Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет215/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   615
3-106-2015-2-chast

Табыс
критерийлері
сабақтың əр бөліктеріндегі əр оқушының дайындық
деңгейін анықтауға
бағдарламаға сəйкес оқу мақсаттарын орындауға
оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен
олқылықтарын айқындауға
əр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының
əділдігіне көзін жеткізуге
бағдарламаға сəйкес оқу мақсаттарын орындауға
Кесте-1 Табыс критерийлерінің мазмұндық сипаты


№ 3 (106) 2015
179
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие болуының негізгі себебі 
замауи білім беру жүйесінде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, 
қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар 
қойылып отырғандығында. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талапта-
рына сай орайластырылған.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
- алдын-ала бағалау шкаласы ұсынылады;
- бағалау анық, айқын түрде жүзеге асады;
- баға әділ қойылады;
- өзін бағалауға мүмкіндіктің беріледі [4,32].
Критериалды бағалау сабақтың өн – бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты 
бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне 
және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. 
Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра 
берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге 
топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.
Яғни, табыс критерийлері оқыту барысында:

оқушылардың танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі 
әдістерін пайдалануға;

тапсырманың мазмұнын түсініп, нәтижеге дұрыс жетуге;

кері байланыс жасау арқылы өзін және өзгелерді бағалауға;

шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
табыс
критерий
лері
табыс
критерий
лерін тиімді
қолдану
эвалюация
+
=
Педагогтар табыс критерийлерін құру барысында оларды сапала нәтижеге әкелетін деңгейде 
құрастыруға мән беру керек. Сонда бұл критерийлер: 

мұғалімнің өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға; 

сабақ берудің сапасын арттыруға; 

оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың оқушы тұлғасына арналған 
көлемін жоспарлауға; 

бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; 

оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Критерийлердің өзін түсіну - бастапқы нүкте ғана. Оқушыларға «сапа критерийлерін» немесе
«табыс критерийлерін» жай ғана беру - жұмыс бітті деген емес. Оқушылар бұлар олардың 
тапсырмасы тұрғысынан қандай функция атқаратынын білмесе, мақсатқа сай қолдана алмайды. 
Бұны түсіндіру тәсілдерінің бірі- жұмыс барысында критерийлерді қалай қолдану керектігін 
көрсету үшін оқушы жұмыстарының үлгілерін пайдалану. Олар «үлгі» болатындай, ең үздік 
орындалған жұмыс болмауға тиіс. Әдетте оқушылар өздерінің қазіргі жағдайдағы деңгейлерінен 
сәл ғана жоғары жұмыс нәтижелерін бақылау барысында анағұрлым жақсы үйренеді. 
Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, 
әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, 
оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп 
есептейміз.
Эвалоюацияны қолдану болашақ педагогтардың қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы 
білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан 
өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесетіндігі сөзсіз. Сонымен қатар 
әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге 
қолдау көрсетуге ықпал етеді.
Жалпы ұдайы ізденісте болып, жаңа идеяларды, озық тәжірибені зерттеп қолдану болашақ
мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алуға, өзін-өзі реттеу дағдыларын 
қалыптастыруға; оқушыларлмен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет