Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет44/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

Симплификаттау – тип саны мен бҧйымның басқа да тҥрлерінің санын 
берілген уақыттағы қажеттілікті қанағаттандыратын санға жеткізу мақсатпен 
жасалған стандарттау пішімі. Симплификаттауда қажетті деп саналмайтын 
бҧйым тҥрлерін, олардың тетіктері мен бӛлшектерін кӛбіне алып тастайды. 
Симплификаттау объектілеріне қандайда болмасын техникалық жетілдірулер 
енгізілмейді.
Бҧйым конструкциясын типтеу – бҧйымға, қҧрастыру бірліктеріне және 
тетікке ортақ конструктивтік параметрлері бар типтік конструкцияларды 
тағайындау және жасау. Типтеуде барлық типтер мен бҧйымның типтік 
ӛлшемдерін, олардың бӛлшектері мен тетіктерін талдап қана қоймай, ғылым 
мен техниканың жетістіктерін және ӛнеркәсіп дамуын ескеретін бҧйымның 
жаңа типтері мен типтік ӛлшемдерін, олардың тетіктері мен бӛлшектерін 
жасайды. Бҧйымның, оның қҧрастыру бӛлшектері мен тетіктерінің сәйкес 
қатарын тағайындау осындай жҧмыстың нәтижесі болады.
Технологиялық процестерді типтеу – біртиптік тетіктерді ӛндіру немесе 
қандайда болмасын жіктеу топтарының немесе бҧйымның біртиптік 
бӛлшектерін жинауға технологиялық процесті жасау. Технологиялық 
процестерді типтеудің алдында тетіктерді, қҧрастыру бӛлшектерін және 
бҧйымдарды жіктеу жҧмыстары және ӛкіл объектісі -берілген объектілер 
тобына тән ең кӛп белгілерге ие типтік ӛкілдерін тағайындау жҥргізіледі. 
Бірдейлендірудің тӛмендегідей тҥрлері бар. 
Ӛлшем ішіндегі бірдейлендіру деп базалық моделі бар нақты бір 
бҧйымның барлық модификациясын немесе бір типтік ӛлшем ішінде ӛзара 
бірдейлендіруді айтамыз. 
Ӛлшем аралығындағы бірдейлендіру деп базалық модельдерді немесе 
олардың модификацияларын (бҧйымның параметрлік қатарының әртҥрлі 
ӛлшемдері арасында, бірақ бір типтің ішіндегі) бірдейлендіруді айтамыз. 
Аталған бірдейлендірудің екі тҥрін, бір типтің машиналарын, қҧрастыру 
бӛлшектерін және тетіктерін қамтитын болғандақтан тип ішіндегі 
бірдейлендіруге жатқызамыз.
Тип аралығындағы бірдейлендіру деп әртҥрлі параметрлік қатар мен 
тҥрлі типке жататын бҧйымды бірдейлендіруді айтамыз. Мысалы, R10 (800, 
1000, 1250, 1600 мм) қатары бойынша тағайындалған, ӛңделетін 
дайындаманың стандартты ені негізінде бойлай жоңғылайтын, бойлай 
сҥргілейтін, бойлай ажарлайтын станоктары бір тип аралық қатарды 
бірдейлендіруге болады. Кӛрсетілген барлық станоктар ҥшін 45% 
бірдейлендірілген тҥйіндерді (жақтау, тҧғыр, кӛлденең жақтау, бағыттаушы, 
жылдамдық қораптары, басқару органдары, т.б.) пайдалануға мҥмкіндік береді. 
Бірдейлендіру зауыттық (зауыт шегінде), салалық (саланың бір қатар 
зауыттары ҥшін), сала аралық (ӛнеркәсіптің тҥрлі саласының кәсіпорындары 
ҥшін) болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет