Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет385/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
319
Өте қатты ластанбаған сулар өздігінен тазаруға қабілетті. Бұл үдерісте маңызды рөлді 
мұнай өнімдерін тотықтыруға қабілетті су микроағзалары атқарады. Кейде суды органикалық 
ластанудан тазалау үшін оған арнайы өсірілген ашытқы бактерияларын енгізеді. Бірақ суға «таза» 
микроағзаларды енгізу өте ыңғайсыз: олар беткі қабатта біркелкі орналаспайды, желмен ұшып 
кетеді. Не істеуге болады?
Құстар және мұнай дақтары
Мұхит құстары кейде мұнай дақтарына отырады да бүлінеді, өліп қалады. Құстарды мұнай 
дақтарына отырудан қалай қорғауға болады? Құстарды мұнай дақтарының өздері үркітуі үшін 
не істеуге болады? Құстарды қорғаудың пайдасына шешу үшін қандай ресурстарды және табиғи 
құбылыстарды қатыстыруға болады? 
Қоқыстан мұнай
Тұрмыстық қоқыстарда тамақ қалдықтары, пластмасса, қағаз сияқты көптеген органикалық 
заттар бар. Мұнай да органикалық қосылыс. Егер қоқысты ұсақтап және қысым мен катализатор 
қатысында 350
0
С-қа дейін қыздырып көретін болсақ, онда органикалық заттар ауыр көмірсутектерге 
дейіныдырайды. Ал, олар өздерінің энергетикалық сипаттамалары бойынша мұнайдан кем түспейді, 
бірақ екі есе арзан. Осы қалдықтардың10 тоннасынан 4 тонна мұнай алынады. Қалған алты тонна 
қалдықты не істеуге болады?
Судың беткі қабаттарынан мұнай өнімдерін жинау
Мұхит және өзен порттарының акваториясы, кеме тұрақ орындары көбінесе мұнай майларымен 
ластанады. Әсіресе, танкерлер апаты кезінде мұнай өнімдерін судың беткі қабатынан жинау 
мәселелері өткір мәселе болады. Ластануды жоюдың бірден бір жолы – мұнайды сіңіріп алатын 
жеңіл материалдарды (көбік, ағаш үгінділері, күріш сабаны) мұнай дақтарына себу. Бірақ бұл 
материалдарды жинау өте қиын. Не істеуге болады? 
Мұнай үшін дағара 
Мұхиттарды мұнайдан тазарту үшін көптеген алюминий табақшаларынан жасалған дағараны 
пайдалануды ұсынды. Екі табақшаның арасында планкалар құрастырылған. Мұнай табақшаларға 
жабысады, планка одан мұнайдың жұқа қабатын қиып түсіреді және ол резервуарға құйылады. Бірақ, 
барлық мұнайлар жабыспайды, өйткені шылану күші онша үлкен емес (нақтырақ, мономолекулярлы 
қабаты жабысады). Мұнайдың адгезия күшін қалай көбейту үшін не істеуге болады?
Мұнай пленкаларын жағу
Мұнай өнімдері жанғыш, судың беткі қабатында олардан тазартуды мұнай пленкаларын жағу 
жолымен жүргізуге олар еді. Тәсіл әрине, тиімді емес, отын шығыны жоғары. Бірақ, табиғатты 
қорғау, мұхит және өзен жағалауындағы фауна мен флораны сақтап қалу мұнай экономиясына 
қарағанда маңызды. Бірақ судың бетінде қалқыған мұнайдың тек шамамен қалың қабатын ғана 
жағуға болады. Егер пленка жұқа болса, оны жаға алмайсың. Судың беткі қабатындағы мұнай 
өнімдерінің жұқа қабатын жағу тәсілін ұсыныңыз.
Жанармай
Транспорт құралдары үшін жанармай құрамын жасаңыз. Оның іс-әрекет ұстанымы тотығу-
тотықсыздану және ядролық реакцияларға негізделмеуі керек [7]. 
Білім алушылардың шығармашылық жұмысының мәні- олардың ғылыми іс-әрекеті. Осыған 
байланысты заттардың (құбылыстың) химиялық қасиеттері, алу тәсілдері, қолданылуы туралы 
ақпаратты іздеу; химиялық нысанның (зат, реакция) химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын 
айқындау; қолжетімді ақпарат көздеріндегі химиялық нысан туралы ақпараттар жиынтығын талдау; 
қарама-қайшы мәліметтерді салыстыру және айқындаужүргізуге пайдалы:.
Шығармашылықөнімталдамасы:

Өз бетінше талдау жасау білігі қалыптасады. Алынған шығармашылық өнімді қорғауға 
және демонстрациялауға мүмкіндік береді.

Білім алушыларға берілген тапсырмаларды орындаудың субъективті нәтижелерін 
салыстыруға және алынған нәтиженің объективті деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 

Топпен алынған, бірлескен өнімді демонстрациялауға мүмкіндік береді. Шығармашылық 
тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау, жеке өз нәтижелері мен басқа топтардың жұмыстарының 
нәтижелерін салыстыру білігін дамытады.
Қорытындылай келе, тапқыр тапсырмаларды шешу теориясы технологиясының әдіс-тәсілдерін 
қолдана отырып, білім алушылардың ұсынылған алгоритмдерді үлкен қызығушылықпен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет