Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
150
Мектеп, өнер, әдебиет, мәдени орындары, клубтар, кітапхана, мұражайлар, театр, кино, түрлі
спорттық, туристік орталықтар, нарық экономикасына байланысты акционерлік бірлестіктер,
фирмалар, әртүрлі қоғамдар, орта және шағын бизнестер т.б. тәрбиелік, білімдік мақсатта, қарым-
қатынаста болуы болашақ ұрпақтың қазіргі қоғамның өркениетті бағытта дамуына сай тәрбиеленуіне
мүмкіндік жасайды [1, 129].
Мектептен тыс мекемелер оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын шығармашылық
қажеттілігін қанағаттандыратын қоршаған ортамен таныстыратын, гуманистік және демократиялық
тұрғыда қоғамды құруға қатынастарын әлеуметтік тәрбие институты болып табылады. Мектептен
тыс тәрбие – үздіксіз білім беру жүйесінің толық құқылы саласы, ол барлық балалар мен
жасөспірімдердің мүмкіндігін анықтауға, сабақтан тыс уақытта әр баланың қызығушылығына,
қабілетіне, дарындылығына қарай жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Мектептен тыс
мекемелердің негізгі міндеттері:
1. Әр оқушының қалыпты дамуына тиімді жағдай жасау;
2. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
3. Аадамгершілік қасиеттерін дамыту;
4. Ұлттық мәдени дәрежесін көтеру;
5. Өзбетімен білімін көтеруге жағдай жасау;
6. Еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру;
7. Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу.
Балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымдары, мектеп пен жанұямен бірлесіп, саяси-
экономикалық , білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне және
тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер ақыл-ойын, шығармашылығын, қабілеттерін дамытуға
нақты үлес қосулары қажет. Мектепте осы негізде тәрбие жұмысын жүзеге асыратын диагностикалық
талдау жасалынып, жоспар жасалды және оны жүзеге асыратын тәрбие орталықтары құрылды.
Оның ерекшеліктерін 1 - суреттен көре аламыз.
Ата-аналар
комитеті
Оқушылар-
дың өзін-өзі
басқаруы
Сабақтан
тыс тəрбие
Тəрбие
орталығы
Қоғамдық
ұйымдар
Сынып
жетекшілері
Шығармашы-
лық топтар
Достарыңызбен бөлісу: |