Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет46/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

 
2. 
МАШИНА 
ЖАСАУ 
САЛАСЫНДАҒЫ 
СТАНДАРТТАУ 
ОБЪЕКТІЛЕРІ
 
2.1. Ӛнеркәсіп ӛнімдерін стандарттау 
 
Ӛнеркәсіп ӛнімі бҧл пайдалы қасиеттерге ие, тҧтынушылардың ӛздерінің 
жеке 
немесе 
қоғамдық 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
мақсатына 
пайдаланатын еңбек іс-әрекеті процесінің материалданған нәтижесі.
Барлық ӛнеркәсіп ӛнімдері екі класқа бӛлінеді: 
1. Пайдалану кезінде шығындалатын – шикізат, отын, материал, азық-тҥлік. 
2. Ӛз ресурсын шығындайтын – жӛнделетін және жӛндеуге келмейтін 
бҧйымдар. 
Бҧйым дегеніміз санын даналап санауға болатын, ӛнеркәсіп ӛнімінің 
бірлігі. Әрбір бҧйым берілген бҧйымның сапа кӛрсеткіштерін анықтайтын 
шамалар, 
шығу 
параметрлерінің 
жиынтығымен 
сипатталады. 
Сапа 
кӛрсеткіштері бҧйымның функционалдық тағайындалуына тәуелді бҧйымның 
тҥрлі қасиеттерін сипаттай алады. Осы қасиеттерінің ішінде маңызды мәні 
бары: ӛзара ауыстырымдылық және оған сәйкес қасиеттер: дәлдік, сенімділік 
және тҧрақтылық. 
Әрбір бҧйым сапасы шығу кӛрсеткіштерінің қатарымен сипатталады, 
олардың шекті мәндері нормативтік техникалық қҧжаттармен (НТҚ) 
бақыланады және регламенттеледі. Машина жасау саласының бҧйымдарын 
стандарттауда, бҧйымды жасау кезінде талаптарын сақтап орындауға жататын 
ҧйым стандарттарын НТҚ кіргізу тәжірибесі жинақталған. Ҧйым стандартына 
(ҦС) ӛздерінің сапалық кӛрсеткіштері жҥйесі ҥшін тағайындалған сандық 
мәліметтер мен шақтамалар кіреді. ҦС бҧйымды жобалау, жасау процесінде 
шешімін кҥтетін мәселелерді анықтайды. ҦС бҧйымның тағайындалуын, 
қойылатын талаптарды, бақылау әдістерін, жасаудың жаңа әдістерін, 
тасымалдауын, сақталуын, т.б. кӛрсетеді.
2006 жылға дейін кәсіпорындарда «Техникалық шарттар» (ТШ) деген 
нормативтік қҧжат жҧмыс жасайды. Бҧйымның шағын партиямен шығарылған 
жағдайында кәсіпорынмен ТШ жасалынды. 2006 жылдан бастап ТШ 
тоқтатылды және ҦС алмастырылды.
ҦС техникалық та, нормативтік те қҧжат болып келеді. Келісім -шартта 
немесе келісімде ҦС сілтеме берілсе, онда ол нормативтік қҧжат ретінде 
жҥреді. ҦС барлық мҥдделі жақтармен, әсіресе, тапсырыс беруші жақпен 
міндетті тҥрде келісіледі. ҦС міндетті талаптары келісуге жатпайды. Бҧл 
жағдайда ҦС сәйкес стандартқа сілтеме берілуге тиіс. Машина жасау 
саласының бҧйымдарының ҦС екі міндетті: номиналды ӛлшем және шақтама 
шамасына қарай дәлдік талаптары нҧсқауы енгізіледі.
ҦС тӛмендегілердің кӛмегімен жасалады: 
1. Жіктеу, негізгі параметрлер (ӛлшемдер), сапа параметрлері (сенімділік, 
тағайындалуы, эргономика, ресурс ҥнемдеу, технологияылық) жалпы талаптар, 
орау, қауіпсіздік, экология талаптары, ӛнімді қабылдау ережелері, бақылау, 


59 
тасымалдау, сақтау әдістері, пайдалану, жӛндеу, жою ережелері кіретін жалпы 
техникалық шарттардың стандарты. 
2. Нақты бір ӛнімге қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтік қҧжат 
ретінде техникалық шарттар стандарты жҥреді. Бҧл талаптар жалпы 
техникалық шарттар стандартына қарама-қайшы болмауы қажет. Бірақ, 
техникалық шарттар стандартында стандарттау объектісіне қатысты (егер 
бҧйым сертификатталған болса тауар немесе сәйкестік белгісі туралы деректер, 
қажеттілік болса қауіпсіздік бойынша жалпы талаптар) нақты қосымша 
талаптар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет