Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет130/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   615
3-106-2015-2-chast

Д.С.БОЛЫСБАЕВ
1
, Н.С.ФАЙЗИЕВ
2
, Ж.СЫНДАРОВА
3
филос.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қаласы
1
М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистрі, Шымкент қаласы
2
М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистрі, Шымкент қаласы
3
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ КӨРІНІСІ
«Болған талай қалалар да, халық та,
Уақыт көмді бәрін жердей табытқа.
Болған талай ауылыңыз, тайпаңыз,
Енді соның ізін тауып байқаңыз».
Жүсіп Баласағұн.
Мақалада кеңістік пен уақыттың бейнелеу өнеріндегі көрінісі қарастырылады. Қазақ дүниетанымындағы 
кеңістік пен уақыттың үндестігі, оның ұлттық бейнелеу өнеріндегі көрініс формаларын ашып көрсетілген. 
Ұлттық бейнелеу өнері шығармаларындағы кеңістік және уақыт мәселесінің талқылануы нақтылы 
мысалдармен сипатталған. 
Түйін сөздер: кеңістік, уақыт, бейнелеу өнер, жаратылыс, табиғат, мәдениет, ұмай, тәңір., қозғалыс, 
форма.
Жалпы кеңістік пен уақаттың пайда болуы мен дамуы адамзат баласымен бірге жасап, өмір 
сүруде. Адам өмірінің өзі кеңістік пен уақыттан тұрады емес пе. Негізінен уақыт пен кеңістік 
философиялық категория. Олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы кез келген жүйенің 
қозғалысынан көрініс табады.
Кеңістік пен уақыт жөніндегі ілім ертеде дамып, бұл философиялық категориялардың қалыптасу 
тарихы өте күрделі кезеңдерден өтті. Ең алғашқы кеңістік пен уақыт жөніндегі ұғым еңбекте, 


№ 3 (106) 2015
105
табиғат құбылыстарын тануда, өндіріс құралдарын жасауда жинақталған түсініктердің негізінде 
қалыптасты. Кеңістік пен уақыт жөніндегі алғашқы пікірлер Ередегі Қытай, Үнді елдерінде 
қалыптасты. Бұл ілімдер заттар мен дүниенің бірлігі және байланыстылығы және табиғат жүйесінің 
қозғалысы мен қайшылықтары тұрғысынан түсіндірілді. Антика ғылымында аспан әлемінің кеңістік 
пен уақыт формаларын зерттеудің нәтижесінде әлем құрылымының уақыт бойында мезгіл-мезгіл 
өзгеріп отыратындығын айтады.
«Кеңістік заттардың бір уақытта қатар өмір сүру тәртібін білдірсе, уақыт сол тәрізді, дүниедегі 
заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың бірінен соң бірінің өмір сүретін тәртібін білдіреді» - деп 
тұжымдайды неміс философы Лейбниц.
Осы жерде Платон уақыт ұғымына былайша тұжырым жасайды. Алғашқысы мәңгі жасайды, 
екіншісі уақытша пайда болып жоғалады. Уақытты талдауға байланысты Платон үш нәрсені 
ажыратады, олар: 1. мәңгі жасайтын, тумаған және жасалмаған; 2. әрқашанда жасайтын нәрсе 
(жасалған, бірақ өлетіні расталмаған); 3. уақытша жасайтын (пайда болатын және өлетін). Алғашқысы 
– Жалғаз жаратушы; екіншісі - ғарыштың өзі; үшіншісі - өзгергіш, өткінші эмпирикалық құбылыс. 
Ал, Аристотель ішінара Платон ізімен жүріп, өзінің «Физикасында» уақыт ұғымына кең талдау 
жасайды. Ғарышты мәңгі деп есептегенмен, уақытты мәңгілікке жатқызбайды. «Уақыт дегеніміз - 
әлдебір қозғалыс пен өзгеріс», деп тұжырымдайды. Аристотельдің пікірінше, қозғалыс уақытпен, 
ал уақыт қозғалыспен өлшенеді.
Адамзат баласының өнері мен мәдениетінің тарихында уақыт туралы мифологиялық және 
философиялық ұғымдар маңызды рөл атқарып келеді. Бұл ұғымдардың пайда болу себебінің өзі 
әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты екендігі белгілі. О
сы орайда, түркі халықтарының байырғы 
тұрмыс-тіршілігін, дүниеге көзқарасын мысалыға алып қарасақ. 
Биікте Көк тәңірі,
Төменде Қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған,- дейді Күлтегін ескерткішінде.
Қазақ дүниетанымында тіршіліктің бастауы осы схема бойынша қарастырылады. Жаратылыс, 
Тіршілік, Табиғат құбылыстары, Замана, Уақыт, Қоғам үрдісіне сай үздіксіз алмасулар мен 
өзгерулерді бастан кешіп келе жатқан дәстүрлі өнер тарихы сонау көне тас ғасыры дәуірлерінен 
бермен қарай тамыр тартады. 
«Тәңірі-Ұмай» жүйесіндегі байырғы нанымдары бойынша, Тәңірі-әке де, Ұмай-ана. Сөйтіп жер 
бетінде тіршілік пайда болады. Түркі халықтарының нанымында көк шөпті жұлуға болмайтыны, 
күнге табынуды, ақты күнге қарап шашуы сияқты т.б. осыдан шыққан. Өйткені Күн адамдарды 
дүниеге әкеліп, нұр шашып, өмірді үнемі нұрландырып, жайнататын күш.
Күннен кейін табынатыны – Ұмай. 
Ертеден қазақтарда шаңырақтың құт-берекесі, отбасының қамқоршысы, ынтымақ-бірліктің 
жебеушісі Ұмай ана жоғары құрметтелген. Ұмай бағзы замандағы түбі бір түркі халықтарының 
ұрпақ жалғастырушысы, береке-молшылық құдайы болған және ежелгі түркі нанымында Ұмай ана 
Көк құдайы Тәңірден кем емес деп дәріптелген. Ұмайдың құдіреттілігі жөнінде мәліметтерге жазба 
ескерткіштер арқылы қанық бола аламыз. Мәселен, Абақан өзенінен табылған көне түркі жазуына 
назар аударайық: «Атамыз біздің Ұмай бег, ер батырлар мұрагерлеріміз. Өзінді өзің қинамадың. Үш 
ердің өз арғымағы ажырасарда... Сен менің жақсы әдеттерім мен үміттерімнен айырылма. Менің 
даңқым ішкі халықта...» делінсе.
Ал, Тоныкөк ескерткіштерінде:
«Аспан (Құдай) Ұмай, киелі Жер-Су, бізге жеңіс әкелген осылар» делінген. Бұл жерде Ұмайдың 
үстемдігі айқын көрінеді. 
Күлтегін ескерткіштеріндегі жазу да қызығушылық тудырады: «Бұл - Ұмай тәрізді менің анам 
Катун, кіші інім Күлтегін ер атанды дегенді білдіреді» [1]. Ұмай ошақтың және балалардың киелі 
иесімен қатар, сарбаздардың да қорғаушысы саналады.
Көне түркілердің сенімдеріндегі әйел құдай – Ұмай ана баланың дүниеге келуіне, оның 
болашақтағы тағдырына тікелей байланысты сипатталады. Қазба жұмыстарының нәтижесінде, 
Билікөл маңайынан табылған тас бағананың сынығынан, түркі жауынгерлерінің отбасымен Ұмай 
анаға табыну сәті бейнеленген. Бұл тарихи мұрада Ұмай үш мүйізді бас киіммен суреттеледі. 
Тарихқа жүгінсек, ертеректе Ұмай сөзі отбасындағы үш жасқа дейінгі сәбидің жанын білдіріп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет