Түйін сөздер: Ибн Халдун, умран, умран дәрежелері (бәдәуи (далалық) және хазари (қалалық) умран),
мәдениет, өркениет, егемендік, саясат, ислам теологиясы.
Ибн Халдун қазіргі кезде бізді ең алдымен өркениет ұғымын, оның қалыптасу процесі мен даму
барысын қалай берді көзқарасы тұрғысынан қызықтырады. Бұл жағдайда оның көзқарстарын жалпы
өркениет зерттеулері тұрғысынан анықтауға әрекет етуіміз табиғи көрінеді. Бұл оңай емес, өйткені
оның заманында мұндай дәстүрдің қалыптаспағанын білеміз. Ибн Халдун өркенитет тақырыбына
қоғамға талдау жасау арқылы келеді, яғни оның тарихына, ғылымына, саяси тарихына, рухани
жағдайларына жіті мән береді. ХХ ғ. өркениет тақырыбына қатысты концепцияларды бағалау
тәсілі тұрғысынан келер болсақ, Ибн Халдунды өркениетті қоғамдық құбылыс ретінде қарастырған
ойшыл деп айтуға әбден болады. ХІХ-ХХ ғғ. Г.Бокль, Уэвелл сынды батыс ойшылдарының бір
жарым ғасыр ішінде тарихи-ғылыми білім дамуын талдауда өз шығармашылықтарында қандай
принцитерге барғанынан қоғам тарихына қаншалықты бой ұрғандарынан көруге болады. Қазіргі
таңда ғылым қоғамдық дамудың маңызды факторларының біріне айналды. Ол тек қоғамның рухани
мәдениетінің элементі ғана емес, материалдық өндірістің де элементіне айналды [1, 216]. Бұл
тұрғыда Ибн Халдун жаратушысы бар дегенге келетін «умран» ілімін тақырып етіп ұсынады, бұл
терминге жаңа мағына бітіріп, техникалық жағынан күшейтеді. Осылайша, әсіресе, мұсылмандық
әдебиетте «умран» дегенде адамның қоғамдағы рухани де материалдық өмірімен байланысты,
онымен ажырамайтын пікір орнықты. Адамның қоғамға бірігуі және өмір сүруі нәтижесінен келіп
шыққан кейбір негізгі оқиғалар, құрылымдар осы ұғымға кіреді. ХХ ғ. басында түрік ғалымы
З.Гөкалп «умран» ұғымына сәйкес келетін «харс» және «мәдениет» сөздерін қолданды [2]. Мұнда
«харс» сөзі қазақ тіліндегі мәдениет сөзіне, ал «мәдениет» сөзі өркениет сөзіне сәйкес келді. Ибн
Халдунның «Мұқаддима» еңбегіне сипаттама берген тағы бір түрік ойшылы А.Арслан кітаптың
алғашқы бөлімдерінде басты қоғамдық жағдайлар, мәселелер мен жауапкершіліктер турасында
жеке пікірлер білдірілгеніне назар аударады: «Мысалы, бірінші бөлімде меншік, мемлекет, кәсіп,
жалақы, өнер түрлері, ғылымдар мен олардың себептері қарастырылған. Тағы бір жерде Ибн Халдун
«дала мен қала өмірі» (ал-бадауи уал-хазар) тақырыбын сөз етерде «умран» табиғатын, оның қала
және далалық аймақтары, егемендік, табыс табу, өмірлік қажеттіліктер, өнер түрлері, ғылымдар, т.б.
және олардың болу себептер төңірегінде сөз қозғайды» [3, 85-97].
Ибн Халдун осы тақырыптардың барлығын есепке алып қарастырады. Қазіргі таңда бұл
мәселелер, яғни адамдардың өмір сүруі барысында туындаған түрлі жағдайлары, құрылымдары
қазіргі социология мен қоғамдық ғылымдардың назарындағы тақырыптар болып отыр. А.Арсланның
пайымынша, кез-келген діни және саяси оқиғалардың қоғамдық шарттарын беруде Ибн Халдунның
«көшбасшының» (дінде), «билеушінің» тұлғалық жағын мәнсіз еткендігін байқауға болады:
«Умранда келіп шығатын әрбір жағдайды ерекше қоғамдық аспектіде қарастырып түсіндіру үшін
|