Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет528/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
439
оқудағы жетістіктерге жетпеуіне байланысты төмен болады. Бұл жағдайда бала өзін-өзі көрсетуге 
қысылады. 
Бұл мәселені толық түсіну үшін балада орын алған акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу 
қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бұл мәселені 
зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификациялардың бірі
А.Е.
Личко акцентуацияның 
түрлері мен олардың сипаттамасын ұсынған
[3,98].
Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты 
едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір 
болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – 
олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, 
әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, 
баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып 
отырады. 
Арттерапияның психотерапиялық сеансында адам қандай жаста болмасын, iшкi жан-дүниесiндегi 
жағдайларды проекциялайды және рольдiк ойындарда немесе творчестволық формада өзiнiң жеке 
өзiндiк тәжiрибесiнiң көрiнiсiн көрсетедi. Ол өз тәжiрибелерiн жүзеге асырып отыруға ауысады, 
сонымен қатар жасап шығарушы да бұзушы да өзi болатын ситуациялық проблемаларды, яғни 
өзiне еш зияны жоқ әрi қызықты iс-әрекеттердi елестетедi. Олардың қиялы аффектiнiң разрядты 
механизмi ретiнде көрiнiс бередi, соған сәйкес сезiмдерi қимыл-қозғалыстарынан көрiнiп отырады.
Жоғарыда айтып кеткендей арт-терапияны жүргізу барысында суреттiң берер көмегi өте зор. 
Суреттiң алдына қойған мақсаты –жеке тұлғаға өзiн тани бiлуiне көмектесу және бұл өмiрде өзiнiң бiр 
жеке тiршiлiк иесi екендiгiне көзiн жеткiзу. Суреттердi әртүрлi мақсаттарда және әртүрлi әдiстерде, 
сонымен қатар әр жағдайдағы психотерапиялық коррекциялауда қолданады. Суреттiң өзiндiк актi 
–жеке тұлғаның анық көрiнiсi, ол адамның қорқыныш сезiмдерiн, конфликтiлi жағдайларын, арман 
– тiлектерiн санасыз бейнелейтiн алғашқы бастама болып табылады [4,18].
Суретпен терапия жүргiзу бiрнеше кезеңнен түрады :
Арттерапияға қатысушы клиенттің берiлген тапсырмаға деген қарым-қатынасы анықталады
оның терапияға деген қатынасының өзгеруiнiң анализiнен суретке деген мотивациясы көрiнедi.
Жеке тұлғаның өзiн суретте сипаттап беру ұсынылады, клиенттің кейiнгi өзiн-өзi толықтай ашып 
беруi, оның картинадағы әрбiр бөлiмiне сипаттама беруiне тiкелей байланысты болады, “Мен” 
деген сөздi қолдану арқылы, клиент картинаның атынан бастап, суреттiң шығу тарихын айтып беруi 
тапсырылады. Мысалы: “Мен – картина. Менде әртүрлi сызықтар бар. Олар менi қиып өтедi… 
” ,терапевт суреттiң бiрнеше бөлiмдерiн бөлiп қарайды, себебi клиент соларға қарап олармен 
байланысуы керек. Мысалы: “Аппақ бұлт болып өзiңдi елестетшi және де өзiңдi сол ақ бұлт арқылы 
сипаттауға тырыс. Сен неге ұқсайсың? өзiңдi қазiр қалай сезiнiп тұрсың?”, егер де қажет болып 
жатса, клиентке арнайы сұрақтар қойылады. Ол клиенттің ұқсастыру, теңестiру процесстерiне 
толығымен қосыла алуына көмек бередi.Клиентің зейiнiн фокустеу жолы келесi объектiлердiң 
белгiлi бiр жақтарын сызып көрсетумен жүзеге асады. Клиенттің қызығушылығының көрсетiлген 
жағдайларға жоғарылауы және мүлдем болмауы, психотерапевттiң сипатталған ситуацияларға 
деген субъективтi қатынасын дәлелдеген болып табылады.Мысалы, ертегiлер әлемiн салған 
клиент, сол жердiң тартымдылығын ашқысы келедi, бiз оған оның өз өмiрiнде бұл ертегi әлемiндегi 
қызығушылықтардан алған қанағаттану сезiмi болмағандығын айтамыз. Бiрақта бiз алғашқыда 
клиентте жеңiлдiк сезiмiн және жайлылық сезiмiн туындататын жұмыстармен айналысамыз.
Содан кейiн күрделiлеу тақырыптарға ауысамыз. Мысалы, бiз клиенттен бiр жағынан уайым-қайғы 
сезiмдерiн, ал екiншi жағынан қуаныш, бақыт сезiмдерiн суреттеп берулерiн сұраймыз. Кейбiр 
клиенттер бiрiншi жинақталып қалған негативтi әсерлерден пайда болған эмоцияларды, ашу-
ызаларды бiрден ашып шығаруға деген қажеттiлiктерi көрiнiп тұрады. Кейiннен барып, олар 
өздерінің позитивтi әсерден алған сезiмдерiн бейнелей бастайды. 
Суреттiң мәнi мен стилi көбiнесе дамудың деңгейi мен көру арқылы қабылдаудың 
адекваттылығымен қабылданады. Көру арқылы қабылдау, ол клиенттің әлемдi танып бiлуiне өз 
үлесiн қосатын ең бiр қажеттi каналдардың бiрi болып табылады. Бiз есейген кезiмiзде, өзiмiзге, 
сыртқы ортаға өзге адамдардың көздерiмен қарауға тырысамыз. 
Осы себептен, ересек кейбiр адамдар өз балаларын да осындай қабылдауларға итермелеп 
отырады. өзiмiздi қоршаған ортаны көре және тани бiлу қабiлеттiлiгiмiз, өзгелермен контактiге түсуi 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет