Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
506
қуанышы деген не? Қалай бақытты болуға болады? Бақыт жайындағы толғаныс заманалар бойы
еш уақыт толастаған емес. Бұл туралы ойланбаған, жазбаған ойшылдар мен хакімдер кемде-кем.
Көпшіліктің ұйғарымында шынайы бақыт деген - өз арман тілектерінің ақиқат өмірде жүзеге
асуы.
Ал осы айтылған бақыт жөнінде бізден бұрынғы ғұламалар не деген ?
Ежелгі грек данышпаны Аристотельдің түсінігімен, бақыт деген - адамгершілігі мол адамдарда
өмір сүретін жан [1,74-82]. Рақымшылығы мол жан Аристотель заманында шынайы бақыт
қуанышының иелері саналғанға ұқсайды.
Бүгінгі таңда «Бақыт» сөзі қалай түсіндіріледі? Психология пәнінің көптеген оқулықтарында
«бақыт» термині өз өмірінен толық қанағаттанушылық сезімін сезінген адамның психологиялық
көңіл-күйі деп түсіндірілген.
Әрбір адамның бақытқа берер өз анықтамасы бар. Бақытқа бастар бағыттың әрқилы болуы
мүмкін, бірақ, негізінен көпшілік адам үшін бақыт деген бұл: Үйлесімділік, Отбасы, Махаббат, Өз-
өзін табу, Жетістік, Қаржылық кең мүмкіндік. Тіршіліктегі өмір тынысы - қашан да жақсылыққа
деген талап тілегінің көрінісі. Қазақ халқы да жақсы өмірді «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»
заманды аңсауымен дүниеге әл-Фарабиді, ибн-Синаны, Абайды, Шәкәрімді, т.б. ойшылдарды
тудырды. Олардың ілімдері тұрмыстағы тіршіліктің әлеуметтік жақтарына мән берілу керектігін
таныту мен оған жетудің жолдары туралы ой тұжырымдарын зерделетеді. Олар әлеуметтік, әл-
ауқатын жетілдіруге байланысты адамшылықтың биік көрінісі - парасаттылықты уағыз етеді.
Осыған орай, философиялық ойдың негізі жақсылық пен бақытты, жамандық пен зұлымдықты тану
қатынасындағы парасаттылық қатынастың үлгісін ашып айтады. «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын
ұлы мақсат» екендігін атап көрсеткен әл-Фараби бақытқа білім мен игілік нәтижесінде жетуге
болады, ал ондай мүмкіндік қайырымды қала тұрғындарында көбірек болатынын дәлелдейді.
«Бақытқа жету» еңбегінде ол «бақыт дегеніміз игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және
ең жетілгені» деп атап көрсетеді және әр адамның оған толық құқығы бар дейді. Алайда мұндай
игілікке қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкіндігі бар. Оның ойынша «қайырымды қала
бес түрлі «адамдар тобынан құралады:ең құрметті адамдардан, шешендерден , өлшеушілерден,
жауынгерлерден және байлардан. әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш
адамдарды, маңызды істерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге
- діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды сол сияқты шығармашылық
жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге - есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды,
математиканы оқытушыларды қосады. әл-Фараби бойынша байлар дегеніміз қалада байлық
табатындар егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептейді. Олар:
даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабілетінің жоғары болуы, денсаулығының мықты
болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін,
кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады.» Адамдардың
әлеуметтік теңсіздігі туралы айтқан әл-Фараби «адамдардың әуел бастан тоқымашы немесе хатшы
болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан
дарымайды» олар адамдардың бір-біріне деген үстемдік құруға ұмтылысынан пайда болған деген
ой түйеді.
Адамның шын бақытқа қол жеткізу тек осы дүниеде ғана мүмкін екендігіне назар аударған
әл-Фараби, адамдар өзін-өзі жетілдіруі және қиындықтан қашпауы тиіс дейді. Оның айтуынша,
адам өміріндегі «жақсылық» пен «жамандық» құдайдан емес, адамдардың күнделікті белсенді
әрекетіне ғана байланысты. Адамның табиғи қабілеті жақсы әдетті де, жаман әдетті де істеуге бірдей
мүмкіндік береді, ал оны таңдау адамның ізгілікті мінез-құлқына келіп тіреледі. Сондықтан да
адамның жақсы істерге үйір болуы, оның мінез-құлықтық жетілуіне де тәуелді.
Шығыстың бірінші ұтазы жазған еңбектерінде, оның білімнің әр түрлі салалары, логика,
философия, математика, музыка бойынша жазған көптеген трактаттарында біріңғай арқау бар,
бұлардың бәрі жоғары игілік - адам бақытына ұмтылушылықпен байланыстырылған.
Бақыт бірініші мәнге шығатын, өзіне барлық кемелденудің жемістерін сіңірген адамның
тағайындалуы, жақсылық, әділдік, еркіндік, ақиқат, даналық, әдемілік, мағына сияқты негізгі
категориялар арқылы анықталады [2,321].
Яғни, әл-Фарабиге сәйкес, бақыт - экзистенциал бола отырып, қуатты интеграциялау күшіне ие
болады.
|