Кәдімгі арша (жемісі) –60,0 ; кәдімгі фенхель (жемісі) –20,0 ; жалаңмия (тамыры ) –20,0 . Бұл қоспадан дайындалған екіқабат әйелдерге бүйрек және зәр жолдарында қатты қабыну процесі болғанда ішуге болмайды. Зәр айдау үшін осы тұнбаны күніне 3 мезгіл ішеді. Дала қуаңдәрісі (тамыры) –25,0 ; бақша ақжелкені тамыры –25,0; жалваңмия тамыры –25,0 ; кәдімгі арша жемісі-25,0.Бұлардан дайындалған тұнбаны екіқабат әйелдерге бүйрек және зәр жүретін жолдарда қатты қабыну процесі басталғанда ішуге болмайды.
ОБСӨЖ № 12
ОБСӨЖ тақырыбы: Татымды өсімдіктер жайлы түсінік.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Алмұрт
2.Апельсин
3.Айва.
Коллоквиум сұрақтары:
1.Алмұрт, апелсин, айваны қандай ауруларды емдеуге қолданылады.
2.Арахис немесе жержанғақта қанша пайыз белок, май, қант болады.
3 Анар жемісінің құрамында нелер кездеседі.
4.Грейпфрут жемісінің құрамында қандай дәрумендер кездеседі.
5.Тағамдық өсімдіктер жайлы түсіндіріп өт.
6.Тамаққа тәбет арттыратын қоспалар.
7.Бүйрек және зәр жолдары ауырғанда пайдаланатын дәрілік өсімдіктерден жасалатын қоспалар.
ОБСӨЖ № 13
ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері.
Жоспары:
1.Кориандр.
2.Зире.
3.Фенхель.
4. Анис.
ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері мен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні:
Фенхель. Кәдімгі фенхель немесе дәріхана аскөгі, белгілі татымды және шипалы өсімдік. Сырт көрінісі аскөкке ұқсас. Бұл биіктігі 1-2 метрдей, бір, екі және көп жылдық өсімдік. Жапырақ-сағақтары кең, таспаланып тар жарнақтарға тілімделген. Мәуесі сопақша, цилиндр тәрізді.
Фенхельдің көкөніс және тәтті түрі болады, соңғысы шырынды, жуандық, еті, жапырақ-сағақтарының түбі кең, ащы бұрыш дәмдес “қауданшаларды” түзейді.
Фенхельді көктемде, әлде жаздың аяғында құнарлы, жақсы өңделген жерге себеді. Күзде өсімдікті көңмен немесе шіріндімен жабады. Фенхельді тұқым себу арқылы немесе вегетативтік әдіс – бұталарды бөлу арқылы өсіреді. Тұқымды кең қатарлы әдіспен егеді. Отағаннан кейін өсімдікті араларынан 15-20 см етіп сиретеді. Шырынды, қалың жапырақ-сағақтары биязы болуы үшін сабағы жуандағанда өсімдікті түптейді. Ерте өнім алу үшін фенхельді көшет арқылы өсіреді.
Анис. Кәдімгі анис көне заманнан бері өсіріледі: тұқымдары, тіпті, тас дәуірдегі тіреулі үйлерден табылған.
Анистің шыққан жері – Кіші Азия. Көне Египет пент Үндістанда егіп өсіріледі, Гиппократтың жазбаларында айтылады. Мәуесі үшін өсіреді, онда негізінен анетолдан (80-90%) тұратын 2-3% эфир майлары бар.
Бір жылдық өсімдік, биіктігі 30-50 см. Жапырақтары үш түрлі: тамыр жапырақтары ұзын сағақты, тұтас жүрек тәріздес, тілік-тісті, бұлардан кейінгі жапырақтар да ұзын сағақты және ірі үш жарнаққа бөлінген, шеттері ара тістес, жоғарғы жағы – отырмалы күйде дәрілік, 3-5 қысаң жарнақшаларға тілінген. Мәуенің сыртқы кедір-бұлдыр, формасы жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 4 мм, сүйкімді хош иісті, тәтті-татымды дәмі бар.
Оңтүстік өсімдігі ретінде анисті жылы климатты аудандарда, салқын жерлерден сақтандыратын күн шуақты жерлерде өсіреді. Ал солай болса да көктері суық ұрудан қорықпайды. Топырақ қопсытылған, құнарлы, әкті немесе сазды құмдақ болғаны жөн. Ауыспалы егісте тамыржемістерден не бұршақ тұқымдастардан кейін орналасады. Тұқымды алдын ала (күзде) терең жыртылған жерге 8-100С-де ерте көктемде (наурыздың аяғы – мсәуірдің басында) себеді және шашып немесе қатарарлық әдіспен себеді. Себілгеннен кейін 18-20 тәулікте көктейді, оған күшті қуаңшылық, аңызақ желдер мен арам шөптер зиянын тигізеді, олар өнуіне кедергі жасап, көктерді өсірмейді.
Зире. Зирені хош иісті мәуесі үшін қашаннан бері өсіреді, онда 3-5% дейін эфир майлары бар, эфир майлары өсімдіктің басқа бөліктерінде де кездеседі. Зире екі жылдық өсімдік, яғни мәуесі екінші жылы ғана құралады, ал бірінші жылы жапырақ дегелектері мен тамыр жемісі өседі. Жапырақтары екі түрлі-үш қат-үлпілдек. Екінші жылы гүлді, бұтақты биіктігі 60-80см келетін сабақ өседі. Мәуесі шілде айында піседі және құрғаған кезде үгітіліп түседі. Мәуесі – сопақша-жұмыртқа тәрізді, екі бүйірі қысыңқы, ұзындығы 3-5 мм, күңгірт-қызыл-қоңыр, қабысқан.
Зирені тұқымнан өсіреді. Ерте көктемде немесе күздің аяғында, тұқым пісіп жетіле бастағанда (себуге жас тұқымды, өткен жылғыдан ескі емес тұқымды алады) себеді. Оны қатарлы әдіспен тамыржемістілерден немесе бұршақ тұқымдастардан (азотты тыңайтқыштарына бай дақылдардан) кейін себеді. Дәндері 7-80С 18-25 тәулікте өседі. Зире топырақ таңдамайды, сонда да ылғалды, құнарлы, терең өңделген құмайлы немесе әкті саздақ жерде жақсы шығады. Бірінші жылы баяу өнеді, сондықтан жиірек егу керек. 2-3 жапырақ шыққаннан кейін жас көктерді сиретеді. Екінші жылы мәуелері әбден пісіп жетпей тұрып, оларды жинайды. Зирені ертемен шық кетпей тұрып немесе түнделетіп жинаған жөн. Пісіп жетілген және кептірілген дәндерді жақсы жабылған ағаш ыдыста сақтайды.
Кориандрды біздің заманымыздан мың жыл бұрын Египетте, Палестинада, Үндістанда және басқа елдерде татымды әрі дәрілік өсімдік ретінде өсірген. Египеттіктер, гректер, арабтар кориандарды қақырық түсіру дәуірі ретінде, Орта Азия елдерінің халықтары көкөніс ретінде пайдаланған.
Кориандр биіктігі 30-70 см, кезекті, тез солатын жапырақтары бар бір жылдық өсімдік. Мәуесі – шар тәріздес, ұзындығы 5 мм дейін, жарты мәуешіктерге тез жарыла қоймайды.
Тұқым арқылы өсіріледі.ерте көктемде себеді, оңтүстік аудандарда күзде де себеді, қатарлап сепкен жақсы. 2-3 аптадан кейін көктейді. өсімдік топырақты (жеңіл құрамды топырақта тәуір өседі), күтімді онша талғамайды, еккен кезде (көктемде) ылғалды топырақты ұнатады, ылғалы жеткіліксіз болса, өсімдік тез сабақтанады, гүлдейді. Көкті үздіксіз алып тұру үшін себу мерзімін ерте көктемнен бастап, жаздың ортасына дейін (аралығы 2-3 апта) созуға болады.
ОБСӨЖ № 14
ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның витаминді өсімдіктері.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Шырғанақ.
2.Итшомырт шырғанақ.
Реферат тақырыптары:
1.Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері.
2.Қазақстанның витаминді өсімдіктері.
3.Қазақстанның қызыл кітабқа енген өсімдіктері.
4.Дәрілік өсімдіктер. Авран, Далалық қырықбуын, Балшытыр.
ОБСӨЖ №15
ОБСӨЖ тақырыбы: Витаминді өсімдіктер. Қызылша.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Витаминді өсімдіктер.
2.Қызылша.
ОБСӨЖ мақсаты: Қант қызылшасы.
ОБСӨЖ мәтіні: Қызылша – алабота тұқымдас екі жылдық өсімдік . Бірінші жылы жапырақ сағақтардың қуатты дегелегі және тамыржемісі өседі.
Бірқатар биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық қажеттігіне қарай қызылшаның тамыржемісі үш топқа бөлінеді.; тағамдық , қантты , жемдік . Осылардың бәрінің ішінен ең көп тарағандары қызыл және жапырақты монгольт түрлері.
Қызылша суыққа орташа төзімді өсімдік - дәндері –3-4 С көктейді , көктері –3-4 С суыққа төзеді. Тамыржемісінің өсуіне қолайлы температура 18-20С . Қатты ыстық 35-30 С өсімдіктің өсуін тоқтатады да тамыржемісін қатайтып жібереді. . Құнарлы топырақты қажет етеді , бірақ қызылшаға жас қи төксе , тамыржемісінің түрі өзгереді. Қызылша сортаң жерде жақсы өседі, бұл оның теңіз жағалауларында өскен жабайы тегінен қалған қасиеті болса керек . Қызылшаға жарық көп түсетін ашық учаске бөген жөн.
Қазақстанда тағамдық қызылшаның Бордо 237, Грибовская плоская В 473, Холодотойкая 19, Одноростковая сорттары өсіріледі.
Қызылша тамыржемісі ұзақ сақталған күнде де өзінің пайдалы қасиетін жоғалтпайды, сондықтан оны жыл бойы дәрілік тағам қатарына қосуға болады.
Қант қызылшасы – бойы түгел түк басқан , екі жылдық шөп тектес өсімдік . Тамыры жуан , қызыл ақ немесе сары түсті тамыр түйнек . Тамыр жапырақтары сопақша келген жұмыртқа тәрізді сопақша келген жұмыртқа тәрізді сағақтары ұзын , сабақ жапырақтары кезектесіп кезектесіп жарыса орналасқан , майда сопақ әрі жіңішке . Гүлдері майда жасыл түсті , масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады . Гүл жапырақшалары бесеу . Шілдеден қыркүйек айына дейін гүлдейді. Қант қызылшасы қолдан егілетін мәдени өсімдік. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамыры мен түйнегін және жапырағын пайдаланады, Құрамында қант С витамині , пигменттер органилкалық қышқылдар , микроэлементтер бар.
Қант қызылшасының тамыр түйнегінен жасалған дәрілердің несеп айдайтын , іш жүргізетін құрқұлаққа шипа болатын , қабынуға қарсы әсер ететін , ауырғанды басатын қасиеттері бар . Осыған байланысты халық медицинасында өсімдік тамыр түйнегінің жаңадан алынған жас сөлімен өкпе ауруларын , сондай- ақ оны өзімен теңдей етіп алынған ара балымен қосып , гипертония ауруын емдейді. Қайнатылған тамыр түйнегін іш жүрмей қалғанда пайдаланылады. Қан азаюға және құрғұлаққа қант қызылшасы таптырмайтын ем. Ал дене сыртына шыққан іріңді жараларда, шиқанды тамыр түйнегінің сулы тұнбасымен немесе жас жапырақтарымен емдейді . Мұрынның іші қабынып , ұзақ уақыттар бойы жазылмай жүрсе қызылшаның тамыр түйнегін қайнатып , сонан соң сөлін сығып алады да мұрынға тамызады.
Қызылша танымал өсімдіктің бірі онда көміртегі белоктар , пектин заттары клеччаткалар органикалық қышқылдар көп . Тамыр
Жемістері әсіресе балауса жапырақтары С витаминіне 50 мг % дейін каротинге бай сол себепті де жапырақ сабақтарын қосып жас қызылшадан жасалған свекольниктер мен борщтар аса бағалы саналады . Тамыр жемістерінде әралуан витаминдер жиынтығы С витаминінен басқа витаминдерді В тобындағы витаминдер ,РР корониц - әсіресе өсіп келе жатқан жас организиге өте қажет Калий темір ., кальций , кобальт тұздары өте көп . Ол бойындағы иодтың көтігінен көкеністер ішінен бірінші орын алады.
Қызылша тағамдары бірқатар асқазан ішек ауруларына әсіресе іш қатқан кезде ем ретінде қолданады. Өйткені клечатка мен органикалық қышқылдар ішектің перистальтикасын күшейтеді сөйтіп іш босатуға әсер етеді. Аш қарынға 100-200 г піскен қызылша жеген жөн . Тамыр жемісінің түсі қою қызыл болуы клетка шырынында онтоциан бетайнның молдығына байланысты , мұның зат алмасуға маңызы зор белоктарды ажыратып бойға сіңіруге әсер етеді , холиннің құралуына қатысты ал холин бауырдың қызметін кұшейтеді оның жұмысын жақсартады сондықтан қызылша тағамдары бауыро мен өт жолдары ауруларына аса пайдалы. Сондай-* ақ оны атеросклероз бен қан аздыққа қарсы қолдануға болады.
Ашытқан қызылша құрқұлақпен қан аздыққа қарсы жақсы дәру саналады .
Халық медицинасында қызылшаны не қызылша шырынын гипертония ауруларына қолданылады. Қызылшаның жақсы әсер ететін себебі магний көп болуына бйланысты болады. Ал шикі қызылша шырынын зат алмасуды жақсартатын және организмді нығайтатын дәру ретінде де ішуге болады.
Қызылшаның таза шырынын басқа ашлма жүзім , шие шырындарымен қосып ішкен де пайдалы . Мұндай ара қатысы қызылша шырыны 3-4 стакан басқа шырын 1-4 стакан болу керек . Қызылшаның жапырақтары балалар тағамына аса бағалы көкеніс олада жоғарыда айтылған витаминдеге қоса қанның жасалуына қажет фолий қышқылы бар . Мангольтың балауса жапырақтары шырынды етті және өте тәтті келедәі оларды шпинат несалат ретінэде пайдалануға болады .Қызылшаның тамыр жемісін сыртқы ауруларға дәру ретінде кеңінен пайдаланылады оны үгілген күйінде ісіктерге немесе денедегі жараға басады . Шикі қызылша тіс ауруын бәсеғңдетеді ал жаңа пісірілген қызылшаның ОБСӨЖ №16
ОБСӨЖ тақырыбы: Белокты өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Бұршақ.
2.Бадана.
Бақылау сұрақтары:
1.Белокты өсімдіктер.
2.Бадана қандай бұршақ тұқымдас.
3.Асбұршақтың шыққан орталығы.
ОБСӨЖ № 17
ОБСӨЖ тақырыбы: Жабайы өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Кәдімгі адыраспан.
2.Бетпақдала түйетабаны.
3.Үшдана түйетабан.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Қызғылт семізот.
2.Сиверс алмасы.
ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктері.
ОБСӨЖ мәтіні: “Қызыл кітап ” – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылады.
Қазақстанда “Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы ,үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның Қызыл кітабы ” 1981 жылы жарық көрді.Бұл кітапқа өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлерін атап өтсек: ақ түкті астрагал, альберт құртқашашы, алтай қасқыржидегі, ақ тұңғиық, ақсары жуа, алтай раушаны, ақжолақ сасыр, альберт қызғалдағы, берік сүттіген, бор сылдыршөп, дәрмене жусан, кавказ таудағаны, кәдімгі емен, қаратау шөмішгүлі, қопал астрагалы, қаратау түйетабаны, қаратау ұшқаты, зайсан лақсасы, т.б.
Қызғылт семізот (жасаңшөптер тұқымдасы) – Алтай өсімдіктерінің ішіндегі ең танымалысы. Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде (Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында) кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде, өзен аңғарлары менжағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлігінен Альпі белдеуніне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударарлық шіліктер құрайды. Көп жылдық, жуан тамырлы, қабыршақ тәрізді жапырақтарымен қалың жабылған, қысқа тамыр сабақты. Жер асты бөлігін кескенде, жалтыраған күлгіндеу түсті және күшті жағымды иісті байқаймыз. Сабағының саны бірнешеу. Барынша жуан, биіктігі 50 см-ге дейін, жапырағы кезектесе орналасқан, сопақша немесе эллипс пішінді. Гүлшоғыры қалың қалқан тәрізді гүлдері екі үйлі ұзындығы 3 мм, төрт мүшелі, сары немесе жасылдау. Аталығының саны 8 күлтеден болымсыз ғана қылтиып тұрады, тостағанша жапырақшалары қысқа, гүлдеп болған соң да түспейді. Семізот мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі шілде-тамызда піседі. Тамырының құрамында көмірсулар, органикалық қышқылдар, иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа дабелсенді әсер ететін заттар бар. Бұрыннан белгілі түрлі ауруларға қарсы халық медицинасында қолданылып келгендіктен, кейінгі жылдары ғылыми түрде зерттеліп, бекітілді. Олардан дайындалған препараттар қазір арнайы түрде жүрек жұмысын жақсартуда және адамның ойлау қабілетін арттыруға, еңбекке құлшынысын жақсартуға т.с.с. пайдаланылады. Халықтық медицинада тамырын қан аздықта, қан диабетін, ісік ауруларын емдеуге кеңінен қолданды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.
Сиверс алмасы (раушангүлділір тұқымдасы) – Тарбағатайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі ( шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, оңтүстік Қазақстан) облыстары тауларда кең тараған. Беткейлерде, өзен аңғарларында, кейде көп мөлшерде, әсіресе Жоңғар және Іле Алатауында, тіпті таза алмалы орман құрай өседі. Аласа таулардан бастап ортаңғы белдеуге дейін, кейде жекелеген теңіз деңгейінен 3000 м-ге дейін көтеріледі. Ағаштың биіктігі 8 м, қоңырлау, сұр қатпарлы қабықты және бас жағы жалпақ. Жапырағы ірі, жалпақ қандауырша, сабағы түкті. Гүлдері ірі, диаметрі 6 см-ге дейін жетеді, ақшыл, күлгін немесе ақ шатыр тәрізді шашаққа жинаған. Аталықтарының саны көп, тозаңдану жәндіктердің көмегімен жүреді. Сәуір-мамырда гүлдеп, шілдеден қыркүйекке дейін жеміс береді. Алмалардың 5-2 тұқымды ұялары қатты қабыршақпен бөлінген. Түрі үлкен өзгергіштігімен ерекшеленеді, әсіресе көлемі, түсі, пішіні және жемістерінің дәмімен. Жемісті өте көп береді, бір гектар алма орнгынан 5-10 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Тұқымы вегетативті жолмен көбейеді. Жеміс салуды шамамен 12 жаста бастайды. Тіршілік ұзақтығы 150 жылға дейін созылады. Қабығынан сары, жасыл, қоңыр және қара бояу алынады, сүрегі ұсақ әртүрлі бұйымдар жасауға қолданылады. Бұл түр көптеген мәдени сорттардың туыс басы болып табылады. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Мушкетов түйесіңірі (тарандар тұқымдасы) – Қазақстандық 14 түрдің ішіндегі ең сирек кездесетіні, тек Іле Алатауының орталық бөлігінде (Алматы қаласының маңында) таралған. Қазіргі кезде тау етегіндегі шалғынды беткейлерде, жапырақты ормандарда және бұта шіліктерінде өседі. Биіктігі 1,5 м бұта, ағаштанған қызғылт-қоңыр бұтақтарымен, туыстың көптеген басқа өкілдерінен тікенектерінің болмауымен және ірі (ұзындығы 6 см-ге дейін, ені 2 см) созыңқы сопақша ақшыл-жасыл жапырақтарымен ерекшеленеді. Гүлдері қос жынысты, бозғылт күлгін немесе ақ, қысқа бүйір шашақ, гүлшоғырына жиналған. Гүлсерігі жәй 5 мүшелі. Оның жапырақтары екі шеңберге орныққан сыртқы екеуі ішкілерінен ұсақтау және жеміс салу кезінде төмен еңкейеді, ішкі үшеуі (дөңгелек пішінді) үлкейіп өседі, жемісті қоршап тұрады. Аталығы 6-ау түйіні бір ұялы, үш бағанасымен. Түйесіңір мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі (тарамдар тұқымдасына тән үшқырлы жаңғақты) шілдеде піседі. Оның жасы 10 миллион жылдан кем емес. Қазақстанның Қызыл кітабына ендірілген.
ОБСӨЖ № 20
ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Тянь -Шаньда кездесетін омыртқасыздар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Балташы түкті ара.
2.Апполон.
3.Махаон.
Кооллоквиум сұрақтары:
1.Тянь -Шаньда кездесетін омыртқасыздар.
2.Жабайы өсімдіктер.
3.Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер.
4.Дәрілік өсімдіктер егістік көздәрі.
ОБСӨЖ № 21
ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Су қоймаларында кездесетін омыртқасыздар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Масалар
2.Су өлшегіш қандала.
3.Су өрмекшісі.
ОБСӨЖ мақсаты: Су қоймаларында кездесетін омыртқасыздармен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Масалар – қосқанатты жәндіктер отрядына жатады. Нағыз масалар тұқымдасының өкілдері, көпке танымал, жер шарының барлық жерінде кең таралған. Адамдар мен жануарларды шағып, мазасын алады. Аналықтары ғана қанмен, аталықтары өсімдік шырынымен қоректенеді. Масалар ұсақ таспа суларда, шалшық, тіпті консервлі ыдысындағы суда да көбейе береді. Дернәсілдері суда органикалық қалдықтар мен ұсақ су ағзаларымен қоректенеді. Қан соруға тек ұрықталған аналық қана қабілетті, жылы қанды жануарлар тобын 3 км қашықтықтан сезеді. Аналығы өз салмағынан артық қан сорады. Осы қанның арқасында, аналықтың ағзасында 150-200 жұмыртқа пайда болады. Қансорғыш аналық жазда екі ай тіршілік етеді. Маса жағымсыз қышитын шаққан орнынан басқа неше түрлі ауруларды мысалы, әр түрлі безгек ауруларын таратады.
Су өлшегіш қандала – нағыз су өлшегіштер тұқымдасына жатады, су үстінде тіршілік етеді, су бетін ұзын аяқтарымен итере, су үстінде жүреді. Ең көп, әрі ірі қандала. Үлкен су өлшегіштің денесі ұзын, сарғыш түсті ұзындығы 13-17 мм, денесі барқыт тәрізді түкшелермен жабылған. Су бетіне құлайтын ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ересектерімен бірге дернәсілдері де жиі кездеседі, себебі аналығы жаз бойы су өсімдіктеріне жұмыртқаларын салады.
ОБСӨЖ № 22
Тақырыбы; Су омыртқасыздар. Шөл мен шөлейт омыртқасыздар.
1.Сарышаян.
2.Құмырсқа арыстаны.
3.Киелі қоңыз.
ОБСӨЖ №23
ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Қазақстанда жойылып бара жатқан балықтар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Еділ майшабағы.
2.Каспий албырты.
3.Арал албырты.
ОБСӨЖ мақсаты: Жойылып бара жатқан балықтармен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Еділ майшабағы-Қазақстанда Каспий теңізімен Жайық өзенінің төменгі жағында саны өте жылдам азаейып бара жатқан түрше. 30-жылдардан бастап 70-жылдарға дейін жылына ауланатын балық үлесі 70 тоннадан 10 тоннаға дейін кеміді. Негізгі себеп өсу жағдайының нашарлауы және шектен тыс аулауы. Аулауға толық тыйым салып, уылдырық шашатын балықтарды уақытында су құрылыстары арқылы өткізу ұдайы өсіруді қолға алу керек.
Каспий албырты – жойылып кету қарсаңында тұр.Каспий теңізі мен оған құйылатын өзендердің сағаларында кездеседі. Соңғы 15 жылда Жайық өзені мен Каспий теңізінің қазақстанда қарасты бөлігінде кездескен жоқ. 1939 жылға дейін жылына 620 тонна жуық балық ауланса, ал 1970 жылы 5 тоннадан асқан жоқ. Негізгі себебі-өзен бойында су құрылыстарын салумен байланысты оның табиғи өсуінің төмендеуі және шектен тыс аулауы. Қолдан ұдайы өсіру шараларын жолға қою қажет.
Арал албырты – республикамызда бұл балықтың жойылып кетуі де мүмкін. Арал теңізі мен Амудария өзенін мекендеген. 30 –шы жылдары, теңізде 1961 жылы дейін Амударияның жоғарға ағысында бірен сараны ұсталған еді. Қолдан өсіруді ұйымдастыру қажет.
Таймень – қазақстанда тек ертіс өзенімен оның салаларында сонымен қатар суы салқын алтай көлдерінеде және жасанда су қоймаларында кездеседі. Санының көбеюінің негізгі себебі- өзендерде су құрылыстарын салуға байланысты өніп -өсу жағдайының нашарлау және шектен тыс аулау. Бұл балықтардың өніп -өсуін қаматамасыз ету үшін су құрылыстары жұмыстарының режимі оған сәйкестендіру керек.
Ақбалық – нельма – қазақстанда ертіс өзенінің бассейінде бұқтырма жасанды су қоймасы және қара ертісте тараған. Соңғы 40 –жылда аулау үлесі 10 есеге кеміді. Негізгі себебі – аулауды тыйымсыз ұйымдастыру барысында балықтың өніп -өсу қабілетінің кемуі. Қазақстаннан тыс су қоймаларында көбейетін нельмаларды аулауды реттеу. Қолдан өсіруді және қасақылықпен күресуді жолға қою қажет.
ОБСӨЖ № 24
ОБСӨЖ тақырыбы:Су омыртқасыздар. Қызыл кітапқа енген балықтар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Ақбалық.
2.Шортан тәрізді ақмарқа.
3.Түркістан қиязы (теңге балығы).
Реферат тақырыптары:
1.Қызыл кітапқа енген балықтар.
2.Бағалы балықтарды қолдан өсіру.
3.Қазақстанда ауланатын балықтар.
ОБСӨЖ № 25
ОБСӨЖ тақырыбы: Балықтар. Майшабақ тәрізділер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Балықтыр.
2.Майшабақ.
ОБСӨЖ мақсаты: Майшабақ тәрізділер мен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Осы кезде тіршілік ететін сүйекті балықтардың ішіндегі ең қарапайым құрылысы, басқа балықтармен салыстырғанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өмір бойы өңешпен байланысты болатын балықтардың тобы майшабақ тәрізділер. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты болады.Негізгі тұқымдастары майшабақтар және лосось тәрізділер.
Майшабақтар тұқымдасына – негізінен теңіздерде тіршілік ететін балықтардың көптеген түрлері жатады, олардың кейбір түрлері көбею үшін өзендерге шығады.Біздің суларымызда көбінесе мына түрлері кездеседі. Мұхит майшабағы – Ақ теңіз бен Баренцово теңізінде, шығыста жаңа жерге дейін және Қиыр Шығыс теңізіне дейін таралған. Бұл майшабақтар уылдырығын шашу үшін үлкен үйір құрып теңіздердің жиегіне келеді. Уылдырықтары ауыр сондықтан су түбіне шөгіп , оның түбіндегі заттарға көбінесе балдырларға береді. Әрқайсысы 40 мың - нан 280 мыңға дейін уылдырық шашады. Скандинавияның оңтүстік батыс жағалауынан шыққан шабақтар атлантикалық ағыспен ағып шығысқа келеді. Ересектері уылдырық шашып болған соң солтүстікке ауысады.
Майшабақтар- Каспий мен Қара теңізде өте көп болады.Бұл теңіздердегі майшабақтардың тіршілік ету тәсілі де түрліше . Мысалы : Еділ майшабағы және қаражанды майшабақ тыныс алу органдарының жетілу немесе семіру кезінде теңізде болады да . Ал көбеюі үшін өзенге шығып , өзен бойымен жүздеген километр жоғары көтеріледі. Қаражонды майшабақтардың көпшілігі уылдырық шашқан соң қырылып кетеді, ал Еділмайшабақтарының өлімі оған қарағанда азырақ болады. Алдыңғы екі түрден ерекше.Барлық өмірін теңізде өткізетін Каспий пузанкасы дейтін түрі бар. Бірақ бұл да мұхит майшабағы сияқты кең өрістейді.
Балтық теңізі Қара теңізде килька ал Каспиий теңізі мен Қара теңізде соған жақын тюлька деген шабақтар тіршілік етеді. Бұл ұсақ шабақтар нағыз майшабақтарға туыстық жағынан жақын балықтар.
Лосось тұқымдасына – майшабақтар отрядына үлкенді – кішілі бірнеше түрлері жатады. Оларға тән ерекшелік арқасында жұмсақ тері қатпары болады оны майлы қанат деп атайды. Балықтардың бұл тобы қоңыржай және солтүстік ендіктерде тараған. Лососьтар көбінесе өсіп – жетілуі теңізде өтіп, ал уылдырық шашу үшін өзендерге шығатын өткінші балықтар. Лосось балықтарына Қиыр Шығыс теңіздері ерекше бай келеді. Мұнда Лосось тәрізділерден кета, горбушка , нерка және басқалары тіршілік етеді. Бұл балықтар өзендердің бас жағына уылдырық шашады. Ал оның ішіндегі нерка деген түрі уылдырық шашу үшін көлдерге барады. Уылдырық шашу кезінде миграциясы(қоныс аудару) бірнеше мың киломметрге дейін жетеді. Мысалы кета Амур бойымен екі мың км жоғары көтеріледі. Уылдырықтарын өздері қазған арнайы су түбіндегі шұңқырға тастап,оны арнайы уақ тастармен,немесе ірі құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзендерде қыстап шығады да , көктемде теңізге келеді . Ересек балықтар уылдырық шашып болған соң қырылып қалады. Сөйтіп олар бүкіл өмірінің ішінде бірақ рет көбейеді. Кетелар 3 мың , горбушкалар 1-2 мың уылдырық шашады.
ОБСӨЖ № 26
ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның су жануарлары.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Жұпар.
2.Жұпардың тіршілігі.
Бақылау жұмыстары:
1.Қазақстанның су жануарлары.
2.Қызыл кітапқа енген балықтар. Арал қаязы немесе теңге балығы.
3.Шөл мен шөлейт омыртқасыздары.
4.Балықтар. Майшабақ тәрізділер.
ОБСӨЖ № 27
ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның су жануарлары. Жанат.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Жанат.
2.Шайқағыш жанат.
ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның су жануарларымен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Қазақстан территориясында бұл аңның екі түрі – жанат немесе жәнәті (енотовидная собака) және шайқағыш жанат (енот-полоскун) кездеседі. Бұл аңдар бір-біріне өте ұқсас келеді. Олар – терісіне бола ауланатын және жерсіндірілген жыртқыштар.
Жанат – иткеөте ұқсас аң. Сондықтан да бұл аңды кейде жанат тәрізді ит деп те атайды. Бұл аңның денесінің ұзындығы 65-80, құйрығы- 15-25 см-дей, жазда салмағы 4-6, күзде 6-10 кг-дай болады. Жүні ұзын, жұмсақ қылшықты болып келеді. Әсіресе қысқы жүні өте түбітті, түрі жылтыр қоңырқай, қылшығының ұшы қара болады.
Жанат оңтүстік – шығыс Азияда, Жапонияда, Қытайда, Кореяда және СССР-дің Уссурий өлкесі мен Амур аймағында таралған.
Жанат қазіргі Гурьев облысында Еділ атырауында, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің сағасына дейін кездеседі. Гурьев облысына көршілес Астрахань облысынан келсе, ал Орал облысына Саратов облысынан таралып отыр.
Жанат негізінен өзен-көл жағалауын, балшықты жерді мекендейді. Олар көбінде жан-жағында орман не қалың ағаш өскен ашық алаң, өзен бойы және таудың құлама беткейінде тіршілік еткенді ұнатады. Мұндай жерлерде жанат қоек ететін түрлі жеміс ағаштары мен шөптесін өсімдіктер және осы аң иеленетін борсықтың ескі індері көп болады. Кейбір жерлерде өзен аңғарларында, қалың шөпті және тоғайлы жерлерде жүреді. Әсіресе тоғайлы жерлерде оның жейтін қорегінің бірі - әр түрлі құстар жиі кездеседі.
Жанат терең інде жатады. Інді ағаштардың тамыры не түбірінің астынан немесе қамысы қалың өскен жерден қазады. Кейде олардың індері үлкен тастың асты мен тау жыраларында да кездесіп қалады.
Бұл аң қорек іздеуге ымырт жабыла шығып, түні бойы кезіп жүреді. Жаз бойы семірген жанат қалың қар жауысымен аю және борсық сияқты қысқы ұйқыға кетеді. Қысқы ұйқы оның тіршілігіндегі бір ерекше қасиеті. Жанат күн жылына, қар ери бастағанда інінен қайта шығады.
Бұл жыртқыш негізінен қосмекенділермен қоректенеді. Және де әр түрлі ұсақ кеміргіштерді, құстарды (әсіресе шіл, құр), сондай-ақ ағаш жемістерін азық етеді. Сонымен қатар ол құрт-құмырысқа, ал кейде балықты да ұстап жейді.
Жанат жылынабір рет туады. Оның буаздығы, орта есеппен, екі айға созылады. Жанат 6-дан 8-ге дейін күшік табады. Күшіктерін өсіру кезінде жанаттың сырттаны мен қаншығы бір інде жатады. Күшіктері майдың аяғында жетіліп, іннен шыға бастайды. Жас күшіктер август айында кешкі уақытта ересектерімен бірге қоек іздеуге шығады.
ОБСӨЖ № 28
ОБСӨЖ тақырыбы: Эфир майлы өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1 Ломонос кодонопсисі.
2.Самарқан салаубасы.
3.Қаратау сасыры.
Реферат тақырыптары:
1.Илік заттары өсімдіктері.
2.Балды өсімдіктер.
3.Улы өсімдіктер.
4.Витаминді өсімдіктері.
5.Жұқа жапырақты көкбас.(дәрілік өсімдік)
ОБСӨЖ № 29
ОБСӨЖ тақырыбы: Қосмекенділер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Жетісу аяқтыбалығы.
2.Данатин құрбақасы.
3.Жұмырбас шұбар кесіртке.
ОБСӨЖ мақсаты: Қосмекендіні қорғайтын қорық ұйымдастыру және қолдан өсіру тәсілдерін жетілдіруі мен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Жетісу аяқтыбалығы – таралу аймағы шағын сирек кездесетін түр. Тек Жоңғар Алатауының таза ағынды тау өзендерінде тараған. Жетісу аяқтыбалығының санына және уылдырығының сақталуына өзендердегі су деңгейінің тұрақты болмауы және мал жаюға байланысты олардың ластануына әсерін тигізеді. Қосмекендіні қорғайтын қорық ұйымдастыру және қолдан өсіру тәсілдерін жетілдіру керек.
Данатин құрбақасы – Қазақстанда зерттелмеген түр. Тіршілік жақтары белгісіз, себебі ғылымға тек 1978 жылдан кейін ғана белгілі. Санының кемуі жайында да деректер жоқ. Жаңа зерттеулер нәтижесінде бұл құрбақаның таралуы толық анықталса, оның болашақта Қызыл кітап бетінен шығарылуы да мүмкін.
Қызылаяқ бақа – саны азайып, таралу аймағы тарылып келе жатқан түр. Қазақстанда Оңтүстік Балқаш өңірінің көп бөлігін мекендеген. Соңғы он жыл ішінде көп жерлерде, соның ішінде Алматы қаласының төңірегінде де жойылып кеткен. Мүмкін оны бақталасы көлбақа мекендейтін ортасынан ығыстырып шығарған да болуы керек. Шарын өзенінің аңғарынан қорық ұйымдастыру қажет.
Жұмырбас шұбар кесіртке – оны кейде шұбар батбат деп те атайды. Қазақстанда тек Қытаймен шекаралас екі шағын ауданда – Іле өзенінің аңғары мен Жоңғар қақпасына жақын жерлерде ғана кездеседі. Түрді сақтап қалу үшін оны қорғау жайында үгіт-насихатты күшейту жеткілікті.
Зайсан жұмырбас кесіртке –оны кейде Зайсан батбаты деп те атайды. Таралу аймағы шағын, тек Шығыс Қазақстандағы Зайсан ойпатында ғана кездеседі. Кесірткенің тіршілігі толық зерттелмеген. Сан мөлшеріне әсер ететін себептер белгісіз. Зайсан ойпатындағы мал жайылмайтын шағын құмды учаскелерді сақтау және ол жерлерде бұл түрдің биологиясын зерттеуді қолға алу керек.
ОБСӨЖ № 30
ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстандағы жер бетіндегі негізгі биоресурстар.
Жер бетіндегі омыртқасыздар. Шаян.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Шаянтәрізділер класы – Crustacea.
2.Құрылысы мен физиологиясы.
3.Желбезекаяқтылар класс тармағы – Branchiopoda.
Бақылау сұрақтары:
1.Бақалшақты шаяндар класс тармағы.
2.Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы.
3.Шаянтәрізділердің құрылысы.
4.Қосмекенділердің түрлері.
ОБСӨЖ № 31
ОБСӨЖ тақырыбы: Жер бетіндегі омыртқасыздар. Тянь -Шаньда кездесетін бауырмен жорғалаушылар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Сарыбауыр немесе сарлан.
2.Өрнекті қара шұбар жылан.
3.Алай жалаңкөзі.
ОБСӨЖ мақсаты: Тянь -Шаньда кездесетін бауырмен жорғалаушылар мен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Сарыбауыр немесе сарлан – аяқсыз жылан тәрізді кесіртке, ұзындығы 1,2м.Сүйір тұмсықты қысылған денесінен айқын бөлініп тұрады. Жыланнан айырмашылығы қасы болады және көзін жыпылықтата алады. Денесін сарғыш қоңыр немесе сарғыш сұр түсті ірі ромбаға ұқсас қабыршақтар жапқан. Сарыбауыр Қазақстанның оңтүстігіндегі Батыс Тянь-Шань тау өзендері аңғарында, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікке дейін көтеріледі. Тау етектерінде, сайларда, бау-бақшаларда тіршілік етеді. Күндіз белсенді. Кеміргіш індеріне, тас, ағаш тамыры астына тығылады. Жәндіктермен, әсіресе ірі қоңыздармен қоректенеді, ұсақ кесіртке, кеміргіш, ұядағы жұмыртқа және балапандарды да жейді. Аналығы маусымның соңында пана жерде 8-10 ұзыншақ жұмыртқасын салады. Бір айдан кейін ұзындығы 10 см кішкентай кесірткелер шығады. Жылына 6-7 ай белсенді. Сарыбауыр – зиянсыз бауырымен жорғалаушы, бау-бақшалардағы зиянкестерді жеп, пайда келтіреді. Егер қолға түссе, шағайын деп ойламайды, тек босанып шығу үшін жылан сияқты бүкіл денесімен қатты бұралаңдайды. Қазір бұл сирек кездесетін кесіртке Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Өрнекті қара шұбар жылан - өрмелегіш қара шұбар жылан туысының ұзындығы бір метрге жететін өкілі, усыз жылан. Басында ерекше қара суреті бар, арқасы аппақ түсті, әдетте денесін бойлай төрт қоңыр, сұрғылт-қоңыр жолақтар алып жатады. Қазақстанның барлық жерінде таралған. Тауда орманды белдеуге дейін көтеріледі. Негізінен кеміргіштермен қоректенеді, ағашпен жақсы өрмелейді. Сөйтіп ұяларды қиратып, жұмыртқа, балапандарды жейді. Қауіп төнсе, сылдырмақ жыландар сияқты құйрығының ұшын сілкиді. 8-16 жұмыртқа салады. Қыста 5 ай ұйқыда болады.
Алай жалаңкөзі – ұсақ (ұзындығы 12-14 см, көп жерін құйрығын алып жатыр), тегіс, қара түсті бауырымен жорғалаушы. Күйлеу кезеңінде құрсағы (әсіресе аталығы) жалтыраған қызғылт сары түсті болады. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тауларында тіршілік етеді. Теңіз деңгеімен 3800 метр биіктіктегі құздар мен шөгінділерде кездеседі. Жыландыкі сияқты қосылып өскен мөлдір қабақтарына байланысты осылай аталған. Әр түрлі жартастарды мекендейді. Жаз соңында 3-7 ұсақ кесірткелер туады. Жылына 5-6 ай ұйқыда болады. Егер қыста күн жылынып, қар ерісе жер бетіне шығады.
ОБСӨЖ № 32
ОБСӨЖ тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Сары жылан.
2.Шұбар кесірткі.
3.Жолақ қара шұбар жылан.
Коллоквиум сұрақтары:
1.Тянь –Шаньда кездесетін бауырмен жорғалаушылар.Жыландар.
2.Қосмекенділер.
3.Эфир мйлы өсімдіктері.
4.Белокты өсімдіктер.
ОБСӨЖ № 33
ОБСӨЖ тақырыбы: Тауларда кездесетін құстар.
Жоспары:
1.Сандуғаш, Қара шымшық.
2.Жұртшы, Тазқара.
3.Бозторғай, Бұлбұл.
ОБСӨЖ мақсаты:Тауларда кездесетін құстармен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Сайрағыш сандуғаш – сандуғаштар тұқымдасының ұсақ құсы. (салмағы 20 –25 гр). Денесінің үсті сұр, төбесі қаралау, төменгі жағы ақ түсті, қара қарашықты, ақшыл ақшыл көзі қара басына жақсы айқындалып тұрады. Бұл кішкентай құс – атына сай өте жақсы әнші.Жалпы сайрағыш сандуғаштар Жер орта теңізіндегі таулы жерде мекендейді. Қазақстанда тек Батыс Тянь –Шань тауында ұялайды. Таудың орта белдеуінде биік дінді аршалар мен жапырақты бұталарда тіршілік етеді. 4 –5 сирек теңбілді көгілдір жұмыртқаларын аналығы мен аталығы 11 –12 күнде басып шығарады, осынша уақыт ұясында асырайды. Жәндіктермен қоректенеді, жаз соңында сүйсіне жидектер жиді. Ұялайтын жерінде сәуірдің соңынан қырқүйектің ортасына дейін кездеседі.
Қара шымшық - ұсақ (салмағы 8 –10гр), қара түсті құс. Басы мен тамағы қара, мойнындағы таңбасымен беттері ақ, арқасы сұр, құрсағы сары түсті.Өте қозғалғыш және жылпылдаған құс, үнемі шиқылдаған. Қарашымшықтар жартастардың жарығымен қуыстарында ұялайды. 7 –11 сары теңбілді ақ жұмыртқаларын аналығы 2 –аптада басып шығарады. Содан кейін екеуі балапандарын 16 –17 күн ұясында асырайды. Балапандарын ұшқаннан кейін де, біраз уақыт ата- анасының қамқорлығында болады. Ересектерімен дене пішіндері бірдей балапандары ата –анасының соңынан қалмай, жем сұрап жүреді. Отырықшылар, ұялайтын жерінен онша қашық кетпейді.
Жұртшы – жыртқыш құстар отрядының өкілі. Дене пішіні орташа (қанатының құлашы 150 –170 см), салмағы 2 кг, тұмсығының айналасында жалаңаш қызыл терісі бар жыртқыш құс. Ересек жұртшы ақ қауырсынды, тек қанатының ұшында қара жолағы болады, балапандары қоңыр түсті. Жұртшыны кез келген жасында, ұшып жүргенде жалпақ қанаттары мен ұшына қарай жіңішкеленген құйрығынан бөлуге болады.Аласа құрғақ тауларда мекендейді. Қазақстанның Оңтүстігіндегі тау сілемдері, сонымен қатар Маңғыстаудан Алакөлге дейінгі аралықта мекендейді.Жұртшы жартас қуысында үлкен ұя салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. Ұясына 1-2 шұбар жұмыртқа салады, оны агналығы мен аталығы басып шығарады. Әр түрлі өлекселермен қоректенеді. Тұрғын үй маңындағы қоқыстарға да барады. Сәуір де ұшып келеді, қырқүйекте ұшып кетеді. Бұл саны аз құс, Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.
Тазқара - ірілеу (салмағы 7-12кг, қанатының құлашы 290см,) өлексе жегіш. Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс тауларын қоныстайды, бірақ қаңғырған дараларын кез келген жерден кездестіруге болады. Ұшып жүрген тазқараны шатастыру мүмкін емес. Бұл – жалпақ қанатты, ұштарында саусақ сияқты тарбиған қауырсындары бар, өте қысқа құйрықты, қанатының алдыңғы сызығынан басы көрінбейтін қанаттарын қақпай қалықтайтын үлкен құс. Тазқара ұзақ уақыт аштыққа шыдайды. Дегенмен жемтігін тапқанда, тойғандығы соншалық кенеттен төнген қауіптен ұша алмай қалады. Жеке жұп болып ұялайды. Ұясын жоғарғы жағы сыңған ағашқа немесе құз шыңына салады. Қоңыр дақты бір жұмыртқасын 2 –і кезектесіп, 55 күнде басып шығарады. Содан кейін балапандарын 2ай ұясында ұстайды. Бірнеше жылдан кейін жынысы жетіледі.Осы жылдардың бәрінде үнемі қоныс аударумен болады, сондықтан ұялайтын жерінен алыс жерлерде кездесе береді.
Көк және алабажақ сайрауық – Қазақстандағы сайрауықтар тұқымдасының өкілдері. Дене пішіні қараторғайдай (салмағы 45-65г), жай сайрауықтарға қарағанда, дене бітімі шымыр және тұмсығы ұзындау. Бұлар тау баурайындағы құрғақ тасты және ағашсыз тік құлама жарларды ұнатады. Көк сайрауық атына сай, түгелдей көк түсті. Тек Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында тіршілік етеді. Ал алабажақ сайрауықтың денесінің жоғарғы жағы кеудесінің ортасына дейін сұр көгілдір, құрсағы сарғыш, арқасы ақ, қанаттары қара түсті. Қазақстанның Оңтүстігі және Оңтүстік Шығыс тауларымен қазақ шоқыларында тіршілік етеді. 2 –түрдің аналықтары қарапайым шұбар қоңыр түске боялған. Дауыстары қатты және ащы ұясын тас асты, жартас қуысымен жарықтарында, пана жерлерде салады. 4-5 көгілдір жұмыртқасын аналығы 2 –аптада басып шығарады. Балапандарын екеуіде ұяда 16 – күн асырайды. Жәндіктермен қоректенеді. Ұялайтын жеріне сәуірдің аяғы наурыздың басында ұшып келеді. Қырқүйекте ұшып кетеді.
Мүйізді немесе құлақты бозторғай – торғай тектестер үшін дене пішіні орташа құс.(салмағы 30-40гр). Ерекше сұр түсті және көзіне дейін ақ тамағының айналасында қара сақиналары, төбесінде қара түсті “мүйіздері бар”. Мүйізді бозторғай өсімдігі аз, құрғақ тасты жерлерде тіршілік етеді. Қазақстанда 2түрлі қоныстану орны: жазықтықта шөл мен шөлейт және теңіз деңгейінен 3 мың метр биік тауларда ұялайды. Сонымен қатар бізде Тундрадан келген бозторғай қыстайды. Альпі белдеуінде ұялайтын мүйізді бозторғайда тамағының айналасында ашық түсті тұйық қара сақинасы бар. Ұясын жерде шұңқырда салады, ішіне шөп, сонан кейін мамық жүн төсейді. 2-4 қоңыр дақты жұмыртқаларын аналығы басады, аталығы өте сирек ауыстырады. Балапандарын екеуі де асырайды. Ұялау кезеңі –ұя салғаннан балапан ұшырғанға дейінгі уақыт, 30 күнге созылады. Сондықтан кейде екінші рет балапан шығарады. Жәндіктермен және өсімдік дәндерімен қоректенеді.
Қаратөс бұлбұл-ең әдемі биік тау әншілерінің бірі. Аталығы ашық түске боялған: жоғарғы жағы қара сұр, көзінің үстінде аппақ қасы, тұмсығының астында қара кеудксінде алқызыл дағы бар, құрсағы мен құйрығының түбі-ақ түсті. Сонымен қатар, қара түсті құйрық қанаттарының ұшында айқын ақ дақтары бар. Ол құйрығын жиі тартып, желпуіш сияқты жайып жүреді. Әні жағымды және сазды, күйлеу кезеңінің қызған уақытысында әнін бір сағатта 500 рет орындайды. Ұясын жерге, тастың, бұтаның панасына немесе қалың бұтаның арсына салады. 4-6 көгілдір жұмыртқасын аналығы 2 аптада басып шығарады. Балапандарын екеуі асырайды. Жазда 2 рет балапан шығарып үлгереді. Ұялайтын жерінде мамырдан қазанға дейін кездеседі.
Қызылбауыр отқұйрық-біздің фаунамыздағы ең әдемі, ашық түсті отқұйрықтардың бірі. Басқаларынан шамалы ірі ( салмағы 23-30 г). Аталығы әр түрлі болып боялған: денесінің жоғарғы жағында (басы, арқасы ортасына дейін, кеудесі) қара түсті, аппақ болады, денесінің төменгі бөлігі жағында (құрсағы, белі, құйрығы) ашық сары түсті. Аналығы қоңыр, құйрық үсті сары түсті. Бұл әдемі құс Қазақстанның оңтүстік – шығысындағы биік таулардың Альпі белдеуінде тіршілік етеді. Ұяларын жартас жарықтарына, адам құрылыстарына салады. 3-5 қызыл дақты ақ жұмыртқаларын аналығы басып шығарады, балапандарын екеуі асырайды. Қызылбауыр отқұйрық – отырықшы құс. Қыста саймен төмен қарай түседі, ұяларына тек наурызда барады.
Бурылбас отқұйрық – кішілеу (салмағы 15 –17гр), сайрауықтар тұқымдасының құсы. Аталығы қара, құрсағы ақ түсті қанаттары кішкене “айнамен” және басында сұр “бас киімі” бар; аналығы қаралау, құйрығы қара, құйрық үсті сары түсті. Жоңғар Алатауы мен Тянь – Шань қылқан жапырақты ормандарында тіршілік етеді. Орманның тасты топырақ пен жартастарға шығатын шалғай жерлерін ұнатады. Ұясын тас арасындағы қуыстарға салады. 3-5 ақшыл жұмыртқаларын аналығы 2аптада басып шығарады. Сонан кейін осынша уақыт балапандарын екекуі ұяда асырайды. Осыдан соң аталығы балапандарына қамқоршы болады да, аналығы келесі жұмыртқаларын басуға кіріседі. Тіпті қысқа тау жазының өзінде 2рет балапан ұшырып үлгіреді. Қазақстанда сәуірден қазанға дейін болады.
Қара ұзынқанат – ұзынқанаттылар отрядының әдеттегі өкілі, салмағы 40–45гр, қараторғайдан жеңіл, қанатының құлашы 45см. Ақ тамағы, орақ тәрізді иілген ұзын қанаттары мен ерекше қысқа аяқтары бар қара құс. Ол тегіс жерге қонса, өзінің әлсіз аяқтарымен жүре алмайды, ал қанаттары үлкен, оларды қағып ұшып кету қиынға түседі. Жалпы ұшуы – тез және шебер. Ауада шіркейлерді ұстап қоректенеді.Айғайы – ащы. Қазақстанда кең тараған. Құстың ұшуына ыңғайлы әртүрлі тік беткейлердің қуыстарында ұя салады. Солтүстік ормандарда ағаш қуыстары, оңтүстік және орталық аймақтарда жартастар мен құрылыстарда ұялайды.Қолайлы жағдай болса топтасып қоныстанады. 2-4 ақ жұмыртқасын аналығы 18 күнде басып шығарады, аталығы осы уақытта оған жем тасиды. Ұялау орнына сәуірде ұшып келеді, тамыз – қыркүйекте ұшып кетеді.
Көкқұс – көбіне оны бақыт құсы деп атайды. Бұл едәуір ірі салмағы 150 –200гр, қара құс, көк түсті тек жарық күнде көрінеді. Тянь – Шань таулы өзендерінің жағасында тіршілік етеді. Тұмсығы мықты, жоғарғы жағы қара, төменгі жағы сары, жыртықш құстар сияқты тұмсығының ұшы иілген. Дауысы керемет. Күшті, таза ысқырығы сарқырама гүрілі мен жел шуын басып тастайды. Көкқұс ұясын құздың шығыңқы жеріне салады. 4-6 балшық түсті жұмыртқаларын аналығы 17 күнде басып шығарады. Сонан кейін үш жарым апта ұясында асырайды. Балаларымен ұзақ болмайды, себебі топ жүргенді ұнатпайды. Әртүрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Қыста оңтүстікке қоныстайды. Бұл құс Қазақстанның Қызыл кітабына енгізген.
ОБСӨЖ № 34
ОБСӨЖ тақырыбы: Тянь -Шаньда кездесетін Құстар.
Жоспары:
1.Ақтамақ қарлығаш, Кекілік.
2.Бүркіт, Құмай.
3.Орақтұмсық, Қыран.
Глоссарий:
1.Кекілік.
2.Бақалтақ қыран.
3.Сақалтай.
4.Қоңыр және кәдімгі сушылқара.
ОБСӨЖ № 35
ОБСӨЖ тақырыбы: Алтай тауларында кездесетін Құстар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Алтай ұлары.
2.Сақалды жапалақ.
3.Тундра шілі.
ОБСӨЖ мақсаты : Алтай тауларында кездесетін құстармен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Алтай ұлары-сырт пішіні басқа ұларға ұқсас, мысалы, қарақұрсақты ұларға, бұл аққұрсақты ұлар. Қазақстанда Оңтүстік Алтай биік тауларында, көбіне шөгінділермен кездескен тік жартастарда кездеседі. Дауысы-сазды ысқырық, қарақұрсақты ұлар дауысын еске түсіреді. Бұл ұлардың мінезі бір-біріне ұқсас. Әдетте жартастан ұшады. Тегіз жерде екпіндей ұшады. Басқа тауықтар сияқты, шаңға шомылғанды ұнатады. өсімдіктің дәнімен, көк шөппен, гүл қауызымен және тамырымен қоректенеді. Сәуірдің ортасынан тамыздың аяғына дейін көбейеді. Ұядағы тіршілігі зерттелмеген. Қазақстанда бұл құстың бірдк-бір ұясы табылмаған. Таралу аймағы тар, аз кездесетін құс болғандықтан, Қазақстан Қызыл кітабына енгізген.
Сақалды жапалақ - ірі (қанатының құлашы 148см, салмағы 1200 г) жапалақ. Қазақстандағы 3 жапалақтың ішіндегі ең ірі және қара түстісі. Түнде ғана емес күндізде беосенді. Дауысы- қатаң “ ху-ху-ху”. Негізі кеміргіштермен және құстармен қоректенеді. Тайга ормандарының шалғай жерлерін ұнататын құстар. Қазақстанда тек Алтайдан табылған, мұнда да өте сирек.
Алқалы татрең- дембелше, мығым денелі балшықшы, дене пішімі сайрауықтікіндей. Қазақстанда Алтай, Сауыр биік тауларында өсімдігі тапшы, тегіс, шағыл тасты алаңдарында ұялайды. Көрші Тарбағатайдың ең биік жерлерінде ұялауы мүмкін. Жоғарғы жағы қоңыр түсті, көкірегінен көлденең қоңыр, ақ, қара жолақтар өтеді. Ал ақшыл түсті құрсағында қара дағы болады. Жерде шүрілдек сияқты әлсін -әлсін жүреді. Топқа тез жиналады, бірақ сирек топтанып ұялайды. 2-4 жұмыртқасын аналығы жалаң шұңқырса салады, аталығы жұмыриқасын басып шығарады және балапандарын ертіп жүреді. Аналықтары жиналып топ құрып, оны бастап оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақстанда 4-5 ай, сәуір- мамырдан тамыз-қазанға дейін болады. Аз зерттелген құс.
Тундра шілі- құрлар тұқымдасының өкілі, ормансыз Алтай биік тауларын мекендейді. Ол Оңтүстік Алтайда шағыл тасты және қалың шалғынды жерлерде ұялайды, мұнда ақ шіл де тіршілік етеді. өзіне ұқсас ақ шіл сияқты төмен түсіп,қоныс аудармайды. Қар қалың болған қыста, жел тау басынан қарды ұшырып, құстарға өсімдік және бұталармен қоректенуге мүмкіндік туғызады. Жаздағы шұбар түсі өсімдік арасынан байқалмайтындай етеді, ал қыстағы аппақ түсі, оларды ақ қардан байқалтпайды.
Қара тоқылдақ - Қазақстанда мекендейтін 8 тоқылдақтың ішіндегі ең ірісі, салмағы 300-400 гр, түсі түгелдей қара тек басында ашық қызыл түсті “телпегі ”бар. Қазақстанда тек Алтай ормандарында және республикамыздың солтүстігінің кей жерлерінде тіршілік етеді. Бұлар діңі биік қылқан жапырақты ормандарды таңдайды. Жеке болып жүреді, тек ұялау кезінде ғана жұптасып жүреді, жерде көп болмайды. Қарағай діңін терең қылып тесіп, ұя жасайды. Ұясының шұғу тесігі созылған тік бұрышты. Қазақстанда тіршілігі зерттелмеген.
Кіші тоқылдақ- тоқылдақтар ішіндегі ең кішісі салмағы 24-32 гр. Шұбар тоқылдақтар туысына жатады,оның 5 түрі (үлкен, орта, кіші, ақжон, аққанат) бар. Кіші тоқылдақ шұбар тоқылдақтың кішірейтілген көшірмесі.Қазақстанда тек үш жерде: Алтайда, Жайық өзенінің алқабында және Көкшетау ормандарында кездеседі. Жапырақты ормандар , ақ қайыңды және көктеректі ормандарды ұнатады. Өте белсенді. Тоқылдақтарға тән ағаш діңінен іздеу, кейде көкшымшықтарға ұқсап, жіңішке бұтақтың ұшына ілініп жәндіктерді ұстап жейді. Ұясы ағаш қуысында. Мамырда жұмыртқа салады, маусымның соңы шілденің басында балапан ұясынан ұшып, көкшымшықтар тобымен қоныс аударып ұшып жүреді. Бұл тоқылдақтың Қазақстанда биологиясы толық зерттелмеген. Орман үшін ең пайдалы құс.
Боз тоқылдақ - Қазақстандағы жасыл тоқылдақтар туысының жалғыз өкілі. Біртүсті сұрғылт жасыл, сұр түсті басында қызыл “телпегі” бар. Дене пішіні орташа, салмағы 115-130гр. Қазақстанда тек Алтайда аралас орманды таңдап ұялайды. Көктемде тұмсығымен ағш діңін ұзақ ұңғылайды. Тоқылдақ барабанға тән даңғыр- дүңгір дыбыс шығарады. Қазақстанда тіршілігі зерттелмеген.
Шетен сайрауығы – қаражемсаудан шамалы ірі, кәдімгі сайрауық, салмағы100 –120 гр, арқасы мен иығы сарғылт, тамағы мен жемсауы қара қызғылт шұбар түсті. Шақыру үні – шыңқылдаған,тіпті әдемі сырнай әнінің өзінде шыңқылдағаны араласады. Қазақстанда Алтай мен Ертіс маңы ылғалды, көбіне жайылма ормандарда ұялайды, сонымен қатар солтүстікте орманды дала аймақтарында кездеседі. Қылықтары әдеттегі сайрауықтардікі, бірақ басқалардан айырмашылығы көбіне топ болып , бірнеше ондаған жұп болып ұялайды. Тіпті бір ағаштың өзінде бірнеше ұя салады. 5-7 қоңыр дақты жасылдау көгілдір жұмыртқаларын аналығы 12- 14 күнде басып шығарады. Екекуі ұясында осынша уақыт балапандарын асырайды. Жылына 2 рет балапан шығарады. Жәндіктер мен жидектермен қоректенеді. Қыста Қазақстанның оңтүстігіне ұшып кетеді.
Бұрмамойын немесе дүпілдек – тоқылдақтар тұқымдасының ең соңғы өкілі. Бұл кішілеу, салмағы 35 –50 гр, торғайдан шамалы үлкен, реңі ұсақ жапалақтар мен тентекқұс бояуы сияқты: сұр түсті, қауырсындары сирек қара түсті ұзыншақ жіңішке сызықты. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Жалпы сыртқы пішіні мен мінезі торғай тәрізді құсатарға ұқсайды және жерде қоректенеді.
Шетен сайрауығы- қаражемсаудан шамалы ірі, кәдімгі сайрауық (салмағы 100-120г), арқасы мен иығы сарғылт, тамағы мен жемсауы қара қызғылт шұбар түсті. Шақыру үні-шыңқылдаған, тіпті әдемі сырнай әнінің өзінде шыңқылдағаны араласады. Қазақстанда Алтай мен Ертіс маңы ылғалды, көбіне жайылма ормандарда ұялайды, сонымен қатар солтүстікте орманды дала аймақтарында кездеседі. Қылықтары әдеттегі сайрауықтардікі, бірақ басқалардан айырмашылығы көбіне топ болып, бірнеше ондаған жұп болып ұялайды. Тіпті бір ағаштың өзінде бірнеше ұя салуы мүмкін. 5-7 қоңыр дақты жасылдау көгілдір жұмыртқаларын аналығы 12-14 күнде басып шығарады. Екеуі ұясында осынша уақыт балапандарын асырайды. Жылына екі рет балапан шығарады. Жәндіктер және жидектермен қоректенеді. Қыста Қзақстанның оңтүстігіне ұшып келеді.
Бұрмамойын немесе дүпілдек – тоқылдақтар тұқымдасының ең соңғы өкілі. Бұл кішілеу (салмағы 35-50г), торғайдан шамалы үлкен, реңі ұқсас жапалақтар мен тентекқұс бояуы сияқты: сұр түсті, қауырсындары сирек қара ұзыншақ жіңішке сызықты. Күндіз белсенді. Жалпы сыртқы пішіні мен мінезі торғай тәрізді құстарға ұқсайды және жерде қоректенеді. Бармамойын қауіп төнген жағдайда ағаш діңіне жабыса отырып, тына қалады, реңі ұқсас болғандықтан байқалмай қалады. Қазақстанда негізінен Алтай ормандары мен жайық өзен алқабында мекекндейді. Жәндіктер мен қоректенеді. Ұясы ағаш қуысында. 6-12 ақ жұмыртқасын аналығы 11-12 күнде басып шығарады. Ұясында балапандары мен бірге жатқан аналығы,қауып төнген жағдайда, жыланның ызылдағанындай қорқынышты дыбыс шығарады. Бұл- тоқылдақтар ішіндегі жалғыз жыл құсы. Сәуір мамырда ұшып келеді, қыркүйек –қазан Қазақстан жерінен ұшып кетеді.
Балықшы тұйғын- едәуір ірі- (қанатының құлашы 167см, салмағы 1,5 кг) қыран. Келбетті жыртқыш құс, дене пішімі әсем де сынбатты. Денесінің жоғарғы жағы қара, төменгі жағы ақ түсті, осыдан оңай табуға болады. Бұл балыққа маманданған құс, тек қана балықпен қоректенеді. Дүние жүзіндегі көптеген халықтың тілінде “балықшы қыран”деп аталады. Бұрын Қазақстанның балығы көп өзендерінде ұялаған. Соңғы жылдары бұл тұйғының саны күрт азайып кетті, сондықтан Қазақстанның қызыл кітабына енгізді. Негізгі ұялары Оңтүстік Алтай (Марқакөл көлі)мен Қара Ертіс өзеніне белгілі. Африка мен Оңтүстік Азияда қыстайды. Балықты ауада ұшып жүріпкөріп,итұйғынг бір сәтте тоқтайды да, қанаттарын қағып, содан кейін екпіндеп суға құлайды да, алдына қарай созылған аяқтары мен балықты ұстайды. Кейде осылай суға да батып кетеді, тек өзінің күшті қанаттарының қағуымен судан босанып шығады.Тығыз,қаты қауырсындары, саусақтарының өткір тікенектері және де алдыңғы үш саусағының біреуін артқа бұру қабілеті арқылы балық аулайды. Ұясын су маңындағы ағашқа салады. 2 шұбар жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп, 35 күнде басып шығарады. Балапандары ұясында екі айдай болады. Қазақстанда наурыздың соңынан қазақнның соңына дейін болады.
Меңіреу құр- біздің фаунамыздағы тауықтәрізділер отряды, құрлар тұқымдасындағы ең ірі (салмағы 4-6 кг) құс. Аталығы құлпырған қара түсті, аналығы сары шұбар түсті. Орман құстары. Қазақстанда тек Алтай мен Қалбы Алтайының қылқан жапырақты ормандарында мекендейді. Ұялау үшін жидекке бай бұталарды таңдайды. Қыста тіпті мұз қатқан бұталармен де оңай қозғала береді, себебі саусақтарының төқменгі жағында ерекше мүйізді төмпешектер бар. Жерден басқа тауықтар сияқты қанаттарын қатты қағып, ал ағаштан шусыз ұша қояды. өсімдіктермен қоректенеді.
ОБСӨЖ № 36
ОБСӨЖ тақырыбы:Су қоймаларында кездесетін. Сүтқоректілер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Жұпар тышқан.
2.Ондатр.
3.Кәмшат.
4. Каспий түлені.
Бақылау жұмыстары:
1.Су қоймаларында кездесетін сүтқоректілер.
2.Шөл мен Шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер.
3.Далалы жерлер мен орманды дала жерлерде кездесетін сүтқоректілер.
ОБСӨЖ № 37
ОБСӨЖ тақырыбы: Тянь – Шань тауында кездесетін Сүтқоректілер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Таутеке немесе Сібір тау ешкісі.
2.Барыс немесе Ілбіріс.
3.Орман қарақасы.
ОБСӨЖ мақсаты: Тянь-Шань тауында кездесетін сүтқоректілер мен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Көнекөз сарышұнақ-Қазақстандағы алты сарышұнақтың бірі. Денесі орта пішінді (салмағы 100-150г), теңбілді терісімен сарышұнаққа тән бағана қалпында болатын кеміргіш. Бұл сарышұнақтар таулы далалардағы інде топ болып тіршілік етеді. Қазақстанда Кетмен, Кеген жоталары мен Хан-Тәңірі сілемінің ұшығында таралған. Күндіз белсенді. Өсімдіктер, жәндіктер және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Ұйқыдан наурызда шығып, тамыз-қыркүйекте қайтадан ұйқыға кетеді. Ұйқыдан шыққан бойда шағылысады, бір айға толмай 4-12 ұрпағын аналығы дүниеге әкелді. Сарышұнақтарда басқа кеміргіштер сияқты ауруларды таратады.
Таутеке немесе Сібір тау ешкісі – едәуір ірі ұзындығы 1,5 метр салмағы 130 кг тұяқты жануар, Азия континентінің тауларын мекендейді . Арқасында қара жолағы бар сұр қоңыр түсті жануар . Аталығының басында ұзындығы 1,5 метр үлкен ұзын иілген мүйізі болады, онда жануарлардың жасын анықтауға болатын көлденең жұмыр бөліктері бар . Аналығының мүйізі қысқа , 40 см . Қазақстанда Тянь – Шань , Жоңғар Алатауы және Оңтүстік Алтайда мекендйді . Таутеке таудың тік жарларында шаң –құздары мен тасты шөгінділерге бай жерлерінде теңіз деңгейінен 5000 метр биіктікке көтеріліп тіршілік етеді . Қыста төмен түседі , таудың Оңтүстік баурайындағы қары еріген жерлеріндегі шөптерге дейін көтеріледі. 3-5 –тен 30-40-тай даралр үйір құрайды. Жазда таудың жолы қиын жерлеріне көтеріледі , өте ыстық кезде құз көлеңкесінде болады. Таңертең және кешке жайылады. Үйірде тек аналықтар тобы болады, оны ең күшті аталық күрес кезінде жеңіп алады, қалған ересектерімен өсіп келе жатқан текелер және топ болып жүреді. Аналықтары мамыр – маусымда бір , кейде екі лақ туады. Олар бірінші күннен бастап жүруге қабілетті болады, бірақ біраз уақыт күш жинау үшін немесе құзға тығылып жатады . Аналығы лағын күздің соңына дейін сүтпен асырайды, бірайлық кезінен бастап жас шөп жейді. Таутеке – спорттық және кәсіптік аң аулау нысаны.
Барыс немесе Ілбіріс-күшті дембелше , ұзын құйрықты денесінің ұзындығы құйрығы мен 225-250 см салмағы 40 кг, терісі теңбілді мысық . Мәңгі қырлы тау етегінде тіршілік етеді қыста қоректену үшін төмен түседі. Уақытының көбін жеке өткізетін барыс ерте көктемде шағылысып 3 айдан кейін, көктемнің соңында құз арасындағы апанда 1-5 , көбіне 2-3 ұрпағын дүниеге әкеледі. Аналығы 2 жылда бір рет ұрпақ береді . Барстар 15 жыл өмір сүреді. Ымыртта белсенді. Тұяқтылардан басқа , сарышұнақ , қоян. Кекілік олармен қоректенеді. Өзінің күштілігі , мен құпиялығына байланысты барыс үнемі ертедегі аңыз, ертедегі кейіпкері болатын , алқазыр Қазақстанның мемлекеттік белгісі . Барыс - өте сирек кездесетін аң , сондықтан Қызыл кітабының барлық түріне енгізілген . Ақкіс - ұсақ денесінің ұзындығы 23 см , құйрығы 8 см , салмағы 180 г . Сусарлар тұқымдасының жыртқышы . Бұл- әсем , қозғалғыш аң , үлпілдек жүні бар терімен жабылған. Жазда жоғары жағы қоңыр, төменгі жағы ақ, тек құйрығы ғана қара түсті болады. Терісінің түсінің ауысуы сол жердің қырының еруіне байланысты. Қысқы сәні терісінің ақ болуына байланысты, ақкіс ақ қарда байқалмайды. Тек құйрығының қарасы болмаса, Қазақстанда Солтүстік ормандарда , сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында тіршілік етеді. Бұл әдеттегі жыртқыш тышқан тәрізді кеміргіштерді, құстарды аулайды. Олардың ұясын қиратады, кеміргіштердің ұясындағы қорын жеп, кейін баспанаға айналдырыды. Буаздығы-9-10 ай. Келер жылдың көктемінде аналығы 18 көбінесе 3-8 соқыр ұрпақтарын әкеледі, бір айдан кейін көздерін ашады, екі айдан кейін ұясынан кетеді. Ақкістің терісі бұрыннан бағалы, хан терісі болып есептелген. Қазір бағалы кәсіптік аң.
Орман қарақасы –ұсақ ұзындығы 8-13 см, құйрығы 6-12см, қарақастар тұқымдастарының кеміргіші. Денесінің жоғарғы жағы сарғыш қоңыр, төменгі жағы ақшыл түсті, ұзын үлпілдек құйрығы оны кішкентай тиынға ұқсатады. Ақ көздері арқылы қара жолақ өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан тауларындағы ағаштар мен бұталы тоғайларды қоныстайды. Жаңа өсімдіктен екі шығу тесігі бар, ішіне жүн мен мамық төсеген, шар тәрізді ұя салады. Ұясында 2-8, көбіне 4-5 соқыр ұрпағын дүниеге әкеледі. Түнде, ымыртта белсенді, күндіз ұйықтайды. Жеміс-жидектермен қоректенеді. Жемісті бақтарда зиян келтіруі мүмкін.
Суырлар-Қазақстанда тіршілік ететін 4 түрі бар, оның үшеуі қызыл, сұр, көк суырлар тауды мекендейді. Суырлар –ірі денесінің ұзындығы 60см, құйрығы 22см, салмағы 8кг кеміргіштер, терең күрделі қазылған індерінде жұптасып тіршілік етеді. Терісі қалың, сұр, көкшіл-қоңыр және сары түсті. Терісі адамдарға жылы киім тігу үшін бағалы. Суырлар жылдық уақытының көбін тамыз-қыркүйектен наурыз-сәуірге дейін қолайсыз ауа-райы әсерінен ұзақ уақыт ұйқыда болады. Ерте көктемде қорек іздеп жер бетіне шығады. 1-1,5айдан кейін іздерінде 1-9, көбінесе 3-6 соқыр кішкентай суырлар туылады. Күндіз белсенді.Өсімдіктің шырынды жер үсті бөлігін, тамырын, түйнегін жейді. Кездескен былқылдақденелілер мен жәндіктерден де кет әрі емес. Суырлар мекені, кейде (суырларқалашығы) деп те аталады. Сұр суыр Алтай, Тарбағатай , Жоңғар Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань жоталарының таулы далалары мен биік таулы жайылымдарында қоныстанған. Қызыл суыр Қырғыз және Талас Алатауында тіршілік етеді. Ал Қызыл кітапқа енгізілген көк суыр Батыс Тянь-Шаньның теңіз деңгейінен 2000-3400 метр биіктіктегі, 40 шаршы км-ден аспайтын шағын аймағында қоныстанған. Бұл түрдің өсуі төмен, себебі жаулары өте көп қасқыр, түлкі, браконьерлер. Сондықтан адам қорғауын қажет етеді.
Жайра-жайралар тұқымдасындағы өте ірі ұзындығы 1м, салмағы 13кг кеміргіш. Оның арқасы мен бүйірлері қатты тікенек инелермен ұзындығы 3-30 см жабылған, инелерін қауіп төнгенде көтереді. Инелерінің көлденең қара-ақ суреттері бар. Жайра Қазақстанда оңтүстік Маңғыстау, Қаратау Талас және Қырғыз Алатауында және бұрын Іле Алатауында Алматыға дейін кездесетін, қазір бұл жерде кездеспейді. Түн мен ымыртта белсенді. Өсімдіктің тамырларымен, әр түрлі дән , жеміс-жидектермен қоректенеді. Ұзындығы 10 метрге дейін ін қазады, үңгірлерде қоныстайды. Ұйқыға кетпейді, бірақ қыста белсенділігі төмендейді. Жылына бір рет 1,5 көбіне 2-3 көзі ашық, инесі жұмсақ ұрықтарын береді. Бір аптадан кейін инелері қатаяды. Жайра-сирек кездесетін аң, Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Тас сусары-денесі орта пішінді денесінің ұзындығы 38-60см, құйрығы 30см, салмағы 25кг сусарлар тұқымдасының өкілі. Денесі сымбатты, күшті, қоңыр сарғылт бағалы терімен қапталған. Кеудесінде ақ дағы бар, сол үшін кейде оны ақтөс деп атайды. Қазақстанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы жоталарды түгел қоныстанды. Ақтөс сусар ағашта керемет өрмелеуіне қарамастан, жерде жүгіргенді ұнатады. Түнде белсенді , күндіз үңгірде, ірі құстардың тастап кеткен ұяларында, жартас қуыстарында тығылады. Жаз аяғында шағылысды, одан кейін ұрығын қысқа дейін өте баяу дамиды. Ұрығының негізгі даму кезеңі –тоғызыншы ай, сөйтіп келер жылдың көктемінде 2-3 соқыр ұрпағын дүниеге әкелді. Олар бір айдан кейін дамып жетіледі. Тас сусары тышқантәрізді кеміргіштермен , құстармен ірі жәндіктермен, сонымен қатар жидектермен де қоректенеді. Егер сәті түскен жемтік болса, қор ретінде тығып қояды. Тас сусары –Қазақстанда сирек кездесетін аң, сондықтан Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Арқар-тау қойы түршелердің бірі. Тау қой кең таралған, өте өзгергіш 25 түршесі бар. Қуыс мүйізділер тұқымдасының жұп тұяқты өкілі. Оңтүстік- Шығыс Қазақстан тауларында тіршілік ететін түршені арқар деп атайды. Бұл тау қоймаларының ішіндегі ең ірісі аталығының денесінің ұзындығы 2 метрдей , салмағы 200кг, аналығы шамалы кішілеу сұр қоңыр түсті үлкен шиыршықтанып бұратылған мүйізі бар аналығының мүйізі жіңішке әрі қысқа . Арқарлар таудың тегіс, ашық жерлерінде тіршілік етеді. Маусымды қоныс аударуы –қыста биік таудан төмен түседі немесе көршілес аласа тауға қоныс ауыстырады. Көктемде бір, кейде екі қозы туады. Арқардың меринос қоймен қолдан шағылысуы нәтижесінде, өте өнімді буданы –арқармеринос қойы алынған. Арқар-сирек кездесетін жануар, соңғы жылдары жаппай мазалау барысында, сонымен қатар үй жануарларының жайылымдарын ығыстыруы нәтижесінде, саны азайып кетті. Қазір Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
ОБСӨЖ № 38
ОБСӨЖ тақырыбы: Алтайда тауларында кездесетін Сүтқоректілер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Қоңыр аю.
2.Борша тышқан.
3.Ұшар.
Тест тапсырмасы:
Қазакстанда қосмекенділердің неше түрі бар
А. 150
Б. 480
В. 150
Достарыңызбен бөлісу: |