Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет118/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
96
үлгідегі сауалдар арқылы бақылаудан кейінгі сұхбат негізінде формативті бағалаудың маңызды 
компоненті кері байланыс, рефлексия жүзеге асырылады. 
Сонымен бірге, Левиннің схемасы бойынша жасалған ойлау құралы-КҰК (күрделі 
ұйымдастырылған коммуникация) қолдану да тиімді жолдардың бірі. Яғни:
1. тренер не туралы айтқанын түсіну үшін терең әрі мұқият тыңдай білу;
2. тренердің ойын түсіну үшін жетелеуші сұрақтар қоя алу;
3. сын болуы үшін сындарлы сұрақтарды дұрыс қоя білу (толықтыру немесе нақтылау 
логикасына орай).
Тренерлердің идеялары мен пікірлері және дискуссияға қосқан үлестері эксперт үшін құнды 
болмақ. Сұрақ қою стратегиялары арқылы тренерлерге өздерінің кәсіби білім алу ортасында өз 
тәжірибелеріне шолу жасауға және рефлексиялауға мүмкіншілік беріледі. Эксперт басқалардың 
үлесін бағалау және жеке адамдарды ынталандыру жолдарын көрсете отырып, бағалау үрдісі мен 
нәтижелеріне шолу жасауда тренерлерге көшбасшы рөлінде болуға мүмкіндік береді.
«Маған рефлексияны беріңізші, мен кез келген қағиданы, соның ішінде іс-әрекеттің кез келген 
қағидасын талқылаймын» дейді Лефевр. Тренерлердің Бағдарлама идеяларын жүзеге асыруда, 
мұғалімдерді оқытуда еңбегі орасан зор, дегенмен, кәсіби өмірдің үздіксіз даму қажеттілігіне 
сәйкес, тренерлер практикасын бақылау барысында жетілдіруді керек ететін мәселелер қатары да 
анықталды:
Жоспарлауда: оқыту үшін жоспарлауда амал-тәсілдердің аудиторияның қажеттілігін есепке ала 
отырып сараланғандығы туралы дәлелдердің әлсіз болуы. 
Оқытуда: оқытудың негізі ретінде үйренушілердің бар тәжірибесін қарастыратын оқу 
тапсырмаларының сирек ұсынылуы. Инклюзия мен дифференциацияда мұғалімдердің кәсіби 
тәжірибесін дамыту жолдарын іздеу қажеттілігінің көрініс табуы.
Оқуда: топтық жұмыстар орындауда көбінесе барлық мұғалімдерге бірдей тапсырмалар 
берілуі,тапсырмалардың әркімнің оқу қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталып, сараланған түрде 
ұсыныла бермеуі. 
Бағалауда: оқытудағы келесі қадамдарды қолдау, қадағалау және жоспарлауда формативті 
бағалаудың кей жағдайларда үстірт және мұғалімдердің рефлексиялау дағдысын дамытуда ашық 
сұрақтардың сирек қолданылуы. 
Осы аталған басымдықтардың негізінде андрагогика мәселесі жатыр. 
Педагогикалық шеберлік 
орталығы тренерлері Бағдарлама бойынша ересектерді (мұғалімдерді) оқытып жатқандықтан, 
тренерлер өз мұғалімдеріне сабақ беру үдерісін жоспарлау барысында неден хабардар болуы тиіс?
Эксперт 
ойлауды дамыту, жеке адамдарды жоғары деңгейге және жоғары әлеуеттерге жетуге 
ынталандыру мақсатында кері байланыс кезінде тренерді дискуссияға тартып қана қоймай, 
өз тәжірибесінен де ұсыныстар бере алады. 
Біліктілікті арттыру мен тәжірибені дамытудағы 
коллаборативті тәсілдерді қолдануға бағытталған сондай 
ұсыныстардың бірі 
ересектерді оқыту 
жайында болмақ.
Ересектерді оқыту педагогика ғылымының жеке саласы ретінде белгілі бір алғышарттардан: 
тұлғаның гуманистік психологиясы тұрғысынан Маслоу А.Х., Роджерс К.Р идеялары мен Дистерверг 
Ф.А.В., Дьюи Дж., Коменский Я.А. т.б. психологиялық-педагогикалық идеяларынан туындайды. 
Ересектерге білім беру мәселесін педагогика тарихында ең алғаш рет Вуск Т., Кап А., Кидд Д., 
Ноулз М., Самоловчев Б., Радлинская Е. т.б. шетелдік ғалымдар қарастырған болатын.
Осы тұжырымдамамен аса көп ассоциациаланған маман Малкольм Ноулз (1984) андрогогиканы 
«ересектерге оқытуда көмек беру ғылымы және өнері» ретінде сипаттайды және ересекті оқыту 
баланы оқытудан ерекшеленеді деп есептейді[5]. 
Ересектерді оқыту психологиясы бойынша танымал маман Девид Колб ұсынған төрт сатылы 
циклдік модель теориясын мұғалімдерді оқытуда да басшылыққа алуға болады.
Зерттеуші ересектердің циклдік тәсілдің көмегіне сүйене отырып оқитынын байқаған: 
1. Тәжірибе арқылы оқитындар 
Белсенділер
2. Бақылау мен рефлексия арқылы оқитындар 
Бақылаушылар
3. Теорияның көмегіне сүйенетіндер 
Теоретиктер
4. Практикада қолдану, белсенді тәжірибе арқылы оқитындар 
Прагматиктер
Дегенмен
, адамдар осылардың ішіндегі бір тәсілге басқаларына қарағанда көбірек артықшылық 
береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет