Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет12/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
7
1. студенттің құзіреттілігін дамыту (competence);
2. автономиялығын дамыту (autonomy);
3. студенттің белсенділігін (purpose) дамыту айқындады [1, 63-64]. 
Ондаған жылдар өтсе де, Т. О’Баньон ұсынған академиялық эдвайзердің теориялық моделіне 
сүйеніп, АҚШ университеттері өзіндік эдвайзер қызметін ұйымдастыратынын айтып кеткен жөн.
Академиялық эдвайзер моделінің негізін қалаушы ғалым, B.B. Croukston [2,14] «жоғары білім, 
білім алушыларға өмірде өзін-өзі анықтауға, мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, 
ал ондағы эдвайзердің кеңес беру іс-әрекетін, студенттің дамуына әсер ететін оқыту үдерісі, ал 
эдвайзерді оқытушы»- деп қарастырса, ғалым S. Frost [3,167] зерттеу барысында «эдвайзердің 
басты мақсаты – білім алушының дербес оқу танымдық іс-әрекеті мен шешім қабылдай алуына 
ықпал ету» - деп қорытындылады.
АҚШ-тың педагогика ғылымында академиялық эдвайзер ұғымына, оның негізгі міндеттеріне, 
функцияларына әртүрлі анықтамалар, теориялық тұжырымдамалар берілген. Мысалы, тәжірибелі 
педагог M.C. King «академиялық эдвайзерлер қызметі – студентті, психологиялық немесе 
академиялық кеңес беру, қаржылық көмек, тьютор, ментор сияқты басқа бағдарламалармен байла-
ныстырушы «орталық шеңбер» -деп анықтады [4]. Бұдан, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, 
эдвайзерлердің білім алушының университеттің академиялық және әлеуметтік жүйесінің 
ерекшеліктеріне бейімделуінде, маман ретінде қалыптасуында шешуші рөл атқаратынын байқалады.
Заманауи американдық әдебиеттерге сәйкес, білім алушылар академиялық эдвайзерлерді, 
студенттің білім алу тәжірибесінің маңызды компоненті, оқыту-тәрбие үдерісінің сапасын 
жетілдіруші деп те қабылдайтын ұстанымдар да бар.Мысалы, B.B. Chickering [5], академиялық 
эдвайзерлердің фундаменталды мақсаты, студенттің өмір бойы білім алуы (LLL-lifelong learning) 
мен жекетұлғалық дамуының жетекші болу десе, W.R. Habley [6, 88] студенттің білім беру ортасына 
деген үміті мен, сол үміттің орындалуы арасындағы «делдал» деп айқындайды.
Академиялық эдвайзер қызметінің тиімділігі жөнінде, американдық ғалымдар, бірқатар 
теориялық тұжырымдамалар да жасаған. Мысалы, С. Self [7] өзіндік зерттеу жүргізу барысында, 
«егер, эдвайзерлер университет ұсынған білім алу мүмкіндіктері мен студенттің оқу үрдісін 
жетілдіруінің арасындағы байланыстырушы құрал деп шешім қабылдасақ, онда кеңес берудің 
мазмұны осы мақсатқа сай болу керек» - деп қорытындылайды. 
АҚШ-тың педагог-ғалымдарының зерттеулеріне талдау жасау барысында эдвайзерлер 
академиялық қолдау көрсету іс – әрекетінде келесі мәселелерге жауапты болады деп тұжырымдама 
жасадық:
- академиялық кеңес беру арқылы, білім алушылардың жетістігіне;
- кеңес беру үрдісіне университет мүшелерін (профессор-оқытушы құрамы, инструктор, 
әкімшілік),университеттің академиялық қолдау көрсету ресурстарын (жазу, оқыту – кеңес беру 
орталықтары) қатыстыруына;
- жоғары оқу орнының саясаты мен ерекшеліктері туралы ақпарат беруге;
- жалпы жоғары білім беру жүйесінің қызметіне;
- кәсіби эдвайзерлер қауымдастығының бет-бейнесіне (имидж);
- өзінің кәсіби өсуі мен тәжірибесіне. 
Ерекше айта кететін жайт, АҚШ университеттерінде академиялық эдвайзердің оқу-әдістемелік 
құралдармен, ғылыми негізделген әдебиеттермен факультеттің әкімшілігі, университеттің АҚК 
орталықтары тарапынан қамтамасыз етілуі. Әрбір университет, өзіндік институционалдық 
мақсатының негізінде, эдвайзерлерге арналған әдістемелік құралдар жасайды. Онда академиялық 
кеңесші қызметінің мақсаты, міндеті, жұмысының ерекшеліктері, студентпен қарым-қатынас жасау 
философиясы сияқты талаптарымен қоса, студенттің академиялық тәжірибесін қанағаттандыру 
жолдары бойынша әдістемелік ұсыныстар, дидактикалық материалдар беріледі.
Мысалы, Шығыс Мичиган университетінің Білім беру колледжінде (Eastern Michigan 
University, College of Education) оқу жылының басында эдвайзерлер, студенттермен жүргізілетін 
психологиялық тесттер, сұрақтар, анкеталар, студентпен қарым-қатынас жасау ережелері, жас және 
дербес ерекшеліктері және т.б. тұратын «Эдвайзер пакетімен» қамтамасыз етіледі. Студенттердің 
эдвайзермен кездесуі белгіленген кесте, жеке кездесулер, электрондық пошта, академиялық 
қолдау көрсету орталығында, немесе студент пен эдвайзердің шешімі бойынша кез келген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет