Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
280
Елімізде инновациялық технологиялардың кең таралған түрлерін пайдалануға байланысты
білім сапасына оңай қол жеткізу артып келе жатыр. Бұл жағдай болашақ педагогтарды дайындау
мазмұнын осы арнаға бұруды көздейді. Соған сәйкес «Қазақстан Республикасының педагог
кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру
бағдарламасы» студенттерді-болашақ мұғалімдерді Кембридж университетінің жобасы негізінде
құрылған «жеті модуль» идеясы негізінде білім алу мазмұнымен таныстыруды көздейді. Бағдарлама
бойынша күтілетін нәтиже оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін,
өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі
дамыған, құзырлы тұлға ретінде қалыптасуын қамтиды.
Бағдарламаның мақсаты болашақ педагогтардың қосымша білім мен дағдылар қалыптастырудағы
білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір
жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу және әдістемелік жұмыстың тиімділігін
қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету болып табылады. Бұны
жүзеге асыру білім беруді дамыту үшін маңызды түсінік – сыни тұрғыдан ойлануды көздейді [2].
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол негізгі мәселелерді талқылау
және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да
сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан
ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,
талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын
қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе баламалы пікір айтуға,
өзіндік шешім қабылдауға, ойлау және іс- әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді
енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан
ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыс
нәтижесінде оқушылардың:
1. өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
2. ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу;
3. проблеманы шеше білу;
4. пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы:
•
белсенді іс-әрекетте болуы;
•
басқалармен қарым-қатынас жасай білу, өз пікірін қорғай білу;
•
қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
•
топтық тұжырымға келе білу;
•
топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу [3].
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша оқытуды топтық формада өткізген тиімді.
Топтық жұмыста оқушыларда ауызбіршілік, сыйластық, өзара көмек, басқаның ойын тыңдау, ортақ
шешімге келу дағдылары қалыптасып, сол арқылы ұжымға тікелей қатысы бар екендігін сезінеді.
Оқушыларды топқа бөлуде әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Мысалы, оқушылардың туған
күндері бойынша, санау түрлерін қолдану арқылы, берілген түрлі-түсті қағаздарды таудаулары
бойынша, пазл суреттерінің бөлшектері арқылы т.б.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің формалары
мен түрлері жүйесінде оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен
оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Топтық жұмыс оқыту
процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас
орнатады. Топтық жұмысты ұйымдастыруды топтарға арналған ережелерді құрудан бастаған
дұрыс [4]. Төменде студенттерді оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға даярлайтын сабақ жоспарын
ұсынамыз.
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: §44. Өзендер
Сабақтың мақсаты:
1. Өзендер түсінігін меңгеру
2. Өзеннің құрылымын меңгеру
3. Өзеннің маңызын білу
|