Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет145/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

1. Мекеменің тапсырушыға бағдары  
Мекеме толықтай ӛзінің тапсырушыларына тәуелді болады, сондықтан 
тапсырушының қажеттіліктерін тҥсіну, оның талаптарын орындау және ҥмітін 
ақтауға тырысу қажет. Тіпті, минималды талаптарға жауап беретін сапа жҥйесі 
де ең алдымен, тҧтынушы талаптарына бағытталуы тиіс. Клиент 
сҧраныстарына бағытталудың жҥйелік әрекеті тапсырушылардың шағымдары 
мен арыздарын жинап, талдаудан басталады.
Шағымдар мен арыздарды талдаудың тәжірибесін кӛптеген сапа жҥйесі 
белгіленбеген ҧйымдар жҥргізеді. Бірақ TQM-ді қолдану шарттарында ақпарат 
бірнеше мәліметтер кӛзінен жҥйелі тҥрде тҥсіп, нарық немесе нақты 
тапсырушының сҧраныстары мен тілектеріне қатысты нақты және негізделген 
қорытындылар алуға мҥмкіндік беретін процесте интеграциялануы тиіс.
Ӛз шеңберінде TQM жҥйесін енгізетін ҧйымдарда барлық ақпараттар мен 
мәліметтер мекеме ішінде толығымен таралуы керек. Қазіргі жағдайда 
мекеменің іс-әрекетін тҧтынушылық бағалауды анықтауға және мекеменің 
тапсырушыларды қанағаттандыра алу деңгейін ӛзгертуге бағытталған 
процестер енгізіледі.
2. Басшылықтың жетекшілік рӛлі 
Мекеме басшылары бірыңғай мақсаттар мен іс-әрекеттің негізгі 
бағыттарын, сондай-ақ оларды іске асыру тәсілдерін бекітеді. Олар мекеме 
ішінде қызметкерлер қойылған мақсаттарға қол жеткізу процесіне максималды 
тҥрде жҧмыс істейтіндей микроклимат жасауы тиіс.
Қызметтің кез келген бағытында максималды ӛндірістілік деңгейін алу 
және тапсырушылардың сҧраныстарын толығымен қанағаттандыру бойынша 
барлық процестердің қҧрылуына кепілдік берілетін басшылық қамтамасыз 
етіледі.
Мақсаттар қою және оладың басшылық жағынан орындалу талдауы, сапа 
бойынша жоспарлар мекеме дамуының стратегиялық жоспарына енгізілуі 
сияқты, басшылық әрекетінің тҧрақты қҧраушысы болуы керек.
3. Қызметкерлерді тарту  


204 
Ең жоғарғы басшылықтан жҧмысшыға дейінгі бҥкіл персонал сапаны 
басқару бойынша жҧмыстардың барлығына қатысуы керек. Персонал 
мекеменің ең ҥлкен байлығы ретінде қарастырылады және оның барлық 
шығармашылық потенциалын максималды пайдалану ҥшін барлық жағдайлар 
жасалады.
Ҧйым мақсаттарын іске асыру процесіне қатысатын қызметкерлердің 
оларға берілген міндеттерді орындау ҥшін сәйкес біліктілігі болуы керек. 
Сондай-ақ мекеме басшылығы жеке қызметкерлердің мақсаттары мекеменің 
мақсаттарына максималды тҥрде жақын болуын қадағалау керек. Бҧл жерде 
қызметкерлерді материалдық және моральдық жағынан қолдау ҥлкен рӛл 
атқарады.
Мекеме персоналы командадағы жҧмыс әдістерін игеруі керек. Тҧрақты 
жақсару бойынша жҧмыстар сәйкесінше ҧйымдастырылып, топтастырылып 
жҥргізіледі. Сонымен бірге команда жҧмысының жиынтық нәтижесі жеке 
орындаушылар жҧмысының нәтижесінен едәуір жоғары тҧратын синергиялық 
әсерге қол жеткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет