Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
178
зерттеушілер эвалюацияны білім беру үдерісі, міндеттері, мақсаты, нәтижесі жайлы ой-тұжырым
енгізу процесі деп анықтауға тырысты. Бұдан байқайтынымыз эвалюация ұғымының шекарасы
кеңейді (мақсат, үдеріс, нәтиже).
Анықтамалардағы «эвалюация» ұғымы жайлы және бір кілттік пікір «жүйелілік өлшеу»,
«маңыздылық» болып табылады, бірақ бұл жердегі енгізілген басты толықтыру – аталмыш
анықтаманың ғылыми талдау әдістерін қолдану қажеттігін баса көрсетуі.
Сонымен эвалюация бүгінгі таңда білім беру жүйесінде белгілі бір оқыту, тәрбиелеуге байланысты
үдерістің, шарттардың «пайдалылығын», «жарамдылығын», «құндылығын», «нәтижелелегін», яғни
сапалылығын анықтау және дамыту мақсатындағы жүйелі түрде зерттеу және бағалауды айтады.
ЭВАЛЮАЦИЯ
Білім беру жүйесінде белгілі бір оқыту, тəрбиелеуге
байланысты үдерістің, шарттардың «пайдалылығын»,
«жарамдылығын», «құндылығын», «нəтижелелегін»,
яғни сапалылығын анықтау жəне дамыту мақсатындағы
жүйелі түрде зерттеу жəне бағалау
Сурет – 1 Эвалюация ұғымының анықтамасы
Не себепті біз эвалюация түсінігінің орнына құлаққа үйреншікті сараптау, бағалау, бақылау деген
ұғымдарды пайдалана бермейміз деген заңды сұрақ туындайды. Кейбір елдерде ол практикада бар
(мысалы Германияда – Expertise, Auswertung). Дегенмен, эвалюация термині көптеген елдердің
білім беру жүйесіне кеңінен еніп кетті, сөйтіп жалпыұлттық ұғым сипатына ие болды. Бұл
біріншіден. Ал екіншіден, жоғарыда айтып өткеніміздей олардың арасында елеулі айырмашылық
бар. Ол айырмашылықтар әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Сондықтан түсініспеушілік тудырмас
үшін біз эвалюация ұғымын пайдалануды жөн көрдік.
Оқыту үдерісінде эвалюацияны жүзеге асыру үшін табыс критерийлерін анықтап алу керек.
Біздің мәнмәтінімізде критерийлер ұғымы оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап
айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі ретінде қарастырылады.
Табыс критерийлері бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-
танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған,
білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Табыс критерийлері арқылы бағалаудағы мақсат -
білім беру сапасын жоғарылату; білім беруді халықаралық стандартқа сәйкестендіру [3].
Табыс критерийлері сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындауға; жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; әр түрлі жұмыс
барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге; оқу бағдарламасының тиімділігін
саралауға; сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы
кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |