Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тарих факультетінің «жалпы тарих» кафедрасы Тақырыбы: Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері


II тарау. Халықаралық терроризм және экстремизм. Әлемдік есірткі саудасы



бет3/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.98 Mb.
#22275
1   2   3   4   5   6   7

II тарау. Халықаралық терроризм және экстремизм. Әлемдік есірткі саудасы.
2.1. Халықаралық терроризм және экстремизм, онымен күрес жолдары.
Соңғы үш-төрт жылда жарық көрген Орталық Азия мәселелеріне арналған зерттеулерде дәстүрлі Каспий, энерго-ресурстарын тасымалдау бағыттары, саяси түзімдерінің өзгеруімен қатар көп сөз болып отырған тақырыптардың бірі – терроризмнің өршуі және діни эктремизм мәселесі болып отыр. Осы мәселеге орай әртүрлі ғылыми іс-шаралардың көбейгендігіне қарағанда зерттеушілер мен саясаткерлер арасында терроризм мәселесі едәуір кең талқыланып отырғанын байқауға болады. Оған басты себеп ретінде АҚШ-тағы болған терактіні айта аламыз. Бұл оқиға мына мәселелерді адамзаттың айқын сезінуіне мәжбүр етеді:

1. Қазіргі дүниеде халықаралық терроризммен ешкім де сақтандырылмаған, супердержава болған АҚШ та;

2. Терроризмге қарсы күрестің аймақтық, субаймақтық және ғаламдық әдіс-тәсілдерін қарастыруға тура келіп отыр;

3. Ондай тәсілдерді табу үшін алдымен қазіргі кездегі терроризм ерекшеліктерін, пайда болу алғышарттарын және әсер етуші факторларын зерттеп білу керек;

4. Терроризммен күрес бірлесіп келіскен түрде жүргізілгенде ғана нәтижелі болмақ1.

Терроризм бұрыннан бар құбылыс болғанымен, бүгінде оның мәні мен мазмұнын толық ашып берер бірегей түсініктің болмауы,онымен күресті де қиындатып отыр. Шынында да, қазірге дейін халықаралық деңгейде қабылданған бірегей тұжырым болмай отыр. «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім-шартта» былай делінген: «терроризм – қауіпсіздікті бұзу, билік органдарының шешім қабылдауына әсер ету, халықты үрейлендіру мақсатында жасалатын, құқыққа қарсы қылмыстық әрекет»2. 2001 жыл 15 маусымдағы «Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес туралы» Шанхай конвенсиясында: «терроризм – қарулы қақтығыстар кезінде әскери іс-қимылдарға белсене қатыспаған кез келген азаматтық яки басқа да тұлғаларда өлім қаупін тудыратын немесе ауыр дене жарақатын жеткізетін және қандай да бір ұйым, сол тәрізді материалдық объектілерге зиян жеткізуші құбылыс. Іс-әрекетінде халықты қорқытып-үркіту, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу немесе билік органдарына, халықаралық ұйымдарға белгілі бір іс-әрекетті істеуге яки істемеуге мәжбүр ететін және қылмыстық кодекспен қудаланатын, Жақтардың ұлттық заңнамаларына қайшы келетін әрекет»3.



1А. Косиченко. Современный терроризм: взгляд из Ценральной Азии. – А., 2002. С. 3

2«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы» Келісім-шарт. I бабы. Мәскеу, 21 маусым 2000.

3«Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес туралы» Шанхай конвенциясы. I бабы. Шанхай, 15 маусым 2001.

Орталық Азия саяси зерттеулер Агеттігінің директоры, Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі Ерлан Қариннің мәлімдеуінше: «Терроризмнің мәнін бұлайша тұжырымдау оны әдеттегі қылмыстық істің қатарына апарып қояды. Бұл орайда террористік іс-әрекетің саяси түрткі себебі көрсетілмейді, соның алдарынан терроризмге қарсы күресетін мекемелер көбіне терроризм актілерін жоғарыда айтылған қылмыстық іс-әрекеттен айыра алмайды»1.

Елбасымыз Н. Назарбаев терроризм ұғымына былайша түсінік береді: «Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қарабасының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие»2. Шынында да, терроризм қарама-қайшылық пен қақтығыс ретінде идеологиялық текетірестіктен гөрі, нақтылы іс-әрекет болып табылатын әскери іс-қимылдарға жақындау. Сондықтан тез өршіп, тез таралады. Бүгінгі жаһандану заманында терроризмге жаңаша көзқаспен қарап, зерделеу уақыт талабы болып отыр. Ең алдымен, терроризмнің барлық түрлерінің де қоғамға жат әрекет екендігін түсініп жетуіміз керек.

Біріншіден, терроризмді ұлт-азаттық қозғалыстан ажырата білуіміз керек. Егер кепілдікке алынып немесе бейбіт халық опат болып жатса, ол әрекет әділет пен азаттық үшін болып жатса да – террористік акт деп есептеліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек. Екіншіден, ТМД, т.б. мемлекеттерде ұлттық терроризм түрлеріне қамқорлық көрсетілуде. Мәселен, Палестинаны азат ету ұлттық қозғалысы және де коммунистер кезінде солшыл террористердің саяси тұлғаларға жасаған қастандықтары мен басқа да лаңкестік әрекеттеріне қолдау көрсетілгендігі белгілі. Үшіншіден, Батыстың коммунизмге қарсы үгіт-насихаты да із-түзсіз кетпеді. КСРО-ға қарсы пиғыл, КСРО құлаған соң Ресейге бағытталды. Шешенстандағы әскери іс-қимылдарға, Орталық Азия мен басқа да әлемнің «ыстық нүктелеріне» содырлар даярлауда Пакистан, Ауғанстан, Судан, Иемен, Нигерия елдері ғана емес, батысеуропалық елдер де аз қолғабыс жасаған жоқ. Содан соң, бүгінде террорлық актілерге «исламдық» деген айдар тағылуы мен әлемнің діни негізде – христиандық және исламдық деп екіге бөлу болжамдары терроризм үрейін күшейтпесе, төмендетпей отыр. Бүгінде, болып жатқан ғаламдық қайшылықтар – мемлекеттер арасындағы дау-жанжалдар, трансұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдар арасындағы келіспеушілік, мәдениеттер мен діндер арасындағы шыдамсыздықтың өсуі, халықаралық қылмыстың өршуі және халықаралық есірткі саудасы мен ұлтаралық араздық тыйылмай терроризмнің жойылуы да екіталай.




1Е. Қарин. Жанталас. //Жас Алаш. № 29, 8 наурыз 2003.

2Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А., 2003. 30 б.

Егер ғаламдасудың жетістіктерін дамыған елдер сол баяғыша өздері ғана пайдалана берсе, әлеуметтік дағдарыс пен үлкен ауқымдағы қарама-қайшылықтың туатындығына күмән жоқ1.

Мұны біз, бүгінгі АҚШ-тың Иракқа қарсы ұстанған саясатынан айқын сезініп отырмыз. АҚШ-тың «зұлымдық ошақтарын» тәртіпке келтіру арқылы, мол энерго-ресурстарға бай аймақта өз ықпалын жүргізу ниетіне әлем елдерінің қарсылық танытып отырғандығы да сондықтан.

Терроризмнің басты аспектісі – күш көрсету, зорлау, қорқытып-үркіту. Террор сөзі – латынның «terror» - «қорқыныш, үрей» сөзінен шыққан. Қорқытып-үркіту, зорлық-зомбылық бір рет көрсетілуі немесе тоталитарлық, диктаторлық режимдегідей үнемі болып отыруы да мүмкін. «Терроризм – саяси мақсаттағы күш көрсету болып табылады»2. ХІХ ғасырдағы терроризм идеологтарының (Бланки, Мост, Гейнцген, Бакунин) пайымдауынша, күш көрсетуді – адамзаттың әлеуметтік әділ қоғам құрудағы бірден-бір құралы деп түсіндірді. «Егер террористік топ өздерінің ойға алған істерінің әділ және дұрыс екендігіне сенсе, онда жасап жатқан террорлық актілерін де қылмыс деп есептемейді.3 Бүгінгі терроризмді анықтау үшін оның өткеніне көз жүгірту қажет. Жалпы, терроризм адамзаттың бұрыннан серігі болып келеді. Біздің эрамыздың І ғасырында-ақ иудей елінде еврей ақсүйектері мен басшыларының Рим үкіметімен байланыс жасағандарға қастандық жасауды мақсат еткен «Сикарилер» сектасы (сика – қанжар) болған еді. Орта ғасырлардағы мұсылман ассошафиндер сектасы халифтер мен саяси басшыларға қастандық жасап отырған. Ондай жағдайлар Үндістан мен Қытай тарихында да кездеседі. Қазіргі күнде Иран және Ауғанстан елдерінде «исламиттер» сектасы әрекет етеді. 1848 жылы солшыл неміс оқымыстысы Карл Гейнцген саяси күресте кісі өлтіруге тыйым салуға болмайтынын және жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін қию «адамзаттың жоғары мүддесі» тұрғысынан келгенде ақтаушысы бар екендігін дәлелдеп бақты. Гейнцген белгілі дәрежеде қазіргі терроризм теориясының негізін салды деуге болады4. Олар – реакциялық әскердің күші мен тәртібіне аз ғана топ залал әкелетіндей болу керек деп есептейді. Бұндай әрекетте – газ, зымыран, т.б. қырып-жою қаруларын пайдалануды теріс көрмейді. Осылайша XIX ғасырда «бомба философиясы» қалыптасқан болса, XXI ғасырда ол ядролық терроризмге айналғалы отыр. «Бомба философиясы» Бакуниннің «қирату теориясында» өз жалғасын тауып, одан әрі жетілдірілген болатын. Оның басты идеясы – бұзу, қирату. Бұл жолда ол - пышақ, жіп және улы заттарды қолдануды ұсынды.



1М. Ашимбаев. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А., 2002. С. 6

2Б. Крозье. Цит. по: Лекарев С. Разведка мирового сообщества. //Независимое военное обозрение. № 37 2001. С. 7

3М. Ашимбаев. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А., 2002. С. 12-13

4Е. Қарин. Жанталас. //Жас Алаш. № 29, 8 наурыз 2003.

Оның пайымдауынша, революционерлер зәбір көрушілердің жалыныштарына құлақ аспауы керек және олармен ешқандай да келісімге келмеуі керек дейді. Өйткені орыс жері от пен семсер арқылы тазалануға тиіс. XIX ғасырдың 70 жылдарында анархистердің «іс-әрекет насихаты» концепциясы өмірге келеді.Ол концепция бойынша, бұхара халықты үгіт-насихат емес, тек террорлық акт ғана билікке қарсы бағыттай алады. Бұл идеяны жалғастырушы Кропоткин анархизмді «үнемі пышақ, мылтық, динамитпен және жазбаша, ауызша насихат арқылы әрекет ететін қорғаушы күш» деп түсіндіреді. ХІХ ғасырдың соңына таман АҚШ пен Еуропадағы терроризмнің насихатшысы болған Иоганн Мосттың пайымдауынша «варварлық жүйемен тек ғана варварлық әдіспен күресу керек» дейді. Осы кезеңдерде қоғам өмірінің үлкен бір факторына айналды. Оған мысал ретінде, орыс халықшылдарын, Ирландия, Македония және Сербияның радикал-ұлтшылдарын, сондай-ақ, 30 жылдардағы Франциядағы анархистер мен Италия, Испания және АҚШ-тағы құпия қозғалыстарды келтіруімізге болады. ІІ дүниежүзілік соғысқа дейін терроризм солшылдардың құралы болса, соғыстан соң оңшылдар да оны өз мүдделеріне пайдалана бастады. Мысалы, Германия, Франция және Венгрияның ұлттық-сепаратистері мен фашистік қозғалыстары, Румынияның «темір гвардиясы» т.б. сол кездің террорлық актілері ретінде, 1919 жылдағы Карл Либкнехт пен Роза Люксембургтердің өлтірілуі мен 1934 жылдағы Югославия королі Александр мен Франция премьер-министрі Бартудың саяси өлімдерін айтуға болады. Бұл терактілердің астарында түрлі идеялар жатқанымен барлығы да «бомба философиясы» мен «іс-әрекет насихаты» доктриансынан қуат алған болатын. ХХ ғасырда террорлық актілер жасаудың себебі мен түрткілері айтарлықтай өзгеріске ұшырап, аясы кеңейе түсті. Егер орыс халықшылдары, біріншімарттықтар және эсерлер террорлық актті қоғам болашағы үшін өзін құрбан ету деп түсінсе, ол түсінік «қызыл бригадаларда» басқаша. Теракт оларда - өз идеяларының дұрыстығын дәлелдеу құралы. Большевиктік «қызыл террор» мен «фашистік қара террор» идеялары бір-біріне өте ұқсас болып, халықшылдар идеясына түбірімен тура келмейтін еді. Ал қазіргі терроризмде көбіне мақсат: билікті басып алу. Басқай да «қоғам игілігі» үшін әрекеттер туралы сөз айтылмайды. Терроризм ХХ ғасырда әлемік деңгейге көтерілді. Террористік мемлекет қоғамдағы заңсыздық, тоталитарлық, диктатуралық режим арқылы өз халқына ғана емес, басқа мемлекеттерге де зиянын тигізеді. Мысалы, фашистік Германия мемлекеті. 1793 жылы Француз революциясы нәтижесінде өкіметті басып алған якобиншілер диктатурасы мыңдаған адамның басын шауып, «алапат террор» дәуірін бастап берген болатын. «Террор» терминінің кең ауқымда таралуының мемлекеттік сипат алуы да осы тұстан басталады. Ал бағыт-бағдары әрқилы террористік ұйымдар мен топтардың ошақтарына айналған аймақтар ХХ ғасырдың 60 жылдарына тура келеді. Бүгінде әлемде 2 мыңнан астам террристік ұйым бар. 1968-1980 жылдардың аралығында олардың қолымен 6700-дей теракт жасалып, соның салдарынан 3668 адам өмірі қиылып, 7474 адам ауыр жарақат алған.

Ресейлік ғалымдардың зерттеулері мен шетелдік зерттеу орталықтарының мәліметтеріне қарағанда терроризм саласында жиынтық бюджет сомасы жыл сайын 5-20 миллиард долларға дейінгі мөлшерді құрайды екен1. Дүниежүзінде 2001 жылдың соңы мен 2001 жылдың 1 жартысында болған процестердің қарапайым ғана талдауы террористік белсенділіктің өсе түскенін көрсетеді. Тек қана 2002 жылдың алғашқы сегіз айында дүниежүзінде 390 теракт болған. Мұның өзі 2001 жылы тіркелгендерден оннан бір бөлігіне көп. Және сол терактілерде 4776 адам қаза тапқап2.

Бүгінгі терроризм жалғыз жарым диверсанттар мен камикадзелер ғана емес, олар кең көлемді құрылымдық жүйе. Мәселен, Ауғанстан, Тәжікстан, Косово және Шешенстандағы террористік әрекеттер олардың мықты-мықты демеушілерінің бар екендігін көрсетіп отыр. Олар «ыстық нүктелерге» қару-жарақ жеткізу үшін де қажет. Мәселен, Югославиядағы қақтығыстарда хорват, мұсылман және албандық топтарға сырттан жылына 2 миллиард доллардың қару-жарағы мен әскери техникасы жеткізіліп отырылған. Ресей зерттеушілерінің (С. Казенов, В. Кумачев) зертеулері бойынша, терроризм бүгінде әлемнің тұрақсыздық жайлап отырған аудандарында, жаңа ғаламдық өзгерістер мен қайта қалпына келу аралығындағы өтпелі кезеңдегі елдерде өрістеп отыр. Демек, әлемдік қауіпсіздік жүйесі мен халықаралық қауымдастықтың көбесі сөгіле бастаған тұста террористік топтар мен қылмыстық әрекеттердің өршуі белгілі жағдай. Терроризмді саяси мақсатта пайдалану көбірек көрініс табуда. Ол тек тоталитарлық режимдегі елдерде ғана емес, демократиялық елдерде де байқалуда. Терроризмді «исламмен» байланыстыру бүгінгі күннің және бір ерекшелігі.

Неліктен терроризммен дәл осы ислам діні байланыстырылады деген сауалға біржақты жауап беру бүгінде қиын болып отыр. Терроризмнің пайда болуына себеп болатын факторлар сан-алуан. «Ислам факторы» соның бірі ретінде қарастырылады. Мұнайлы араб елдері әлемдік геосаясатта әліге дейін өз мүдделерін өздері қалағандай дәрежеде жүзеге асыра алмай келеді. Сондықтан ол елдер ұлттық мүдделерінің орындалуын қатаң түрде талап етіп, заңсыз әрекеттерге баруға немесе террорлық топтарға демеушілік жасауға мәжбүр болып отыр. Ислам – олардың мемлекеттік идеологиялары екендігі шындық. Ендеше оларды ислам идеологиясын террористік әрекеттерде пайдалануда деп айыптау Батыс үшін негізгі құрал болып отыр3.

Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы мәлімдемелерінде жаңа мағына жамылған «исламдық қауіп-қатер» деп аталатын жаңа сөз жиі-жиі және үздіге қайталанатын болып жүр.

1Е. Қарин. Жанталас.//Жас Алаш. № 29, 8 наурыз 2003.

2Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А., 2003. 36 б.

3М. Ашимбаев. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А., 2002. С. 16

Яғни қауіп-қатер тудырушы жалғыз-жарым діни фанатиктер мен экстремистер тобы емес, керісінше Азия, Еуропа, Африка, Солтүстік Америка және басқа құрлықтардағы көптеген елдердің миллиардтан астам адамы тұтынатын тұтас рухани ағым дегенге саяды. Осылайша ұғымның өңі айналдырылып, жаңа сөздің астарына болжауы мейлінше қауіпті де қатерлі мағына жасырылып отыр1.

Бұндай қауіп-қатердің асқынуы С.Хантингтонның «өркениеттер қақтығысы» концепциясын еске түсіреді. Мұның арты өте қайғылы, ауыр зардаптарға алып келуі әбден мүмкін. Оған мысал ретінде, мұсылмандарға қарсы «крест жорықтары» мен христиандарға қарсы «жиһад» соғысын айтуымызға болады.Терроризм пісіп-жетілуі үшін әлеуметтік-экономикалық негіз бар елде немесе сыртқы елдер мен трансұлттық корпорациялар мүдделерінің негізінде қалыптасады2.

С.Хантингтон исламның қазіргі терроризмдегі орнын былай көрсетеді: «Біріншіден, соңғы он жылдықтарда исламдық қозғалыстардың діни бағытының жаңадан жарылыс беруі мен әлем мұсылмандарының бірігу идеясы. Екіншіден, мұсылман әлемінде, әсіресе араб елдерінде Батыстық мәдениетке, билігі мен байлығына жаулықпен қарау күшейіп отыр. Бұған себеп, бір жағынан Батыстың көп жылдар бойы мұсылман елдерін отарлап келгендігі. Үшіншіден, мүсылман әлемінің құрамында әртүрлі ұлт, әртүрлі саясат пен мәдениеттегі елдер болғандықтан, олардың арасында өзара дау-жанжалдар көбейіп отыр. Төртіншіден, мұсылмандардың саны көбейген сайын олардың әртүрлі бағыттағы топтары да көбейе түсуде»3.

Батыс өркениетіне қарсы исламдық жауап ретіндегі әрекеттер жайлы түрлі пікірлер айтылуда. Мысалы, Қырғызстанның Ислам орталығының төрағасы С.Камулиддин «Көптеген адам өліміне алып келген 11 қыркүйектегі теракт, АҚШ-тың ислам елдеріне қарсы саясатына жауап» деп түсіндіреді4. Ресейлік зерттеуші Е.Ихлов былай дейді: «Исламдық тоталитарлық радикализмнің туындауы – бұл мұсылман әлемінің жаңалануға қарсы реакциясы. Әрбір ел, әрбір мәдениет тарихында жаңару мен жаһандануға қарсылық көрсеткен. Мәселен, Ресейде еврей үстемдігіне қарсы «қаражүздіктер», сосын – большевиктер. 1914 жылғы Батыс Еуропадағы ұлттық мүдде үстемдігі, Италия мен Испанияда – фашизм, Германиядағы – ұлтшылдық қозғалысы. Латын Америкасындағы 1960-1970 жылдардағы сұрапыл төңкерістер мен Ирандағы Аль-Хомеинидің ислам төңкерісі осыларға мысал.

1Н. Назарбаев. Сындары он жыл. – А., 2003. 75 б.

2К. Сыроежкин. Год после трагедии. //Континент. № 18 2002. С. 35

3М. Ашимбаев. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А., 2002. С. 20

4И. Ротарь. Война поднимает исламских радикалов. //Независимая газета. 9 октября 2001.

Бұлардың барлығы да кедейшілікке қарсы күрес емес, Батыстық либералдық идеялардың үстемдігіне қарсы күрес еді»1. Алайда, террористік және экстремистік топтардың көпшілігінің «ислам әлемі» елдерінен шығып отырғандығы да жасырын емес. Егер фундаментализмнің әрбір дінге тән екендігін ескерсек, онда қоғамға қарсы құбылыс ретінде фундаментализмнің қатері, оның қандай конфессияға жататынына қарамастан, кез келген қоғам үшін қауіпті екенін сезінуге тиіспіз2. Террористік актілердің астарынан идеологиялық себеп іздейтіндігімізден исламды не мақтап не біржақты даттап жатамыз. Ал, шынтуайтына келгенде терроризм жеке алғанда өз алдына идеология болып табылады. Ислам – ежелден рахымдылық, мейірімділік және әділдік діні. Каф сүресінің 29 аятында дін еркіндігі туралы айтылып, дінге күшпен енгізу ауыр күнә екендігі айтылған. Ислам – еркіндік пен бейбітшілік діні. Ислам бойынша нахақтан адам өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен пара-пар. Ислам діні дүниеге ғылым-біліммен тараған. Күшпен орнатылған құрылым, заманы өтісімен қалып қояды. Ислам күшпен, зорлықпен тараған дін болса, осы күнде оны ұстанатындардың саны миллиардтан аспас еді. Ислам дінінде басқа діндегілерге тіл тигізуге рұхсат жоқ. Олай болса, қару ұстап басқаларды өлтіру одан да ауыр күнә. Және де исламда мұсылман балаларын өзге діндегі ұстаздарға беріп оқыту теріс емес. Өйткені, руханиаттың, діннің ешқайсысы да адамзатқа жат емес. Терроризмнің түп-тамыры белгілі бір дінде жатыр деген пікірдің ешқандай сын көтермейтіндігіне қарапайым дәлел терроризм белгілі бір идеологияны пайдалана алатын құрал болып табылады. Бұлай болмаған жағдайда біз террористік бейімділігі жағынан тек исламды ғана емес, католицизмді де айыптауға тиіспіз. Мысалыға алғанда, Солтүстік Ирландиядағы жіктеудің бір ұшығы дінмен астасып жатыр3.

Діни фактор – терроризмнің бір ғана қыры. Террористер іс-әрекеттерін тек бір формада жасап қоймайтыны белгілі. Жағдайға қарай, мақсатына, қолданған қаруларына қарай түрлі іс-әрекеттерге барады. Жалпы, ғылыми зерттеулерде олар ұқсастықтарына қарай топталып, жіктеледі. В.Торукало мен А.Бородиннің зерттеулері бойынша ол былай классификацияланады:

1. Халықаралық және ішкі(мемлекеттік).

2. Мемлекеттік емес (барлық бағыттағы ұйымдар мен топтар) және мемлекеттік.

3. Мақсат-бағытына қарай саяси, діни және ұлттық.деп бөлінеді.

4. Терактіні қандай жолмен жасағандығына қарай бөлінеді4.

Егер жаппай қырып-жою қарулары террористердің қолдарына түссе, ең үлкен қауіп сол болады.Оған немқұрайлы қарауға да болмайды.



1Е. Ихлов. Геноцид во имя паранджи. //Независимая газета. 4 октября 2001.

2Н. Назарбаев. Сындары он жыл. – А., 2003. 79 б.

3Бұл да сонда, 38 б.

4М. Ашимбаев. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А., 2002. С. 34

Және де авторлар терроризмнің мынадай түрлерін де атайды: халықаралық, мемлекеттік,саяси, этноұлттық, діни,идеологиялық, әскери және қылмыстық1.

Терроризмнің ХХІ ғасырдағы ең басты ерекшелігі, оның халықаралық деңгейге көтерілуі. Осыған орай оның тактикасында да бірнеше ерекшкліктерді атап айтуымызға болады.:

1. Қала орталықтарын жаппай бомбалау.

2. Лақтырылатын жарылжыш заттармен зақымдау.

3. Көпшілік халықты бір мезетте жойып жіберу.

4. Көп санды адамдарды кепілдікке алу.

5. Террорлық актілердің өсуі мен жаһандануы.

Терроризм, бұрынғы «игілік үшін» идеясынан бүгінде айныған. Ол заңсыз есірткі, қару-жарақ және адамдарды сатумен тығыз байланысып кеткен. Бұндай әрекеттер, біріншіден терроризмге үлкен пайда алып келсе, екіншіден, террористердің ұйымдастырушысы мен демеушілері де көп ретте сол есірткі барондары мен заңсыз қару-жарақ бизнесінің иелері болып келеді2.

Террористердің психологиялары да ерекше - олар өз идеяларына берік және берілген, сол жолда өліп те кетеді. Екіншіден, террористердің санасы оларды жаттықтырушылар мен рухани демеушілері тарапынан уланған. Террорист – алдымен өзі де рухани терроризмнің құрбаны болған адам. Ол бір жағынан, іс-әрекетін еріксіз түрде немесе қорыққандықтан істейді. Өйткені, көбіне террористік ұйымдарға кіру бар да шығу жоқ. Бүгінгі терроризмнің және бір ерекшеліктері:

1. Халықаралық қатынастар мен әртүрлі елдердің қоғамдық-саяси жағдайына айтарлықтай әсер ете алады.

2. Саяси стратегиялық ұйымдары мен әскери топтарының болуы.

3. Іс-әрекеттерін заңды да, заңсыз да жүзеге асыру.

4. Террористік топтар арасындағы алауыздық пен өзара бірігулері.

5. Олардың топтарының және демеушілік мүмкіндіктерінің өсуіне қарай терроризм қазір күшеюде.

Жалпы, тарихтан әртүрлі бағыттағы бірнеше экстремистік, террористік ағымдарды білеміз:



Экономикалық экстремизм. Оның мақсаты – экономикадағы көп салалықты жою, жекеменшікті шегеру және шаруашылықты басқарудың бірегей түрін қалыптастыру. Орталықтан басқару немесе мемлекеттің экономикаға мүлдем араласпауы. Ауылдық жерде егістіктерді өртеп жіберу және насикомдардың таралуына мүмкіндіктер туғызу3.


1В. Торукало, А. Бородин. Терроризм как глобальная проблема современности. //www. waaf. ru

2М. Ашимбаев. Современный терроризм: взглаяд из Центральной Азии. – А., 2002. С. 36

3Н. Афанасьев. Идеология терроризма. //Соц.-гум. знания. № 1 2002. С. 225

Экологиялық. Экстремизмнің жаңа түрі. Экологияның нашарлауынан туындаған ағым. Олар завод, фабрикалардан (экологиялық зиянды) жауып тастауға және жаратылыстану ғылымдарының көптеген жетістіктеріне қарсылық білдіреді. Мұндай ағымдардың келісімінсіз әрекеттері мемлекеттің заңдылықтарын бұзуы мүмкін, қоғамдық тәртіп пен экономикаға зиян жеткізуі де болуы мүмкін жағдай.

Діни экстремизм. Бір дінді басқа діндегілерге күштеп мойындату, басқа діндерді мойындамау және теріске шығарудан көрінеді. Және де бір діннің ішнде де әртүрлі секталары бірін-бірі мойындамай өзара қарсы болуы да мүмкін. Басты белгілері – басқа діндегілермен ешқандай да келісімге келмейді. Әсіресе дінге сенбейтіндерге қарсы болып, өз діні мен бағытын көзқарасы мен дүниетанымын күштеп қабылдатады. Діни экстремизм тек дін шеңберінде ғана емес, саяси салада да әрекет етеді. Көбінесе зайырлы конституциялық мемлекетті құлатуды, оның саяси жүйесін өзгертуді, сөйтіп діни теократиялық мемлекет құруды мақсат етеді. Ондай мемлекет заң актілері мен сот құрылымдарын шариғат заңдарына сәйкестендіріп құрады. Бұл бағыт өте тез тарайтын ағымға да жатады. Мәселен, 1990 жылдардағы 56 белгілі террористік ұйымның жартысына жуығы діни негізде құрылған. Олардың жаулары – кім солардың діни конфессиялары мен секталарына мүше болса – сол1.

Бүгінгі күндегі діни экстремистік ұйымдарға мысалы: «Ал-Каеда», «Хамас», «Хезболлах», «Жамиат ул-Улема и-Ислам», «Хиб ут-Тахрир», Солтүстік Ирландияның протестанттық «Ультра» ұйымы, Украинадағы «Ақ туыстар» ұйымы, американдық ку-клус-кландық «Халықтық әскер» және жапондық «Аум Синрике» т.б. жатады. Сондай-ақ 1979 жылы Египетте құрылған «Ал-Гамаа ал-Исламиа» ұйымы, Египеттің «Ал-жиһад» ұйымы, 1993 жылы қазан айында түзілген «Харакат ул-Ансар» ұйымы (Кашмир), Бангладеш еліндегі «Жиһад», Ауғанстандағы «Кеңес және реформа», Пакистандық «Талибандар» мен Сауд Аравиясындағы «Уаһһабизм». Исламдық фундаментализмніің пайда болуы ІІ дүниежүзілік соғыс қарсаңында, алғаш рет Египетте этикалық ілім ретінде қалыптасты. Үлкен ұйымдардың бірі «Мұсылман туыстар» 1828 жылы құрылған. 1980 жылдардың өзінде бүкіл әлемге белгілі төрт ұйым бар еді:

1. АҚШ-тағы «Жамиат ул-Фукра», 1980 жылы құрылған.

2. Ливандағы «Хезболлах», 1982 жылы құрылған.

3. Палестинадағы «Хамас», 1987 жылы құрылған.

4. Сауд Аравиясындағы «Ал-Каеда», 1988 жылы құрылған.

Алдыңғы екі ұйым соғысу мен қиратуды мақсат тұтса, соңғылары оңшыл радикалды ұйымдар болып, саясатқа ұмтылады. Фундаментализм идеясы – Жан Кальвинге тиісті. Оның ілімі бойынша адамадар екіге бөлінеді: «таңдаулылар» және «лағнеттенгендер». Таңдаулыларға – жұмақ, лағнетке ұшырағандарға – тозақ оты жазылған.
1Н. Афанасьев. Идеология терроризма. //Соц.-гум. знания. № 1 2002. С. 230

«Тозақтан құтылудың жалғыз жолы – дейді Кальвин – таза сенімді ұстануға және уағыздауға барынша күш салу. Қалған өмірлік рахаттардың барлығын Тәңірінің өзі береді»1. Францияда пайда болған Кальвинизм, кейінне АҚШ-қа өтеді.

АҚШ-та Евенгалия шіркеуінде 1919 жылы Кальвинистер, Пресвитериандар, баптистер және методикалық пасторлардың Бүкіләлемдік Христиандық Фундаменталистік Ассоцияциясы түзілген еді. Ал ХХ ғасырдың 20 жылдарында Дарвин іліміне қарсы («маймылдан адамға айналу принципіне») «Негіздер» (фундамент) деген еңбектер жазылып, бұл атау беки түседі. Кейіннен Батыс зерттеушілері бұл терминді ислам, иудей т.б. діндерге қатысты қолдана бастады. Фундаментализм – діннің таза қалпына қайту, негізгі қағидаларына оралу дегенді ғана білдіреді2. Бүгінде ислам дініндегі фундаменталистерді – салафиндер деп жүр. Ол «ас – салафиа» - «ата-баба жолы» деген сөзді білдіреді3. Ал «исламдық» деп ат тағу, дінге қатысты қоғамдық пікірден гөрі, саяси мүддені көздейтін пиғылға жақындау. Қазіргі күнде тек араб елдерінің өздерінде 145 исламдық діни-саяси ұйымдар фундаменталистік бағыт ұстанған. Олардың басты мақсаттары – Шариғат қағидаларына сүйенген діни мемлекет пен қоғам құру. Мұндай тенденциялар ХХ ғасырдың 60 жыдарында-ақ байқала бастаған болатын.

Бірақ, «өкінішке қарай, діни фундаментализмді жақтаушылардың күнделікті өмірде дінді шашау шығармастан сақтау керек деген талапты үзілді-кесілді императив деңгейіне көтерулері, сөйтіп оны азаматтық қоғамының барлық қабаттарына таратуды талап етулері, әрине саяси плюрализм принциптерін қанағатандырмайды. Бұған қоса, өкініштісі, фундаменталистер деп аталатындар өздері ұстанатын бағдарларын мейлінше қаталдықпен, кейде мақсаттарына жету үшін агрессиялық жолмен жүзеге асырады немесе жүзеге асырғылары келеді»4.

Діни экстремистердің белең алуына сонау «Суық соғыс» жылдарында Алжир, Тунис, Иордания, Египет, Израиль т.б. мемлекеттерінде Кеңес идеологиясынан немесе Батыс модернизациясынан қорғану мақсатында діни ұйымдарға қолдау көрсетіліп, қоғамдағы рөлін көтеріп жіберу себеп болды. Енді, солардың кері тебуі көрініс беріп отыр. Мысалы, Израиль үкіметі Арафат билігін төмендету мақсатында «Хамас» тобын қолдаған болса, АҚШ үкіметі КСРО-ға қарсы соғысушы моджаһедтерге жан-жақты көмегін аяған жоқ5.

Уақыт өте келе діни ұйымдар мемлекет деңгейінен шығып, халықаралық дәрежеде көріне бастады. 1998 жылы ақпанда «Еврейлер мен крестшілерге қарсы соғыстың халықаралық ислам майданы» түзіліп, онда Усама бен-Ладен Батысқа, әсіресе АҚШ-қа қарсы жиһад жариялап, фетва шығарған болатын.



1Л. Полуянов. Игра на опережение. //Время. 27 марта 2003. С. 16

2И. Кудряшова. Фундаментализм в пространстве современного мира. //Полис. № 1 2002. С. 66-67

3А. Сагадеев. Философское наследие мусульманского мира и современная политическая борьба. – М., 1987. С. 11

4Н. Назарбаев.Сындарлы он жыл. – А., 2003. 79 б.

5Г. Мирский. «Политический ислам» и западное общество. //Полис. № 1 2002. С. 80

Фетвада: «Азаматтық болсын, әскери болсын американдық және оның одақтастарының адамдарын өлтіру әрбір мұсылманның парызы» делінген. Ол фетваға қосылып, қол қойған ұйымдар: «Ал-Каеда», «Ал-Гамаа ал-Исламиа», «Ал-Жиһад», «Харакат ул-Ансар», «Жиһад», «Кеңес және реформа», «Талибандар»1. Жалпы, ислам елдері Құрама Шаттарының мұсылман елдерін «террористік фундаменталистер» деп жалпылама қаралауы мен Таяу Шығыстағы жанжалдарда Израильге көмек беруін айыптайды.

Фундаментализм өз болмысында «қорғану» да «шабуыл» да болуы мүмкін. Осының «шабуыл» түрі бүгінде «жиһад» ретінде көрініс беріп отыр. Ол ежелден бар нәрсе. Негізінен мұсылман еместермен соғысты білдіреді. Бірақ мұсылмандар кітап түсірілген үш діннің бірі ретінде христиан дінін мойындайды. Ал енді, террорист-фанаттар дінді таратудан гөрі Америкаға қастандық жасауға көбірек көңіл бөледі. Бұл пиғыл діни ойдан емес мәдени- өркениеттік, психологиялық және геосаяси жағынан туындап отыр2.

Бір жағынан батыс зерттеушілері айтқандай, капитализм мен социализм идеялары ХХ ғасыр басында кедейшілік пен құндылықтарды әділ шешіп бере алмағандықтан да халық діннен жауап іздейтін сияқты3.

Көпшілік зерттеулерді зерттей келе терроризммен экстремизмнің исламмен байланыстырылуын былайша түсіндіруге болар еді:

1. Фундаменталистерді тек қана «кедейлердің» «байларға», «колониялы елдердің» «империалистік державаларға» қарсы соғысы деп түсінбеу керек, бұл жерде шынында да діни жағынан жандасу да бар. Өз дінін таза қалпында сақтау, бөгде элементтерден қорғау барлық дінде бар құбылыс.

2. Фундаментализм-таза діни де ағым емес. Өйткені, Құранның ешбір жерінде адамды өлтіру, зорлау, қорлауға рұқсат етілмеген. Қазіргі діни экстремистер аяттың тек жекелеген бөліктерін алып, өз ойларының жүзеге асуына пайдаланып жүр. Құранда христиандарға және басқа сенімдерге қарсы бір ауыз сөз жоқ.

3. Фундаментализмде «Ал-Ислам хуа ал-хал» деген ұғым бар, ол «Сенің таңдауың – ислам» дегенді білдіреді. Бұны басқа діндегілерге қарсы қозғалыс емес, мұсылман елі ішіндегі дін арқылы елді біріктіру, қоғамдағы зиянды әрекеттердің алдын алу деп түсіну керек.

4. «Исламдық жаңғыруға» әсер еткен нәрсе жаңа мың жыдықтағы ғаламдасу болып отыр. Оның көш басында Құрама Штаттары болғандықтан мұсылман елдері үшін бұл америкаландыру болып сезіледі.

1Г. Мирский. «Политический ислам» и западное общество. //Полис. № 1 2002. С. 83

2Л. Полуянов. Игра на опережение. //Время. 27 марта 2003. С. 16

3Д. Эспозито. «Исламская угроза: миф или реальность?» из статьи Мирского. //Полис. № 1 2002.

Әрине, КСРО ыдыраған соң АҚШ әлемдегі жалғыз супердержава болып қалды. Және де американдық құндылықтар мен трансұлттық компаниялары әлемнің барлық нүктелеріне тамыр жайып үлгерді. Осыған қарсы фундаменталистер АҚШ-тың үрейін алу мақсатында және Вашингтонның «ислам әлеміне» шүйлігуін күшейту арқылы бүкіл мұсылмандарды Америкаға қарсы қоюға тырысады. 2001 жыл 11 қыркүйектегі жарылыстың астарынан осындай ой іздейтіндер де бар1. Осы жерде Батыстың ислам елдеріне қарсы көзқарасын оятуда мемлекеттік саясат пен БАҚ-тың рөлі көбіне жасырын қалатынын айтпай болмайды. Кез келген мемекеттік саясаттың алғы шебінде ақпарат арқылы тарайтын идеология жүретіні рас. Елбасымыздың БАҚ-қа берген сұхбатында: «Қарасаңыздаршы, американдық бұқаралық ақпарат құралдарының Ауғанстандағы соғыс кезінде қалайша қанат жайып, бір шептен табыла қойғанын. Барлығы бір сапқа тұрғандай болды. Өйткені, бәрі де мұның өзі американ халқының мүддесін көздеп жасалып отырғанын біліп тұр. Өйткені, қоғамның, халықтың өзі өмір сүріп жатқан елдің асыл мұраттары бар»2. Бірақ барлық саясат та асы мұраттарға жұмсала бермесі анық. Мәселен, 1993 жылы Оклахомада әкімшілік ғимараты жарылғанда американдықтар бір ауыздан «бұл арабтардың ісі» деген болатын. Ал кейіннен белгілі болғандай ол таза англосаксондық американ азаматы болып шықты3.



Ұлттық экстремизм – террористік әрекеттердің бір түрі болып есептеледі.

Терроризмнің таралуына дүмпу қарымы сақталып отырған нәсілшілдік пен ұлтшылдық идеясы нәр беруде. Ұлтшылдықтың кез келген түрі терроризмнің таралуына қолайлы негіз болатынына ешқандай күмән жоқ. Бір ұлтқа екінші ұлттың үстемдігін орнату үшін ұлтшылдар терроризмді қолжаулық етуі әбден мүмкін4.

Олардың мақсаттары - өз ұлтының құқық-еркіндіктерін барынша қорғау, мәдениеті мен тілін , ділі мен дінін көтеру. Бірақ, дәл өзіндей екінші бір ұлттың осындай құқық-еркіндіктерімен санаспай, оларды кемсітеді. Аз халықтың қоғамдағы орнын төмендетіп көрсетуге тырысады. Ондай топтарға мысалы: Герман Ұлттық Демократиялық Партиясы, Францияның Ұлттық Фронты, Литваның «Саюдис» қозғалысы, Украинадағы «РУХ» және «УНА» қозғалыстары, Ирландиялық Республикалық Армия (ИРА) т.б. атауға болады. Әдетте, ұлтшылдық көп ретте - сепаратистік пиғылдың күшеюіне себепші болады. Мұндайда қанат жаятын ұлтшылдық субъектісі дербестік көксеген этникалық топтың да немесе оған кедергі жасаушының да болуы мүмкін. Сепаратизм французша «stperatisme» - «жеке-дара» сөзінен алынып, дербес өмір сүру дегенді білдіреді. Сепаратизм – көпұлтты мемлекеттің бөлшектеніп кетуінен немесе түпкілікті жеке-дара билеп-төстеуінен көрініс береді.
1Г. Мирский. «Политический ислам» и западное общество. //Полис. № 1 2002. С. 82

2Н. Назарбаев. Ең бастысы – ел тыныштығы. //Егемен Қазақстан. 7 ақпан 2002.

3 Г. Мирский. «Политический ислам» и западное общество. //Полис. № 1 2002. С. 81

4Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. – А., 2003. 31 б.

Таза сепаратистік ұйымдар ретінде Ольстердегі ИРА және ПИРА ұйымдарын, Испаниядағы ЭТА, Шри-Ланкадағы Таиил Ислам азаттық жолбарыстарын атауға болады. Бұл әрекеттерін олар – «ұлттық азаттық алу» деп түсіндіреді. Олар көбіне халық арасынан да, басқа мемлекеттер тарапынан да қолдауға ие болып, жақсы қаржыландырылып отырады. Соңғы кездері мемлекет тарапынан қолдау тауып отырған мемлекеттік терроризм қалыптасып, дамып келеді. Мемлекет соғыс жүргізу мен өз саясатын іске асыру мақсатында террористік топтарға қаржылай да, қарулай да көмектесіп отырады. Оған мысал ретінде, Иранның 1979 жылы американдық елшіліктен кепілдер ұстауға содырлар тобын пайдаланғанын айтуға болды. АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің лаңкестік туралы баяндамасында жеті ел, атап айтқанда - Ирак, Иран, Солтүстік Корея, Сирия, Ливия, Судан және Куба елдерінің әлі де террористермен байланыстарын үзбей отырғаны айтылған. Олардың көпшілігі терроризмге қарсы халықаралық Конвенциялар мен Хаттамаларды қолдайтынын мәлімдеген де. Қазір ондай халықаралық 12 құжат бар. Куба сол 12 құжаттың бәріне де, Судан 11-не қатысады., Бірақ, екі ел де шетелдік террористік ұйымдарға әлі де қолдау көрсетуде. Мәселен, 2002 жылда Куба «Баск отаны және азаттық» ұйымының 20 мүшесін паналатқан, Колумбияның Революциялық Қарулы Күштері және Ұлттық-Азаттық Армиясы дейтін террористік ұйымдарға да қодау көрсеткен. Иранның да Ливандық «Хезболлах», Палестинадағы «Хамас»,«Палестиналық исламдық жиһад» және «Палестинаны азат ету халықаралық майданы» сияқты ұйымдарға қолдау көрсететіні айтылады. Ирак президенті С.Хусейннің Израильге қарсы террористік әрекеттердің барлығын қолдайтындығын ашық мәлімдегені де белгілі. Солтүстік Корея осындай әрекеттерді тікелей қолдамаса да, террористік топтарға, олардың демеуші елдеріне қару сатқандығы анықталған. Сондай-ақ жапондық «Қызыл Армия» Ливанның қолдауына ие. Ал, «Ал-Каеда» ұйымы Ауғанстандағы Талибан билігі кезінде сол елден пана тапқан болатын1.



Саяси экстремизм және терроризм, ХІХ ғасырдағы мемлекеттік билік үшін таластың саяси түс алғандығымен бірге өрбіп отырырған десек қателеспеген боламыз. Саяси экстремизм зерттеушілер арасында дәстүрлі түрде екіге бөлінеді: солшыл және оңшыл экстремистер деп. Солшылдар көбіне, маркстік- лениндік және солшыл анархизм мен радикализмнің идеяларына сүйене әрекет етеді. Солшылдар идеялары жақын анархистер де террористік әрекеттер жасауға бейіл құрылымға жатады. Олардың әрекеттері 1870-1920 жылдарда кең етек алған. 1901 жылы АҚШ Президенті Вильям Макинли анархистер қолынан қаза тапқан. Солшылдардың қорғайтын құндылықтары – жұмысшы күші, қорғансыздар мен меншігі жоқтар. Олардың айыптау нысаналары – капитализм, империялизм, плутократия, корпоративтік мемлекет және әлеуметтік теңсіздік, жеке бастың қоллануы мен эксплуатация, қоғамның бюрократиялануы.
1Лаңкестер де демеушілерге арқа сүйейді.//Егемен Қазақстан. 9 мамыр 2003.

Солшыл экстремистер фундаменталистік немесе радикал-революциялық сипатта да болады. Олар әдетте байлар мен билік басындағыларға шабуыл жасайды. Ондай топтарға мысалы ретінде – немістердің Баадер-Мейнхоф, жапондық Қызыл Армия мен италияндық Қызыл Бригада және Вьетнамдық Қызыл Кхмерлерді айтуға болады. Ал оңшыл саяси экстремистер – фашистік, неофашистік, нәсілшілдік, ультра оңшылдар және ұлтшыл қозғалыстар болып табылады. Сынайтын объектілері – қазіргі заманғы коммунистік және консервативтік позиция тұлғысынан «тәртіптің жоқтығы», «плутократия үстемдігі», «құндылықтардың төмендеп кетуі», «еврейлерді қорлау» (басқа да аз ұлттарды қорлау), эгоизм, нашақорлық, жеке басқа табыну т.б. Солшылдар сияқты оңшылдар да мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Мәселен, АҚШ-тағы «Еврейлерді Қорғау Лигасы», Кубалық Контрас және Аргентинаның Антикоммунистік альянсы. Тағы басқа да мынадай ұйымдар мен партиялар бар: ГҰДП, «Италия әлеуметтік қозғалысы», АҚШ-тағы Дж. Берч қоғамы мен «минитмендер» тобы, Франциядағы Ұлттық Фронт, Жапониядағы «Сокое ренто» («Коммунизмді жеңу»), Ресейдегі «Орыс ұлттық бірлестігі» мен «Естелік» Ұлттық Патриоттық Фронты, Украинадағы ОУН, УПА, УНСА ұйымдары.



Рухани экстремизм де бүгінгі күннің ең сорақы көріністерінің бірі болып отыр. Немесе оны ақпараттық терроризм деп те атайды. Қоғамдағы дәстүрлі мұра мен тіл, салт – дәстүр, психология мен идеологияны жою, мүлдем басқа жаққа, өз мүдделеріне бұру – рухани экстремизмнің белгілері. Рухани экстремизм өте қауіпті. Ол ғылым мен техниканы жауыздыққа да жұмсай алады. Әлемнің бірінші ұстазы атанған Аристотель: «Адам жанының жасампаздық аталатын тамаша қасиеті бар. Ол арқылы адам баласы өз мақсатына жете алады. Мақсатыңыз дұрыс болса, жасампаздық жақсылыққа жетелейді. Егер мақсатыңыз қараңғы болса, зияны алапат жауыздыққа ұласады» деген болатын. Ақпараттық терроризм сіздің де мақсатыңызды улап алуы мүмкін. «Тозаққа барар жол да ізгі ниетпен төселген» дейді. Алдау-арбауға түсіп тозаққа бара жатқандарын білмейтіндер де көп. Экстремистік топтар ақылға емес, сезімге әсер ету арқылы жақтастарының сөзсіз бағынуын қадағалап, өз дегенімен емес, өзгенің бұйрығымен жүріп, санасына сіңдірілген мақсатына жетуде ештеңеден тайынбайтын мәңгүрттерді дайындап шығарады.

Бүгінде терроризм жалқы себептер мен жалғыз фактордың әсерінен қалыптасып отырған жоқ, керісінше, тұтас проблемалар шоғыры әсер етіп отыр. Олар: қарама-қайшы екі жүйенің текетіресі, аймақтық қақтығыстар мен ұлтаралық араздық, халықаралық есірткі саудасы мен заңсыз қару-жарақ тасымалдау және ең басты себебі - әлемдік даму теңсіздігі болып отыр.


Терроризм шындығында да, әлеуметтік-саяси қарсылық ғана емес, ол – геосаясаттың да құралы. Қазіргі заманғы ғаламдық және аймақтық проблемалардың көпшілігі «қырғи-қабақ соғыстың», яки екі блок арасындағы қарама-қайшылықтың салдары дегенфакт факт болып қала береді1.

«Қырғи-қабақ соғыстың» алдыңғы шебінде, әрине, арнайы құпия қызметтің жүретіндігі белгілі. Олардың мақсаты – қарсыласын кез келген әдіспен әлсірету болып табылады2. Әлемдік текетірестік бәсеңдеп, КСРО-ның ыдырауымен бақылаусыз қалған террористік топтар бүгінде «игілік» істермен емес таза қылмыстық әрекеттермен айналысуда. Ал оларға қару-жарақ жеткізіп беруші елдердің болуы қауіп-қатердің бәсеңдемегенін көрсетіп отыр. АҚШ-тың 1996 жылда әлемдік қару-жарақ рыногындағы үлесі 42,6 % екен3. Осыншама қарудың бейбіт дамып отырған елдерден гөрі, тұрақсыздық жайлаған, соғыс болып жатқан аймақтарға көбірек керек екендігі өз-өзінен түсінікті жағдай. Сұраныс болмаса, ұсыныс болмайды, демек қару-жараққа сұраныс бәсеңдемепті. Мемлекет тарапынан терроризмді қолдап-қуаттау тоқтатылмайынша, онымен күрес нәтижесіз бола бермек. Оны мемлекеттің саяси мүддесі үшін пайдалануы – халықаралық терроризмге дем берер бірден-бір жол деп түсінген дұрыс. Жалпы терроризм – саясаттың көлеңкелі жағы4. Бүгінгі тілмен айтқанда, байрғы және одан беріректегі ғасырларда өткен көптеген дерлік белгілі оқиғалардың негізінде саяси терроризм мен конфессиялық экстремизммен байланысты актілер жатыр...

Александр Македонскийдің жорығы Эгидегі Македония патшасы Филиппті өлтіретін террористік актіден басталған. 1914 жылы террористер Габрилович пен Принцип - эрцгерцог Франц Фердинандты атып өлтіріп, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына түрткі болады. Қысқасы, бәрі де – дәстүрлі патша өлтірушіліктен басталып, қарапайым қарақшылықпен аяқталған5...

Терроризмің таралуына аймақтық жанжалдар да үлкен әсерін тигізіп отыр – Ауғанстан, Кашмир, Солтүстік Кавказ, Израиль, Палестина және бүгінгі Ирак жалпы Таяу Шығыс пен Парсы шығанағындағы тұрақсыздық осыған мысал.

Израиль-Палестина арасындағы шексіз кек алу тоқтар емес. Арабтардың әрбір өзін жарып жіберу терактісінен соң, Израильдің Палестианға әскер аттандыруы «көз үйренген» жағдай сияқты болып қалды. Кашмир мәселесі 1947 жылдан бері Үнді-Пакистан жанжалына себеп болып келуде. Екі ел арасындағы терактілер де бәсеңдер емес. Бұл шекара дауынан гөрі мүдделер қақтығысына көбірек ұқсайды.

1Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А., 2003. 92 б.

2Е. Карин. Спецслужбы и терроризм: опасные игры. //Континент. № 18 2002. С. 36

3Ш. Мұқан. Соғыстан соң төнген қара бұлт. //Жас Алаш. № 46 2003.

4Е. Карин. Спецслужбы и терроризм: опасные игры. //Континент. № 18 2002. С. 37

5Н. Назарбаев. Сындары он жыл. – А., 2003. 50 б.

Армения мен Азербайжан арасындағы Таулы Карабах жанжалының қайта тұтану қаупін де жоққа шығара алмаймыз. Қазіргі кезде этностық жанжалдар да көбейіп отыр. Олар – Ресейдегі Шешенстан, Грузиядағы Абхазия, Азербайжандағы Таулы Карабах, Молдавиядағы Приднестровье, Ұлыбританиядағы Солтүстік Ирландия, Испанияда Басктер, Македонияда абандар, Югославияда Косово, Туркияда курдтар, Қытайда ұйғырлар мен тибеттіктер, Шри-Ланкадағы Таиилдермен болып жатқан қақтығыстарды айтуымызға болады.

Қорыта айтқанда, терроризмнің өршіп кетуіне түпкі себеп дамудың теңсіздігінде жатыр, мұның өзі әртүрлі мәдени жүйелерді қатал үн қату қарсылығын тудырып, оны террористер ең бір агрессивті түрде арсыздықпен пайдаланып отыр. Бүгінгі таңда бұл заңдылықты бажайламау – болашақтың іргесіне баяу жарылатын мина көму деген сөз. Терроризмнің пайда болуы мен таралуына дем беретін фактор осы әлеуметтік қорғансыздық екендігіне де күмән жоқ. Әрине жұмыссыздықтың деңгейі, табыстың төмендігі, болашақтың бұлыңғырлығы әлеуметтік шиеленістің ширыға түсуіне дем беретіні айдан анық1.

2002 жылдың қыркүйек айында Иоханнесбургте өткен БҰҰ-ның мыңжылдық саммитінде Бас хатшы Кофи Аннан ғаламдық үш мәселені қозғады: қауіпсіздік, кедейшілік және қоршаған ортаны қорғау2. Демек кедейшілік бүгіннің ғаламдық деңгейдегі мәселесі.

Бүгінгі таңда «кедей» елдердегі халықтың бұқаралық санасы қазіргі дүниені шыңдалмаған дегеннен гөрі әділетсіз деуге бейім екенін елемеуге болмайды. Әділетсіздікке қатысты мұндай бұқаралық түсініктің сыр-себебі ғасырлар аясында қалыптасқан және оған Африка, Азия, Латын Америкасы сияқты елдердегі отаршылдық кезеңдер туралы тарихи негіз болатындығын мойындаған жөн. Отаршылдық соғыстар, құл иеленушілік, аймақтық басқыншылық, әділетсіз тонаушылық әдістері немесе отар елдердің байлығын қотара қарбыту – міне, мұның бәрі де астарлы әрі ашық қалпында ғасырлар бойы қатталып келіп, енді бүгін әрі артта қалушылықтан ақталудың ауыз толтырып айтар сылтауы болса, әрі «кедей» елдердің бай да бағлан мемлекеттерге деген өшпенділігінің қисыны болып отыр. Жалпы, терроризм, сепаратизм және экстремизм дегеніміз саяси, әлеуметтік және экономикалық теңсіздікпен уланған әлемдік қауымадстықытың тәнін меңдеген дерт болып отыр3.

«Қазіргі кіші соғыстар» деген еңбектің авторы Фрайхер фон дер Хейдте былай деп еді: «терроризм әлеуметтік факторрдың туындысы болғанымен, өзі әлеуметтік құбылыс болып саналмайды»4.



1Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А., 2003. 34-39 бб.

2С. Абдулпаттаев. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. //Ақиқат. Қаңтар 2003.

3Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А., 2003. 91 б.

4Е. Карин. Спецслужбы и терроризм: опасные игры. //Континент. № 18 2002. С. 36

Қазірдің өзінде Орта Азиялық аймаққа халықаралық экстремистік және террористік топтар ықпалының тарай бастауы біздің аймақ үшін айқын қауіп-қатер болып отыр. Кеңес үкіметі құлаған соң Орталық Азия мемлекеттерінің саяси аренада көрінуі әрқилы болды. Түрікменстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бастап ақ бейтараптықты сақтаса, Тәжікістан 90-шы жылдардың басында азамат соғысына тап болып, сыртқы және ішкі экономикасының дамуына кедергілер көбейді. Ал, Қырғызстан табиғи ресурстарының тапшылығынан шетел инвесторларын қызықтыра алмай отыр. Бұған керісінше Қазақстан мен Өзбекстанның ішкі экономикадағы тұрақтылығы мен экспортқа шығаратын шикізат көлемінің артуы және одан түсетін пайда оларды Орталық Азиядағы қуатты мемлекеттерге айналдырды1. Бірақ барлығына да ортақ қатер экстремизм мен терроризмнің өршуі болып отыр.

Экстремист атаулы үшін террор олардың барлық проблемаларын шешетін әмбебап ішірткі болып отыр. Террорлық әрекет жағдайды тұрақсыздандырады, агрессиялы жауап қайтаруға арандатады, қоғамға наразылық сезімін оятады, одан әрі ақыл-ойды жаулап алу үшін қолайлы орта қалыптасады да билікті басып алады немесе қоғамдық хаос пен азаматтық бей-берекетсіздікке ұрындырады2.

«Экстремизм» ұғымы – 2001 жылы 15 маусымда қабылданған Шанхай Конвенциясында былай түсіндіріледі: «Экстремизм – билікті күшпен алу немесе күшпен ұстап тұру, сондай-ақ мемлекеттің конституциялық құрылымын күштеп өзгерту және қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, осы мақсаттарды жүзеге асыруда әскери қимылдар арқылы әсер ете алатын кез келген әрекет»3.

Экстремизм - французша сөз болып, «күштеу» деген мағынаны білдіреді. Діни экстремизмнің Орталық Азия елдерінде таралуына мынандай объективті себептер бар:


  • Мұсылмандар көп тұратын Орталық Азияда коммунистік идеология қираған соң қалыптасқан идеологиялық вакуумды ислам идеологиясының толтыруы әбден мүмкін.

  • Тәуелсізідік алған елдерде ұлттық сананың оянуы кең етек алды. Бірұлтты Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанда ислам - азаматтық ерекшелікті қалыптастырудың және бірігудің бір құралы ретінде көрініс тапты.

  • КСРО ыдырағаннан соң оңтүстіктегі «Ислам әлемімен» арадағы «темір тор» құлап, Оңтүстік Азия елдері табиғи ресурстарға бай Орталық Азияға қызыға бастады.

  • Нарықтық экономикаға өтудегі «жабайы» капитализм белгілеріне қарсы тұрушы да исламдық идеология болды.



1Е. Балтаев. Орталық Азияға тұрақтылық қажет. //Қазақстан ZAMAN. 31 мамыр 2002.

2 Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А., 2003. 95 б.

3«Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес туралы» Шанхай конвенциясы. I бабы. 15 маусым 2001. Шанхай.

Өтпелі кезеңдегі зайырлы мемлекеттерде орын алатын тәртіптің бұзылуы мен заңсыздықтардың орнын да исламдық тәртіптер баса алатын еді.



  • Орталық Азия елдерінің барлығы бірдей мұсылман болғанымен араб елдері сияқты бірұлтты емес. Сол ұлттардың басын біріктіріп ұстау үшін де діннің рөлі үлкен болды.

  • Орталық Азия елдерінің кейбір саяси топтарының исламды өз мақсаттарына пайдалануы да исламдық факторды күшейтіп жіберді.

  • Аймақ елдерінде саяси жүйенің төмендеп кетуінен де исламдық топтар күшейіп, «Халифат – ислам мемлекетін» құру идеясы тарай бастады. Мәселен, Өзбекстан Ислам Қозғалысы (ӨИҚ), «Хизб ут-Тахрир» ұйымдары осындай мақсаттары жүзеге асыруға ниеттеніп отыр.

  • Орталық Азияның кейбір лидерлерінің діни экстремистік топтардың таралуына бей-жай қарауы да оның таралуына ықпал етіп отыр1.

Жалпы алғанда экстремизм мен терроризм соңғы кезде Орталық Азияға үлкен қауіп төндіруінің бірнеше себебі бар:

Біріншіден, аймақтағы экстремизм мен терроризм есірткі бизнесіне тікелей байланысты. Бүгінде Орталық Азия ауған есірткісін басқа елдерге тасымалдау жолында жатыр. Сол есірткі бизнесімен айналысушылар Орталық Азия аймағында жағдайдың қиын, тынышсыз және тұрақсыз болғандығын қалайды. Сонда олар үшін есірткі тасымалдауға ыңғайлы жағдай туады. Олардың аймақтағы экстремистік және террористік топтарға қару-жарақ сатып қаржыландырып отыратындықтары да сондықтан.

Екіншіден, Орталық Азияда экстремизм мен терроризмнің таралуының негізі осы аймақтың кейбір аудандарындағы адамдардың тұрмысының нашарлауына да байланысты болып отыр. Жұмыссыздық, қаржы жоқ, әлеуметтік жағдай ауыр. Кедейліктің ең төмен түрлері кездеседі. Жастардың алға қойған мақсаттары жоқ, әрі-сәрі күй кешіп отырған жайы бар. Маргиналдық сипат басым. Осы себептерден экстремизм мен терроризмнің қанат жаюына осы аймақта тиімді әлеуметтік база қалыптасқан. Ондай жерлерге барып тұрақсыздыққа мүдделі жақ үгіт-насихат жүргізеді. Қаржы беріп жастарды үкіметке айдап салады.

Ал, үшінші себеп, Орталық Азияны көп елдерде белгілі болып отырған халықаралық үлкен-үлкен экстремистік ұйымдардың игеру ниеті . Мысалыға, алсақ «Хизб ут-Тахрир», «Жамиат–и–ислам», «Таблиги–и-жамаат» және «Хезболлах» сияқты ұйымдар. Бұлар үлкен бір корпорация сияқты. Олардың өз банктері, БАҚ-тары, террористік топтары, сатып алған саясатшылары, лаңкестер дайындайтын базалары және есірткіге қатысты үлкен лабораториялары бар. Еуропаның біраз елдерінде олардың филиалдары жеткілікті. Осындай үлкен-үлкен экстремистік ұйымдар дүниенің бұрыш-бұрышында әрекет етуде. Усама бен-Ладен тәрізді олар да өздерінің қаржысын экстремистік және террористік бағыттағы мақсатқа жұмсайды.


1А. Косиченко. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А., 2002. С. 139-142

Ондайлар соңғы кезде Орталық Азия аймағына көбірек көңіл бөліп отыр. Бұл жақсы құбылыс емес. Орталық Азияға орнығып, біртіндеп өз қолдаушыларын тауып алса, оларды аймақтан кетіру қиын болады. Өйткені, біраз елдерде қалыптасқан жағдай осының дәлелі. Бұл «қатерлі ісік» сияқты. Сондықтан оның алды алынып, үздіксіз күрес жүргізілмесе зардабы ауыр болады1. Діни экстремизмнің Орталық Азияда бой көрсетуін үшке бөліп қарастыруға болады:



  • Әлеуметтік-аймақтық;

  • Биліктік-оппозициялық;

  • Сыртқы әсерлердің «кірігуі» арқылы.

Әлеуметтік-аймақтық түрі әсіресе Тәжікстанда көбірек байқалады. Тәжікстан Кеңес Одағы кезінде, 1922 жылы бірнеше тәуелсіз билеушілері бар аймақтардың бірігуінен түзілген еді. КСРО тараған соң сол аймақтардың қайта бөліну қаупі туды. Бұл қайшылықтар 1992 жылы басталған азамат соғысына ұласты. Бір қарағанда «қызылдар» (кеңестік билік жағындағылар) мен «жасылдар» (ислам партиясы жағындағылар) арасындағы қақтығыс болып көрінгенімен, негізінде аймақаралық жанжалдар болып жатыр еді2.

Аймақтар өз жақтастарын ислам діні арқылы тартуға тырысты. Исламдық оппозиция лидері, Оңтүстік аймақтарға беделді Али Акбар Тураджонзада болды. Діни-саяси ұйымдар түзілді. Мәселен Исламдық Өркендеу партиясы, сосын Біріккен Тәжік Оппозициясы түзілді. 1992-1997 жылдары болған азаматтық қақтығыстар ұлтаралық түсіністік тауып ақырында бір орталыққа бірігумен аяқталды. Жаңа үкіметтің негізін исламдық Біріккен Тәжік Оппозициясының лидерлері құрағанымен олар бірте-бірте зайырлы партияларға орын бере бастады. Мәселен, Парламентке соңғы сайлаулардың бірінде Исламдық партия 7% ғана дауыс алған, ал Тәжікстанның Халық-демократиялық партиясы 65%, коммунистік партия 20% дауыс жинаған3. Бірақ әлі де билік элиталары арасында бірлік жоқ, саяси дағдарыс ықтималдығы күшті болып тұр.

Экстремизм мен терроризмнің таралуының оппозициялық түрі Өзбекстандағы саяси процестермен тығыз байланысты. Өзбекстанда ислам діні ежелден күшті. Кеңес заманындағы атеистік идеология тек қалалық тұрғындармен шектелген елде, тәуелсіздік жылдары ұлттық сана жаңғырысымен бірге ислам діні де күшейе түсті. Ал кейіннен, биліктің «ұлттық бірегейлік» саясаты мен діннің рөлін біршама бәсеңдетуі халықтың үлкен бір бөлігінің қарсылығына тап болды. Бұл жағдай билікте оппозицияның күшеюіне алып келді. Оның үстіне 1998 жылы Тәжікстанда Жұма Намангани жеңіліс тапқап соң Өзбекстанға келеді де оппозиция құрамына өтеді4.
1М. Әшімбаев. Экстремизммен терроризмнің түптамыры есірткі бизнесінде жатыр. //Егемен Қазақстан. 29 қараша 2000.

2С. Шерматова. Ислам на постсоветском пространстве: взгляд изнутри. – М., 2001. С. 210

3А. Косиченко. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А., 2002. С. 145

4С. Шерматова. Ислам на постсоветском пространстве: взгляд изнутри. – М., 2001. С. 216

Өзбекстанда исламдық негіздегі діни экстремистік топтар негізінен ислам діні жақсы сақталған Ферғана өлкесінде кең тараған. Ондай күштерді «жария күштер» деп, ал олардың демеушілерін «құпия күштер» деп бөлуге болады:

«Жария күштер». Оларды Ауғанстанда талибтердің лагерлерінде дайындықтан өткен ӨИҚ содырлары деуге болады. ӨИҚ АҚШ Мемлекеттік департаменті тарапынан халықаралық лаңкес ұымдар қатарына жатқызылған. Оның үстіне ӨИҚ Наманган облыстық партия комитетін басып алып, мұсылман теократиясын негіздеу жөнінде талап қоюдан бастап (1991), Ташкент қаласы мен облысының Янгиабад қаласында және Қырғызстанның Баткен ауданына басып кіруге (1999) дейінгі аралықта Өзбектанда Конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет етіп келді. Олардың әскерлері Ауғанстанда, Тәжікстанда және Шешенстанда жаттығудан өткен, соғыстарға қатысқан жауынгер-содырлар.

«Құпия күштер». ӨИҚ-тың саяси ұйытқысы Сауд Аравиясынан, Ауғанстаннан және Пакистаннан келген өкілдер 1987 жылы Намангандағы «күмбез» мешітінде құрған «Исламды өркендету партиясы» екендігі мәлім. Және ӨИҚ лидердлерінің Усама бен-Ладен тарапынан қолдау көріп отырғандығын ресми Ташкент растап отыр. Өзбекстанды әлсірету және елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға және бір мүдделі жақ Тәжікстан еді. Өзбекстан Сыртқы істер министрі А. Камилов: «Тәжікстанның билік құрылымдарына енген бұрынғы Біріккен Тәжік Оппозициясы топтарының бірқатар қайраткерлері Ауғанстандағы экстремистік топтармен тұрақты түрде байланыс жасап отыр деуге толық негіз бар» деп мәлімдеген болатын. Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер туғызатын ұйым ретінде «Хизб ут-Тахрир» аталады. Олардың мүшелері соңғы кездерде қатты қысым көріп қудалануда, абақтыға алынуда. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше Өзбекстан түрмелерінде 6 мыңға тарта саяси тұтқындар отыр. Олардың 4 мыңы осы «Хизб ут-Тахрир» ұйымының мүшелері екен1.

Қырғызстандағы экстремистік топтардың бой көрсетуіне сыртқы әсерден болған «кірігу» процесі ықпал еткені сарапшылар тарапынан айтылып жүр. Қырғызстанға 1990 жылдардан бастап араб елдерінен түрлі ағымдар мен кітаптар ағылып келіп жатты. Соңғы он жыл ішінде Қырғызстанда мешіттер саны 2500-ге жетті. Оңтүстік өңіріндегі Ош, Жалалабат облыстарынан 300-ге тарта адамдардан экстремистік ниеттегі кітаптар тәркіленген2. Осы процестің шарықтау шегі ретінде, 1999 жылдың жазында Баткен ауданындағы содырлардың бастырып кіру әрекетін айтуымызға болады.
1Х.Собиров. Узбекистан: укращение страптивых .//Караван. 28 марта 2003. С. 21

2В.Джуматаева. Проблемы исламизации в Кыргызстане.//Вебсайт АПИ. Октябрь 2001.

«Сол кезде Бишкек мұндай оқиғаға дайын емес еді. Тәжікстанмен, Өзбекстанмен арадағы шекаралары да бақылаусыз еді. Содырлар адамдарды кепілдікке алып болған соң барып, биліктің негізгі күші келіп жетті. Сол кездегі Қырғызстан Қарулы күштері кепілдіктегі адамдарды азат ету мен содырларды жою сияқты алдында тұрған міндеттерін орындауға шарасыз еді»1. Қырғыз елі үшін және бір қауіпті жағдай, Өзбекстаннан қысым көріп, 1996 жылы Қырғыстанға ауысқан «Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымы болып отыр. Бұл оқиғалар Қырғыз елін ғана емес, бүкіл аймақты дүр сілкіндірді. Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі де нақты әрекет ете бастаған тұс осы 1996-1997 жылдарға тура келеді. Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы бүгінгі бір кикілжің 1999-2000 жылдар аралығында Өзбекстанға кіруді жоспарлаған содырлардан қорғану мақсатындағы Өзбекстан Қарулы күштерінің сол аймақты жаппай миналауы болып отыр. Бірақ, ресми Бишкектің мәлімдеуінше әзірге дейін ол жерден бірде-бір содыр өлмеген, есесіне Қырғызстанның 13 азаматы қаза болған. Соңғы болған оқиға - 2003 жыл 23 ақпандағы Чонкара ауылының тұрғыны, мал бағып шыққан Саттар Шамшиевтің минадан қаза болуы еді. Қырғыз жағының қарсылығына Өзбекстан тарапынан әлі мардымды жауап жоқ және миналы аймақтың картасын да бермей отыр2.

Қазақстан көпұлтты, сол себептен көп конфессиалды да мемлекет. Сондықтан да ішкі саясаттағы болмашы сәтсіз әрекеттер мен қабылданған шешімдер тұрақтылығымызды шайқалтары анық. Біздің елімізде дін еркіндігі жарияланған. Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылғандай: «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы». Сонымен бірге Конституциямызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»3 делінген.

Қазақстанда көп жылдардан бері ислам дінідегі сунниттік ағымның ханифалық бөлігі кең тараған. Сонымен бірге кейінгі жылдары елімізге түрлі діндегі миссионерлер көптеп келіп жатыр. Рейтер агенттігі 1999 жыл 11 маусымда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің (ҰҚК) төрағасы Нұртай Абыкаев мәлімдемесін таратты. Онда: «Елімізде діни-мистикалық ілімдерін тарату үшін келген шетелдік діни миссионерлер қазір көбейіп отыр. Олар діни және ұлтаралық жанжалдардың тууына түрткі болуы әбден мүмкін» дейді4 төраға. Сондықтан Елбасымыз көрсеткендей конфессиялық қауіпсіздік керек-ақ:

Біріншіден, Құдайға құлшылық ету және белгілі бір діндердің конондарына сәйкес ырым-жораларын сақтау үшін ұлтына қарамастан, Қазақстанның әрбір азаматының діни толық еркіндігі мен бостандығын алдағы уақытта да қамтамасыз ету үшін мемлекеттің кепілдігі мен қолдауы қажет.
1В. Нешкумай. Киргизия хорошо знает, что такое терроризм. //ИТАР-ТАСС в Бишкеке.

2С. Жумагулов. Узбекистан – Киргизия: граница заминирована. //Караван. № 13 2003. С. 21

3Қазақстан Республикасының Конституциясы. – А., 1998. 1 және 19 баптар.

4Б. Жусипов. Угроза «ислмсого фундаментализма» в Казахстане. //Саясат. Декабрь 2000. С. 84

Екіншіден, Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде, конфессияаралық қақтығыстарға қарсы әрекет ететін шаралар қабылдауға кепілдік етеді. Мұның белгілі бір діннің конфессиялық ағымдарға нұқсан келтіруіне әкеп соқтыратын ішкі саяси шешімдерге де, сондай-ақ заң шығару бастамаларының, баптары мен актілеріне де қатысы бар.

Үшіншіден, мемлекет ұлттық қауіпсіздікке, қазақстандық азаматтардың өмірі мен сау-саламаттылығына қатер төндіретін діни экстремизмнің кез келген көрінісімен мақсатты түрде күрес жүргізіп, оны жүзеге асырады. Және ең соңында, діни ұйымдар мен қозғалыстардың қайырымдылық қорларының қызметін тексеріп отыруға және экстремистік топтардың бой көрсетуінің алдын алуға бағытталған полицейлік бақылау шараларын қолдайды1.

Елбасымыз 1999 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Өкімет билігін конституцияға жат әдістермен тартып алуға шақыратын күштердің іс-қимылын қырағылықпен қадағалап отыруға тиіспіз. Иә, бәлкім, біз қателіктер жіберген де шығармыз. Біздің уақытымызға әділ бағаны тек болашақтың тарихшылары ғана бере алады. Алайда, осындай өтпелі кезеңдердің бірінде айтылған «тозаққа барар жол да ізгі ниетпен төселген» деген ақиқат сөз де бар. Мемлекеттің айналасындағы жағдай қазіргідей өте нәзік те тұрлаусыз күйде тұрған кезде іштен іріп жату дегеніміз дәл сол тозаққа барар жол болады да шығады. Осыны түсінгісі келген адам көршісінің қайғылы халіне көз салса жетіп жатыр. Немесе өткенімізге баға берсін – ұлттың басы бірікпеген кездеріне мысал жетіп артылады. Мұндай қателіктерді біз қайталамақ емеспіз. Өзінің мемлекеттігіне қол жеткізген халықтың тағдырын ешкімнің де, мейлі олар қандай ұранды бетперде етіп ұстаса да, тәлкегіне түсіріп қоя алмаймыз» дейді.2

Өңірлік төңіректегі мейлінше тұрақсыздықтың қалыптасуы, шекараның ашық-шашықтығы, есірткі бизнесінің таралуы сияқты проблемалар Орталық Азия аймағында толық негізде террористсік немесе экстремистік деп атауға болатын, бері қойғанда, үш ұйымның пайда болуына алып келді. Олардың біріншісі - Өзбекстандағы Ислам қозғалысы; қалған екі ұйым Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық округіндегі сепаратистік пиғылдардың салдары болып табылатын «Шығыс Түркістандағы Халықаралық Азаттық Комитеті» мен «Ұйғырстанның азаттығы үшін Ұйымы». Соңғы екі ұйымның төбе көрсетуі біздің Қазақстанның аумағында да байқалған3.1999 жылғы Баткен оқиғаларынан соң Қазақстанда да Қорғаныс Кеңесі құрылып, қауіпсіздік мәселесі қолға алынды. «Экстремизм мен терроризм белгілерінің алдын алу мен болдырмау шаралары туралы» Президентіміздің арнайы Жарлығы шыты, күшіне енді. Қауіпсіздік шаралары ретінде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында 30 жаңа кеден бекеттері салынды.

1Н.Назарбаев. сындарлы он жыл. – А.,2003. 107 б.

2Еліміздің жаңа ғасырдағы тқрақтылығы мен қауіпсіздігі.//Егемен Қазақстан. 15 желтоқсан 2003.

3Н.Назарбаев. ссындарлы он жыл. – А.,2003. 53 б.

Оңтүстік әскери округы құрылып, оңтүстік өңірлерде бақылау күшейтілген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде «Сұңқар» арнайы бөлімшесі де құрылған. Қазақстанда байқалған және екі экстремистік ұйымдар – «Таблиғи жамағат» пен «Хизб ут-Тахрир». Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тек күш көрсетумен бітпейтіні белгілі. Қазақстанда кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы бекітіліп, әлеуметтік қамсыздандыру қолға алынған. 1999 жыл 13 шілдеде «Терроризммен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Соның нәтижесінде 2002 жылы ақпан айында еліміздің қылмыстық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, онда террористік актілер мен ондай әрекеттерді жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілді. Шекараны делимитациялау 2002 толық аяқталды. 2000 жылы 21 маусымда ТМД-ның Мәскеу Саммитінде 2003 жылға дейінгі кезеңде халықаралық терроризммен күрес жөнінде ТМД қатысушыларының Мемлекеттер Бағдарламасы бекітілді, сондай-ақ Антитеррорлық орталық құру жөнінде шешім қабылданды. 2002 жылы маусымда Астанада Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы «Бишкек тобының» отырысы болып, онда ШЫҰ-ның Аймақтық антитеррорлық құрылымын құрудың жобасы келісілді1.

2002 жылы Алматыда Антеррорлық ТМД орталығының ұйытқы болуының кешенді оперативті-практикалық «Оңтүстік-антитеррор – 2002» жаттығулары өткізілді. 2002 жыл маусымда Атырауда әуе терроризмі актілерінің алдын алу шаралары бойынша кең қарымды «Дабыл» жаттығулары өткізілсе, шілде айында Алматыда қазақстандық және американдық бірлескен «Баланс-Барыс» жаттығулары өткізілді. Қазақстандық және Ресейлік әскерилер бірігіп Маңғыстау облысында, Каспийде «Бейбітшілік теңізі – 2002» әскери жаттығуларының өткізілуін терроризмге қарсы күрес шаралары ретінде айтуымызға болады2.

Сонымен бірге, қазірге дейін экстремизм мен терроризмнің анық-қанық көрініс табуына орайын келтіртпей отырған себеп – Қазақстандағы тұрақтылықтың тегеуріні, мұның өзі бүгінгі статус-квоны сақтап қалудың өзіндік қалқаны болып отыр. Ең соңында, қазақстандық көп реңкті конфессионализм мен ұлтаралық келісім ахуалы да діни экстремизм мен сепаратизмнің қанат жаюына белгілі дәрежеде тосқауыл болуда. Бұл тұрғыдан келгенде, «әр алуандықтың бірлігі» формуласы түрінде нақты көрініс тапқан ахуал нақтылы іске мұрындық болуда. Жалпы экстремизм және терроризммен күрес жалғыз-жарым және бейберекет жүргізілетін болса, онда антитеррордың символы ретінде Дон Кихотты, ал халықаралық терроризмнің рөлінде қайыспас қайсар желдиірменді көбіреек елестететін баянсыз бейнеге жұбанамыз.3



1Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 46 б.

2Л.Полуянов. Игра на опережение.//Время. 27 марта 2003. С. 16

3Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 49 б.

Сондықтан да терроризмге қарсы күрес кешенді түрде, бірлесіп жүргізілуі қажет. Бұл барадағы Қазақстанның ұстанған жолы былай болып отыр:



  • Терроризммен күресті оның таралуының ең бір ықтимал ошақтарында ұзақ мерзімді, күш көрсете жүргізу.

  • Терең әлеуметтік-экономикалық, саяси интеграция жолдары мен қауіпсіздігінің арнаулы континентаралық институтын құру арқылы қол жеткізуге болатын терроризмге және басқа да жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға қарсы әрекет ету.

  • Қауіпсіздіктің қат-қабат жүйесін құру, яғни құрылымдардың шыңдалған комбинациясы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелердің болуы, бұл жүйелердің арасында өзара байланыс пен өзара тәуелділіктің болуы деген сөз.

  • Террористік белсенділік айрықша төбе көрсеткен жерлерде халықаралық тұрақты сұхбат түрлерін қалыптастыру. Мұның өзі ең бір күрделі стратегия, әзірше ол туралы қалыптасқан тәсіл ретінде сөз қозғаудың реті жоқ. Бұл ретте, мұндай құрылымның жасақталу үрдісі туралы ғана сөз етуге болады. Оның үлгісі ретінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨІШСК) атаған жөн1.

Бірақ, қазіргі таңда терроризмге ұжымдаса күресудің «антитеррорлық коалициядан» өзге жақсы шарасы болмай отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды түзеу едәуір уақытты алайын деп тұр. Қауымдастықтың ойлағаны қазіргі бар қауіптің бетін қайтара отырып, сосын оның себептерімен кешенді түрде күресу болып отыр.

Қазіргі кезде терроризм мемлекет аумағынан шығып, халықаралық түс алған. Сондықтан ол халықаралық қауымдастыққа үлкен зиян тигізері сөзсіз.Терроризммен қауымдаса күресу мәселесі ІІ дүниежүзілік соғыстың алдында-ақ көтерілген болатын. Ұлттар Лигасы басшылығымен 1937 жылда «Терроризмнің алдын алу мен террористік әрекеті үшін жазалау туралы» Конвенция мен Халықаралық сот құру туралы жоба бекітілді. Бірақ қабылданбай қалған. Қазір ондай халықаралық 12 құжат бар. Олардан мәселен, айтатын болсақ, «Әуе кемесінің бортында жасалатын қылмыстар мен басқа да актілер туралы» 1963 жылғы Конвенция; «Әуе кемелерін заңсыз түрде қолға алу туралы» 1970 жылғы Конвенция; «Азаматтық авиацияға заңсыз жасалған актілермен күрес туралы» 1970 жылғы Конвеция; «Теңіз-кеме жолдарында жасалған заңсыз актілермен күрес туралы» 1988 жылғы Конвенция; «Кепілдікке алуға қарсы күрес туралы» 1979 жылғы Конвенция; «Дипломатиялық агенттер, сондай-ақ қорғалу құқығы бар азаматтарға қарсы қылмыстың алдын алу және жазалау туралы» 1973 жылғы Конвенция.



1Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 40-41 бб.

Сондай-ақ осындай құжаттардың аймақтық дәрежеде қабылданған түрлері де бар: «Жеке тұлғаларға халықаралық дәрежедегі қылмыстар жасау мен қорқытып-үркітуге қарсы терроризмнің алдын алу және жазалау туралы» 1971 жыл 2 ақпандағы Вашингтон Конвенциясы; 1976 жылы терроризмге қарсы Еуропалық Конвенция; «Терроризмге қарсы Еуропалық Конвенцияны қолдану туралы» Дублин келісімі; Халықаралық қауымдастыққа терроризмді қандай да бір саяси мүддесі болмасын заңсыз деп табуына мүмкіндік беретін 1985 жыл 9 желтоқсанда қабылданған БҰҰ БА-ның 40/61 Резолюциясы. 1994 жылда БҰҰ БА-ның 49-сессиясында қабылданған халықаралық терроризмнің алдын алу шаралары Декларациясында: «Көпшілік халық ішінде жүзеге асырылған террористік акт ешқандай да идеологиялық, нәсілдік, этникалық, діни себептер ақтап ала алмайды делінген». Және де Галифакс қаласында өткен «үлкен жетілік» елдерінің кездесуінде Ресейде қатысып, онда «Терроризмге қарсы бірлескен түрде жан-жақты күресу туралы» Шешім қабылданды. Осыны негізге ала отырып, 1995 жыл 12 желтоқсанда Оттавада өткен «үлкен сегіздік» елдерінің терроризммен күресте «сегіздікке мүше мемлекеттердің саяси міндеттері бекітілген түпкілікті Декларация қабылданды. Терроризммен бірлесе отырып күресу идеясы көптеген бастамаларға түрткі болуда. Мәселен, 1996 жылдың 13 наурызында Египетте өткен «үлкен сегіздіктің» кездесуінде Интерпол сияқты «Халықаралық антитеррорлық арнайы күштер жасақтау туралы» Шешім қабылданды. 1996 жылдың жазында Парижде өткен осы елдердің кездесуінде «Халықаралық терроризммен күрес туралы» 25 пункттен тұратын ұсыныс жасалды. Онда халықаралық терроризмге байланысты маңызды мәселелер көтерілді. 1999 жыл қазан айында Мәскеуде өткен «үлкен сегіздік» отырысында Парижде өткен келіссөздер өз жалғасын тауып, сондай-ақ Шешенстан мәселесі де көтерілді.Халықаралық терроризммен күресте шетел мемлекеттерінің тәсілдерін үйрену, өзара тәжірибе алмасу жақсы нәтижелер береді. Мәселен АҚШ, 1958-1999 жылдар арасында терроризммен күреске қатысты 40 құқықтық акт, сонымен қатар 1995 жыл маусымдағы арнайы Президенттік директивасы, 1996 жылғы «Терроризммен күресті күшейту туралы» Заңын қабылдаған еді. АҚШ-та терроризммен күресетін арнайы құрылым болмағанымен Мемлекеттік департамент, Орталық Барлау Басқармасы, Федералды Іздестіру Бюросы және Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ арнайы «Дельта» тобы жүргізеді. АҚШ Мемлекеттік департаменті жыл сайын терроризммен байланысы бар деген мемлекеттің тізімін жариялап отырады.Израиль мемлекетінің «Моссад» арнайы қызмет орындарының да тәжірибесі мол. Францияда терроризмге қарсы 30 арнайы қызметкерден тұратын «БРИ» тобы күреседі. Франция Президенті оларға террористерді қылмыс үстінде өлтіру құқығын берген.1




1А.Косиченко. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А.,2002. С. 110

Ал, Ұлыбританияда терроризммен 1941 жылы құрылған «САС» арнайы қызметі күрес жүргізеді. САС-тың құқықтық базасы 1972 жылғы «Террористерді тұтқындау туралы», 1973 жылғы «Төтенше жағдайлар туралы», 1974 жылғы «Терроризмнен сақтандыру туралы» Заңдар болып табылады Германияда 1972 жылы құрылған ГСКА– 9, Федералды шекаралық полиция құрамында қызмет етеді. Ол – 1 штаб пен 5 топтан тұрады. 1986 жыл «Терроризммен күрес туралы» Заңы қабылданып, қылмыстық кодексіне біраз өзгерістер енгізілді. Испанияда болса Арнайы операциялық топ (СЕО) құрылған. Оның құқықтық нормативтік базасы 1987 жылы қабылданған «Терроризммен күрес туралы» Заң. Ресейде терроризммен күресті ФСБ, Криминалды полиция және «Альфа» тобы жүргізеді.1

2001 жылы 11 қыркүйекте болған теракт әлемдік тарихтың жаңа бастау есебіне айналғандай. Жаңа уақыт жаңа аңыздармен басталатындығы белгілі. 11 қыркүйектегі терактіден кейін ондай аңыздар көбейе түсті. Алпауыт бен-Ладен туралы, «ислам терроризмі» туралы сан-саққа жүгірткен сөздер қаулап кетті. Ал ақиқат талабына келсек, терроризмге қарсы күресті тиімді жүргізу үшін алдымен нақтылықтар мен аңыздардың ара жігін ажыратып, терроризмнің өзін мұқият та егжей-тегжейлі зерттеу керек. Орталық Азия Саяси зерттеулер агенттігінің директоры, саясат ғылымдарының кандидаты Ерлан Қариннің пікірінше, әзірге көптеген елдердегі әрекеттер терроризмнің көлеңкесімен алысуға ғана ұқсап жатқандай. «Біріншіден – дейді Ерлан Қарин – бірде-бір құжатта терроризм құбылысына берілген айқын да нақты анықтама жоқ. Жалпыға ортақ тұжырымдаманың жоқтығы бұл қатерге қарсы күрес жөніндегі бірыңғай көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Екіншіден, терроризмнің түрлі көріністерінің жіктелу жүйесі де берілмеген, ал терактінің әрбір оқиғасы нақты мақсатты көздейтіні, оны жүзеге асырудың әдістерінің сипаты және салдарының ауқымы болатыны белгілі. Үшіншіден, «терроризм», «экстремизм», және «сепаратизм» түсініктері араластырылып жіберіледі. Экстремизм терроризмге қарағанда әлдеқайда кең ұғым. Оларды бірқатарда атайтын болсақ, онда радикалды оппозициялық ұйымдардың қызметін де террористік қатарға жатқызып жібереміз.Көптеген сарапшылардың пікірінше терроризм проблемаларын дұрыс ұғындырмау адам құқықтарын жөнсіз шектеудің де себебі болуы мүмкін. Мұндай жағдайды үлкен елдер ұлттық азшылыққа қатысты өз саясатын қатаңдандыру үшін де пайдалануы әбден мүмкін. Антитеррорлық саясатты іске асыруда да елеулі ағаттықтар болды. Оған түрлі елдер ведомстволарының арасында үйлесімділіктің жоқтығын айтуға болады. Және де түрлі ведомстволар арасында өкілеттікті бөлетін проблемалар көп. Мәселен, Қазақстанда терроризмге қарсы күресті ІІМ, ҰҚК және төтенше жағдайлар агенттігі мен Қорғаныс министрлігі жүргізеді.


1А.Косиченко. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А.,2002. С. 93

Терроризмнің түрлері өте көп, олай болатын болса онымен күреске Қаржы полициясы, Салық комитеті, Кеден комитеті, тіпті Мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі де қатысуы тиіс. Басқа мемлекеттерде де жағдай осылай. Үшіншіден, қарсы тұрудың күш қолдану әдістеріне ғана арқа сүйеуге болмайды. Күш көрсету – күш көрсетуді туғызады. Алдын алу шаралары жүргізілген жөн. Төртіншіден, терроризмнің әрекеттену астарынан қандай да бір идеологиялық себеп іздеу де елеулі ағаттық болып табылады. Терроризм болмысы жөнінен идеология болып табылғанымен нақты іс-әрекетпен танылады. Сондықтан да ислам фундаментализмі деп емес, жалпы террористік идеологияларға қарсы күресті өрістету керек»1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет