ФИЛОСОФИЯ
ФИЛОСОФИЯ
ӘОЖ 347.782
Д.С. БОЛЫСБАЕВ
1
, Н.С. ФАЙЗИЕВ
2
, Ж. СЫНДАРОВА
3
филос.ғ. к, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ.
1
М. Әуезов атындағы ОҚМУ магистрі, Шымкент қ.
2
М. Әуезов атындағы ОҚМУ магистрі, Шымкент қ.
3
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ КӨРІНІСІ
«Болған талай қалалар да, халық та,
Уақыт көмді бәрін жердей табытқа.
Болған талай ауылыңыз, тайпаңыз,
Енді соның ізін тауып байқаңыз».
Жүсіп Баласағұн.
Мақалада кеңістік пен уақыттың бейнелеу өнеріндегі көрінісі қарастырылады. Қазақ дүниетанымындағы
кеңістік пен уақыттың үндестігі, оның ұлттық бейнелеу өнеріндегі көрініс формаларын ашып көрсетілген.
Ұлттық бейнелеу өнері шығармаларындағы кеңістік және уақыт мәселесінің талқылануы нақтылы
мысалдармен сипатталған.
Түйін сөздер: кеңістік, уақыт, бейнелеу өнер, жаратылыс, табиғат, мәдениет, ұмай, тәңір, қозғалыс,
форма.
Жалпы кеңістік пен уақаттың пайда болуы мен дамуы адамзат баласымен бірге жасап, өмір
сүруде. Адам өмірінің өзі кеңістік пен уақыттан тұрады емес пе. Негізінен уақыт пен кеңістік
философиялық категория. Олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы кез келген жүйенің
қозғалысынан көрініс табады.
Кеңістік пен уақыт жөніндегі ілім ертеде дамып, бұл философиялық категориялардың қалыптасу
тарихы өте күрделі кезеңдерден өтті. Ең алғашқы кеңістік пен уақыт жөніндегі ұғым еңбекте,
табиғат құбылыстарын тануда, өндіріс құралдарын жасауда жинақталған түсініктердің негізінде
қалыптасты. Кеңістік пен уақыт жөніндегі алғашқы пікірлер Ередегі Қытай, Үнді елдерінде
қалыптасты. Бұл ілімдер заттар мен дүниенің бірлігі және байланыстылығы және табиғат жүйесінің
қозғалысы мен қайшылықтары тұрғысынан түсіндірілді. Антика ғылымында аспан әлемінің кеңістік
пен уақыт формаларын зерттеудің нәтижесінде әлем құрылымының уақыт бойында мезгіл-мезгіл
өзгеріп отыратындығын айтады.
«Кеңістік заттардың бір уақытта қатар өмір сүру тәртібін білдірсе, уақыт сол тәрізді, дүниедегі
заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың бірінен соң бірінің өмір сүретін тәртібін білдіреді» - деп
тұжымдайды неміс философы Лейбниц.
Осы жерде Платон уақыт ұғымына былайша тұжырым жасайды. Алғашқысы мәңгі жасайды,
екіншісі уақытша пайда болып жоғалады. Уақытты талдауға байланысты Платон үш нәрсені
ажыратады, олар: 1. мәңгі жасайтын, тумаған және жасалмаған; 2. әрқашанда жасайтын нәрсе
(жасалған, бірақ өлетіні расталмаған); 3. уақытша жасайтын (пайда болатын және өлетін). Алғашқысы
– Жалғаз жаратушы; екіншісі - ғарыштың өзі; үшіншісі - өзгергіш, өткінші эмпирикалық құбылыс.
Ал, Аристотель ішінара Платон ізімен жүріп, өзінің «Физикасында» уақыт ұғымына кең талдау
жасайды. Ғарышты мәңгі деп есептегенмен, уақытты мәңгілікке жатқызбайды. «Уақыт дегеніміз -
әлдебір қозғалыс пен өзгеріс», деп тұжырымдайды. Аристотельдің пікірінше, қозғалыс уақытпен,
ал уақыт қозғалыспен өлшенеді.
Адамзат баласының өнері мен мәдениетінің тарихында уақыт туралы мифологиялық және
философиялық ұғымдар маңызды рөл атқарып келеді. Бұл ұғымдардың пайда болу себебінің өзі
|