Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет401/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
332
жасалған
бұл құжатта 
білім мазмұнын меңгеруге бағытталған құзыреттіліктер жиынтығын игеруі 
мақсат етілген. Олар: жүйелілік құзыреттілік, пәндік құзыреттіліктер, музыка мұғалімі мамандығына 
жеке-құндылық қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік жасауға бағытталған кәсіби музыкалық 
құзыреттілік, музыкалық іс-әрекеттерінің түрлерін басқару технологиясын игерту жолдары арқылы 
өнер ретіндегі тұтас музыка сабағын ұйымдастыру шеберлігін меңгеруге мүмкіндік беретін 
шығармашылық құзыреттілік, музыкалық мұраның адам өміріндегі орнын түсінуіне мүмкіндік 
беретін әлеуметтік құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-
қатынастық, коммуникативтік құзыреттіліктер.
«Құзыреттілік» ұғымы дәстүрлі педагогикалық зерттеулерде кәсіби құзыреттілік немесе маман 
құзырлылығы ұғымдарымен қатар қолданып келді. Ал қазіргі зерттеу жұмыстарында «құзыреттілік» 
тек маман біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік 
мәселені шешу, коммуникативтік құзыреттіліктері зерттеу пәніне айналуда. «Құзыреттілік»
ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін жетік білуге катысты ғана 
емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде білім алушыларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып 
табылады [2]. 
Біздің ретте, музыка мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі оның педагогикалық іс-әрекетінің
педагогикалық қарым-қатынасының қалыптасуы және педагогикалық сана-сезім, мұрат, 
құндылықтар идеясын қолданушы мұғалім тұлғасын анықтайтын білім, білік және дағдының 
қажетті жиынтығын игеруі ретінде түсіндіре аламыз.
Жоғары оқу орнындағы қандайда бір курсты меңгерген кезде игерілетін құзыреттіліктерге жалпы 
құзыреттіліктер (құралдық, тұлғааралық, жүйелілік құзыреттіліктер) мен пәндік құзыреттіліктерді 
жатқызуға болады. Ал енді болашақ мамандарды даярлауда барлық оқу пәндерінің құзыреттілігін 
қамтитын, мектептегі музыка сабағына даярлауда бірден-бір нақты бағыт алатын міндетті 
компонент ішіндегі «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» курсының қалыптастыратын құзыреттілігіне
тоқталып өтелік. Курстың мақсаты мен міндеттері:болашақ музыка мұғалімін жалпы білім беретін 
мектепте оқушылармен кәсіби-педагогикалық жұмысқа даярлау; жалпы білім беретін мектептегі 
бастауыш және орта сыныптарда музыкалық жұмыс әдістемесін меңгеруге мүмкіндік жасау; 
музыкалық жұмыс әдістемесі бойынша жеке тәжірибесін жинақтауда шығармашылық ізденістерге 
ынталандыру; түрлі музыкалық іс-әрекеттерде мұғалімнің жеке тұлғалық кәсіби-педагогикалық 
сапаларын қамтамасыз ету. 
«Музыка пәнін оқыту әдістемесі» курсы бойынша жалпы құзыреттіліктің құрамдас бөлігі 
құралдық құзыреттілік мынадай бағыттарды қамтиды:пәннің мақсатын, міндеттерін білу; 
шығармашылық үдерісті басқару қабілеттілігі мен оқыту стратегиясын білу, талдау және талдай 
білу; өзінің жеке кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында ақпараттық технология және ресурстар 
саласындағы жаңа білімді игере алу; техникалық оқыту құралдарын пайдалана білу, өзіндік жұмысқа 
бағытталған әдіснамалық нұсқаулықты қолдану; мәдениет пен өнердің қазіргі даму барысы жөнінде 
түсінігінің қалыптасуы; кітапхана қорын және оқу әдістемелік әдебиеттерді пайдалана білу, кәсіби 
қызметінің түрлері; шығармашылық ұйымдастырушылық, білімдік-педагогикалық; білім, білік 
және дағдыларды кәсіби қызмет аясында қолдана алу. Тұлғааралық құзыреттілік:Тұлғааралық 
қатынас дағдылары, басқа пән мамандарымен пәнаралық қарым – қатынас орнату, сын және 
өзара сынға бейімділігі көрсетілген салалар бойынша Қазақстан қоғамдастығының мәдени 
ерекшеліктерін білу: өмір сүру жағдайлары, тұлғааралық қарым-қатынас, құндылықтар мен 
нанымдар жүйесі, этикет ережесі; шығармашылық және педагогикалық ұжымда жұмыс істей алу; 
өз ойын жеткізе білу дағдысы, өз ойын әлемдік және ұлттық құндылықтарға негіздеп жеткізу, 
этикалық құндылықтарға дұрыс қатынас орнатуы, өзін-өзі кәсіби бағалай білуге, сынауға және 
өзін сынауға, осыған байланысты міндеттерді шешуге өз көзқарасын білдіре алуға қабілеттілік; 
қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін тілдік және мәдениеттанушылық білімді бейімдей және 
құзіреттілікпен қолдана алу. Жүйелілік құзыреттілік: оқу материалының мазмұнымен жұмыс істей 
алу және пән мазмұнының негізгі бағыттылығын аңғара білу; пән бойынша мақсатты қоя білу және 
жұмысты жоспарлай білу.
«Музыка пәнін оқыту әдістемесі» курсыбойынша меңгерілетін пәндік құзыреттіліктердің 
ішіндегі кәсіби музыкалық құзыреттілігі музыка пәнінің мазмұны мен мәнін айқындауға, музыка 
мұғалімі мамандығына студенттердің жеке-құндылық қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет