Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет133/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
108
жарық шашыратқыш, өмірлік күшке мол шығармаларынан орын алады. Осы суретшінің күшті 
жақтарының бірі бояудың алуан түрлері мен бейнелеу өнерінің сипаттарын мүмкіндігіне, негізгі 
мазмұнын жоғалтпай, әсерлендіргіш, сезімдік тұрғысына келтіруі еді. 
А.Ақанаевтің пластикалық және рухани кеңістікті бейнелейтін шығармалары мифте және дала 
аңыздарын еске түсіруге толы бола отырып, күн энергиясы мен даланың хош иістерін сездіріп 
отырады. Осы бір тұтас дүниетанымның әр қырларын Б.Мырзагалиева да көрсетуге тырысады. 
Мысалы, 1970 жылдардағы Ә.Қастеевтің кәсіби шығармашылық кезеңіндегі реалистік 
жұмыстарына үлкен қызығушылық тудырса, ал 1980 жылдардағы суретшілердің туыңдыларынан 
алғашқы ізденістерінен көруізге болады.
Осы 80 жылдар - пейзаждық кескіндеме кескіндемелі 
пластикалық және бейнелі-мазмұндық аспектілерге әсер еткен күрделі өзгерстерді басынан кешірді. 
Табиғат бейнелерінің экспрессивті асқынған және декоративті интерпретациясы пейзаж жанрының 
өзгеше мағыналық мазмұнына әкелген «жылымық» кезеңіндегі мәдениет парадигмаларының 
өзгерісін бейнеледі. Табиғат бейнелерінің интерпретациясы символикалық, метафоралық сипатқа 
ие болып, пішінді стилизациялау біртіндеп таңбалық, шартты пейзаждық кескіндемеге алып келеді.
Қазіргі кездегі бейнелеу өнері өзінің шығармашылық бастауларының кейбір тұстарын ұлттық 
өнер болмысының тарихынан алатындықтан, Қазақстан суретшілері шығармаларында ұлттық 
тақырыптар мен сюжеттер, пластика, колорит, кеңістіктік пен архитектоникалық шешім саналы-
бейсаналы формада жиі байқалып отыратынын ескерген жөн. 
Демек, рухани бастаулардың табиғатын ұғыну, көркем шығармашылықта ұжымдық бейсанадан 
пайда болатын ұқсастықтар мен бастапқы образдарға ұлттық көркемөнердің ең бастапқы бейнесі деп 
тани отыра, оған мәдени-философиялық талдау жасау. Ұлттық болмыстың негіздерін саралау жеке 
суретшінің қолтаңбасы мен өнерінің туылу себептерін түсіндіре алады дейтін болсақ, Қазақстан 
бейнелеу өнерінің кешегісі мен бүгінгісін және ертеңін пайымдауға, оған деген ұлттық баға беру. 
Алайда, тіпті реалистік жанрдағы суретші адам өмірін, уақыт ағымын салу мүмкін емес. Бұл 

өнердің барлық түріне тән ортақ қасиет. Үздіксіз өтіп жатқан өмір ағымының бір бөлігі ғана 
алынады. Нәтижесінде уақыттың өмірдің бөлшектерінен құралған бірбағытты, бірбағытты емес 
түрлері пайда болады және олар өнер туындыларында әрқилы деңгейде көрініс табады. 
Жалпы өнердің уақытқа байланыстылығын ашу үшін оның көркемдік бағыты мен тарихи 
кезеңдерін қарастырып көрсек. 
Өнер тарихы – бізге өткенді қазіргімен және болашақпен байланысын жеткізу. Өнер 
зертеушілерінің барлығы дерлік өнер тек бір бағытта, яғни тек жоғары бағытпен дамитындығын 
дәлелдеп келді. Осы ереже бойынша өнер тарихының дамуын қарастырып көрсек: Тас дәуірі
Ежелгі Шығыс, Антик өнері, Орта ғасыр өнері, Қайта өркендеу дәуірі, Жаңа кезең. Осы кезеңдерде 
салынған туындылар мен сәулет өнері тек белгілі бір дүниетанымдық түсінікпен, көзқарастармен 
байланысты. Дүниеге келген өнер туындылары әлі күнге дейін өз құндылықтарымен әлемді 
таңдандырып келеді.
Сондықтан қай кезеңде салынған, жасалынған бейнелеу өнер туындыларын жақсы немесе төмен 
деп тұжырымдауға болмайды. Қай кезеңде болмасын мәдени құндылықтар уақыт талабына сай 
өзгеріп, жаңарып отырады.
Бейнелеу өнеріндегі кеңістік пен уақыттың қатынасы суретшінің дүниетанмы, табиғи болмысы, 
сезімі, қоршаған ортасы, табиғатына байланысты аңықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет