Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.


Қазакстанда өндірістік балықтардың неше түрі бар



бет9/10
Дата14.06.2016
өлшемі1.5 Mb.
#135627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Г. 12


Д. 8

Қазакстанда өндірістік балықтардың неше түрі бар

А. 150


Б. 480

В. 150


Г. 12

Д. 8


Су және құрлықта жасайтын тасбақа

А. Каспий тасбақасы

Б. Батпақ тасбақасы

В. Шөл тасбақасы

Г. Құрбақалар

Д. Тритон



Құрлықта жасайтын тасбақа

А. Каспий тасбақасы

Б. Батпақ тасбақасы

В. Шөл тасбақасы

Г. Құрбақалар

Д. Тритон



Қазақстанда көп кездесетін қосмекенділер

А. Каспий тасбақасы

Б. Батпақ тасбақасы

В. Шөл тасбақасы

Г. Құрбақалар

Д. Тритон


ОБСӨЖ № 39

ОБСӨЖ тақырыбы: Қызыл кітапқа енген сүтқоректілер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Азия жалпақ құлақты жарқанаты.

2.Бобринский жарқанаты.

3.Кеңқұлақты жарқанат.



ОБСӨЖ мақсаты: Сүтқоретілер мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні; Көптісті жертесер – Республикамызда таралу аймағының шетінде сирек кездесетін, тіршілігі толық зерттелмеген түр. Қаптесерге ұқсас кішкентай сүтқоректі Қазақстанда ешуақытта кездескен емес. Оның сүйектерінің қалдығы Үстірттің солтүстігіндегі тік жарлар мен Арал теңізінің солтүстік-батыс жағалауында жыртқыш құстардың саңғырықтарынан ғана табылған. Бұл көптісті жертесердің Қызыл кітап бетінен алатын орнын анықтау үшін оны іздеуді әрі қарай жалғастырып, тіршілігін зерттеу керек.

Жұпар – саны ұдайы азайып бара жатқан ұлпа терілі сирек кездесетін сүтқоректі. Қазақстанда тек Жайық өзенінің алқабында ғана мекендейді. Аздап Еділ өзені атырауында кездесіп қалады. Соңғы кезде Қостанай облысының территориясына Россиядан ене бастады. Саны қасақылық пен ол мекендейтін су қоймаларының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі бар қорықшаларда жұпарларды қорғауды күшейту және Үй-Тобыл қорықшасын ұйымдастыру, жер суару жұмыстарын реттеу, суды ластанудан сақтау керек.

Иконников жарқанаты – Республикамызда тіршілігі белгісіз жарқанаттардың бір түрі. Қазақстанда тек Алтайда ғана бірнеше рет кездескен. Саны мен тіршілігі әлі зерттелмеген. Қорғау шаралары дайындалмаған. Тіршілігін зерттеп, оның Қызыл кітаптан алатын орнын анықтау қажет.

Азия жалпақ құлақты жарқанаты – тіршілігі зерттелмеген жарқанаттардың бірі. Қазақстанда бар-жоғы екі рет Іле Алатауының (Алматы облысы) шығыс бөктерінде ғана ұсталған. Саны және оған тигізетін әсерлер жайында деректер жоқ. Бұл түрдің таралуы мен тіршілігін зерттеп, оның Қызыл кітаптан алатын орнын анықтау және қорғау шараларын ұйымдастыру керек.

Бобринский жарқанаты – Сирек кездесетін жарқанат. Қазақстанда солтүстік Арал өңірі мен Торғайдан бастап Бетпақдала мен Қарағандының оңтүстігіндегі шөлді аудандарды мекендейді. Санының төмен болу себептері анықталмаған.

Ақбауыр жарқанат – Қазақстанда екі жерден үстірт пен Шымкент маңындағы Қаратаудан ғана ұсталған. Республикамызда бұл жарқанаттың саны мен тіршілігі белгісіз.

Кеңқұлақты жарқанат – Қазақстанда таралу аймағы Жамбыл және Оңтүстік қазақстанның облыс территорияларында 3 рет ұшырасқан. Саны мен тіршілігі зерттелмеген.

Қызыл қасқыр – Қазақстан территориясында жойылып кеткен. Себебі, аты аңызға айналған бұл жыртқыш 40 жылдан бері мекендеген жерлерден (Тянь –Шань, Алтай таулары) кездескен жоқ.Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып жатыр.

Орта Азия өзен құндызы – бұл Іле Алатауының шығысының кейбір жерлерінде, Жоңғар Алатауы мен Іле өзенінің алқабында ғана сақталып қалған. Шарын өзенінің төменгі ағысы мен Жоңғар Алатауындағы Өсек өзенінің бассейіндегі су қоймаларында қорықшаларда ұйымдастыру қажет болып-ақ отыр.

Шағыл мысығы – аздаған мысықтар тек Үстірт пен Қызыл құмда ғана мекендеген. Санының азаю себебі – қадлың қарлы қатал қысты жылдары азық қорының азаюы оған қоса адамның тікелей қызметтері әсер етеді.

Қарақал – Үстіртте тараған, ертеде Қызыл құмда мекендеген. Санының аздылығы соншалықты түрі жойылып кеткен. Себептері басқа да мысықтарға әсер ететін факторлар. Қазіргі таңда арнайы зоологиялық қорықшаларда сақталуда.

Бессаусақты ергежейлі қосаяқ – сирек кездеседі. Солтүстік Балқаш өңіріндегі шөл аймақтарда мекендеген. Тіршілігі зерттелмеген, саны әзірге белгісіз.
ОБСӨЖ № 40

ОБСӨЖ тақырыбы:Қазақстанның терісі бағалы және аңшылыққа жарайтын аңдар. Жабайы мысықтар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Мәлін


2.Қамыс мысығы.

Реферат тақырыптары:


1.Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары.

2.Қазақстанның кәсіптік – аңшылық құстар түрлері.

3.Қазақстанның қорықтары.

4.Қорықтарға енген өсімдіктер мен жануарлар.

5.Кеуел (дәрілік өсімдік).

ОБСӨЖ № 41

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Қояндар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Қоян түрлері.

2.Ор қоян.

3.Ақ қоян.



ОБСӨЖ мақсаты: Қояндармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Қазақстанның кең – байтақ жерінде ақ, ор және құм қояндары таралған . Қояндар еті мен терісіне бола ауланатын аң. Тіркелген аңшылық шаруашылықтарында қояндар әсіресе ор қояндар өсіруге өте тиімді және өсімтал келеді. Мұндай қаяндар қорын молайтуға бағытталған биотехникалық (үстеме , жем беру, олардың жыртқыш жауларына қарсы жем беру) шараларды жүзеге асырып отырса , қысқа уақыттың ішінде қояндардың санын көбейтіп кәсіптік жолмен ауланатын аңдардың біріне айналдыруға болады.

Қояндарды өсірудің жолы – оларды мекендеуге қолайлы жерлерге жерсіндіріп , көптеп тарату болып саналады. Біріншіден , қояндарды сирек кездесетін жерлерге жерсіндіру. Екіншіден оларды жаңа жерге үлкен топ қылып жіберген дұрыс . Міне осындай шаралар ұқыптылықпен , шаруақорлықпен жүзеге асырылса күнде табиғатымыздың бағалы жануарлар байлығын қорғап , молайта беруге қолайлы мүмкіндік туады.



Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі . Денесінің ұзындығы 53-59 сантиметрдей , салмағы 4-7 килограмдай болады. Ақ қоянға қарағанда ор қонның құлағы ұзындау және жиегі қара келеді. Құйрығының үстіңгі жағындағы қара жолақ жазы –қысы сақталады.

Ор қоян Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігінде кең таралған .Әсіресе бұл қоян Орал , Ақтөбе , Жезқазған Қарағанды , Повладар Торғай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында Ор қоянының саны аз .

Ор қояны көбінесе ашық , далалы жерлерде сирек шоқ тоғайдың арасында , өзеннің жайылмасында , шоқ- шоқ бұтаның арасында , жыра бойында , көлдің жағасында мекендейді. Құмды жерлерде сексеуіл жыңғыл сияқты бұталы ағаштардың арасында жүре береді. Маусымға байланысты ол мекенін өзгертіп отырады. Жайық өзенінің жайылмасында көктемде және жазда шоқ терек шетінде , бұталардың арасында , қамысты жерде жиі болады. Оның себебі бұл қоныстарда жасыл, құнарлы шөп көпке дейін сақталады. Сонымен қатар жейтін азығына және ауа райына байланысмты ор қоян қоныс аударады .

Ор қоян ымырт жабылған кезде және түнгі мезгілде тіршілік етеді. Күндіз әр түрлі ағаштардың немесе бқталардың арасында тығылып жатып , қараңғы түсісімен жайылада Оларды күндіз сирек кездестіруге болады. Ор қоян тез қозғалатын және жылдам жүретін аң. Ол сағатына 55- 70 километрге дейін жылдамдықпен жүгіре алады. Өсіп - өну кезінде ін қазады. Қысы қатты , қар қалың және жел болған жылдары індерінде тұрақтайды. Ол жер бетінен 1-2 метр тереңдікке дейін кетеді.

Ор қоян өсімдіктердің 40- қа жуық түрімен қоректенеді Сапалы шөпті, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктерді жейді және жас ағаштардың бұталарын , қабықтарын кеміреді. Бұл қоян күніне 600-650 грамм шөп жейді. Қоректенуі де маусымға және ауа райына тікелей байланысты.

Ор қоян жылына екі- үш рет балалайды. Әр қоян жыл сайын орта есеппен 10-12 көжек туады. Ор қояндар 12 жылға дейін тіршілік етеді. Олар жылына екі рет көктемде және күзде түлейді.

Бұл қоян еті мен терісіне бола ауланады.

Ақ қоян Қояндардың ішіндегі мөлшері жағынан орташасы. Салмағы 2,5-5,5 килограмдай болады. Басқа қояндарға қарағанда ақ қоянның біраз өзгешіліктері бар. Мысалы жаз айларында жүні сұрғылт қоңыр болып , ал салқын түсе бастағанда тек құлағының ұшында ғана қара дақ қалып, басқа жері аппақ болып өзгереді. Ал құлағы ор қояндікіне қарағанда қысқалау . Қазақстанның көптеген жерінде ақ қоян ор немесе құм қояндарымен бірге жүреді. Сондықтан жоғарыда айтылған өзгешіліктері арқылы ғана оларды бір-бірінен ажыратуға болады.

Ақ қоян негізінде Қазақстанның солтүстік және солтүстік шығыс бөлігінде таралған Ол Қостанай , Солтүстік Қазақстан , Көкшетау орманды дала аудандарында және Семей Қарағанды , Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында көп кездеседі. Бұл қоян өсімдіктің 40-қа жуық түрімен қоректенеді.Ол жаздыгүні көбінесе түрлі шөптермен саңырауқұлақтармен және жидектермен қоректенеді. , ал қыстыгүні көбінесе жас ағаштардың бұтағын, қабығын азық етеді.Қоян қорегін түнде аулайды. Тек жазда түн қысқа уақыттарда ғана суаттардың маңында оның жайылып жүргенін күндіз көруге болады.Ақ қоян да басқа қояндар сияқты жылына 2-3 рет көжектейді. Әр туғанда 3-тен 10 –ға дейін орта есеппен тіршілік етеді. Олар жылына екі рет көктемде және күзде тулейді.

Ақ қоян да дәмді еті мен терісіне бола қыста ауланады.

Құм қояны- қояндар ішіндегі ең кішісі. Салмағы 1,5-2,5 килограмдай ғана болады. Ол республикамыздың территориясында шөл аймақтарда және Тянь- Шань тауының етегінде таралған . Өзінің аты көрсетіп тұрғандай , қоянның бұл түрі оңтүстік бөлігіндегі шөл аймақтардағы құмда көп кездеседі. Ол әсіресе Қызылқұмда , Қарақұмда және Мойынқұмда жиі қоныстанады. Оның қоры Іле өзенінің атырауы мен Балқаш көлінің төңірегінде көп Шөл аймақтағы құмды жерлерге қарағанда сулы аудандардағы өзендердің бойындағы құм қояндарының көбірек кездесетіндігі анықталып отыр. Мәселен Мойынқұмда бір шаршы километр жерге 2 қояннан , ал Шу өзенінің жағасында осындай жерге 13 аңнан келеді

Құм қояндарының мекендері- төбе –төбе құ сексеуіл , жыңғыл сияқты ағаштардың арасы , көлдердің жағасындағы , қамысты сортаң жерлер . Әсіресе олар әр түрлі бұталы ағаштар өскен су жағасында көбірек мекендейді. Өйткені мұндай өңірлерде қоян жейтін жыңғыл , шеңгел сияқты бұталармен қатар жусанның түр – түрі сораң алабота қаулап өседі. Құм қояны жатағынан жер бетіне көбіне түгі мезгілде шығады.

Бұл отырықшы тіршілік ететін аңның бірі . Сонымен бірге жыл бойына және маусымға байланысты ол жақын жерлерге қонысын ауыстырып отырады. Жаз айларында су қояны су бойына жақын , қамыс өскен жыңғылды бұталар арасын мекен етеді Өйткені ол кезде су маңы салқындау болады да , аң шілденің қайнаған ыстық күндерінде одан жақсы сая табады. Ал аязды қыс айларында сексеуіл өскен құмға қоныс аударады .

Құм қояны өсімтал келеді . Ол да басқа қоян түрлері сияқты жылына екі – үш рет көжектеп , әр туғанда 1- ден 9- ға дейін , көбінесе 4-6 көжек табады. Сөйтіп әрбір ұрғашы қоян орта есеппен 12-15 көжек береді .

Сөйтіп Қазақстанның кең – байтақ даласында қоянның үш түрі тараған Олар ор қоян , ақ, және құм қояндары. Бұлардың біріншісі батыс , екіншісі-солтүстік ал үшіншісі – оңтүстік облыстардың жерінде көбірек кездеседі.
ОБСӨЖ № 42

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Кемірушілер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Ондатр.

2.Ақ тиін немесе тиін.

Коллоквиум сұрақтары:

1.Терісі бағалы саршұнақ.

2.Қызыл кітапқа енген жануарлар.

3.Кіші гірім қорықтар.



ОБСӨЖ № 43

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Саршұнақтар.

Жоспары:

1.Зорман және балпақ.

2.Қызылұрт саршұнақ.

3.Кіші саршұнақ.



ОБСӨЖ мақсаты: Терісі бағалы аңдар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Саршұнақтардың 10 түрі кездесетін болса, соның 6 түрі Қазақстанда кең таралған. Оларға кішкентай, қызылқұрт, қызғылт жирен, ұзын құйрық, саршұнақтар және зорман жатады. Бұлардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығына көп зиян келтіретін кемірушілер. Сондықтан оларды жыл сайын аулап, санын азайтып отырудың маңызы зор. Сондай-ақ саршұнақтар көктемде терісіне бола ауланатын аңдар болып саналады. Қазіргі кезде олар ауланатын негізгі хайуанаттар қатарына жатады. Мәселен, соңғы жылдары республика жылына 750-850 мың сомға жабайы аңдардың терісі дайындалатын болса, соның 35-45 проценті саршұнақтардың терісі.

Зорман немесе балпақ – саршұнақтардың ішіндегі терісі ең бағалысы. Сондай-ақ бұл ең ірі саршұнақ. Республикамыздың солтүстік, батыс және орталық аудандарында (Орал, Ақтөбе, Жезқазған облыстарында) дене тұрқы 30-38 сантиметрге, ұзақ ұйқыға кетер алдындағы салмағы 1,5-3 килограмға жетеді. Ал оңтүстік-шығыс аудандарда (Жамбыл, Алматы облыстарында) дене тұрқы 30 см-ден, салмағы 1 кг-нан аспайды. Арқа жоны қара қылшық аралас қоңырлау, бауыр жағы сарғылт болып келеді. Бұл кеміргішті Алматы облысында сартышқан деп те атайды.

Зорман негізінен Гурьев, Орал облысының батыс шекарасынан бастап Іле өзеніне дейінгі аралықта жатқан шөл және шөлейт жерлерді мекендейді. Ол әсіресе Ақтөбе (Ырғыз, Қарабұтақ аудандарында), Жезқазған (Жезді, Ұлытау аудандарында), Алматы (Жамбыл, Қаскелең аудандарында) облыстарында өте көп таралған.

Зорманның негізгі мекендейтін жерлері – саздылау топырақты шөлді қоныстар, азықтық өсімдік өскен құмдар. Сонымен қатар ол мал фермаларының маңайын, жол мен арық жиектерін мекендей береді.

Мәселен, батыс аудандарда зорман көбінесе құм дөңестер мен олардың ара-арасындағы ойпаң жерлерді, топырағы берік, қатқылдау, жусанды-шөлейтті жерлерді мекен етеді. Ал оңтүстікте бұлардың қалап қоныстанатын жерлері өзен, көл жағалары, тау аңғарлары, сайсалалар, суармалы жерлер және огород, бақшалар. Астықты аудандарда егіс төңірегін, кейде тіпті егістіктің өзін және көп жылдық шөп өскен жерлерді мекендейді. Сондай-ақ орталық аудандарда зорман топырағы берік, қатқылдау көкпекті шөлейттер мен өзен, көл жағаларын да қоныстанады.

Зормандардың тіршілігінің көбі інде өтеді. Мұнда олар балалрынтуады, оларды баулып өсіреді және жазғы-қысқы ұйқысында сонда өткізеді. Жауын-шашын кезінде және жауларынан қорғану үшін де зормандар осы індерге тығылады. Індер уақытша және тұрақты болып екі түрге бөліінеді. Тұрақты індер биіктеу төбешіктер беткейінде орналасады, ішкі құрылысы күрделі келеді. Ондағы ұя камерасы жер бетінен 1,5-3 метрге дейін тереңге кетеді. Уақытша қазған індерінің құрылысы қарапайым, ұя қуысы тайыз болады. Бір аңның қоректенетін жерінде бірнеше уақытша індері болады. Оларды жайылып жүрген кезде қауіпті бір нәрсені сезгенде тығылуға пайдаланады. Зорман інінің аузы көлбеу немесе тік болып жер бетіне шығады. Бұл кеміргіш аузы тік келетін індерді жиі мекендейді. Онда тұрақты тұрып, тіршілік етеді.

Зорман ішінен жер бетіне көбінесе таңертеңгі және кешкі мезгілдерде шығып жайылады. Мұндай бейімделу шөлде, құрғақшылық жерде тіршілік ету жағдайын жеңілдетеді. Бұл кеміргіш өте епті, икемді және сақ келеді. Жайылып жүргенде тосыннан қауіпті жағдай сезіле қалса, шиқылдап бір-біріне “хабар” береді.

Зорман – жазда да, қыста да ұйқыға жататын аңдардың бірі. Батыс және орталық аудандарда балпақ қысқы ұйқыдан марттың екінші жартысында оянса, оңтүстік-шығыста февральдің аяғы мен марттың бас кезінде оянады. Зорманда басқа саршұнақтар сияқты жылына бір-ақ рет ұйығады. Олар жылына орта есеппен 7-9 бала табады.

Зорманның басқа саршұнақтаӀ түрінен бір ерекшелігі оػ жер бетінде небары 3-4 айға Гана бола4ы да, қалған 8-9 айын ұйқымен өткізеді. Бұл жан-жануарлар арасында ѩте сирек кездесетін құбылыс. Зорман ұйықтап жатқанда оның денесіндегі физиологиялық процесс тоқтамайды. Ол өзінің бойына жинаған майымен қоректенеді. Келесі жылы көктемде оянған кезде олар арып, салмағы едәуір кеміп, әлжуаз күйде тұрады. Оянғанда олардың салмағы батыс және орталық аудандарда 600-700 грамм болса, оңтүстік-шығыста 300-500 грамм ғана болады.

Зорман – кәсіптік тұрғыдан ауланатын терісі бағалы аң. Ол аңшылық шаруашылықтарында маңызды орын алады.

Кіші саршұнақ – саршұнақтардың ішіндегі ең кішкенесі, денесінің тұрқы 17-24, құйрығы 3-4 см. Қысқы ұйқыға кетер алдында салмағы әдетте 300-400 грамнан аспайды. Жотасының жүні сұр, аздаған сары күрең теңбілдері болады. Бауыры ақшыл сары болып келеді.

Қазақстанда бұл кеміргіштердің мекені көп территорияны алып жатыр. Ол Гурьев, Орал, Ақтөбе және Град облысының барлық аудандарында, Целиноград облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Жезқазған облыстарының солтүстік және батыс, сонымен қатар Қызылорда облысының солтүстік аудандарында таралған. Әсіресе алғашқы төрт облыстың территориясында кішкентай саршұнақ мекендейтін жерде көбіне бір гектарда 5-тен 35-ке, ал кейде 100-ге дейін саршұнақ кездеседі. Тек Орал облысында ғана бұл саршұнақтың қоры 200 миллиондай.

Ол көбіне сары, сортаңдау топырақты жусанды далаларда өсімдігі сирек жерлерде мекендейді. Сонымен қатар елді мекендердің төңірегіндегі жайылымдық жерлерде, жол бойында және егіс маңында көп кездеседі. Ал кейбір аудандарда күздік бидай және көп жылдық шөп егістіктерінде тұрақты тіршілік етеді. Тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда жыртылмай қалған жерлерді мекендейді. Бұл жерлерде тіпті егістікте де көптеп кездесе беретіні байқалып отыр.

Кіші саршұнақтар шөбі аласа өскен жерлерден ін қазады. Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда інін көп жылдар бойы пайдаланады. Оны әр жыл сайын тереңдетіп жер бетіне 1-1,5 текше метр топырақ шығарады. Міне, осыдан барып далада төмпешіктер пайда болады, оларды саршұнақ төбешіктері деп атайды. Саршұнақтар мекендеген жерлерді анықтау оңай. Ескі төбешіктердің диаметрі 2-3 метрге, ал биіктігі 50 мантиметрге дейін барады. Егістік жерлерде мұндай төбешіктер болмайды. Төбешіктер саршұнақтың тіршілік етуі үшін үлкен роль атқарады. Көктемнің алғашқы мезгілінде қар еріген уақытта, жауын-шашын болған кезде саршұнақтар осы төбешіктерді мекендеп аман қалады.

Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда кішкентай саршұнақ інді өте көп қазады. Олардың ескі мекендерінде бір саршұнаққа 10-ден 30-ға дейін ін келеді. Бір гектарда 500-700 інге дейін және 50-80 төбешік кездеседі.

Саршұнақтың уақытша және тұрақты індері болады. Уақытша індер қарапайым келеді. Бұлардың тереңдігі 50-80 см, ұзындығы 80-100 см. Бұл індерін күндіз қоректенуге шыққанда немесе қауіп-қатер төнген кезде пайдаланады.

Саршұнақтар қысқы ұйқыдан көктемде қар кетісімен оянып, тіршілік ете бастайды. Оңтүстік аудандарда март айында оянса, апрельдің бас кезінде оянады.

Бұлардың ұйқыдан ояну кезеңі ауа райына байланысты болады. Егер ауа райы желсіз, күндізгі температура плюс 6-8 градус болса, онда саршұнақтар 10-15 күнде қысқы ұйқыданжаппай оянып, жер бетіне шығады. Ал ауа райы өте салқын (жауын-шашынды, көк тайғақ) болса, көбісі інінде қырылып қалады. Міне, осылайша саршұнақтардың ұйқыдан оянуы 30 күнге дейін созылады. Ұйқыдан оянған кезде еркектері 170-250 грамм, ал ұрғашылары 140-200 грамм салмақ тартады.

Ұрғашылары ійнен сыртқа шыЛқан соң, бірнеше күннен кейін-аЛ шағылыса бастайды. Шағылысу кезеУі аяқталысымен бблар ескі індерін тазалап, кеУейтіп немесе жаңа:ін Лазуға кіріседі. Балаларын 22-26 күндей көтереді. Балалары қызылшақа, соқыр болып туады. Көздерін 20 күн дегенде ашып, 25 күн шамасында жер бетіне әр іннен 4-5-тен шыға бастайды. Олар алғашқы кезде індерінен алыс кетпей, өсімдіктердің нәзік жасыл жапырақтарымен қоректенеді. Бұл кезде әрбір баласының салмағы 40 г шамасындай болады. Ал салмағы 60-80 грамға жеткен кезде жан-жаққа тарап, өздері ін қазып немесе ескі уақытша індерде тіршілік ете бастайды. Май айының аяғында, июньнің бас кезінде саршұнақтарының еркектерінің салмағы 400-500 грамға, ұрғашыларының салмағы 300-350 грамға дейін жетіп, аз уақыттан кейін қысқы ұйқыға кетеді.

Қызылұрт саршұнақ – кішкентай саршұнақтан сәл ғана ірілеу келеді. Дене тұрқы 23-30, құйрығы 4-8 см. Жотасының түсі сарғылт-қызыл, ара-арасында білінер-білінбес қоңыр дақтары болады. Бауыры ақшыл сары. Бұлардың бір айырмашылығы ұртында жирен дақтары бар.

Қазақстанда қызылұрт саршұнақ негізінен тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда көп таралған. Ол Қостанай облысының солтүстік-шығыс бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Целиноград, Көкшетау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының барлық аудандарында және Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының солтүстігінде кездеседі. Әсіресе Қазақстанның шығысындағы аудандарында бір гектар жерде 10-нан 20-ға дейін саршұнақтан келеді.

Қызылұрт саршұнақтың қорегі өсімдіктердің жапырақ –сабақтары, дәндері және насекомдар. Бұл кеміргіштер шамамен 40 түрлі өсімдікті қорек етеді. Мұның ішінде қара құмықты, көдені, ебелекті, бедені, май таспаны, жусанды, жауқазынды, баданалы қоңырбасты т.б. өсімдіктерді құнығып жейді. Кейде шыбын-шіркейді, әсіресе қоңыздарды, жұлдыз құрттарын, көктемде тіпті өздерінің жаңа туған балаларын да жеп қояды. Қызылұрт саршұнақтың тіршілік жағдайы көбінесе кішкентай саршұнаққа ұқсайды. Бұлар да қысқы ұйқыдан көктемнің басында оянады және ол мекендейтін жерінің жағдайына байланысты болады. Мысалы, солтүстік-шығыста олар март айының аяғында, ал оңтүстікте осы айдың бас кезінде ұйқыдан жаппай оянып, тіршілік қамына кірісіп, жан-жаққа тарайды.

Көктемде қар тез еріп, топырақ тез жылынса, саршұнақтар да жаппай жер бетіне шығып, шағылысады.



Қызғылт жирен саршұнақ – бұл дене тұрқы 25-34, құйрығының ұзындығы 5-9 мантиметрдей біршама ірі келген кеміргіш. Сондықтан оны кейде үлкен саршұнақ деп те атайды. Ұйқыға кетер алдында еркектерінің салмағы 900-1500 грамға дейін барады. Жотасы жылтыр сары немесе сұрғылт қоңыр. Оның екі ұртын қызыл жирен қоңыр дақтар, көзінің айналасын дөңгелене біткен қоңыр сақина тәрізді жолақ қоршап жатады. Саршұнақтың бұл түрін осы белгілеріне қарап оңай ажыратуға болады.

Қазақстанда қызғылт жирен саршұнақ Орал, Гурьев, Ақтөбе, Торғай облыстарының кейбір аудандарында тараған. Оның шығыстағы таралу шекарасы Есіл өзеніне дейін барады.Әсіресе бұл саршұнақтың көп тараған жері – Ақтөбе облысының Мартөк, Ленин, Қобда, Новоресей, Алға аудандары. Мұнда саршұнақ мекендеген жерлердің әр гектарына есептегенде 12-18 қызғылт жирен саршұнақтан келеді. Кей жерлерді кішкентай саршұнақпен бірге мекендесе, кей жерлерде қызылұрт саршұнақ бар жерлерде кездеседі. Бірақ бұлардың мекені басқаша болып келеді. Қызғылт жирен саршұнақ көбінесе далалық аймақтарда қоныстанады.



ОБСӨЖ № 44

ОБСӨЖ тақырыбы:Терісінен басқа өнімдер алынатын жабайы хайуанаттар.

Жоспары:

1.Халық медицинасында өнімінің маңызы бар жабайы жануарлар.

2. Шипалық қасиеті бар өнім беретін жабайы жануарлардың бірі – аю.

3. Өнімі ғылыми медицинада пайдаланатын жануарлар.


ОБСӨЖ № 45

ОБСӨЖ тақырыбы; Наурызым мемлекеттік қорығы.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Қорықтар туралы түсінік.

2.Наурызым мемлекеттік қорығы.

3.Өсімдіктері мен жануарлары.


Қазақстан биоресурстары” пәнінен тест сұрақтары.

1.Қазақстан биоресурстар деп нені айтамыз

А.Биологиялық тірі жанды заттар қорын айтамыз

Б. Табиғаттағы жанды зат қоры

В. Жер астынан алынатын зат қоры

Г. Табиғаттағы сулардың қоры

Д. Табиғаттағы өсімдіктер қоры



2. Су ресурстары не?

А. Табиғаттағы жанды жансыз зат қоры

Б. Табиғаттағы жанды зат қоры

В. Жер астынан алынатын зат қоры

Г. Табиғаттағы сулардың қоры

Д. Табиғаттағы өсімдіктер қоры



3. Жер асты байлықтар ресурстары деген не?

А. Табиғаттағы жанды жансыз зат қоры

Б. Табиғаттағы жанды зат қоры

В. Жер астынан алынатын зат қоры

Г. Табиғаттағы сулардың қоры

Д. Табиғаттағы өсімдіктер қоры



4. Өсімдіктер ресурстары не?

А. Табиғаттағы жанды жансыз зат қоры

Б. Табиғаттағы жанды зат қоры

В. Жер астынан алынатын зат қоры

Г. Табиғаттағы сулардың қоры

Д. Табиғаттағы өсімдіктер қоры



5. Өзен, көл авто – теміржол жағалауы ормандары.

А. Қорғаныс ормандары

Б. Демалыс саябақ

В. Негізгі ормандар

Г. Ағаш өнімдері

Д. Жеміс – жидек



6. Үлкен ауыл, қалалары ормандары

А. Қорғаныс ормандары

Б. Демалыс саябақ

В. Негізгі ормандар

Г. Ағаш өнімдері

Д. Жеміс – жидек



7. Кең көлемдегі ормандар

А. Қорғаныс ормандары

Б. Демалыс саябақ

В. Негізгі ормандар

Г. Ағаш өнімдері

Д. Жеміс – жидек



8. Орманның негізгі өнімі

А. Қорғаныс ормандары

Б. Демалыс саябақ

В. Негізгі ормандар

Г. Ағаш өнімдері

Д. Жеміс – жидек



9. Қосымша өнім не?

А. Қорғаныс ормандары

Б. Демалыс саябақ

В. Негізгі ормандар

Г. Ағаш өнімдері

Д. Жеміс - жидек



10. Аралық өнім не?

А. Бұтақтар қырындылары

Б. Бір түрдегі ағаштар

В. Бірнеше түрдегі ағаштар

Г. Орманшылық

Д. Дендрология



11. Таза орман не?

А. Бұтақтар қырындылары

Б. Бір түрдегі ағаштар

В. Бірнеше түрдегі ағаштар

Г. Орманшылық

Д. Дендрология



12. Аралас орман не?

А. Бұтақтар қырындылары

Б. Бір түрдегі ағаштар

В. Бірнеше түрдегі ағаштар

Г. Орманшылық

Д. Дендрология



13. Орманды ұйымдастыруды зерттейтін пән

А. Бұтақтар қырындылары

Б. Бір түрдегі ағаштар

В. Бірнеше түрдегі ағаштар

Г. Орманшылық

Д. Дендрология



14. Орман ағаштарын зерттейтін пән.

А. Бұтақтар қырындылары

Б. Бір түрдегі ағаштар

В. Бірнеше түрдегі ағаштар

Г. Орманшылық

Д. Дендрология



15. Орман ағаштарын тәрбиелейтін пән.

А. Агролесомелиарация

Б. Бір ярусты орман

В. Көп ярусты орман

Г. Орманды есепке алу

Д. Орманның келешек жоспары



16. Жай орман не?

А. Агролесомелиарация

Б. Бір ярусты орман

В. Көп ярусты орман

Г. Орманды есепке алу

Д. Орманның келешек жоспары



17. Күрделі ормандар не?

А. Агролесомелиарация

Б. Бір ярусты орман

В. Көп ярусты орман

Г. Орманды есепке алу

Д. Орманның келешек жоспары



18. Таксоция не?

А. Агролесомелиарация

Б. Бір ярусты орман

В. Көп ярусты орман

Г. Орманды есепке алу

Д. Орманның келешек жоспары



19. Инвентеризация не?

А. Агролесомелиарация

Б. Бір ярусты орман

В. Көп ярусты орман

Г. Орманды есепке алу

Д. Орманның келешек жоспары



20. Қазакстанда аңдардың неше түрі бар?

А. 150


Б. 480

В. 150


Г. 12

Д. 8


21 Қазакстанда құстардың неше түрі бар?

А. 150


Б. 480

В. 150


Г. 12

Д. 8


22. Қазакстанда бауырмен жорғалаушылардың неше түрі бар?

А. 150


Б. 480

В. 150


Г. 12

Д. 8


23. Қазакстанда қосмекенділердің неше түрі бар?

А. 150


Б. 480

В. 150



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет