Жаттығу 1:
1.Өз еркімен тіп-тік тұру. Мойын мен иық еркін, ал иық жазыңқы күйде болу шарт. Демді ішке тартып, мұрын желбезегін қозғалтпай жайлап дем шығару керек.
2.Бірінші жаттығу кезіндегі дем шығарудың уақыты 1 секундтан 10 секундқа дейін созылуытиіс.
3.Демді ішке тартып, дем шығарғанда дауыстап, асықпай 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 деп санаған жөн.
4.Мәтінді оқып, мәтіннің қай жерінде ауаны мол жұтып, қай жерінде қосымша ауаны жұтқаныңды бақыла.
5.Мына мәтінді тыныс алу ережесін сақтай отырып оқып көріңдер.
«Ой, құдайым-ай! Бүгінгі рухани деңгейіме көтерілгенім үшін, өлісі бар, тірісі бар, жүздеген, тіпті мыңдаған адамдарға қарыздар екенмін. Әкем, анам, нағашым, өзім өскен ауылдағы құлын-тайдай тебісіп, бірге ойнаған балалар, мінезді-мінезсіз қыздар, қариялар, қарт әжелер, мектептегі ұстаздарым, оқыған кітаптарым және олардың авторлары, ауыл тұрғындарынан алғаш рет қасқыр, жолбарыс және ит мінездері хақындағы тыңдаған әңгімелерім.»
Жаттығу 2: Тіл туралы халық даналығы
* Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
* Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.
* Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
* Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.
* Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.
* Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның,
Әр сөзіне бір тұсақ.
Достарыңызбен бөлісу: |