Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет402/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
333
жасауға, жалпы білім беретін мектептерде музыкалық білім берудің мазмұны мен үрдісі жөнінде 
әдістемелік тұрғыдан білімдерін меңгеруге бағытталады. Шығармашылық құзыреттілік музыкалық 
іс-әрекеттердің түрлерін басқару технологиясын игерту жолдары арқылы өнер ретіндегі тұтас 
музыка сабағын ұйымдастыру шеберлігін меңгеруге жағдай жасайды. Әлеуметтік құзыреттілік 
маманның жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығын білуге, ұлттық мәдени 
құндылықтарды түсініп қабылдауға, қазақ халқының және басқа ұлттар мәдениетіне құрметпен 
қарауға музыкалық мұраның адам өміріндегі орнын түсінуге мүмкіндік тудырады. Пәннің танымдық 
құзыреттілігі мақсатқа негізделген бағыт-бағдарға қарай талпынуға, білімі мен орындаушылық 
дағдысына қажетті әдіс-тәсілдерді таңдап талдауға, маманның музыкатанушылық сапаларының 
қалыптасуына, эмоциялық-сезімдік, ерік даярлығын дамытуға мүмкіндік береді. Орындаушылық 
шеберлік құзыреттілігі: өнер түрі - музыка сабағы мен сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктерін 
білуге, меңгерген білімдері негізінде музыка сабағының іс-әрекеттерінің түрлерін үлгілеу және 
аудитория алдында музыка сабағын өткізу, демонстрациялауға, әртүрлі мәселелерді әдістемелік 
тұрғыдан шешуде түрлі көзқарастарды аша білуге, сабақты жоспарлаудың нұсқаларын талқылауға, 
түрлі тақырыптағы педагогикалық мәселелер дискуссияларына қатысуға бағыттайды.
Демек, бұл пәннің мақсат-міндеттеріне сәйкес болашақ маманның жалпы білім беретін мектептегі 
музыка пәніне қатысты мәселелерді меңгеруге жағдай тудыруға бағытталады. Болашақ маманның 
кәсіби құзыреттілігі жеке ән салу, музыкалық аспаптарды шебер меңгеру, ойнау, қарым-қатынас 
жасай алу және т.с.с. қабілеттерінен тұратын кәсіби шеберліктермен байланысты. Олай болса, 
жоғары оқу орнында дәрістік пәндермен қатар жүретін «жеке ән салу», «музыкалық аспап»сияқты 
орындаушылық пәндерінде меңгеруге тиісті құзыреттіліктерге тоқталып өтелік. 
Мұғалімнің жеке ән салу құзыреттілігі. Музыка мұғалімінің сабақтағы әрекетінің бірі - 
балалардың музыканы тыңдап одан әрі жаттап алуы үшін сол шығарманы өз орындауында, жеке 
әншілік әрекетімен жеткізгені жөн. Бұл сүйемелдеумен баланы жеке орындалатын классикалық, 
халықтық, шығармалар болуы мүмкін. Осы кезде мұғалім өзіне сезімділігін, шеберлігін жеке 
орындаудағы бейімділігі мен дағдысын көрсете білу керек. Сол орындап отырған туындының 
стилін, дәуірлік ерекшелігін, композитордың өзіндік стилін бәрін сақтай отырып жеткізсе бұл 
мұғалімнің білімдігі мен қатар тәжірибесі мол шеберлігін де танытады. Осы тұста жоғары оқу 
орнында оқытылатын «вокал» пәнінің алға тартатын құзыреттілігіне назар аударайық. Пән 
бойынша меңгерілетін құзыреттіліктер: денсаулық сақтау құзыреттілігі: мектеп оқушыларының 
дыбыс шығаратын мүшелерінің қызметін білу; дауыс аппаратының жұмысын білу, оның қызметін 
қадағалау; дауыс шығарудағы көңіл-күйге байланысты оларда болатын өзгерістерді сезіну; 
дауыс гигиенасын сақтау. Коммуникативтік-тілдік құзыреттілікке: ана тілінің орфоэпиялық 
ерекшеліктерін білу және оны шығарманы орындау барысында қолдана алу; сөзді анық, таза және 
дұрыс айтудың айырмашылығын білу;басқа тілдегі әндерді орындау барысында оларды таза, 
нақты айтуға дағдыландыру, орфоэпиялық заңдылықтарын білу; әннің мазмұнын жеткізу үшін, 
әнді орындау барысында оның буындарға дұрыс бөлінуін қадағалауға дағдыландыру; «вокалдық» 
сөз бен ауызекі айтылатын сөздің айырмашылығын анықтауға үйрету. Танымдық құзыреттілік: 
орындалатын шығарма туралы мәліметтер жинау; шығарманы орындауға қажетті сольфеджионы 
меңгеруге талаптану; шығарманың мәнін түсінуге талаптану; авторлар көрсеткен белгілерді білу 
және оны орындау барысында қолдана алу. Шығармашылық құзыреттілік: әннің сөзін талдап,оның 
мәнін жеткізу үшін қажетті акценттерді бөліп алу; әуеннің жүру бағытын, эмоциялық құндылығын 
анықтай алу; сөз бен сөздің бірлігі; шығарманың мазмұнын аша білу үшін , өз даусын меңгере алуға 
баулу. Әлеуметтік құзыреттілік: жеке ерекшеліктерін білу; өз мүмкіндігін анықтай алу; әртүрлі 
әлеуметтік ортада қызмет істей алу; Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарын бағалай 
білу. 
Музыкалық аспапта ойнау құзыреттілігі. Музыка сабағында мұғалім музыкалық 
орындаушылықтың әртүрлі аспапты меңгерген орындаушы ретінде көрінеді. Аспаптық 
орындаушылық түрлері шығарманы жеке орындау; оқушыларды музыкалық аспаппен 
сүйемелдеу, басқалармен бірге ансамбльде ойнау болса, «жеке аспап» пәні бойынша меңгерілетін 
құзыреттіліктерге тоқталып өтелік. Кәсіби музыкалық (орындаушылық) құзыреттілігі: музыканың 
теориялық негіздемесін меңгеруге;музыкалық нота сауаттылығын меңгеруге; орындаушылық 
машығын дамытуға; музыкалық аспаптың тембрлік ерекшелігін талдай білуге; музыкалық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет