Түйін сөздер:
кәсіби-бағытталған шет тілі, коммукативті құзырет, кәсіби уәждеме, ЖОО.
Емельянова Е.В., Авазбакева ФР., Ахманбетова Д.С.,
Научно-методические основы обучения профессионально-ориентированному иностранному языку
в юридическом вузе
В статье рассматриваютсянаучно-методические основы в профильном профессионально-
ориентированном обучении иностранному языку студентов в юридическом высшем учебном заведении.
Приводятся современные методики обучения иностранному языку, их возможности в вопросе
последовательного формирования и развития будущего специалиста в области юриспруденции.
Анализируется эффективность интенсивного метода обучения,
предусматривающего не только обучение
иностранному языку как средству общения и передачи студентам социально и профессионально значимой
информации, но и формированию многоязычной личности, вобравшей в себя ценности родной и иноязычной
культур и готовой к межкультурному общению.
Ключевые слова: профессионально-ориентированный иностранный язык, коммуникативная
компетенция, профессиональная мотивация, ВУЗ.
Редакцияға 15.10.2014 қабылданды.
ӘОЖ 37.036-053.6:7.031
Қ. ЕРАЛИН
п.ғ.д., профессор, А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ МЕН БАТЫРЛАРЫНЫҢ ПОРТРЕТТЕРІ
Мақалада қазақ хандары мен батырларының портреттерін жасау мәселесі қарастырылады. Қазақстан
бейнелеу өнеріндегі тарихи тұлғалар образын жасаудың көркемдік ерекшеліктері анықталады.
Түйін сөздер: портрет, хандар портреті, батырлар портреті, кеңестік портреттер, егеменді ел
портреттері.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі портрет жанрын зерттеу ерте кезден басталғанымен қазақ елінің
хандары мен батырларының портретін зерттеу Егемен Қазақстан кезеңінде дамуын тарихи
өнертанымдық тұрғыда зерделеуді қажет етуде. Қазақ елінің егемендік алуы бейнелеу өнерінде
кеңестік дәуірде тереңдей бермейтін тақырыптардың ашылып жаңа туындылардың өмірге келуіне
бірден бір қажетті мүмкіндік болды. Тарихшылар елге белгісіз болып келген қазақ хандары мен
батырлары туралы жаңа тарихи деректерді ұсынып, суретшілер олардың көркем образдарын
өмірге әкелді, мүсіншілер халыққа бұрын соңды танымалы болмаған тарихы тұлғалардың көлемді
ескерткіштерін жасап, олардың көріністері елді мекендер мен қалалар келбетін көркейте түсті. Бұл
өнер туындылары қазірде жастарымызға тарихи білім беретін, әсемдікке баулитын, оларды бірлікке,
татулыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін тәрбие құралдарына айналуда. Бірақ осы туындыларды
салған суретшілер мен жасаған мүсіншілер, шығармалардың тақырыптары мен көркемдік идеясы,
композициясы мен орындау техникасы, орналасқан жерлері мен мекен жайлары туралы ақпараттық
мәліметтер бір жүйеге келтіріліп, өнертанымдық тұрғыда көркемдік нақты өлшемдік бағасын алып
болған жоқ.
Қазақ халқының ежелгі дәуірдегі өмірі мен тұрмысы салты мен дәстүрі жайлы құнды деректер
ретінде шет елдерден келген саяхатшылар мен суретшілердің деректері ерекше назар аудартады.
Шет ел суретшілері Т.Аткинсон, Н.Краплот, К.Мартовтардың қазақ жерінде салған суреттерінде
аттылы жауынгерлер мен малшылар, батырлар мен жыршылар бейнелері жазба деректерде
кездеседі. Қазақ хандары мен батырларының бейнелерін салуға дәстүрі кеңес дәуірінен бұрынғы
кезде де қазақ хандары мен батырларының бейнелерін салуға көптеген суретшілер мен фотографтар
қатысқаны қазіргі тарихшылар мен өнертанушылар зерттеулерінен белгілі болуда. Халқымыздың
ерлік дәстүрін паш ететін хандарының ежелгі халық батырларының, ішкі жан дүниесімен өнегелі
|