Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет583/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
486
Бейнелеу өнерінде әрбір көркемдік шығарма бейнелеуші мен айқындаушының кеңістік пен уақытты 
бейнелеу ерекшеліктерінде. Суретшілердің кеңістік пен уақытты бейнелеген композицияларының 
әдісі мен жазу бағытын өнертанушылар талдаса, ал философтар мен мәдениеттанушылар көркем 
туындының мазмұнын және кеңістік пен уақыттың аумақтық шеңберінің жасалу формасын іздейді. 
Мұңдай кезеңдерде жұмыстың мазмұнын айқындауда кеңістік пен уақыт шешуші роль атқарады.
Бейнелеу өнеріндегі салынған шығармалардың көркемдік бейнесін талдау, ұғыну, түйсіну 
барысын талдағанда табиғи кеңістік пен тарихи уақыттың әсері бар екендігін байқауымызға болады.
«Жануарлар, адамдар әуел бастан төрт өлшемді заттық дүниеде өмір сүреді. Ол – үш өлшемді 
кеңістік және уақыт (қозғалыс), - дейді психолог А.Н.Леонтьев, - адам үшін бесінші өлшем 
бар, мағыналық өріспен, мәңгілік жүйемен байланысты» [5]. Негізінен алғанда бейнелеу өнері 
шығармаларында образдың жасалуы мен қабылдануы тарихи уақытпен тығыз байланысты. Жеке 
адамның образды жасауы мен қабылдауы рухани болмысы, жеке дарындылығы мен табиғи фактор-
лар өлшемімен байланысты. Сонымен бірге, ішкі және сыртқы факторлардың да әсері бар. 1970-80 
жылдардағы Қазақ бейнелеу өнер шығармаларын өнертанушы ғалымдардың назарын өзіне аударт-
ты. Олар тек тақырыбы мен оқиғасы ғана қызықтырып келді.
Қазіргі кездегі танымал италиялық өнер сыншыларының бірі А.Б.Олива: «..Аяқталмаған өнер 
шығармасы өз ауқымында тұйықталғанмен, уақыт аралығында ашық қалады», - деген пікір 
айтады [6]. «Уақыт дегеніміз бұл жерде – тарихи-әлеументтік кезең, ол көркемөнерде қоғамның, 
жеке адамның сұраныс ерекшеліктерін айқындайды. Ал, кеңістік – белгілі-бір тарихи территори-
яда қалыптасқан өнердің көркемдік, стильдік сипатын анықтайтын мәдени эволюция. Уақыт пен 
кеңістік бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды», - деп қортындылайды философ Б.К.Байжігітов.
Осындай жалпылама мифтік шығаршашылық арқылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы 
суретшілерінің де шығармашылығынан көруімізге болады, А.Сыдыханов өзінің мифтік бейнелеу 
өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, 
оны бірте-бірте қошаған ортаны толықтыратын дүниеқұрылымдық ережелерге қарай түрлендіре 
алады. Дәуірдің астан-кеткенінен, стихияларынан, тарих дағдырынан өз тәртібін бейнелеп шығады. 
Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы өмірге тән таңба 
шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың шағылысы пайда болады. Шарттылық, 
түстілік-фактуралық ізденіс А.Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені 
бағындырады және оны өз заңдарына орай түрлендіреді.
Е.Түлебаев өзінің кеңістіктік түрлі шешімдерінің күрделілігіне қарамастан, осы жылдары 
тұрақты таңбалық қатарға, пропорциясы «алтын адам» деп аталатын сақ жауынгер – көсеміне 
сәйкес, адам пішінін еске түсіретін, ұзартылған тұлға бейнелеуге келді. Сыртқы көріністермен 
шырмалған, адамның ішкі өмірімен ұштасып жатқан нәзік метаморфозалар Е.Түлепбайдың 
жарық шашыратқыш, өмірлік күшке мол шығармаларынан орын алады. Осы суретшінің күшті 
жақтарының бірі бояудың алуан түрлері мен бейнелеу өнерінің сипаттарын мүмкіндігіне, негізгі 
мазмұнын жоғалтпай, әсерлендіргіш, сезімдік тұрғысына келтіруі еді. 
А.Ақанаевтің пластикалық және рухани кеңістікті бейнелейтін шығармалары мифте және дала 
аңыздарын еске түсіруге толы бола отырып, күн энергиясы мен даланың хош иістерін сездіріп 
отырады. Осы бір тұтас дүниетанымның әр қырларын Б.Мырзагалиева да көрсетуге тырысады. 
Мысалы, 1970 жылдардағы Ә.Қастеевтің кәсіби шығармашылық кезеңіндегі реалистік 
жұмыстарына үлкен қызығушылық тудырса, ал 1980 жылдардағы суретшілердің туыңдыларынан 
алғашқы ізденістерінен көруізге болады.
Осы 80 жылдар - пейзаждық кескіндеме кескіндемелі 
пластикалық және бейнелі-мазмұндық аспектілерге әсер еткен күрделі өзгерстерді басынан кешірді. 
Табиғат бейнелерінің экспрессивті асқынған және декоративті интерпретациясы пейзаж жанрының 
өзгеше мағыналық мазмұнына әкелген «жылымық» кезеңіндегі мәдениет парадигмаларының 
өзгерісін бейнеледі. Табиғат бейнелерінің интерпретациясы символикалық, метафоралық сипатқа 
ие болып, пішінді стилизациялау біртіндеп таңбалық, шартты пейзаждық кескіндемеге алып келеді.
Қазіргі кездегі бейнелеу өнері өзінің шығармашылық бастауларының кейбір тұстарын ұлттық 
өнер болмысының тарихынан алатындықтан, Қазақстан суретшілері шығармаларында ұлттық 
тақырыптар мен сюжеттер, пластика, колорит, кеңістіктік пен архитектоникалық шешім саналы-
бейсаналы формада жиі байқалып отыратынын ескерген жөн. 
Демек, рухани бастаулардың табиғатын ұғыну, көркем шығармашылықта ұжымдық бейсанадан 
пайда болатын ұқсастықтар мен бастапқы образдарға ұлттық көркемөнердің ең бастапқы бейнесі деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет