Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
328
колданғанда қоғам өзінің бәсекелестікке барынша лайықты болашағына ceнімі артып, рухани
дамыған, білімді патриоттарын дәуір даналықтарын игеруде екендігін кереді.
Тұтас педагогикалық үдеріс білім беру стандарты, уақыт талаптарын орындауда да инновациялы
ойлауы, инновациялы амалдарды мақсатты, оңтайлы пайдалану орынды. Инновация сөзіне мән
беретін болсақ, ол латын тілінен «in» және «novatio» - «in» - «бағытта» және «novatio» - «жаңғырту»,
«өзгеру» дегендерді білдіреді. сонда «өзгеріс бағытында» деген мағынаға ие болады. С.И.Ожегов
сөздігі бойынша: инновация - бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының
орнын басқан, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Инновация - «жаңашыл» жаңа әдіс, жаңа технология, кұрал есебінде айтылып, осы тәсілдерді
меңгеру үдepici деп есептейді (М.М. Потошник, Л.С. Лоренсов). Орысшы-қазақша сөздікте (1
том) инновация - инновация, жаңалық енгізу, жаңарту деп аударылған, инновация дегеніміз білім
беру, тәрбиелеу жұмыстарында мақсатты қажетті жаңа ойды енгізу, инновациялық технологиялар,
кұралдарды, жаңа сандық интербелсенді мультимедиалық білім беру ресурстарын, жаңа
тұжырымдарды қолдану деген болып шығады.
Қолданулардағы түрлі инновациялық технологиялар жіктеулер жасалынуда, солардың бipi:
-
модификациялы - латын тілінен modificutio - видоизменение – түрленім, түрлендіру, нұсқа -
деп аударылған, қолданыстағы бар педагогикалық технологияны түрлендіру, дамыту, өзгертумен
пайдалану дегенді білдіреді;
-
комбинаторлы - қиыстыру, қисындау, әрекет, амал, оқу мен тәрбиелеу үдерісіндегі жетістіктер
жеткізетін әдістемелер, технологиялар болып, оңтайлысы шығарылады;
-
радикалды - латын тілінен - коренный - түбірлі, мүлдем жаңа, окытудың жаңа түpi, он-лайн
тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, «тілдердің үш тұғырлы»
мәдени жобасын іске асыру, 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін, Назарбаев
Зияткерлік мектептері Назарбаев Университеті, «Болашақ» Халықаралық бағдарламасы, «Балапан»
арнайы бағдарламасы, таяудағы 2-3 жылда дуальдік техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық
жүйесінің негізін қалыптастыру және т.б.
Педагогикалық инновацияларды білім беруге қатысты жіктеудің келесі түрлеріне зейін
аударайық:
-
ұйымдастырудағы инновациялар;
-
технологиядағы инновациялар;
-
бағдарлама, стандарттағы инновациялар, оқытуға қатысты циклдер, факультеттер, ғылыми
мектептерге, ғылыми-зерттеу институттарына өзгертулері.
Ғалымдар инновацияларды мағынасына, мазмұнына, нәтижелеріне қатысты үш категорияға
жіктеуді ұсынады:
-
мектеп жүйесіндегі инновациялар, Назарбаев Зияткерлік мектептері «Дарынды» балалар
мектептері, қазақ-түрік лицейлері және т.б.
-
тұтас педагогикалық үдерістің жұмыс жоспарлары, білім беру стандарты мен бағдарламалардың
мазмұны мен кұрылымына қатысты инновациялар;
-
оқыту құралдарымен, сандық интербелсенді мультимедиалық білім беру ресурстары,
инновациялық әмбебап интербелсенді «Виртуальды мектеп» кабинеті, интербелсенді тақта,
мультимедиалық проектор, компьютерлердің жаңа үлгілері планшеттер, виртуальды зертханалык
жұмыстар, электронды оқулықтар және т.б.[2,237]
Аналогия грек тілінен заттық, денелік немесе құбылыстарға қатысты ұқсастық бойынша
инновацияны келесідей үлгіде жіктеу жасалған:
-
әрекеттер мен идеялар дерлік толық жаңартылған;
-
белгі, таныс, көрініс толығымен дегендей өзгертілген идеялар мен ic- әрекеттер;
-
белгілі идея мен әрекеттер жаңа жағдайға сай басқаша түрде, түсінікте қолданылуы.
Тұтас педагогикалық үдерістегі педагогикалық инновацияларға байланысты жіктелуі:
-
білім беру мен тәрбиелеу мекемелерінің тұтастай ұйымдастыру жүйелілігі,
әрекеттер (мектеп - бала-бақша, мектеп - тұтас педагогикалық жиынтығы, мектеп жоғары оқу орны);
-
мұғалімдердің жұмыстарын ұйымдастыру: сабақ беру әдicтepi, әдістемелері, технология-
лары, өзара байланыстар, функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатымен сабақ, сабақтан тыс,
мектептен тыс жұмыстардың байланыстылығын сақтау, арттыру, түсіндірулер;
|