Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет154/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

Процедураларды дайындау. Негізізінен процедураларды осы 
жҧмыстарды атқаратын мамандар жазғаны дҧрыс. Сонда процедуралар дәл
нақты болып жазылады. Адамға ӛзі ойлап тапқан нәрсесін орындаған оңай 
болады. Процедураларды дайындау мен сәйкестендіру процестері 
бӛлімшелердегі ӛзара қатынас мәселелерін шығаруға мҥмкіндік береді. Ең 
маңыздысы, процедуралар кім, не, қашан, қалай жасалған, орындалу қалай 
расталады, нәтиже қалай алынады деген сияқты сҧрақтарға жауап беруі болып 
табылады. Сондықтан ол ҥшін сапа жҥйесі процедураларын дайындау және 
шығару тәртібін, процедуралардың қҧрылымын анықтайтын жағдайды даярлау 
қажет. 
Сапа жҥйесін ішкі тексеру сапа жҥйесін сертификаттаудың міндетті 
шарты болып табылады, яғни бҥкіл бӛлімшелер бойынша бір ішкі тексеру 
жҥргізілуі керек. Тексеру әдістері, тексеру графиктері, есепті рәсімдеуге 
қойылатын талаптар (акт немесе хаттама формасы, сәйкессіздікті тіркеуге 
арналған формалар) қҧжатталған процедурада (ИСО-90018.2.2 п) анықталуы 
тиіс. Ішкі тексерудің әсерлі жҥйесін енгізу – ИСО стандарттарының ең қиын 


216 
талабы болып табылады. Мҧнда басшылықтың мәселелерді тауып, оларды 
жоюы ерекше маңызды болады. Осыған байланысты кӛптеген мәселелерде 
басшылық кінәлі болатынын ескеру қажет.
Осы шығарылған мәселелер бойынша қызметкерлерді айыптау емес, 
олардың шығу себебі расында да жойылғаны аса маңызды. Жалпы айтқанда, 
қызметкерлердің ішкі тексеру жҥргізуге қарсылығын жеңу ӛте қиын, ал жай 
ғана тексеру жҥргізуге бҧйрық беруден нәтиже шықпайды. Ішкі тексеру 
жҥйесін енгізу сатысында жоғары басшылықтың қатысуы дҧрыс болар еді. Ішкі 
тексеру жҥргізу әдістерінің бірі ретінде бӛлімшелердің ӛзін-ӛзі бағалау әдісін 
ҧсынуға болады. Бҧл әдісте бӛлімшелер әрбір бағыт бойынша сҧрақтарға жауап 
береді. Комиссия берілген бӛлімшенің іс-әрекетін анықтайтын есептерді, 
қҧжаттарды, жҧмыстардың дҧрыс орындалуының дәлелдемелерін қарайды. 
Осылайша комиссияның барлық қателіктерді шығару, тексеру қауіптілігі 
жойылады. Керісінше, бӛлімше ӛзінің дҧрыс атқарылған жҧмыстарының 
дәлелдемелерін кӛрсетуге мҥмкіндік туады. Бірақ сәйкессіздіктер кез келген 
уақытта болуы мҥмкін. Әдетте мәселелер кәсіпорынның тек ішінде ғана белгілі, 
сондықтан ішкі тексеру жҥргізу арқылы оларды жҥйелі шешуге, ҥйреншікті 
мәселелердің нақты шешімін табуға болады. Сондай-ақ ішкі тексерудің 
мақсаты кемшіліктерді табу емес, олардың болмауын іздеу болып табылады, 
яғни тексеру жҥргізілген бӛлімше кемшіліктерді ӛзін-ӛзі бағалау кезінде ӛзі 
табады және оны жою жолдарын іздейді.
Сапа жҥйесін ИСО 9000 стандарттарына сәйкестікке сертификаттау 
кезінде мынадай мәселелер жиі кездеседі:
1. Кәсіпорын мен ӛнім сапасын басқару процестері толық 
регламенттелмеген (немесе регламентация мҥлдем жоқ). 
2. Жҧмыстардың орындалуының регламенттелген процедуралары жоқ 
(мысалы, не істеу керек деп жазылған, бірақ оны қалай жасау керек екені 
кӛрсетілмеген).
3. Сапа жӛніндегі жетекшілікті дайындау кезінде осы қҧжатқа қойылатын 
талаптары ескерілмеген (мысалы, сапа бойынша жетекшілік кәсіпорынның 
ҧйымдастыру қҧрылымын айқындамайды немесе сапа жҥйесінің басқа 
қҧжаттарына сілтеме жасалмаған).
4. Сапа жҥйесінің қҧжаттары сапаны басқаруды жҥзеге асыру ҥшін 
жеткіліксіз немесе сапа жҥйесінің қҧжаттары мен сапа жӛніндегі жетекшілік 
арасындағы ӛзара байланыс жоқ.
5. Сапа жҥйесі қҧжаттарды рәсімдеу және ИСО 9000 моделінің 
талаптарын тәжірибелік іске асыру ҥшін қажетті мәселелерді толық 
қамтымайды.
Жоғарыда кӛрсетілген бес мәселеленің себебі сапа жҥйесін ИСО 9000 
стандартының қолдану техникасын жеткілікті деңгейде игермеген 
мамандардың жасауы болып табылады.


217 
Бҧл мәселелер кәсіпорынға ішкі жоғары білікті кеңесшілерді шақыру 
ақылы және менеджерлер мен персоналдарға ИСО 9000 стандартын іске асыру 
техникасына оқытудың маңыздылығын тҥсіндіру арқылы шешіледі.
Сапа жҥйесін оқытылған персонал жасаса да, жҧмыстардың негізгі 
сатыларында (қҧжаттамаларды дайындау және енгізу, сапа жҥйесіне ішкі 
тексеру жҥргізу, сертификаттауға дайындау және т.б.) тәжірибелі кеңесшінің 
бақылауынан ӛткізу керек. Кеңесшіні таңдау кезінде оның дәл осы сала 
бойынша тәжірибесін, кәсіпорындарды сертификаттауға дайындаудағы 
тәжірибесін, сертификациялық аудитке қатысуын және т.б. білу керек.
6. Кәсіпорынның жетекшілері мен жҧмыскерлері әрекет етуші қҧжаттарға 
бағытталмайды, оның жҧмыс кҥйін кӛрсете алмайды, ал нақты орындалып 
жатқан операциялар сапа жҥйесінің қҧжаттарына сәйкес келмейді.
Мҧның себебі сапа жҥйесінің қҧжаттары нақты жҧмыс жағдайларынан 
тыс жасалған (яғни қҧжаттамаларды дайындау және оны енгізу жҧмыстарын 
мекеме жҧмысының спецификасына таныс емес ішкі кеңесшілер немесе арнайы 
бӛлінген мамандар тобы жҥзеге асырған немесе сапа жҥйесінің қҧжаттамасы 
басқа мекемелерде алынып тасталған) немесе ішкі тексерулер сапа жҥйесінің 
сертификаттауға қабілеттілігін растамаған (яғни, ішкі тексерулер формальді 
сипатта болды немесе тексеру жҥргізу ҥшін тағайындалған мамандар арнайы 
дайындықтан ӛтпеген). 
Бҧл мәселе ішкі тексерудің жай формальділік болып табылмайтынын 
және оны сапа жҥйесінің бірінші қҧжаты жасалғаннан бастап тез арада жҥргізу 
керектігін ҧйым басшылығына тҥсіндіру керек.
Бҧл мәселенің тағы бір себебі кәсіпорын жҧмыскерлерінің сапа жҥйесі 
қҧжатымен таныс емес болуы, қҧжаттар санының кӛп болуы болып табылады. 
Сапа жҥйесінің артық, маңыздылығы тӛмен қҧжаттарын дайындау ИСО 9000 
стандарттарының талаптарына формальді тҥрде сәйкес келеді, бірақ оның әсері 
болмайды.
7. Кәсіпорынның жетекшілері мен жҧмыскерлері есептік қҧжаттардың 
барлық кӛлемін қарастыра алмайды, оларды басқара алмайды, қҧжат 
бланкілерін толық толтырмайды.
Қолдануға ыңғайсыз болатын сапа жҥйесі қҧжаттарындағы артық 
бӛлшектіліктің болуы, ал толтыруға арналған бланкілердің жҧмысшы ҥшін 
нақты қҧндылығы жоқ кӛптеген пункттерден тҧруы мҧның негізгі себебі болып 
табылады.
Бҧл мәселелердің алдын алу электронды ақпарат тасымалдаушыларды 
пайдалануға негізделген қҧжаттамаларды басқару әдістемелерін қолдану 
арқылы жҥзеге асырылады.
8. Сапа жҥйесіне жҧмыскерлер мен басшылардың қатынасы формальді 
болады, кейде мҥлдем немқҧрайдылық танытады.


218 
Сапа жҥйесін жасау кезінде басшылықтың қызығушылық танытпауы 
(яғни, сапа жҥйесін қҧруға ӛзінің қызығушылығы мен жеке назарын жария 
етпейді және оны дайындау ҥшін қажетті ресурстарды бӛлмейді) немесе 
басшылықтың сапа жҥйесін қҧру ҥшін белгілі бір идеясы немесе бағыты жоқ 
(яғни, басшылар мен жҧмыскерлер сапа жҥйесін енгізуден кейін мекеме ала 
алатын пайданы кӛрмейді). 
Бҧл мәселелер сапа жҥйесін жасау бойынша жҧмыстарда ӛздерін белсенді 
кӛрсететін қызметкерлерді материалдық және моральдік қолдау механизмдерін 
орындау арқылы шешіледі. Сапа жҥйесін дайындауды және енгізуді бастаудың 
алдында барлық қызметкерлерді оның пайдалылығына сендіру қажет, ал сапа 
жҥйесін жасау кезінде оның жетістіктері мен жағымды нәтижелерін кӛрсету 
керек.
Ҧйым ішінде бірқатар кедергілер кездеседі. Сапа жҥйесін әсерлі қҧру 
ҥшін оларды міндетті жою қажет. Олар: 
– сапаны жетілдіру дегеніміз не және оның ҧйым іс-әрекетінің 
әсерлілігімен байланысы қандай деген мәселер жӛнінде басшылықтың шектеулі 
тҥсінігі;
– жҥргізілген ӛзгерістерге қарсылық білдіру;
– сапаны басқаруды жетілдіру процесін белгілі соңы бар, ал шын мәнінде, 
бҧл процесс шексіз болғанда, оны кезекті басқарушы компания ретінде 
қарастыру;
– сапаны басқаруды жетілдіру процесін басқарушы шара ретінде емес, 
статистикалық іс-шаралар ретінде қарастыру. 
9.2-суретте сапа менеджменті жҥйесін енгізу бойынша әрекеттердің 
бірізділігі кӛрсетілген. 


219 
Жобаны ашу (бҧйрық) 
Жобаның менеджерін тағайындау- сапа бойынша басшылық мҥшесі 
Негізгі және қосша бизнес-процесті анықтау және сипаттау 
Ӛзара байланысты анықтау 
Қҧжаттық айналымды анықтау және қҧжаттаманы ӛңдеу 
1. Сапа саласындағы саясат 
2. Ӛлшеу мақсатындағы бағдарлама сапасы 
3. Сапа бойынша басшылық 
4. Ҧйым стандарты немесе жҧмысшы ережелер 
5. Қҧжаттамалық процедуралар ( 6 міндетті және қажеттілікке байланысты)
6. Бӛлімшелер туарлы ережелер 
7. Қызметтік ережелер 
Ӛнімді және СМЖ процестерінің метрикаларын ӛңдеу 
Сапа бойынша жазбалар формасын ӛңдеу 
1. бизнес-процесс, ӛнім, тҧтынушының сҧранысын қанағттандыру және т.с.с 
параметрелерінің жазбалары 
2. Процестер мониторингі 
Сертификатталған ішкі аудитті дайындау 
СМЖ енгізу 
1. Персоналды оқыту 
2. Персонал тренингі 
3. Сапа бойынша жазбаларды енгізу және жобаларды басқару бойынша жоба 
менежрелерінің тренингі 
4. Ішкі аудит 
5. Сәйкес еместіктерді басқару және тҥзету іс-әркеттерін тағайындау 
Сертификаттау органын таңдау 
Сертификаттаушы органмен жҧмыс жасау 
9.2-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет