№ 3 (106) 2015
63
Оқырмандық сауаттылыққа баулуда келесі міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
- мәтінді оқудың коммуникативтік мақсатын түсіну;
- мәтіннің негізгі ойын айқындау;
- мәтін бойынша жоспар құрып, тезис жасап, толық немесе қысқаша айтып беру үшін ауызша
немесе жазбаша ақпаратты жазып алу;
- ақпараттың ішінен негізгі және қосымша, керекті немесе керексіз деп бөліп алу;
- мәтіннен түсінгенін баяндау, оған баға беру.
Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру оқу дағдысының мәні болып табылады,
өйткені саналы түрде мәтіннен сабақтың міндетіне сәйкес өзіне қажетті ақпаратты ала білуімен
сипатталады. Сондықтан оқу түрлеріне байланысты оның мазмұнын немесе оқыту әдістемесінде
ашып көрсету қажет. Бастауышта 2-сыныптан бастап оқушы саналы түрде дауыстап және іштей
оқудың мақсатын түсінуі басты мәселе. Оқушы дауыстап оқуда белгілі мақсатқа байланысты
басқалар тыңдауына, немесе өзі үшін мәтіннің мазмұнын айтуға оқиды. Мұндай оқудың түрлері
оқу іс-әрекетінде оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыруға негіз болады. Оны іске
асыру тек сабақта ғана емес, оқулықта сыныптан тыс оқуға арналған материалдар ұсынылады.
Көркем шығарманы түсіну қабылдаудан басталады. Мәтінді қабылдау – дауыс ырғағы мен
оны баяндаушының көңіл күйін, үзіліс және т.б. байланысты болады. Бастауыш сынып оқушысы
көркем шығарманың басты кейіпкерінің нақты образы, қиял ғажайып оқиға, фантастикалық оқиға
болса да бірдей қарайды. Қандай оқиға болса да, оқушылар оның ішінде өздері бірге жүргендей
кейіпкерлердің әрекетін не жақтайды, не қарсы шығады. Ол арқылы оқушылар көркем шығарманың
кейіпкерлерінің ішкі әлеміне адамгершілік, этикалық норма тұрғысынан жалпы баға береді.
Сондықтан да әдебиеттік оқу пәнін оқытуда мұғалім оқулықта ұсынылған материалдардың
оқушылардың тұлғалық, жүйелілік іс-әрекеттік, пәндік нәтижелерге жеткізетін ұстаным бойынша
сараланғанын назарда ұстауы қажет. Осы тұрғыда қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтар,
табиғат тіршіліктері, туыстық қарым-қатынас, қоршаған ортамен қарым-қатынас оқушылардың
эмоциялық көңіл-күйіне оң әсер тигізеді. Бастысы халық ауыз әдебиеті үлгілері, ертегі, аңыз-
әңгімелердің ұсынылуы ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, ұлттық құндылықтарды меңгертуге
арналғанын ескерген жөн.
Фольклорлық шығармаларды тыңдаудан өздігінен оқуға көшуі, көркем шығармалардың
әртүрлілігі, олардың шығармаларды саналы қабылдауына жеткізеді. Көркем шығарма тыңдаушы
үшін де баяндаушы үшінде мағыналы болуы, шығарма мазмұнын әрбір оқушы өзінің бойынан
өткізуде жақсы жақтарын өз өмірімен байланыстыруға тырысады және кейіпкерлердің өзара жақсы
қарым-қатынасынан үлгі алады.
Оқушылардың оқу шеңберін кеңейту үшін Отандық және әлемдік көркем шығармалардың ба-
лалар өмірі туралы, үлкендер еңбегі, табиғат туралы және т.б. балалардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес ұстанымға бойынша іріктелген.
Оқырмандық дағды – сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес оқу іс-әрекетін тиімді
орындауының нәтижесінде қалыптасады. Олар көркем шығарманы талдауға, оның композициясын,
кейіпкерін, образдары арқылы мәтіннің басты идеясын түсінуге икемделеді.
Оқырмандық дағдыны қалыптастырудың жолдарын қарастырайық.
Көркем шығарманың бейнелік-мәнерлі тілдік құралдардың көркем шығарманың атқараты
қызметіне сәйкестігі. Көркем шығарманың бейнелік-мәнерлі тілдік құралдар ретінде сөздің көркем
образды және автордың көзқарасын білдіретінін оқушылар мәтінді талдау барысында түсінуі тиіс.
Автордың шығармасына сай өмірдің бейнесін автордың бейнелеуі бойынша ойша көз алдына
елестетуі. Оқылған шығарма мазмұнына сәйкес оқушылардың оқырмандық көзқараспен ойша көз
алдына елесететуін түзетуге бағыттау. Шығарманы талдау өмірдегі құбылысқа емес, автордың иде-
ясы бойынша жасалу керек.
Шығарма жанрына сай себеп-салдарлық байланысты ажырата білу. Шығармада оқиғаның баста-
луы, өрбуі, шарықтау шегі, аяқталуының болатынын меңгеруі. Ол үшін сюжеттің элементтерімен
таныстырылып оларды ажырата отырып, идеяны ашудағы өзінің рөлін түсінуі.
Көркем шығармадағы образды тұтастай қабылдауы. Көркем шығармада негізгі рөл идеяны
ашу басты кейіпкермен байланысты болады. Кейіпкерді тұтастай қабылдау оқырманға оған де-
ген эмоционалдық қатынасты, басты кейіпкердің әрекетінен образдың дамуын, кейіпкердің мінез
|