкес
институттың сапа менеджмент жҥйесін мойындауы туралы куәлігін тапсырды.
Бҧл сертификат қазақстандық метрологияның халықаралық деңгейін
мойындаутҧғын.
|