Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
64
құлқының қалыптасуын көреді. Оқырмандық дағды кейіпкерді бейнелеу арқылы автор қандай да
бір сұраққа жауап беру үшін өзінің көзқарасын білдіреді.
Көркем шығарманың идеясын меңгеру. Көркем шығарманың идеясын меңгеру бұл мақсатты
талдауға негіз болады. Негзгі идея көркем шығарманың барлық элементтерінің өзара байланысын
түінгенде ғана оқушылар шығарманы терең меңгеретін болады, сонда ғана көзқарасымен келіс не-
месе келіспеу туралы пікір білдіре алады.
Шындығында оқырмандық дағды қабылдау процесінде бір–бірін толықтырады. Көркем
шығарманы толық, терең меңгерудің негізі бейнелі–мәнерлік тілдік құралда жатыр. Өйткені,
шығарманың негізгі идеясын, бояуын түсінген жағдайда автордың шығармадағы айтайын деген
ойын жетік біледі. Шығарманың идеясын түсіну, меңгеру образды қайта жасау дағдысына дейін
жетеді. Ал шығарманың идесын түсінгеннен кейін оның кейіпкерлеріне, образына басқаша қарауға
мүмкіндік туады.
Көркем шығармаларды талдау барысында оқушылар әртүрлі жанрды қайталап айтуда сөйлеу
мәдениетіне үйренеді. Мұғаліммен бірлесе отырып, көркем шығармалардың кейіпкерелерін,
олардың мінез-құлқымен, эмоциясымен, мәтіннің жеке элементтерімен танысады. Мәтінмен
жұмыста мұғалім оның мазмұны, құрылымы, тілінің бірлікте екеніне назар аударуы тиіс. Содан кейін
барып, оқушылардың алдына міндеттер қойып, оны шешудің жолдарын іздестіруді тапсырады.
Оқушылар бұл кезде әдебиеттік оқу пәнінде меңгерген құралдардың барлығын өзінің ойын тілмен
жеткізуді үйренеді. Осылай оқушылардың оқырмандық және тілдік дағдыларын қалыптастыру
өзара байланыста жүзеге асырылады. Әрбір оқырмандық дағдыға тілдік дағды сәйкес келеді.
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда мұғалімнің келесілерді ескеруі тиіс:
•
өз ойын жеткізу үшін әдебиеттік оқу пәнінде меңгерген барлық тілдік құралдарды таңдап
қолдану дағдысының болуы тиіс;
•
көркем образ арқылы өзінің өмірлік тәжірибесін жеткізу дағдысы;
•
тілдік міндеттерден туындайтын өзінің жеке пікірін айта алу дағдысы;
•
мәтіннің барлық элементтерін образы, кейіпкері, пейзажы автордың ойын ашу дағдысы т.б.
•
автордың пікіріне мәтінннің барлық элементтерін құрастыра білу дағдысы;
•
мәтіннің негізгі ойын аша білу дағдысы. Тілдік дағды оқырмандық дағдының негізінде
қалыптасады.
•
оқу дағдысын толық меңгеруі тек әдебиеттік оқу пәні ғана емес, барлық пәнді саналы
меңгеруіне негіз болады [3].
Қорыта келе, өтпелі кезеңдегі бастауыш білім саясатын жүзеге асыратын қоғам, мемлекет, от-
басы үштік жүйесінің талаптарын қанағаттандыратын оқушылардың тұлғалық, жүйелі-әрекеттік
және пәндік нәтижелерін қамтамасыз ететін әдебиеттік оқу пәнін ұйымдастыруда мұғалімдер
басшылыққа алатын жаңадан енгізілген нәтижелерге жетудің әдістемесі ұсынылды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік –экономикалық модернизация – Қазақстанның дамуының басты векторы»
– Астана, 2012
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жалпыға міндетті орта білім беру стандарты – Астана, 2012
3. Амирова А.С. және т.б. Әдебиеттік оқу 2 сынып Әдістемелік нұсқау – Алматы, 2013
REFERENCES
1. Nazarbayev N.A. «Aieumettik-ekonomikalyk modernizacia-Qazaqstannyn damuinin basty vectory» -
Astana, 2012
2. Qazaqstan Respublikasynyn memlekettik jalpyga mindetti orta bilim beru standarty - Astana, 2012
3. Amirova A.S. jane t.b. Adebiettik oku 2 synyp Adistemelik nuskau – Almaty, 2013
Достарыңызбен бөлісу: |