Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет172/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
140
іс-әрекеттерін суреттейтін көркем портреттер мен мүсіндер, иллюстрациялар Ә.Қастеев атындағы 
өнер мұражайларында, еліміздің түрлі қалаларындағы тарихи өлкетану мұражайларында сақтаулы. 
Ерлік дәстүрімізді паш ететін хандар мен батырлардың, мүсіндік портреттері еліміздің қалалары 
мен ауылдарына сән беріп тұр. Елтұтқалары ретінде танылған халқымыздың даңқы перзенттерінің 
ескерткіштері еліміздің оқу орындарында орнатылған. Еліміздің мұражайларында олардың мүсіндері 
мен портреттері мұрағат ретінде сақталуда. Сонымен қатар М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғарұлы, 
А.Сейдімбек жазған «Елтұтқа» атты кітапта тарихи тұлғалардың кескіндемелік бейнелері берілген. 
Онда бейнелердің «баяғы заман», «орта заман», «жаңа заман», «Тәуелсіз Қазақстан» тарауларына 
бөліп қарастырылған. Кітапта берілген бейнелердің көркемдік ерекшеліктері, жастар тәжірибесіне 
қажетті тәрбиелік-танымдылық маңызы зор еңбек ретінде бағаланады. 
Қазақ елінің қайталанбас дара тұлғаларының бейнелерін жасауға Қазақстан Республикасының 
халық суретшілері Ә.Қастеев, Қ.Тельжанов, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев, А.Ғалымбаева, 
Г.Исмайлова, С.Романов, Е.Сидоркиндер үлес қосты. Солармен қатар қазақ елінің хандары мен 
даңқты батырларының портреттері суретшілер К.Баранов, И.Исабаев, Б.Төлеков, Ө.Нұржұмаев, 
Т.Досмұханбетов, М.Калымов, С.Айтбаев, Е.Төлепбаев, А.Нақысбековтар бейнеленген. Суретшілер 
қазақ халқының эпостық жыр-дастандарындағы батырлардың ару қыздардың образдарын жасауға 
график суретшілер әр уақытта көңіл бөліп отырды. К.Баранов, Е.Сидоркин, М.Қисамединов, 
Г.Исмайлова, М.Қалиев сынды суретшілер: Асан қайғы, Қорқыт, Төлеген, Алпамыс, Қобыланды, 
Қамбар, Ертарғын батырлардың портреттерін, қазақтың сұлу да парасатты қыздары Қыз Жібек, 
Гүлбаршын, Баян-Сұлу, Айман-Шолпан портреттерін салып халықтың мәдени мұрасын толықтыра 
түсті. 
Елімізде қазақ батырларының, жырауларының портреттерін салу дәстүрін кеңес дәуірінде әйгілі 
суретші Әбілхан Қастеев бастаған. Оның Кенесарының, Амангелді Имановтың портретін салғаны 
тарихтан белгілі. К.Баранов, Е.Сидоркин, М.Қисамиддинов,Т.Ордабеков, А.Ақанаев сынды 
бірқатар қазақ еліне белгілі суретші-графиктер кеңес кезеңінің өзінде тарихи әдеби шығармаларға 
хандар мен батырлардың суреттерін салып безендіруде жоғары шеберлік денгейін көрсеткен. 
Бірқатар портреттер кеңес дәуірінің өзінде жасалып көпшілікке танылды, ол шығармалар 
кезінде жастарға патриоттық тәрбие беруге үлес қосты. Бұлардың арасында суретші-график 
Константин Барановтың «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр» иллюстрацияларын, суретші-график 
Евгений Сидоркиннің «Қазақ эпосы» кітаптарына салған графикаларын, суретші-график Мәкүм 
Қисамиддиновтың «Махамбет Өтемісұлына» арналған графикалық циклдағы туындысын, график 
суретші Темур Ордабековтың «Бұхар жырау» картинасына қазақ өнер тарихы тарапынан жоғары 
баға берілді. Сонымен қатар суретші Амандос Ақанаевтың «Көшпенділер» романына жасаған 
иллюстрациялары мен қазақ батырларының жиынтық образын ашатын көркем шығарма ретінде 
халыққа кең көлемде танылды.
Сонымен қатар суретшілер Кенжеахмет Ходжиковтың «Дала батырлары» кинофильміне жасаған 
эскиздері, Тоқболат Тоғысбаевтің «Дала даусы» кескіндемесі, Исатай Исабаевтың «Күрес», «Жеңіс», 
«Қыз Жібек» шығармалары, Шаймерден Сариевтің «Асанқайғы», Евгений Сидоркиннің «Дотан 
батыр» қазақ эпосы, «Батыр», «Ұрыс» картиналары, Салихаддин Айтбаевтың «Батырдың оғы.
Арғали», Гүлфайруз Исмайлованың «Алпамыс» операсына жасаған эскиздері қазақ хандары мен 
батырларының кеңес дәуірінде жасаған портреттері ұлттық бейнелеу өнеріне қосылған қомақты 
үлес болды.
Кеңестік дәуірдегі тарихи тұлғалар портреттерін салу дәстүрін бастаған суретшілердің қатарынан 
суретші кескіндемеші Тоқболат Тоғысбаевты, Әбдімәлік Бұхарбаевты атау орынды. Ә.Бұхарбаев 
қазақ хандары мен батырлары портреттерінің серияларын жасап, қазақ бейнелеу өнеріндегі 
портрет жанрының дамуына қомақты үлес қосты. Т.Тоғысбаевтың сомдаған Төле би, Қазыбек би, 
Әйтеке би образдарын халық жылы қабылдап, өнер сынынан әділ бағасын алды, қазіргі кезде олар 
Қазақстанның ұлттық рухани көркем құндылықтарына айналды. 
Тәуелсіздік кезінде халыққа белгісіз болып келген тарихы тұлғалар туралы зерттеулер жасалып, 
кітаптар шығарылып, мақалалар жазылды. Хандар мен батырлар портреттері туралы публистикалық 
ой пікірлері, иллюстрациялар қоғам қайраткері Дархан Мыңбайдың, журналистер Зарина 
Бүйенбайдың, Роза Сейілханның, Шахмұрат Ибадатұлының, өнертанушылар Жанарбек Берстеннің, 
Байтұрсын Өмірбековтың, суретші Жұмахан Қайранбаевтың мақалаларында көрініс тапты. 
Абыз тұлға, аңыз тұлға «Кетбұға» портреті Қазақстан журналистер одағының мүшесі Шахмұрат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет