№ 3 (106) 2015
507
Адамдардың рухани жетілуінде де дін мен философияны салыстырған әл-Фараби, философия
дәлелдеуді, дін сенуді қажет етеді, бірақ екеуі де адамдардың ақиқатқа жету жолына көмек
бере алады дейді. Философия мен дінді әсіресе этиканы жақсылық пен жамандықты ажыратуға
мүмкіндік беретін ғылым ретінде қараған ол, адам баласын жаратылыстың ең құндылығы,
сондықтан да адамдар арасындағы өзара құрмет пен мейірбандықты, сыйластықты жоғары қояды.
Көріп отырғанымыздай әл-Фарабиден алуға тиісті нәрсеміз - бұл даналық. Өмір сүрудің
даналығы, адам болудың даналығы, қоғамды үйлесімді құрудың амалы.
Әл-Фараби Стагирит сияқты игіліктің бірнеше үлгісін бөліп көрсетеді: басқа бір нәрсе үшін құрал
бола алатындар, құрал және мақсат бола алатындар. Әл-Фарабиде бақыт кемелге келумен телінеді,
әңгіме ең соңғы кемелділік. Міне сондықтан да бақыт - тек қана және соншама психологиялық
жағдай ғана емес, өз қалпындағы болмыстың онтологиялық сипаттамасы да [3,242]. Бір қарағанда
әл-Фараби Аристотельдің бақыт тәрізді бірінші дәрежелі игілік жөніндегі пайымдауларындағы
ойлау барысын қалпына келтірген сияқты көрінеді.
Ақыл оймен қалыптсқан таным-түсінік қана адамды жақсы өмірдің биігіне апарады. Өзінің
ақылды іс-әрекетімен бақытты салтанатты өмірге қол жеткізеді.Әл-Фарабиде «Ізгі қала тұрғындары»
еңбегінде бақытты өмірдің жайдан-жай қолға түспейтіні туралы айтады. Ол үшін адамға ақыл,
дұрыс таным, салауатты еңбек керектігін тұжырымдатады. Адам өзінің саналы іс-әрекетімен
айналасына сүйіспеншілік сезіммен танылуы тиіс, сонда ғана айналасынан танудың, яғни сені
танудың, өзіңді танытудың мәселесі туындайды да, соған лайықты іс-әрекеттер қалыптасады,
өзара түсінісу, өзара танымдық процестер ғана адамзаттық игіліктерге себеп болып, тіршіліктің
тынысын кеңейтіп, өмір сүрудегі бақыттың көкжиегін көңілден шығарады, дейді. Яғни барлық
таным үрдісі ең алдымен өзіңнен басталғанда өзгені, айналаңды, дүниені тануға мүмкіндіктер
туғызып, оған қол жеткізуге болатынын анықтайды.
Сөз жоқ мұндай таным-түсініктер адамдардың бір-бірін тануына, көмектесуіне, қамқорлығын
аямай қиыншылықтың үлгісін, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі деп
айтылады.
«Қайырымды қала» болмысы әл-Фараби бойынша адамдарды бақытты ететін басқару жүйесі.
Жүйе тетігі белгілі критерилерге сәйкес келетін дана басқарушы немесе имам. Бірақ, ондағы
бақыт интеллектуалды және этикалық игілік болып табылады. Әл-Фараби «қайырымды қаланың»
құрылымын толыққанды сау тәнмен үйлестіреді. Егер тәндегі барлық мүшелер бір-бірімен байла-
нысты болып, толыққанды өмір сүру үшін қажет болса, қала тұрғындары да бір-біріне көмектесу
арқылы жан сақтап өмір сүреді. Дене мүшелерінің табиғаты мен мүмкіндіктерінің айырмашылығы
болса, қала құрылымындағы адамдардың табиғаты мен мүмкідіктері жағынан да айырмашылықтары
бар. Тәнде ең басты мүше жүрек болса, қалада ол - басқарушы [4,423]. Сонымен Әл-Фараби
басқару жүйесіне органикалық ыңғай танытады екен. Мысалы «Қайырымды қала тұрғындары»
трактаты несімен құнды? Бұл трактатта адамзатқа, өзінің ұрпағына жастарға айтады: Әрбір адам
қайырымды болу керек дейді. Кез келген қоғамда, қайырымды адамдар көбейсе, қайырымды
қалалар пайда болады. Ол қалаларда, ойы екі жүзді әртүрлі пасық қалаларға қарсы тұрады дейді.
Яғни адам өзі жеке-жеке өмір сүрмейді, ол қауымдаса өмір сүреді, басқа адамдармен үнемі қарым-
қатынаста болады. Сондықтан да бір-бірімен адам болудың, рухани дамудың жолында болу үшін
өзара қатынас керек дейді.
Адамның белгілі бір мінез құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез-
құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе - әдет болады, ал әдет деп,
мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын. Жақсы мінез-құлықтың
өзі де әдет арқылы келетін болғандықтан, біз әдеттене келе біздің жақсы мінез-құлқымызды
тудыратын нәрселерді де әңгіме етуіміз керек.
Мысалы, көзсіз батырлық - ерлікке ұқсас, ысырапшылық - жомарттыққа ұқсас, әзілқойлық -
өткір тілділікке ұқсас, жарамсақтық - доскерлікке ұқсас, өзін-өзі кемсіту - кішіпейілділікке ұқсас,
көлгірсу - адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткерліктердің ішінде жаратылысымыз бойынша
өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан, біз бұлардан сақтануымыз керек. Мінез
құлыққа ие болғанға дейін адам белгілі бір әрекеттерге әдеттенсе, онда ол адамда нақ осындай
әрекеттер туып отыратын мінез-құлық жасалып шығады. Адамда белгілі бір мінез-құлықтың
қалыптасып шығуы үшін, оның тиісті әрекеттер жасауға әдеттенуі қажет [5,3-46]. Шамадан ауытқу
- не артық кету немесе кем түсу деген сөз. Жеген тамақтың шамадан не артық, не кем болуы
денсаулықты сақтамайды. Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ол шектен тыс артық немесе
|