Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Тараз мемлекеттік педагогикалық институты “Қазақ әдебиеті” кафедрасы



бет17/36
Дата26.01.2022
өлшемі156.56 Kb.
#454856
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
шешен лек

Практикалық сабақ № 7

Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы. Шешендік сөздердің белгілері, қойылатын талаптар

1 Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы

2 Шешендік сөздердің белгілері, қойылатын талаптар

Шешендік өнер - риториканың ғылым ретінде, әдебиеттің ерекше жанры ретінде, сөз өнері ретінде қарастырылады. Ол - логикалық, лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық сипатта қамтитын пән. Шешендік сөздердің негізгі белгілері, оған қойылатын талаптары бар, оның мазмұндылығы басты орында.

Шешендік өнер - адамның шығармашылық еңбегі. Шешендік өнердің ақыл -ойды байытудағы қызметі зор. Ойды өткірлікке, ойлауды тапқырлыққа баулиды.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.

“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.

Қоғам қашанда дарынды қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. Сондықтан біз, мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру.

Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері- атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.

Негізгі әдебиеттер


  1. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы, 1976.

  2. Төреқұлов Н., Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері. – Алматы, 1993.

  3. Негимов С. Шешендік өнер. - Алматы, 1997.

  4. Қалимұқашева, Б. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер [Мәтін]: оқу-әдіст.құрал: - Астана: Фолиант, 2010.- 168б.- (Кәсіптік білім).

Қосымша әдебиеттер

  1. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы. - Алматы, 1996.

  2. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.

  3. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. - Алматы, 1997.

  4. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. - Алматы, 1989.

  5. Жармұхамедов М. Шешендік өнер. - Алматы, 1998.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет