Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет529/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
440
қажеттiлiгiмiздi кеңейтедi екен. Қоршаған ортаны қабылдау арқылы бiз өзiмiз туралы бiлiмiмiздi 
кеңейтемiз және де сыртқы ортаның элементтерiнiң бiздiң iшкi жан-дүниемiзге ұқсастықтарын 
көре бiлетiн боламыз. Бiрақ, бiздiң қабылдауымыз бар заттарды көруiмiз бен олардың мәндерiн 
түсiнуiмiзден қалыптасып, дамып отырады. Осыған сәйкес бiз өз қабылдауларымызды алғаш қате 
алған сезiмдерiмiздiң нәтижесiнен бұзып отырады екенбiз.
Фредерик Фрэнк бiз әлемдi көрiп, танып бiлуiмiз үшiн өте көп қосымша мәлiметтерге иемiз 
деп жазады. Бiз көру арқылы қабылдауымыз күннен-күнге дами түсуде, бiрақ бiз сонда да күннен-
күнге аз көрудемiз. Бiз көрген нәрселерiмiз үшiн – объектi ролiндемiз, бiрақ субъект ролiнде болып 
шыға келемiз. Бiз көрген нәрселерiмiздiң бәрiне де “Тез жарлық” құрып қоямыз. Осы жарлықтар 
бойынша бiз бәрiн бiлiп тұрамыз, бiрақ шындықты ашып көре алмаймыз. 
Сонымен қатар мұндай клиенттер өз проблемаларында ата-аналарын немесе қоршаған ортаны 
кiнәлаудан бас тартады. Олар өз проблемаларында өздерiн кiнәлап, өздерiнiң бiр нәрсенi дұрыс 
iстей алмайтындықтарын айтады. Олар iштей өздерi жасап алған әлемге енiп кетедi, әрi өте аз 
сөйлеулерi де мүмкiн. Кейде мүлдем сөйлемейтiнде болып қалады. өзiн-өзi бағалауы өте төмен 
адамдар көбiне өздеріне сенімсіз болып қалады, белгiсiз бiр сәттердегi жағдайларда өзiнен өзi 
шошынып қала бередi. Мұндай адамдар астма, аллергия, бас ауруы, iшкi құрылыстарының ауруы, 
энурез ауруларының белгiлерi көрiне бастайды. 
Кей уақыттары адамдар өз өмiрiнде өзiнiң ойына сай емес идеяларымен өмiр сүрiп те жатады. 
Ол әрқашанда өзi туралы не естiсе, соған бейiмделе салады. Терапевттiң мақсат-мiндетi клиентке 
шындық пен жабысқақ мiнездегi әсерлердiң айырмасын ашып көрсету болып саналады. Сондықтан 
клиентпен жұмыс жүргiзгенде олардың ересектену процесiнде бекерге жұмсаған ерік, күш-
жігерлерін анықтап, оларды қайта қалпына келтiруге көмектесу. 
Терапиялық процесс сенсориканың дамуын коммуникативтi функцияларды, жекелiк 
интеграцияларды орнына келтiруiн мiндеттейдi. 
“Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын 
тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоцио-
нальды халiне творчество арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi [5,45].
Арттерапияны жүргізу барысында клиенттерге бейнелеу өнерi мен шығармашылық сипатынан 
әр түрлi жұмыстар (сурет, графика, кескiндеме, сәулет өнерi, мүсiн, дизаин, әрлендiру, пластика, 
ойма, күйдiрме, бедер салу, батин, гоболен, әшекей т.б.) ұсынылады. Бұлар бiрiншi жағынан 
психотерапевтпен қарым-қатынас жасау белсендiлiгiн және топта өзiнiң уайым-қайғысын толық әрi 
нақты бейнелеуiн, проблема, iшкi қайшылықтарын шығаруын көрсетедi. Ал, екiншi жағынан, өзiн 
творчестволық адам ретiнде бейнелейдi. Дәл қазiргi уақытта арттерапияға – видео-арт, инсталяция, 
перформанс, компьютерлiк творчество деген творчествоның түрлерi қосылған. Мұндағы қарым-
қатынаста визуальды канал негiзгi роль атқарады.
Арттерапия жүргiзген кезде, терапевттiң әрқашандағы мiндетi –клиентке өздерiн сенiмдiрек 
сезiнуге, қоршаған ортаны шындықтағы өз тұрғысынан көруiне көмектесу. Адам бұл қоршаған 
ортада қалай өмiр сүру қажет жолдарын таңдап алу мүмкiндiктерiнiң бар екенiн көрсете бiлу және 
ол таңдауларына сай жауап беретiндiктерiн де түсiндiрiп отыруы қажет. 
Жалпы алғанда, арттерапияның алдына қойған мақсаты бiреу ғана, ол –жеке тұлғаның 
гармониялық дамуы, әлеуметке бейімделуінің кеңеюiне мүмкiндiктерiн жоғарылату. Яғни, бұның 
барлығын творчестволық іс-әрекет арқылы жүзеге асыру болып табылады. Арттерапияның әрбiр 
нұсқаулары жеке тұлғаның өз шынайы келбетiн ашып көре алуына, өзiн тани бiлуiне, iшкi “Менiн” 
айқын көруiне мүмкiндiктер бередi. Сонымен қатар, олар өзiнiң жекелiк дамуында жоғарғы 
жетістікке жетуiне жол табады [6,17].
Арттерапияның төмендегідей функциялары келесі нәтижелерге қол жеткiзедi:
1Арттерапияның катарсистi функциясы (негативтi әсер етуші хал-жағдайлардан босату және 
тазартушы ).
2. Арттерапияның реттеуші функциясы (жүйке жүйесін босаңсыту және жеңілдету, психикалық 
қысымдарды төмендету, психосоматикалық процестердi реттеу, позитивтi хал-ахуалдарды 
модельдеуге көмек көрсетедi).
3. Арттерапияның коммуникативтi - рефлекстi функциясы (қарым-қатынасқа түсудiң бұзылысын 
коррекциялау, өзiн-өзi бағалауын қалыпқа келтiру ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет