Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
182
дайындау бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекет. Ол практикалық іс-әрекеттің және дамытушы
пәнаралық теориямен бірлігін көрсетеді және оқушылармен оқу-тәрбие үдерісінде ғана жүзеге
асырылады [3].
Жоғары сыныптағы информатика сабағындағы әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар оқушыларға
олардың қызығушылықтары мен ақыл-ой дамуын есепке ала отырып жеке оқытуды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді. Сараланған тапсырмалар – дамытушы оқытудың элементі, мұнда білімді игеру
оқушылардың информатика сабағындағы белсенді өзбетінділік жұмысы үдерісі ретінде көрінеді.
Бұл тапсырмалар әртүрлі мақсаттарды көздейді:
1. Оқушылар білім мен дағдылар жүйесін қалай игергенін, оларды информатика сабағында
оқу тапсырмаларын орындауда қалай қолданатын тексеру;
2. Әрбір оқушыға информатика бойынша жеке білім беру маршрутын таңдауға мүмкіндік
береді;
3. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ерекшелеуге және оларды информатика
сабағында жүзеге асырады.
Қазір информатика мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі, оқушыларға тек
білім ғана беріп қою емес, сонымен қатар оны тұлға ретінде қалыптастыру, оның шығармашылық
қабілеттерін дамыту, оқушыға әрі қарай кәсіби жолды таңдауға көмектесу болып табылады.
Дамытушы қоғам қазіргі жалпы білім беретін мектепте оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіруге
өспелі талаптар қоюда.
Информатика сабағында сараланған және жеке тәсілді қолданудың маңыздылығы төмендегідей:
1. Оқушылардың даму мен білімнің белсенді деңгейіне жетуге ұмтылысын, және олардың
кәсіби бағыттылығын таңдауында;
2. Оқушылардың «Жақын даму аймағын» біле отырып, әрқайсысын білім мен жоғары
сыныптың кәсіби таңдауына тәуелді игеру тәсілдерін меңгерудің жетілдірілген тәсіліне бірте бірте
ауыстыру ;
3. Оқушыларда тұрақты қызығушылықты ояту, белсенді ойлау, жоғары сыныптың кәсіби
таңдауына тәуелді әртүрлі тапсырмалар мен есептерді шешудегі қиындықтарды жеңу.
Информатика сабағында кәсіби-бағытталған оқыту міндеттері:
1. Жоғары сынып оқушыларының қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау және
әртүрлі саладағы танымдық және кәсіби іс-әрекеттегі мамандықты таңдауына тәуелді практикалық
тәжірибені қалыптастыру
2. Танымдық қызығушылықтарын дамыту, оқушыларды болашақ іс-әрекетінде табысты
жұмыс жасауға оқыту;
3. Білімнің әрі қарайғы бағытын таңдау туралы адекватты шешім қабылдау үшін қабілеттерді
қалыптастыру.
Оқытуда «Сараланған әдіс» оқушыларды олардың жеке және топтық, психофизиологиялық
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, сонымен қатар олардың кәсіби қызығушылығын ескере отырып
оқытуды ұйымдастыруды ұсынады[4].
Әрбір оқушының жеке-типологиялық ерекшеліктерін білу мектепте жоғары сынып оқушыларын
жеке тәсілді ұйымдастыру талаптарын анықтау үшін маңызды мағынаға ие. Оқушылардың маңызды
ерекшеліктерін білу арқылы ғана, олардың көздерін анықтау арқылы мұғалім білімді меңгерудің,
дағдыларды қалыптастырудың, әрбір оқушының қабілеттерін дамытудың оңтайлы жайдайларын
құруы мүмкін. Кәсіби таңдауды білу арқылы мұғалім информатика сабағында жеке тәсілді жүзеге
асырады. Жоғары сынып оқушыларына сараланған тапсырмалар мен есептерді олардың кәсіби
таңдауына тәуелді таңдай отырып, дербес оқыту педагогикасы оқытудың негізгі мазмұны мен
мақсатын жеке оқушыға байланысты құруды білдірмейді (оқыту мен тәрбиелеу мақсаты мен
мазмұны қоғам талабымен анықталады, мемлекеттік бағдарламамен бекітіледі – олар барлығы
үшін жалпы болып табылады), ал жұмыс әдісі мен формасын осындай жеке ерекшеліктерге қарай
таңдау, тұлғаны дамыту үшін қолданылады.
Жеке тәсіл оқушылардың барлық күштері мен қабілеттерін дамыту мүмкіндігін қамтамасыз
етеді. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығына тәуелді таңдалған тапсырмалар мен
есептер жоғары сынып оқушыларын информатика сабағында тиімді оқытуды қамтамасыз етеді.
Мұндай тапсырмалар күрделілігі бойынша ерекшеленбейді, олардың айырмашылығы, әрбір
|