Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет186/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
153
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір 
себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады: 

көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі;

қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі;

отбасы анасы-әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық;

көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан 
ерлі-зайыптылардың ажырасуы;

бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы;

күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан отбасы арасындағы бәсеке, дау-дамай;

отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге әлсіреуі.
Мектеп пен жанұяның
ынтымақтастығы
Оқушылар
үйіне бару
Балалар спорт
кешені
Ата-аналар
комитеті
Халық
университеті
Мұражайлар
Сурет 3 – Мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы
Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті нарықтық қатынастарды 
ендiрумен байланысты Қазақстан Республикасында өзгерiске түскен саяси, экономикалық, 
әлеуметтiк, мәдениеттiк жағдайлар жас ұрпақ тәрбиесiнiң проблемаларын жаңаша ойластыруды 
талап етедi [3, 125].
Ұлттық дәстүрлерден қол үзушiлiк тәрбиенiң қайнар көзiнен қол үзушiлiкке әкелетiнiн, ұрпақтар 
байланысы мен сабақтастығын бұзатындығын, адамгершiлiктiң құлдырауын, еңбектiң тәрбиелiк 
мәнiн құнсыздандыратынын тарихи тәжiрибе қуаттауда. Осыған орай отбасы педагогикасымен 
байланысты мәселелердiң маңызы ерекше.
Қазiргi кезде оқушылармен сыныптан тыс және оқудан тыс кезде жүргiзiлетiн жұмысқа 
iс жүзiнде ешқандай көңiл бөлiнбей келгенiн атап айту керек. Бұл ретте, қазiргi кезде өте әлсiз 
жүргiзiлетiн мектеп пен отбасы қызметiнiң келiспеушiлiгiне ерекше көңiл бөлу талап етiледi. 
Ғалымдар отбасы ықпалының, әсiресе оқытудың жоғары сатысында айтарлықтай болмайтынын 
дәлелдеуде. Бұл жағдай ата-аналардың жұмыс бастылығымен, көптеген отбасының материалдық 
жағдайын жасауға шектен тыс бағдар ұстауымен ал, оның оқушылардың адамгершiлiк тәрбиесiне 
терiс ықпал ететiнiмен түсiндiрiледi. Отбасы мен мектептiң тәрбиелiк үрдiстегi өзара бiрiн-бiрi 
толықтыруы көп жағдайда жетiспей жатады.
Сондықтан қазiргi уақыттың маңызды мәселесі мектеп оқушыларының тәрбиесiнде мектеп пен 
отбасының педагогикалық ынтымақтастығын толық жүзеге асырудың қажеттiгi болып табылады. 
Отбасындағы ата-аналардың педагогикалық мәдениетiн арттыру бағытындағы мектеп жұмысының 
жүйесi отбасындағы ата-аналардың педагогикалық бiлiмдi өздiгiнен алуға басшылық жасауымен, 
ата-аналардың жүргiзiлетiн жұмыстың ұжымдық, топтық және жекелей түрлерiмен ұштастыруға, 
ата-аналарға құрмет пен қарай талап қоюға оңды тәжiрибеге сүйенуге негiзделедi.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетiн көтерудiң мектептегi жүйесi мен қоғамдық 
ұйымдардың өз бетiмен бiлiмiн көтеруiне және олармен жүргiзiлетiн жекелеген, топтасқан, 
ұжымдық жұмыс түрлерiне, ата-аналардың тәрбиесiндегi талаптарына құрметпен қарауға, отбасы 
тәрбиесiндегi тәжiрибесiне сүйенуге негiзделедi. Әлеуметтiк институт ретiнде отбасының тарихи 
дамуының нәтижесi оның қызығушылығы мен ынтасының есебiн алу негiзiнде отбасында баламен 
қарым-қатынасты қалыптастыруда басты рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет