Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет306/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
254
бетбұрысты оқиғаларын суреттеген. АҚШ, Ресей, Армения, Грузия, Түркия және Азербайжанның
архивтерінен алынған құпия құжаттар негізінде автор Екінші дүниежүзілік соғыстың соңындағы 
саяси жағдай, Армян және Грузин кеңестік республика басшыларының сталиндік құйтырқы 
саясаттың белсенді және көнбіс қатысушыларына айналғандығы туралы қызықты және шынайы 
тарихи еңбек жасады. Монографияда кеңестік политтехнологтар бейбітшілікті сақтауға тырысқан 
Түркияны миллиондаған кеңес халқының көзіне жауыз етіп көрсеткісі келгені дәлелдер арқылы 
көрсетілген [8].
Үшінші топқа алдын ала сараланып, ағылшын, түрік тілдерінен қазақ тілінеаударылған 
еңбектерді ұсынамыз. Бұл еңбектердің қатарына Селим Дерингилдің «Екінші дүниежүзілік соғыс 
тұсындағы Түркияның сыртқы саясаты: “белсенді” бейтараптық» еңбегі, Шабан Чалыштың 
«Түркияның қауіпсіздік іздеуі және екінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы кеңестік фактор» еңбегі, 
Ертем Бариштың «Түркияға кеңес талаптары және кеңес-түрік қатынастары (1939-1947 ж.ж.)» 
еңбегі жатады [9]. Бұл еңбектердің басты ерекшелігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңес-
түрік қатынастары қандай жағдайда да Түркияның «бейтараптықты» сақтап қалуына, қалай да 
соғыстан тыс қалуға бағытталғанын көрсетуге талпынатынын атап айту қажет. 
Ертем Бариштың еңбегінің қортынды пікірін келтірейік. Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында 
Түркия реалисттік саясатты ұстанды және де ол одақтастарға жылы қабақ танытса да ешқандай 
сыртқы күштерге ойланбастан берілген жоқ. Түрік елінің басындағы шешім қабылдаушы- 
басшылар соғыс кезінде барлық жақтармен көпжақты дипломатиялық қарым қатынастарды жүзеге 
асыруға мүмкіндіктері болды, сондықтан да осы мүмкіндіктер Түркияны соғыстың соңына дейін ол 
бейтарап болып қалуына жағдай жасады. Кейде Түркия соғысушы елдердің бір жағымен жақынырақ 
болғанды қалағандай болып көрінді, бірақ олар мұны тек тепе теңдікті сақтау үшін жасаған еді. 
Соғыс басында-ақ,Түркия мұндай соғысты қаржылай да әскери тұрғыдан да қамтамасыз ете 
алмайтынын түсінді.
Түрік көшбасшыларының қарым-қатынасынан белгілі болғандай-ақ, 1942 жылдан кейінгі 
Түркияның басты мәселесі одақтастардың жақтасы ретінде соғысқа кірмеу ғана емес, сонымен 
бірге соғыс аяқталғаннан кейінгі елге қандай күн туатынын болжауға ел көшбасшыларының 
айтарлықтай тәжірибесі болды. Осы тұрғыдан алғанда, Түркия Германияның отарына айналғысы 
келмеді және сонымен қатар Қызыл Әскердің оны қорғауын қаламады. Ұлтшылдар (фашисттер) 
мен коммунисттер мәселесін былай қойғанда, олар бұл мәселені “өзгелердің” көмегінсіз шеше 
алмайтынын түсінді. Мұндағы “өзге” сөзі әрине Британия мен Американы білдіретін. Көптеген 
адамдар Түркияның соғыс тұсында неліктен бейтарап болып қалғанын сұрауы өте қызық, бірақ олар 
одақтастардың Түркияға қарсы күмәнді іс-әрекеттеріне мән беруді ұмытып кетеді. Қалай болғанда 
да, соғыс тұсындағы Түркияның белсенді бейтарап болуында одақтас күштердің саясаты мен 
орыс факторының салмағы өте анық болды және оны ешкімде жасырып қала алмайды. Оған қоса, 
соғыстан кейінгі ұлтаралық қатынастар Түркияның дұрыс саясатты қолданғанын дәлелдеді[10].
Жорыда көрсетілгендей студенттерге бір мәселені үш жақты көзқарас тұрғысынан қарастыру 
керек болып отыр. Студенттер мәселені жан-жақты талдай келіп, өз пікірлерін ортаға салады. Олар 
Түркияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жүргізген сыртқы саясатына бірі «шахмат ойыны» 
секілді деп баға берсе, екіншісі «күші басым жақтың одақтасы» деген баға берді, ал үшіншілері 
«ұлттық тәуелсіздігін сақтап қалуға бар күшін салған» деген пікір білдірді. Студенттердің бірі 
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саясатындағы тактикаларын қазіргі ХХІ 
ғасырда орын алған өте күрделі халқаралық жанжалдарда қолдануға болады деген пікір білдірді. 
Көріп отырғанымыздай студенттер еркін ойлауға, ақпарат шеңберінде қалып қоймай өз пікірін 
білдіруге, тарихта болып өткен тарихи оқиғаларды бүгінгі күн жағдайында салыстыра талдауға 
мүмкіндік алды. 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді 
дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-білім мазмұнына 
жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ 
мамандарды даярлау екені атап айтады[11]. Олай болса әрбір ұстаз өз шығармашылығында заман 
талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыруы 
қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет