Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет75/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
61
нып отыр. Алдымен жаңа стандарт әлеуметтік сұраныстан туындап отырғандықтан, ол қоғамның, 
мемлекеттің және әрбір отбасының талабын қанағаттандыру үшін осы үштік жүйесінің талапта-
рын біріктірген білім мазмұнын меңгерту мен жүзеге асыру шарттары оқушыларды тұлғалық және 
жүйелі-әрекеттік, пәндік нәтижелерге жеткізуді көздейді. 
Жаңа бағдарлама аясындағы бастауыш білім мазмұнын «Тіл және әдебиет» саласы негізінде 
іске асырылуды көздеп, аталған сала бойынша белгіленген деңгейге сәйкес «Әдебиеттік оқу» 
пәнінің бағдарламасында берілген мақсатты жүзеге асырумен қатар білім мазмұны оқулықта 
беріліп отыр. «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі негізінен оқу дағдысын қалыптастыру мен 
қатар оқушылардың өздігінен оқуға терең қызығушылығын арттырып, оның тұлға дамуындағы 
рөлін түсінуге, балалардың оқу шеңберін кеңейтуге бағытталады. Мұнда басты назар оқушылардың 
саналы, түсініп, мәнерлеп, шапшаң, дұрыс оқуына аударылады.
Әдебиеттік оқу пәні бағдарламадағы білім мазмұнын білім алушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар мен пәндік нәтижелер берілетін білім мазмұнына сәйкес құрастырылды. Ба-
стауыш білім беру баланың жеке тұлғасының адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға 
эмоционалдық-құндылық қатынасының, оқу үдерісіне оң ынта-ықыласының қалыптасуын және та-
ным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен біліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланалып, олардың тұлғалық 
нәтижелер, жүйелі-әрекеттік нәтижелер, пәндік нәтижелермен айқындалып, әрқайсысының 
атқаратын өзіндік функциясы дәлелденген.
Тұлғалық нәтиже – таным мен оқу мотивациясын қалыптастыру, оқушылардың өзін өзі да-
мыту қабілеті мен дайындығы, бастауыш мектепті бітірген түлектің ана тілі құрметі, Отанына 
сүйіспеншілігі, әлеуметтік құзыреттіліктері, азаматтық ұстанымы, ұлттық рәміздер мен заңдарды 
құрметтеуі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықты меңгеруі, шығармашылығы, жеке тұлғалық 
көзқарасын білдіруі және т.б. тұлғалық сапаларды қалыптастырумен сипатталады. Әдебиеттік 
оқу пәнінде әрбір оқушының білім траекториясы мен жеке басының дамуын сәйкес жақын даму 
аймағын кеңейту қажет.
Тұлғалық нәтиже тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптасуы мен дамуын
қызығушылығын, мотивтерін, қабілеттірін, тұлғалық өзін өзі айқындау компоненттерін қамтиды. 
Әдебиеттік оқу пәнінде мұғалімнің негізгі міндеті оқушыларды оқуға үйрету. Білім беру үдерісінде 
әрбір оқушының жеке қабілетін ашу, оқуға деген қызығушылығын тудыру, қызықты материал-
дарды ұсынған сайын бала одан әрі тереңірек білуге ұмтылады. Оқулық мазмұны оқушылардың 
қызығушылығын арттыратын, түсінбегенін түсінуге баулу, олардың тұлғалық дамуын ескеріп, 
соңында оқырмандыққа үйретіледі. 
Тұлғалық нәтижеге жетуде тұлғалық-бағдарланған оқу әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың
(өзінің әрекетін болған оқиғаны этникалық нормамен салыстыру, моральдық норма мен тәртібіндегі 
адами сапаларды түсінуі туралы) әлеуметтік және тұлға аралық қатынасқа бағдарының болуын 
қамтамасыз ететін болуы талап етіледі.
Тұлғалық нәтижеге жету үшін мұғалім оқу іс-әрекетінде келесі екі әрекет түрін қолдану қажет:
- білім алуда ойша әрекет ету, яғни оқушылардың оқу іс-әрекетінің мақсаты оның мотивінің 
арасында, басқаша айтқанда оқудың нәтижесі мен оқуда тудыратын әрекетті және не үшін оның 
жүзеге асқандығын білуі. Оқушы оқу мен үшін неге керек деген сұрақ қойып оған өзі жауапты өзі 
табуы қажет. 
- адамгершілік-этикалық әрекеттерді меңгерген білім мазмұнын бағалау, өзінің жеке және 
әлеуметтік құндылығын қамтамасыз ететін моральдық нормаларды таңдау әрекеті.
«Әдебиеттік оқу» пәні оқулығының жаңа мазмұнында тұлғалық нәтижеге жеткізетін шығармалар
қазақстандық азаматтық сезімін, өзінің Отанын, халқын мақтан ететін, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-
ғұрыпты меңгертуге, ұлттық құндылықты бағалауға, туған еліне сүйіспеншілік, басқалардың көңіл 
күйін түсінуге, эстетикалық, этикалық, жанашырлық сезімге тәрбиелейтін шығармалар ұсынылып 
отыр.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер – қоғамдық, мемлекеттік, отбасылық талаптарға жауап беретін 
тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеу, көпмәдени, көптілділік, көпұлттылық жағдайында мәдени 
диалогқа түсуі және оларға құрметпен қарауға, нәтижеге бағытталған білімнің оқушылардың оқу 
іс-әрекеттерінің әмбебаптығы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ізденімпаздықпен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет