Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет531/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
442
- топтың және клиенттің белгілі бір қойылыммен немесе ертегі мәтінімен сөзбе-сөз таныс болуы;
- жете түсіндірді қажет етпейтін, ғасырлар бойы айтылып келе жатқан қойылымдар;
- динамикалылығы;
- алуан түрлілік, қажетті тақырыпты таңдап алуға мүмкіндіктің болуы;
- ұлттық ерекшелік пен ұлттық мінез-құлыққа сәйкестік;
Ертегі мәтінімен танысуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Топтың немесе жеке клиенттің ертегі мәтінімен танысуы әртүрлі жолмен жүзеге асуы мүмкін. 
Ескеретін жағдай, жалпы ең бастысы – ғажайып атмосфераны бұзып алмау.
1. Психолог әрбір топ мүшелеріне ертегінің көшірмесін таратып береді. Олар ертегіні сабақтың 
басталуына дейін оқып шығады. Шындығын айтатын болсақ, бұл тәсіл сабаққа деген топ 
мүшелерінің қызығушылығын төмендететіні анық. 
2. Психолог ертегіні нақышына келтіріп, дауыстап оқиды. Талқылауға арнап арасында үзіліс 
жасап отырады. Топ мүшелері ертегінің соңын немен аяқталатынын өздері талқылап, табулары үшін 
кей кездері ертегі соңына дейін оқылмайды. Негізінен ертегіні оқығаннан айтып берген тиімдірек 
болады. 
3. Ертегі қойылымға қатысушы топ мүшелерінің көмегімен бөлімдерге бөлініп оқылады. Бұл 
ертегінің бөлімдері бойынша анық түсінікті болып ашылуы үшін. 
4. Келесі бір түрі, ертегі рольдер бойынша оқылады. Автордың мәтіні міндетті түрде оқылады.
5. Ертегі спектакль болып қойылады. Психолог рольдер бойынша топ мүшелерін бөледі, яғни 
қатысуға тілек білдірушілерді шақырады, жреби тастайды. Психолог ойналатын ситуацияны 
суреттейді және әрбір қатысушының монолог құруын сұрайды. Сонымен қатар ертегіге 
қатысушыларға жансыз заттардың да ролі беріледі (қамалдың есігі, ағаштар, қала қақпалары). 
Мұндай рольдер сөзбен немесе сөзсіз ойналады. 
Ертегі терапиясында терапия имиджі деп аталатын арнайы бағыт бар. Терапияның ғажайып 
имиджін құрушы Петербургтік ертегіші және сиқыршы А.В.Гниздилов. Осы жаңа имидж арқылы 
символикалық түрде жаңадан өткен шағын, қазіргі уақытын және болашағын алып отырады. 
Өйткені біздің әрбіріміз өмірде көптеген рольдерді ойнаймыз. Бірақта біз әбден бір рольге үйреніп 
алатынымыз соншалық, сол рольдің құлына айналып кететін кездер де болады. Психологтар 
мұндай көріністі “Бейнеге сәйкестену” деп атайды [9,83].
Адам ғажайып өмірді басынан өткере отырып қосымша күштерді меңгереді. Ғажайып ертегі 
бейнесінде ол өмірде өзіне жетіспейтін күштерді сезінеді және өз бойындағы күштерді анықтайды. 
Психолог ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі қажет. Ондай 
болмаған жағдайда, балық идея бұрмаланып кетуі мүмкін. Психотерапиялық ертегілерді айтып 
беру, бұл, клиент пен терапевт арасындағы “арақашықтықты” жақындатады.Осыған орай ертегі 
терапиясын жүргізуші терапевттен ашық-жарқындылық пен шынайы келбет танытуы талап етіледі.
Ертегі терапиясының құрамды бөліктерінің біріне – ойын арқылытерапия жүргізу жатады. 
Осыған жете тоқталып кетер болсақ, көптеген ғасырлар бойы әдебиеттанушылар, фольклоршылар, 
психологтар және педагогтар ойынның ұлы құпиялы жақтарын ашып-білуге ұмтылуда. Солардың 
еңбектері мен зерттеу жұмыстарының арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымы ойынды баланың әмбебап 
және ажырамас бөлігі мен меншігі деп жариялады.
Ойын халықтық педагогиканың басты ережелерінің бірі болып табылады. Ол баланы болашақ 
өмірге дайындаудың негізгі әдіс-тәсілдерінің бірі болып табылады. Ойын баланың рухани жан 
дүниесін байытады және өмірдің құндылығын түсіндіреді. Өмірде жасалып отыратын әртүрлі іс-
әрекеттерге көзқарасын қалыптастырады.
Ойын терапиясы - бала мен ересек адам арасындағы біріккен іс-әрекет түрі болып табылады. 
Осы іс-әрекеттер арқылы адамның ішкі “Мені” құрылып, нығаяды. Сонымен қатар, адамның қазіргі 
өмір сүріп отырған уақыты мен болашақ өмірінің моделі құрылады. Бұл ойында берілген өмірдің 
маңызды бір жағдайын ойнап, бастан кешірумен тығыз байланысты болады. 
Өнер арқылы терапия жүргізудің көмегімен – жасөспірімді мазалайтын өзекті мәселелер 
айқындалады, эмоционалдық қысым төмендейді, агрессия, негативизм, демонстрация түрінде 
көрінетін психологиялық қорғаныс механизмдеріне коррекция жүргізіледі, әлеуметтік барьер, теріс 
әсерлі бағдарлардан арылтады. Сонымен қатар шығармашылық - өзара әрекеттке түсудің тиімді 
жақтарын қалыптастырады. Атап айтсақ, өзара келісе алушылық, өзгеге жол беру, жалпы іске өз 
үлесін қоса білу, өз беделін бағдарлай алу секілді жекелік құндылықтар коррекцияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет