Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет305/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
253
«Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО мен Түркия қатынастары» пәнін «Сырдария» 
университетінің ІҮ курс студенттеріне таңдау пәні ретінде енгіздім. Бұл пән студенттердің 
қызығушылығын туғызды. Таңдау пәні ретінде енгізуме тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі, 
КСРО мен Түркия республикасы қатынастарының көпшіліктің қызығушылығын туғызуы себеп 
болды. 
ХХғасырдың өте маңызды қасіретті оқиғаларының бірі болып табылатын екінші дүниежүзілік 
соғыстың дипломатиялық тарихы көптеген отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеу обьектісі 
болып табылады. Осы кезеңнің халқаралық қатынастар жүйесіндегі кеңес-түрік қатынастарының 
дамуы ерекше қызығушылық тудыратыны белгілі. Ұлы әлемдік державалардың бірі ретінде КСРО-
ның сыртқы саясаты көп жағдайда тарих барысын айқындағаны күмәнсіз. Сонымен бірге Түркия да
маңызды елдердің бірі болды. Шығыс пен Батыс қиылысындағы қолайлы географиялық орналасуы, 
сонымен бірге Басфор мен Дарданелл бұғаздарына бақылау орнату мәселесінде және Жерорта 
теңізінен Қара теңізге кемелерді өткізу мәселесінде шешуші роль атқаруы Түркияны ғасырлар 
бойы ұлы державалар арсындағы кескілескен дипломатиялық күрес пен соғыстардың обьектісіне 
айналдырды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Түркия тағы да Англия, Франция, Германия 
және Италия мүдделерінің түйіскен аймағына айналды. Түркияның маңызды стратегиялық 
жағдайы және түрік үкіметінің саяси жағдайға ықпал етуге ұмтылуы бұл мемлекеттірдің оған 
қатынасында белсенді саясат ұстануына жағдай жасады.Түркияның Кеңес Одағымен көршілік 
жағдайы олардың қарым-қатынасына екі мемлекеттің де қауіпсіздігі тұрғысынан қарағанда
үлкен маңызға ие болды. Әсіресе, Қара теңіз бұғаздары аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін екі 
ел өкілдері бірнеше рет талқылады. Өз кезегінде қарастырылып отырған кезеңде кеңес-түрік 
қатынастарында бетбұрыс кезең болды. Бұрынға Түркия Республикасының қалыптасу кезеңінде 
қол жеткізген достық байланыстарына салқындық түсе бастады. 
Кеңестік тарих ғылымы коммунистік партия мен мемлекеттің идеологиясы ықпалында болды 
және өздерінің бағалары мен ойларында партиялық көсемдердің еңбектеріне бағдар алды. Тарихи 
зерттеулер ереже бойынша басылымға рұхсат етілген деректер мен материалдарға негізделді. 
Сондықтан да кеңес-түрік қатынастарының көптеген аспектілері ғылыми зерттеу обьекті бола 
алмады. Бүгінгі таңда екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңес-түрік қатынастарын зерттеуге 
жаңа бағытта қарау қажеттілігі туындап отыр. Соңғы жылдары бұған мүмкіншілікте пайда 
болды. Сондықтан біз бұл тақырыпты өзіміздің таңдау пәніміздің тақырыбы еттік[5].
Түркияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі сыртқы саясатын оқытқан кезде «Сын 
тұрғысынан ойлау» әдісі үлкен роль атқарады. Себебі әртүрлі еңбектерде бұл тақырып түрліше 
бағаланған. Сондықтан студенттерді сол бірнеше әдебиеттермен таныстырамыз. Ол үшін 
студенттерді үш топқа бөліп, әрқайсысына алдын ала оқытушы тарапынан сараланған әдебиеттерді 
ұсынамыз. 
Бірінші топқа А.Ф.Миллердің, Н.М.Лавровтың, И.Васильевтің еңбектерін ұсынамыз. Бұл 
әдебиеттердің барлығы дерлік кеңестік дәуірде жарық көрген және «қырғи қабақ соғыстың»
ықпалымен жазылған еңбектер болды. Бұл еңбектерде Түркияның жүргізіп отырған саясаты түрік 
елінің басшыларына белгілі бір уақытта күшті болып көрінген топтың жағын алуға негізделген 
деген тұжырым жасалған [6]. Кеңес тарихшылары 1939 жылғы Түркия мен Кеңес Одағы арасындағы 
келіссөзді сипаттай келе Түркия басшылығы ағылшын-француз дипломатиясының ықпалымен 
іс-әрекет жасап, Мәскеуге біржақты міндеттер тағуға әрекет етті деп көрссетті. Сондықтан
келіссөздердің үзіліп қалуына Түркия басшылығын кінәлеп, «Кеңес үкіметінің достық ұсынысын 
қайтарды, сондықтан олардың міндеті өз елінің ұлттық мүддесін қорғау емес, КСРО-ға қарсы 
соғыс ұйымдастыру» деп көрсетті [7]. 
Екінші топқа Джамиль Гасанлының және КСРО ыдырағаннан кейінгі уақыттағы жарияланған
еңбектерді ұсынамыз. Бұл еңбектер тарих ғылым идеологияның шеңберінен азат болған кезде 
жазылғанымен ерекшеленеді. 
Тікелей осы тақырып бойынша тереңірек ізденіп, Таяу және Орта Шығыстағы қырғи-қабақ 
соғыстың басталуына комплексті зерттеу жасағандардың бірі тарих ғылымының докторы, 
профессор Дж.Гасанлы болды. Оның «СССР-ТУРЦИЯ: от нейтралитета к холодной войне (1939-
1953)» атты еңбегінде екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы
кеңес-түрік қатынастарының өзгерісі мен жағдайы, осы тарихи оқиғаның шешуші кезеңдері мен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет