Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
508
жеткіліксіз еңбек күші қайтарады, немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады. Нақ осы сияқты,
шамадан не о жағына, не бұ жағына ауытқыған әрекеттер жаман мінез-құлыққа ие болуға немесе
оның сақталып қалуына және жақсы мінез-құлықтардан айырылуға себепші болады.
Әл-Фараби сонымен бірге өз денесіне ләззат беретіндердің: мөлшерін білмейтін, әртүрлі көңіл
көтерулердің, жыныстық қатынастардың, ұждансыз ойын-сауықтардың тұтқынында болатын
ұждансыздық қалаларын да бөліп көрсетеді. Олар да ең лайықты ең бақытты және ризалыққа
бөленгендер өз қарамағында көңіл көтерулер үшін көбірек қаражаты және рахаттану сезімін беретін
көбірек заттары бар адамдар болып табылады [6,188].
Біз мұны ешбір қиындықсыз қазіргі заманғы өнегелерге әсіресе кездейсоқ келген ақшаларды
ойын үйлері мен түнгі клубтарда ар шашатын жаңа ұрпақ байларының өнегелеріне көшіре аламыз.
Бұл соңғы жүз жылдықтардың жаңалығы емес болып шығады. Әл Фараби заманында және
одан да ертеректе жүгенсіз құмарлық мен адамгершіліккке жатпайтын ләзаттану адамдар шейіт
болатын әдепсіздік пен жын ойнақтарға әкелді.
Әл Фараби ләззаттануға қарсы емес, ол бұл категорияны бақыттты түсіндіруге байланысты
қарастырады.
Бірақ та ізгіліктің не екендігін жанның тамаша қылықтар жасау және ақымақтық қылықтардан
қашқақтау қабілетін қалай анықтауға болады? Конфуцийдің өзінен басталған дәстүрге ілесе отырып,
Әл-Фараби орта немесе өлшем ұстанымын ұсынады. Ізгілік екі шеттің ортасында орналасады
дейді: жомарттық асқан ұқыптылық, сараңдық пен шектен шыққан ысырапшылықтың, жеткіліксіз
ұқыптылықтың, сатқындықтың қандай да бір ортасы [7,434-470]. Осы жерде Аристотельдің сөзі
есімізге түседі. Сократтың ешбір шаршамастан ақиқаттың, жақсылық пен сұлулықтың мәнін
іздестіре отырып, жақсылықтың мәнін білетін адамның ешқашан жамандық жасамайтыны туралы
ойға келгені белгілі. Аристотель бұл тармақтан қисынсыздықты сезеді; өйткені жақсылықтың не
екенін білетін адам ең қаскүнем болуы да мүмкін.
Біз көпшілік жағдайда , өзіміз үшін қажет дейтіндеріміз өз өмірізге қажетті тамақ; дүние
үшін қажет дейтініміз - көбею, өрбу. Сондықтан да біз өмір мақсаты осыларда тұр деп , бақыт
дегеніміз атап айтқанда осы деп ойлаймыз, әрі бұған себеп осы түсініктер біз үшін неғұрлым
таныс, түсінікті, ұғымды. Бірақ тереңірек қарап, ойластыра келгенде, бақытқа ие еткізетін
нәрселерге жетуге бөгет жасайтындар, атап айтқанда осылар екені анық болады. Адам осы
рахаттардан бас тартуға немесе белгілі бір мөлшерде соларды азайтуға қабілетті болса, мұның өзі
оны мадақтайтын мінез-құлықтарға бір табан жақындатады. Ақшаны үнемдеуде және жұмсауда
көрсететін шамаға қарай жомарттық туады. Шектен тыс үнемшілдік және ақшаны кем жұмсау
сараңдыққа соғады дейді [8,135]. Ал мұның өзі адам басындағы жаман қасиет. Шектен тыс артық
жұмсау және жеткілікті дәрежеде үнемшіл болмау ысырапшылыққа соқтырады, осындай адам
басындағы қасиеттерден келіп, тиісті әрекеттер туады.
Біз әрбір жеке әрекеттен қандай рахат
және қандай азап туатынын біліп алуға, артынша көретін рахатымыз және белгілі уақыт өткеннен
кейін көретін азабымыз бұлардың қайсысына байланысты екенін ажырата білуге тиіспіз. Өз
ойымызша әрекеттің артынан белгілі бір уақыт өткеннен кейін көретін рахатымыз үшін біз жаман
әрекеттен қашпайтын болсақ, онда біз сол рахатты әрекеттің артынан біраз уақыт өткеннен кейін
көретін азабымызбен салыстырамыз да, өзімізді жаман әрекетке итеретін сол рахатты (тілеуден)
бас тартамыз. Осы рахатқа шектен тыс берілу тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады
, ал
бұлардың жеткіліксіз болуы рахатшылық сезімнің жоқтығын көрсетеді, мұның өзі жазғыруға
лайықты қасиеттер. Адам басындағы осындай қасиеттерден тиісті әрекеттер туады.Әл Фараби
ойшылдық ізгілік пен этикалық ізгіліктің бір-бірінен ерекшелігін айтады. Адамның ойындағы
ойшылдық ізгілігі жақсы болған сайын адамның амалдығы этикалық ізгіліктері де кемелдене
түседі. Ал егер адамның ойшылдық ізгіліктері жеке мақсатымен және жеке жағдайының ең
пайдалы заттармен ғана шектелсе, онда оның этикалық ізгілігі де осыған сәйкес келуге тиіс.
Адамның амалы ойындағы ниетімен бірге болады. Мұндай тұжырым - танымдарды өз кезегінде
грек ойшылдары Платон мен Аристотель де ел басқару, мемлекеттік іс оның құрылымы туралы
анықтамалар беріп бақытты тіршілік туралы ой толғамдар жасаған. Қай заман, қай кезеңдер
болмасын өмір сүрудің мәдени көрсеткіші адамның моральдық жағынан өсуін, дамуын, өзін
тануын, өзін танумен өзгелерді тану проблемасын көтергенін, көтерілетінін айтуға болады.
Ол үшін саналы қызмет, іс-әрекет тіршіліктің негізгі көзі болу мен дүниетаным үлгілерінің
көрсеткішін анықтамақ. Мұндай тұжырым адамзаттың өмір сүруінің бір мақсаты да бола алады.
|